400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Бала қиялы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ доспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

6-бөлім. Қиял әлемі

Мектеп А.Тайманов атындағы №34 МГ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Утегалиева А.Ж.

Сынып:5


Қатысқандар:

Қатыспағандар

Сабақтың тақырыбы

Бала қиялы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т/А 5.1.1.1 Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.

Ж.5.3.1.1. Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру

Сабақ мақсаттары

Берілген сөздер мен көрсетілген суреттер арқылы тақырыпты табады

Мәтін құрастырып, кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерін ажыратады.

Жоспар құруда тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдемелер келтіреді.

Ойлау деңгейі:

Білу, түсіну, қолдану, талдау

Тілдік мақсат

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер

Құндылықтарға баулу

Шығармашылық және сыни тұрғысынан ойлау

Пəнаралық байланыс

Әдебиет, бейнелеу

Алдыңғы білім

Жоспар құрып дағдыланған

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ширату жаттығуы.

«Үш шапалақ, үш саусақ, үш аяқ»

Топқа бөлу (сурет қиындылары арқылы)

«Болжау» әдісі бойынша берілген суреттер арқылы тақырыпты болжайды

Қ/Б. «От шашу» арқылы бір-бірін бағалайды.



Оқу мақсаты және бағалау критерийлері хабарланады.

Түрлі суреттер





Сабақтың ортасы

30 минут







«Пазл» әдісі

1 – тапсырма.

  • Берілген мәтін қиындыларынан мәтін құрастыр.

  • Мәтіннің кіріспе бөлімі, негізгі бөлім, қорытынды бөлімдерін ажырат.

  • Мәтін бөлімдеріне ат қой.

Бағалау критерийі:

  • Берілген қиындылардан, мәтін құрастырады, бөлімдерді ажыратады.

Қиял- адамға тән қасиет

Қиял дегеніміз адамның қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың бейнесін ойда қайта жаңғыртып, өңдеу, ойша өзгерту, шындыққа өз жанынан басқа бір жаңа ой қосып, көзге елестету. Қиял-тек адмға ғана тән қасиет.Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар өзгеріске ұшырап, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды ойша қайта жасап, өңдеу кезінде адамның ішкі ойы шешуші рөл атқарады.

Әр адамның қиялы әр түрлі. Ол адамның жасына, өмірден көрген-білгеніне, мақсаты мен қызығушылығына байланысты. Қиял шындыққа жақын болса, ол шығармашылыққа оң әсер етеді. Ал, мүмкін емес нәрсені қиялдаған адамның ойы айналасындағылар үшін күлкілі болып көрінуі мүмкін. Бірақ қиял қалай да адамның ойын дамытып, оны алға жетелейтінін жоққа шығаруға болмайды.

Қиял адам бойындағы ерік-жігерді де тәрбиелейді. Қиялы мен арманы сай келген бала өскенде мықты, ортасында сыйлы азамат болады. Өйткені қиял арқылы алдағы ісінің нәтижесін, өміір жолын дұрыс болжап, көре алады.


Дескриптор:

-Құрастырған мәтін бөліктерін мазмұны бойынша ретімен орналастырады.

-Мәтіннің кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерін ажыратады.

-Мәтінге ат қояды.

Қ/Б. Балмұздақ таяқшалары арқылы сұралады, «Бағдаршам» әдісімен бір-бірінің жұмысын бағалайды.


«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі (жеке, жұпта, тобыңмен талқыла)

2 -тапсырма Мәтін мазмұны бойынша қарапайым жоспар құрыңдар.

Бағалау критерийі:

  • Мәтін мазмұны бойынша қарапайым жоспар құрады.

Дескриптор:

  • Мәтін мазмұнын түсінеді

  • Жоспардың бөлімдерін сақтайды.

  • Бөлімдер бойынша жоспар құрады.

Қ/Б. Топта талқылап, үздік шыққан екі жоспарды тыңдап, «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалау. ( Кейбір оқушыларға қолдау көрсету мақсатында жоспардың үлгісі беріледі)

Кіріспе бөлім____________

Негізгі бөлім_____________

Қорытынды бөлім ________



«Еркін жазба» әдісі

3- тапсырма «Менің қиялым» тақырыбына 4 сөйлемнен тұратын мәтін құра немесе 30-40 сөзден тұратын әңгіме жаз.

Қ/Б «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау.



































Сабақтың соңы

5 минут








Рефлексия «3Қ» әдісі

Маған қиын болды

Маған қызық болды

Маған қажет болды

Оқушылар стикерлерге жазып, білім ағашына іледі.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
723
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі