Материалдар / Бала еңбегін пайдалануға қарсы 12 r8y
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бала еңбегін пайдалануға қарсы 12 r8y

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық науқан туралы
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бала еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны



Түркістан облысы, Ордабасы ауданы адами әлеуетті

дамыту бөліміне қарасты «Ынтымақ» жалпы

орта мектебінің ДТІЖО Уралова Ш. Ж.



Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің , Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 15-3\3147-И хатына сәйкес «Бала еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқанына байланысты іс-шаралар жоспарланып, бекітілген. Шараның басты мақсаты – қоғамның назарын, соның ішінде ересектерді, балаларды, олардың ата-аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерінқолданудың алдын алу мәселелеріне көңіл аудару; ауыр жұмыс істеу баланың денсаулығына зиян екендігін және әрбір бала – ешбір қиындықсыз, жарқын өмір сүруге тиіс екендігін ұғындыру; жазғы демалыс кезеңінде оқушылардың ауыр жұмысқа тартылмауының алдын алу; сондай- ақ осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады.

«Бала еңбегі» дегеніміз – бұл баланы балалық шағынан, адамгершілік қасиетінен, өз қарымын дамыту мүмкіндігінен айыратын және олардың физикалық, психикалық дамуына зиян келтіретін жұмыс. Көптеген себептердің нәтежиесінде жұмыс істеуге мәжбүр болған бала «Бала еңбегін қанау» деген ұғымға тап болады. Жұмысқа қабылдаңға рұқсат берілетін жас мөлшері – 16 жас. Кәмелетке толм ағандарды оқудан тыс уақыттарда денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу үдерісін бұзбайтын жұмысқа ата-анасының біреуінің немесе заңды өкілдерінің жазбаша келісімі болған жағдайда 14жастан қабылдауға рұқсат беріледі.Осы іс-шара негізінде «Ынтымақ» жалпы орта мектебінде оқитын білім алушылардың ата-аналарымен бірлескен профилактикалық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Басты мақсат: бала еңбегін пайдалануға, зорлық-зомбылыққа жол бермеу, еңбек етудің аса ауыр, аса қауіпті, аса зиянды еңбек етуіне жол бермеу. Заң бойынша 14 – 16 жас аралығында балалар аптасына 24 сағат, 16 – 18 жас аралығында балалар аптасына 36 сағат денсаулығына зиян келтірмейтін жұмыстың жеңіл түрлерін істеуіне болатындығы түсіндірілді.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!