«Бала болашағы – менің қолымда» эссе
«Әйел өзін сенімді сезінген жерде отбасы да берік, балаларының болашағы да жарқын» Н. Ә. Назарбаевтың нақыл сөздерінен өзімнің эссемді бастағым келіп отыр.
Бала біздің болашағымыз, бала біздің келешегіміз, бала деп біздің жүрегіміз соғады. «Еңбегіңнің ел кәдесіне жарағанын сезіну-ол әрбір адамзатына үлкен бақыт» екені даусыз. Қазіргі кезде жас ұрпағымыздың өмірге деген көзқарасы, мына өмірден өз жолын таба алуына үлкен септік беретін ұстаздар қауымының орны ерекше. Қазіргі уақытта заманымыз дамып, өмірімізге жаңаша енгізулер болып, күн сайын қарқынды дамып келе жатқанымызға көзіміз жетіп отыр. Сонымен қатар қиыншылықтарда қатар қоса еруде. Болашағымыз жарқын болу үшін, алдыға аттаған қадамымыз нық болуына біз сенімдіміз. Өйткені бүлдіршін балалардың ойлау қабілеті, сезіну және болашаққа жоспарлары айқын. Білімді жас ұрпақ бір орында тұрмай заманмен ілесіп дамып келеді. Оларға сырлас, дос, қиналғанда қол ұшын беретін, жанашыр адам бола білу біз үшін үлкен бақыт. Адам болып жаралған соң, мақсат қойып оған жету ол ерлікпен тең. Кім біледі мүмкін осы білім алу бағытын сеніммен алға жетелеу болар. Баламен бала болу, балаша ойнау, тілдерінде сөйлеу, казіргі заманға сай болу. Балалармен қатар жүріп, бірге жаңаша ғылымды ашып, менде солармен бірге дамып келе жатқандаймын. Қазақстанның болашағы үшін менде өз үлесімді қосам деймін. Әрбір баланың жан дүниесін тыңдап, бірге қуанып, бірге мүңайып, сырларымен бөлісіп, болашағына сеніммен қарауға жетелегім келеді. Мен үшін бірінші кезекте олардың жат қылықтың жетегінде ермес үшін алдын алу жолдарын жасауға тырысамын. Күнделікті жұмысым арқылы балаларды зерттей келе өзіме шешім шығарамын. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін саралай келе, зерделеу, зерттеу жұмыстарын жасап, нәтижесін түзетіп, кеңестер беріп, мәдени ақпараттармен таныстырып отырамын. Алдымдағы әр баланың жүрек түкпірінде жатқан сезімдерге үңілуге тырысамын. Әрбір баланың көздеріндегі мұңды сейілтуге, қуаныштарын тарқатуға, құрбыларындай, бірінің әпкесі, бірінің анасы, ал бірінің жан досындай болуға тырысамын.
Өз өміріңді алдын ала болжау мүмкін емес. Бірақ болашаққа мақсат қойып соған жету үшін бар біліміңді саласың. Жұмыла көтерген жүк жеңіл- демекші, жұмыс барысында оқушылармен тығыз қарым-қатынаста болып, алға қойған мақсатқа жету ол біз ұстаздар үшін жақсы. Бірақ соның барлығын жеңе білу оқушы мен ұстаз арасындағы жақсы ажырамас қарым-қатынас. Жеңіліс пен қатар жеңістің жүретіні де айдан анық. Баланы ешқашан мүңаюға, еңселерін түсірмеуге және алдағы қиын кездерден өтіп кететіндеріне сендіру. Бірнеше күн көз майыңды тауысып жасалынған жұмысың жақсы бағаланып, балаң бірінші тұғырда тұрса, көзіңе еріксіз жас келіп, мен болашаққа деген өз орнымды қалдырдым деген ой келеді. Армандар орындалуы үшін қиындықтардан өту арқылы жетеді. Біз болашақ ұрпаққа жақсы тәлім-тәрбие, бағыт-бағдар беріп отырмыз. Біздің болашағымыз жарқын болуына мен сенімдімін өйткені мен балама аналық махаббатымды беріп отырмын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бала болашағы менің қолымда эссе
«Бала болашағы – менің қолымда» эссе
«Әйел өзін сенімді сезінген жерде отбасы да берік, балаларының болашағы да жарқын» Н. Ә. Назарбаевтың нақыл сөздерінен өзімнің эссемді бастағым келіп отыр.
Бала біздің болашағымыз, бала біздің келешегіміз, бала деп біздің жүрегіміз соғады. «Еңбегіңнің ел кәдесіне жарағанын сезіну-ол әрбір адамзатына үлкен бақыт» екені даусыз. Қазіргі кезде жас ұрпағымыздың өмірге деген көзқарасы, мына өмірден өз жолын таба алуына үлкен септік беретін ұстаздар қауымының орны ерекше. Қазіргі уақытта заманымыз дамып, өмірімізге жаңаша енгізулер болып, күн сайын қарқынды дамып келе жатқанымызға көзіміз жетіп отыр. Сонымен қатар қиыншылықтарда қатар қоса еруде. Болашағымыз жарқын болу үшін, алдыға аттаған қадамымыз нық болуына біз сенімдіміз. Өйткені бүлдіршін балалардың ойлау қабілеті, сезіну және болашаққа жоспарлары айқын. Білімді жас ұрпақ бір орында тұрмай заманмен ілесіп дамып келеді. Оларға сырлас, дос, қиналғанда қол ұшын беретін, жанашыр адам бола білу біз үшін үлкен бақыт. Адам болып жаралған соң, мақсат қойып оған жету ол ерлікпен тең. Кім біледі мүмкін осы білім алу бағытын сеніммен алға жетелеу болар. Баламен бала болу, балаша ойнау, тілдерінде сөйлеу, казіргі заманға сай болу. Балалармен қатар жүріп, бірге жаңаша ғылымды ашып, менде солармен бірге дамып келе жатқандаймын. Қазақстанның болашағы үшін менде өз үлесімді қосам деймін. Әрбір баланың жан дүниесін тыңдап, бірге қуанып, бірге мүңайып, сырларымен бөлісіп, болашағына сеніммен қарауға жетелегім келеді. Мен үшін бірінші кезекте олардың жат қылықтың жетегінде ермес үшін алдын алу жолдарын жасауға тырысамын. Күнделікті жұмысым арқылы балаларды зерттей келе өзіме шешім шығарамын. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін саралай келе, зерделеу, зерттеу жұмыстарын жасап, нәтижесін түзетіп, кеңестер беріп, мәдени ақпараттармен таныстырып отырамын. Алдымдағы әр баланың жүрек түкпірінде жатқан сезімдерге үңілуге тырысамын. Әрбір баланың көздеріндегі мұңды сейілтуге, қуаныштарын тарқатуға, құрбыларындай, бірінің әпкесі, бірінің анасы, ал бірінің жан досындай болуға тырысамын.
Өз өміріңді алдын ала болжау мүмкін емес. Бірақ болашаққа мақсат қойып соған жету үшін бар біліміңді саласың. Жұмыла көтерген жүк жеңіл- демекші, жұмыс барысында оқушылармен тығыз қарым-қатынаста болып, алға қойған мақсатқа жету ол біз ұстаздар үшін жақсы. Бірақ соның барлығын жеңе білу оқушы мен ұстаз арасындағы жақсы ажырамас қарым-қатынас. Жеңіліс пен қатар жеңістің жүретіні де айдан анық. Баланы ешқашан мүңаюға, еңселерін түсірмеуге және алдағы қиын кездерден өтіп кететіндеріне сендіру. Бірнеше күн көз майыңды тауысып жасалынған жұмысың жақсы бағаланып, балаң бірінші тұғырда тұрса, көзіңе еріксіз жас келіп, мен болашаққа деген өз орнымды қалдырдым деген ой келеді. Армандар орындалуы үшін қиындықтардан өту арқылы жетеді. Біз болашақ ұрпаққа жақсы тәлім-тәрбие, бағыт-бағдар беріп отырмыз. Біздің болашағымыз жарқын болуына мен сенімдімін өйткені мен балама аналық махаббатымды беріп отырмын.
шағым қалдыра аласыз


