жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Бала тәрбиесі балабақшадан басталады"
Бала тәрбиесі – балабақшадан басталады
Р. М Абдрахманова БҚО
Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы
«Айгөлек» балабақшасының
тәрбиешісі
Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы-балабақшада. Қазіргі таңда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әулеметтік құрлымның ең маңызды міндеттеріне айналды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында Мектепке дейінгі- үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы, ол балабақшаның жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық. Балабақшадағы тәрбие мен оқыту мәселесін қарастыруда негізгі « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім біру стандартында қоғамның қазіргі даму кезеңінен туындап отырған әлеуметтік сұраныс баланың тұлға ретінде қалыптасуына ақыл-ойын дамытуға, интелектуалдық және ерік пен сезім белсенділігін қалыптастыруға септігін тигізетін жаңа білім мазмұнын жасау және онымен үйлесімді оқытуды ұйымдастыру түрлерін анықтау қажеттілігі деп атап көрсетілген.
Осы Стандартка сүйене отырып, балабақшада тұлға қалыптастыру мынадай мақсат мазмұндармен, стандарт бес білім беру салалары арқылы жүзеге асады. «Денсаулық» білім беру саласында баланың дамуына үлкен мән берілген. Баланың физиологиялық дамуында денсаулық саласы қарастырылса, «Қатынас» саласы қоршаған орта арқылы, көркем сөздер арқылы баланың ой –байлығын, қиялын, тілін дамытады. «Таным» саласы баланың қиялын, образдық формасын іске асырумен қатар, қоршаған ортаға деген яғни табиғатқа деген сүйішпеншілікке, карапайым дағдыларды ұғымдарды калыптастыруға тәрбиелеу максатынды. Танымдық оқу іс-әрекеті барысында бала, заттың, оның жекеленген бөлшектерінің түр-түсін, үлкен-кішілігін, қатты-жұмсақтығын, пішін өзгешеліктерін басқада сипатты белгілерін әр-түрлі ерекшеліктеріне қарай айыра білуге жетелейді. «Шығармашылық» балалардың эстетикалық талғамдарын оятып, шығармашылық қабілеттерін жандандыру максатында тәрбиелейді. «Әлеуметтік орта» Отанға деген, патриоттық сезімін оятып, және үлкенге құрмет тұтуға, кішіге ізет етуге тәрбиелеу максатында. Еліміздегі көп ұлтты азаматтардың татулығын рухани- адамгершілік мінез құлық негіздерін игеруін қарастырады.. Балабақшадағы бүлдіршіннің әр күнің қызықты да, тартымды, мәнді де, мағыналы өтілуін тәрбиеші өз мақсатына қойып, бала тағдырына жауапты екенің сезіну керек. Жылулық пен мейірімділікті, ізгілік пен парасаттылықты бала жүрегіне ұялатып, танысуына ықпал жасауға жаңа иновациялық әдістәсілдерді қолданудың маңызы зор. Балабақшада сапалы білім мен саналы тәрбие беру ең басты жолға қойылған. Сол мақсатта біздің «Айгөлек» бала-бақшасының меңгерушісі Ибрашева Алтынай Абайқызы біздерге бағыт бағдар беріп, әрдайым қолдау жасайтын ерекше жан екенің атап айтамыз. Сонымен қатар « Айгөлек» бала бақшасы көптеген жетістіктерге де жетті. Мысалы сонғы екі жыл ішінде, аудан аралық «Мөлдір бұлақ» атты сайыста Нұрғалиевтар отбасы 2011 жылы бас жүлдені иеленді. 2012 жылы Жұмағалиевтер отбасы 3 орынды иеленді, тағы сондай жетістіктеріміз көп. Біздің педагог саз жетекшіміз Айгүл Ғайсақызы балаларға ән үйретумен қатар, би қимылдарына да баулып, өнерлі балалар тобын құрып, ол өнерпаздарымызды әр түрлі мерекелік концерттерге қатыстырып, мәдениет үйінің төрінен көргізеді. 2012 жылы балабақша түлектері ән, би, көркем сөз бойынша1,2,3, орындарды иеленді. Тәрбиеші педагогтар аудан көлемінде өздерінің іс-тәжіребелерін көрсете білді. Балалардың жас ерекшелігіне сай, ашық оқу іс-әрекетері әр түрлі тәсілде, жаңаша әдіспен өтіледі. Осы бағыт бағдарды балабақша әдіскері Шолпан Шамұратқызы өзінің облыс аралық жан-жақытылығымен бағдар беріп, тәрбиешінің ізденімпаз қабілетін жетілдіріп отырады. Сонымен қатар біз « Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Балбөбек» бағдарламаларымен сабақтастырып балалардың жас ерекшеліктеріне қарай, бағдарламаларды жүзеге асырамыз.
Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиенің айырмашылығы бар. Балабақшада балалар өз құрбы-құрдастарымен араласады. Баланың бірінші әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» – деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірді танымы, осы ойын үстінде болады. Балабақшадағы балаға берілетін білім, оқу-тәрбие үрдісі барлығы ойын арқылы жүзеге асады. Балалар сөлесіп ойнап жүріп, әсерленіп бір-бірімен пікір алысады. Ойын үстіндедегі бала тіліне үнемі назар салып, қадағалап отыру және өз ана тілінде сөйлеуіне бағыт-бағдар беріп отыру керек, тартымды мінез қалыптастыру осы арқылы туылады. Ұлы Абай атамыз: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады деген- бірінші ата – анасынан, екінші- ұстазынан, үшінші- құрбысынан»- деген екен.Сондықтан баланы жастан жан-жақты жақсы қасиеттерін дамыту қажет.
Әдебиеттер
1. «Мектепке жасына дейінгі педагогика»- В.И. Ядэшко
2. «Қара сөздер» А. Құнанбаев
3. ҚР МЖМБС 1.001-2009
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген