400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бала тәрбиесін түзейтін он баспалдақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіз еліміздің ұлдары мен қыздарының жан-жақты дамыған, өзіндік пікірі бар, жерін, ата-анасын, ұстазын құрметтейтін азамат болуына ықпал жасайық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абдималикова Айдын Абдиканатовна

Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледж

жатақхана тәрбиешісі


Бала тәрбиесін түзейтін он баспалдақ


«Әдепті бала –арлы бала, әдепсіз бала –сорлы бала» дейді халық даналығы. Әрине, барлығымыз перзентіміздің әдепті болғанын, үлгілі жүргенін қалаймыз. Сол үшін де үнемі тәртібін қадағалап, тәрбиелеп отыруға әрекет етеміз. Бірақ біздің бұл бағыттағы әрекеттеріміздің көбісі «кінәліні» жазалаудан ары аспай жатады. Жөнсіз қылығын байқай қалсақ, бас салып ұрысып немесе сотқарлығына сай «сыйлық» беріп жатамыз. Бірақ, баланы «таяқпен» тәрбиелеу- оның болмысының қалыптасуына кері әсері бары тағы анық. Осы орайда, біз көп ескере бермейтін жеңіл тәрбие әдістері бар. Бұл әдістер де жағдайына қарай түрлі болып келеді.

Бұл әдістерді іске асырып, әсері байқалуы үшін біраз уақытымызды алары анық. Сондықтан да сабырлық аса қажет. Бастапқыда ата-аналардың әдісі сәтсіз болғандай күйді бастан өткізерін ескертеміз. Дегенмен, уақыт өте келе әдіс өз нәтижесін береді. Олар:

1.Бала жасына қарай әдептілік пен тәрбие жайлы қисса-әңгімелерді көп айту. Бала естіген кейіпкеріне тікелей еліктей бастайды.

2.Басқалардың көзінше баланы жазғырмау, оның болмысына тіл тигізбеу;

3.Балаға бір істі қате істеген сәтте бағыт-бағдар беру.  Мұндай әдісті әкелі-балалы болып бірге тамақтану, серуендеу кезінде қолдануға болады.

4.Ата-ана тарапынан баласына көңіл бөлудің өзіндік мөлшері  болғаны дұрыс. Мейірімділік, сүйіспеншілік, әңгімелесу сияқты қарым-қатынастардың қажетті дәрежеден артық болуы да бала тәрбиесіне оң нәтиже бере қоймайды. Сондай-ақ, ата-ана мейірімі мен сүйіспеншілігінің жеткіліксіз болуы да бала болмысының бұзылуына алып келеді. Ондайда бала өзінің жөнсіз қылықтарымен, бұзақылығымен өзіне назар аудартуға әрекет етеді.

5. Баланың кейбір еркеліктерін байқамаған сыңай таныту. Мәселен, жөнсіз бір еркелігін орындату үшін балалардың көбісі көз жасын көмекке шақырады. Мұндайда байқамаған болып,басқа іспен айналыса кеткен дұрыс. Бала аздап дауысын көтере жылап, ақыры өзінің дұрыс емес екенін біліп, жылауын доғарады.

6. Баланың дұрыс емес әрекеті төңірегінде әке-балалы боп сөйлесу. Бала өз дәйектерін айтқанда, үндемей оның да өз ойына әке ретінде құлақ салу. Әңгімелесу барысында оның сөзіне құрметпен қарау. Алайда, кейде бала әңгімеге көнбей бейбалам салуы мүмкін. Мұндай жағдайда, әңгімені ары қарай өрбітпей тоқтатқан дұрыс.

7. Мәселені түбірінен жою. Балаға кері әсері бар жаман әдеттерден баланы алшақ ұстаған жөн. Мәселен, көрші балаларының жаман әдеттерінің әсері байқалса, олармен баланы ойнатпаған абзал. Бұл баланы жазалау емес, тек мәселені тамырынан кесіп тастау.

8. Балаға әдепті сөздерді үйрету. Ең оңай жолы бала ретсіз бір нәрсе сұрап тұрса, анасы: «Мүмкін бе, алсам рұқсат па, рахмет деп айта қой» деп үйрете жүру әдептілікке тәрбиелейді.

9. Жұлдызша тақтасы. Баланы жақсы әдеттерге  бойын үйретуге талпындыратын әдіс. Әр күн немесе апта соңында тақтаға баланың жетістігін көрсету үшін жұлдызша тағып, апта соңында сол үшін бір сыйлық беріп тұру. Сыйлық, қымбат зат болуы шарт емес. Ең бастысы, бала өз «еңбегінің» нәтижесін көреді.

10. Соңғы нүкте. Баланың кезекті әдепсіздігін айту – мәселенің соңы емес. Мұны естіген бала өзін айыпты санап тұрады. Сондықтан, әңгіме соңында балаға өзінің жөнсіз әрекеті үшін кешірім сұрауға үйретіңіз. Ең соңында ешнәрсеге қарамай сіз оны жақсы көретініңізді білдіріп, құшағыңызға алыңыз [7].

Қорыта келгенде, бүгінгі күнде жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған насихат-мұраларды жастардың санасына сіңіре білуіміз қажет. Тәрбиенің көзі ата-бабамыздан қалған мұралар мен дана сөздер десек, біз соларды насихаттайтын жүргізушіміз. Бүкіл қоғам болып қолға алып, мәдениетті, тәрбиелі болып жүруді әрқайсысымыз өзімізден бастасақ, жас ұрпақтың тәрбиесі де өз жемісін берері анық.

Баланы оқыту, денсаулығын қадағалау, әлеуметтік жағдайын жасау аздық етеді. Баланың жарқын болашағы үшін оның қызығушылығын одан әрі жетілдіру, ішкі жан дүниесіне үңілу, әңгімелесу де маңызды. Сондықтан бұл жылды балалармен сырласу жылы деуімізге де болады. Тәуелсіз еліміздің ұлдары мен қыздарының жан-жақты дамыған, өзіндік пікірі бар, жерін, ата-анасын, ұстазын құрметтейтін азамат болуына ықпал жасайық. Әр баланы болашақта елдің еңсесін тіктейтін, халқына қалаулы азамат етіп тәрбиелеп шығару өзіміздің қолымызда.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14.05.2024
144
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі