Материалдар / Бала жанының бағбаны болған тәрбиеші
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бала жанының бағбаны болған тәрбиеші

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұрпақ тәрбиесі – отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбиеде беріледі. Балабақша – бақыт баспалдағы, баланың «жаңа өмірге» деген алғашқы қадамы. Әсіресе, бала­бақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор екені белгілі.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бала жанының бағбаны болған тәрбиеші

Ұрпақ тәрбиесі – отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбиеде беріледі. Балабақша – бақыт баспалдағы, баланың «жаңа өмірге» деген алғашқы қадамы. Әсіресе, бала­бақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор екені белгілі.

Отбасындағы ата-ананың ықыласы мен мейірімділігінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешінің шұғылалы шуағына бөленеді. Міне, осындай іргелі қарашаңырақтың бірі – Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Қарауылтөбе ауылында орналасқан «Нұрбақыт» бөбекжай-бақшасы. Ал осынау балабақшада талай бөбектің өсіп жетілуіне, үлкен өмірге қадам басуына үлес қосып жүрген қарапайым тәрбиешілер көп. Сол тәрбиешілердің бірі Қанаталиева Динара Шамұратқызы балабақшанң іргетасы қаланған күннен беріқсы мекенде тапжылмай еңбек етіп келеді. Содан бергі кезеңде бала жанының кілтін тауып келе жатқан тәрбиеші бүгінде тәжірибелі маман, ұжымында сыйлы, әрбір іс-шараның бел ортасында жүретін белсенді жан. Бала жүрегі – кішкентай күй сандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Тәрбиешінің қолында әр кез сол кілт жүруі керек», – дейді Динара Шамұратқызы. Әр мамандықтың өз қиындығы, өз қызығы бар. Тәрбиешінің жұмысы күрделі де, қызықты да. Балаларды ана тілінде әдемі сөйлету, олардың ой-сезімдерін анық, еркін, көркем жеткізе алуға баулу, танымдық қабілеттерін дамыту – тәрбиешінің мақсаттарының бірі.

Білім беру балабақша табалдырығынан басталады десек ешқашан қателеспейміз. Барлық білімнің бастауы – балабақшада. Балабақшаның басты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдістерін енгізу. Балабақша мекенінде қызмет ету екінің бірінің қолына келе бермейді. Бұл қызмет күннен – күнге күрделенуде. «Ұстазсыз шәкірт тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл, ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға » дейді қазақ. Бұл басқа емес, дәл педагог мамандығына арнап айтылған мақал. Тәрбиеші бейімділігі, дарындылығы көбінесе балалардың тағдырын шешеді. Ең бастысы- балабақша ұжымы да , ата – ана да балабақшаны тек оқу-тәрбие ошағы деп санамай, баланы түсінетін, әрдайым көмек қолын созатын әлем деп сезінеді. Сондай-ақ, ол мәңгілік балалық пен жастықтың ордасы. «Балабақша бізге өз мүмкіндігімізді толық көрсетуге, баламен бірге балаша ойнауға, ойлауға, еркелеуге, қиял әлеміне шарықтауға, ертегілер еліне саяхат жасауға мүмкіндік береді. Мен осындай мекенде қызмет ететінімді – мақтанышпен айтамын»,-дейді Динара Шамұратқызы. Педагогикалық озық технологияларды сабақ барысында пайдаланып, балалардың шығармашылағын дамытуға ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырдым. Сондықтан бала жүрегіне жылылық ұялатып, қабілетімен дарынын ашу әр тәрбиешінің алдына қойылған ең басты міндеті екенін ол түсінеді.
Балабақшадағы әрбір ісін еліміздің ертеңі, болашағы үшін арнау өзінің басты парызы деп санайтын тәрбиеші, осы шеберлік пен шыдамдылықты қажет ететін күрделі үрдісте дер кезінде алынған мектепке дейінгі білімнің әрбір бала үшін, сонымен қатар еліміздің болашағы үшін өмірлік маңызы зор екенігіне сенімі зор. Сондықтан, біздің бүгінгі міндетіміз – әлемге танылып отырған Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашақ бастауы болатын бүлдіршіндерімізді саналы азамат етіп тәрбиелеу.





Қуанаева Арман Сейілханқызы, шығармашылық жетекшісі.

БҚО, Ақжайық ауданы, Қарауылтөбе ауылы

«Нұрбақыт» бөбекжайы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!