15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Бала тәрбиесі - жауапты іс"
Ақтөбе қаласы
№19 «Бұлақ» МДҰ тәрбиешісі
Аймагамбетова Нурсауле Кисановна
Бала тәрбиесі - жауапты іс.
Балаларымыз болашағымыз, бала тәрбиесі еліміздің әлеуметтік дамуының, құрылымының келешегін айқындаушы деп есептейміз. Егемен еліміздің көк туын желбіретер ертеңгі болашақ, яғни бүгінгі бүлдіршіндер тәрбиесі аса ауқымды,назар салатын басты мәселенің бірі. Мемлекетіміз келешекте жас ұрпақтың еліміздің азаматы болуы үшін денсаулығына, отбасына, ойынға, білімге деген құқықтарын толығымен қуаттап, қабілеттерін барынша жүзеге асыру және үлкен жетістіктерге жетуде табанды болуын қалайды.
Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, жалғасы балабақшамен байланысады, яғни бала тәрбиелене отырып білім алады.
Отбасы- адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі - дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі-дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.
Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады. Мәселен, отбасы мүшелерінің мәдени деңгейі баланың түрлі әлеуметтік құндылықтарды игеруіне игі әсерін тигізеді.
Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерін қалыптасуына ата-ананың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет. Толық мәнді отбасы болу үшін ата-ананың және басқа отбасы мүшелерінің береке –бірлікті,түсінікті сақтауы, сонымен қатар әр отбасы мүшесінің құқығы қорғалуы тиіс.Тек осындай ізгілікті мұраттар отбасында орын алғанда ғана, Отанын, елін-жерін сүйетін, өз ұлтының салт-дәстүрін, сонымен бірге жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп, өзінің кісілік келбетін сақтай алатын тұлға тәрбиелеуге болады. Бала отбасынан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтан халқымыз «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей бала тәрбиесі оның дүниеге келгенінің алғашқы күнінен басталады. Адамзат ұрпағына отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата-ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе толтыра алмайды.Яғни,елдің ер-азамат тәрбиелеу, ең алдымен , отбасына жүктеліп отыр.
Отбасы
–адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар,
қанат қағар ұясы, алтын бесігі.Ол бала
үшін бір үлкен әлем,осы әлемде бала
алғаш өмірмен қарым –қатынас жасап,
өмірді сүюді, қиындыққа көнуді, қуануды,
қайғыға ортақ болу керек екенін ұғынып
өседі.
Отбасында орныққан қарым-қатынас түрі
мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық
қасиеттері қаланады. Бала әрқашанда
ата-анадан жүрек жылуын , мейірімділікті
қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі
санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасаушы,
үлгі өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес
айтушы болып танылады. Баланың
отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін
жағдайдың бірі –отбасы ішілік және
отбасынан тысқары атқарылатын еңбек.
Отбасындағы
күнделікті тұрмыс қажеттілін қамтамасыз
етуден туындайтын еңбек баланы әлеуметтік
қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге
тәрбиелейді. Сондай еңбектің барысында
баланың жауапкершілігі артып, еңбек
ету қажеттілігін түсінетін болады.
Отбасы тәрбиесі кешенді
педагогикалық мақсаттылық арқылы іске
асады. Сондықтан кез келген
педагогикалық тәрбие отбасымен
қарым-қатынас жасамай іске аспайды.
Сондықтан балабақшадағы оқу-тәрбие
ісінде басты мақсаты ата-анамен тығыз
байланыста жұмыс жүргізу болып саналады.
Сол себептен
балабақша ұжымы, тәжірибелі педагогтердің
жұмысының арқасында бүлдіршіндерге ең
жақын адамдардың бізбен бірге бірлесе
отырып тәрбие ісіне араласуына ат
салысып жұмыс жүргізуіміз керек. Біз
бірге болуымыз керек екенін ұғындыру
біздің басты міндеттеріміздің бірі
екенін естен шығармауымыз керек. Ата-ана
және әлеуметтік орта, яғни балабақша
болашақ азаматтың денсаулығын жастайынан
сақтау үшін, оның тәнінің дұрыс түзеліп
қалыптасуына , салауатты өмір салтын
нығайтуға ерекше мән бергені бүгінгі
күннің өзекті мәселесінің бірі болып
саналады.
Тәрбие мен баланың алғашқы дені- мектепке
дейінгі тәрбие ошағында беріледі.
Отбасындағы ата-ананың ықылас пен
мейірімділігінен нәр алған бала
балабақшада тәрбиешінің шұғылалы
шуағына бөленеді. Бала бойындағы жаңа
қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып,
олардың өнегелі болып тәрбиеленуіне
балабақша ошағының маңызы зор екені
белгілі. Мектепке дейінгі білім беру
саласы қызметкерлерінің алдына қойған
басты мақсат-баланың жас ерекшелігіне
қарай ұлттық тәрбиені салт–дәстүрді
бойына сіңіріп жеке тұлға ретінде
жан-жақты қалыптасуына ықпал ету.
Қазіргі
заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен
саналы тәрбие әлеуметтік құрылымның
ең маңызды міндеттерінің біріне айналды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген