Бала психологиясының қалыптасуындағы ойынның маңызы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бала психологиясының қалыптасуындағы ойынның маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала психологиясының қалыптасуындағы ойынның маңызы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бала психологиясының қалыптасуындағы ойынның маңызы

Баршамызға белгілі ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, шыдамдылық, ұйымдастырушылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын әрекеті психикалық процестер ырықтылығының қалыптасуына әсер етеді. Сонымен балаларда ырықты зейін мен ырықты ес дами бастайды. Ойын жағдайында балалар лабороториялық тәжірибе жағдайынан гөрі әр нәрсеге жақсы зейін тоқтатады және көбірек есінде сақтайды. Бала үшін саналы мақсат ойын арқылы ерте және бәрінен оңай бөлінеді. Ойын шарттарының өзі баладан ойын жағдайында ендірілген заттарға, ойналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала алдағы ойын жағдайының талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, оның құрдастары шеттетеді. Қарым-қатынасқа, эмоциялық мадақтауға қажеттілік баланы мақсатты бағытталған зейін тоқтатуға және есте сақтауға мәжбүр етеді. Ойын жағдайлары мен ондағы іс-әрекеттер мектепке дейінгі шақтағы баланың ақыл-ой әрекетінің дамуына үнемі әсер етеді. Ойында бала заттың баламасымен іс-әрекет жасауға үйренеді. Ол балама затқа ойынға сәйкес ат қояды және осы қойылған атқа іс-әрекет етеді. Балама зат ойлау тірегі болады. Балама затпен іс-әрекет ету негізінде бала сол зат жөнінде ойлауды үйренеді. Біртіндеп заттармен жасалатын ойын қимылдары азая түседі, бала заттар жөнінде және олармен ақыл-ой тұрғысынан іс-әрекет жасауды ойлауды үйренеді. Сонымен, ойын едәуір дәрежеде баланың ұғым тұрғысынан ойлауға көшуіне көмектеседі. Сонымен қатар ойын әсіресе және баланың сюжетті рөлді ойынындағы шынайы өзара қарым-қатынасының тәжірибесі өзге адамдардың көзқарасына түсуге, олардың келешектегі мінезқұлқын болжап білуге және осының негізінде өзінің жеке басының мінез-құлқын құруға мүмкіндік беретін ерекше ойлау қасиеттері жатады. Ойын тілдің дамуына өте зор ықпал тигізеді. Ойын жағдайы оған араласқан әрбір баладан тіл қарым-қатынасы дамуының белгілі бір деңгейін талап етеді. Егер баланың ойынның барысына қатысты өз тілегін анық айтуға мүмкіндігі болмаса, егер ол бірге ойнап отырған өз жолдастарының сөз арқылы берілген нұсқауларын түсінуге қабілеті жетпесе, онда ол құрдастарына мысал болады. Құрдастарымен түсіну қажеттілігі ұйқасымды тілдің дамуына себепші болады. Ролді ойын қиялдың дамуында анықтаушы орын алады. Ойын әрекетінде бала бір затты екінші затпен алмастыруға өзіне түрліше ролдерді алуға үйренеді. Қиялды дамытудың негізіне осы қабілет жатады. Мектепке дейінгі ересек балалардың ойындарында балама заттардың болуы міндетті емес. Балалар заттарды түсінуге және олармен амал істеуге және өз қиялында жаңа жағдайларды жасауға үйренеді. Мұндай жағдайда ойын баланың ішкі дүниесінде өтеді. Баланың жеке басының дамуына ойынның өз ықпалы бар. Ойын арқылы бала ересек адамдардың мінез-құлқы және қарым-қатынасымен танысады, ал бұлардың бәрі оның өз мінезқұлқының үлгісі болады, өз құрдастарымен қарым-қатынас жасауға қажетті қасиет болып саналатын араласа білудің негізгі дағдыларына ие болады. Ойын баланы еліктіре және оның өзне алған роліндегі ережелерді орындауға итермелей отырып, сезімнің және мінез-құлықтың ерікті жігерді реттеудің дамуына себепші болады. Баланың іс-әрекетінің жемісті түрлері саналатын сурет салу мен құрастыру мектепке дейінгі балалық шақтың түрлі кезеңдерінде ойынмен тығыз байланысты. Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың ең басты іс-әрекеті болып табылады. Атап айтқанда ойын арқылы балалар өмірді таниды, ойын оларды үлкен өмірге дайындайды. Сонымен қатар баланың шығармашылық дамуында маңызы өте зор. Ойын мәнін балалық шақтан есейген шаққа өтетін көпір ретінде сипаттауға болады. Сонымен қатар мектепке дейінгі балалардың іс-әрекетінің дамуы үшін, тәрбиелеу үшін де ойынның мәні өте зор. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол озін еркін 12 ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озган, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарымқатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады. Ойын дегеніміз - адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан - ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды. Жас баланың өмір танымы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойынның айрықша маңызы бар: ойын олар үшін - оқу, ойын олар үшін - еңбек, ойын олар үшін - тәрбиенің мықты формасы. Ойын - мектепке дейінгі балалар үшін айналадағыны танып білу тәсілі. Тәрбиешінің негізгі міндеттерінің бірі - бала ойынына басшылық ету, мазмұнды-рольдік ойындарды қадағалау, тәрбиелік мәні бар ойындар ұйымдастыру. Сонымен бірге әр баланың шығармашылық бастамасын, көңілдегі ойды өздігінен жүзеге асыра білуін, ойынның мазмұны мен шартына сәйкес өзін-өзі ұстай білу қабілетін, жолдастарына сыпайы, достық ықыласпен қарау сезімін дамыту болып табылады. Ойынның түпкі ниеті - бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы. «Дукен». «Аурухана». «Ұшқыштар». «Отбасы», «Балалар бақшасы» жене т. б болып ойнайды Ойынның сюжеті, мазмұны - бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым- қатынастарының дамуын, көп жақтылығын жене өзара байланысын анықтайды, мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез -құлкы мен өзара карым қатынастарын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді. «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма» деп халқымыз айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын- бала үшін нағыз өмір. Әдебиеттер. 1. «Балалар психологиясы» Дүйсенова.Ж.Қ ,Нығыметова.Қ.Н Алматы 2015ж 2. «Отбасы» журналы 2018 ж.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.11.2025
17
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі