Бала тәрбиесіндегі ұлттық ойындардың маңызы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бала тәрбиесіндегі ұлттық ойындардың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық ойындар-халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәрбиелік тәжірибесінің алтын қазынасы. Қазақ халқы бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, оның жан-жақты дамуын ұлттық құндылықтар негізінде қалыптастырған. Сол тәрбиенің маңызды құралдарының бірі- ұлттық ойындар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

ЖШС «АСАНАЛИ» БӨБЕКЖАЙ БАЛАБАҚШАСЫ






АЛИМБЕКОВА САНИЯ ЕРЖИГИТОВНА

НУРДИНОВА МУКАРЯМ ШАРДИНОВНА

ЗАМАНБЕКОВА АЙМАН ШАРБАНОВНА









БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ

(әдістемелік құрал)

















2025 ж


АЛҒЫ СӨЗ


Дәстүрің – дәулетің, салтың – санаң, ғұрпың – ғұмырыңдемекші халқымыздың ғасырлар бойы жасап кеткен тарихы — бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес үлкен қазына, мұра. Бұл мұраларымыз имандылық, ғибраттық, әдет- ғұрпымен, салт-дәстүрімен қымбат. Осынау ұрпақ тәрбиесінің қымбат қазынасын мұралыққа алған біздер оның ішіне үңіліп, одан өз болмысымызға керек-жарақтарымызды алуға тиіспіз.

М.Әуезовтың «Ел болу үшін, бесігіңді түзе» деген сөздің мән-мағынасына ой салсақ, ол – тәрбие ұрпақты дүниеге келтіруден басталады; сол тәрбиенің дәстүрлік, салт-саналық бастаулары мен бағдарларын жан-жақты пайдаланып, даналықпен дамыта білу керек деген өсиеттің мәнін ұғамыз. Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан ғайыр алқап көшпенді қазақ жұртының бағзыдан бері ірге тепкен ата қонысы. Ұшқан құстың қанаты талатын осынау кең далаға біздің ата – бабамыз ғасырлар бойы ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қорғап келген. Ұлттық тарих- ұлттығымыздың куәсі.

Келер күннің келбеті - бүгінгі балалар. Олай болса, келешегімізді қаншалықты қамдап жатырмыз, балаларымызды қалай тәрбиелеудеміз? Бүлдіршендеріміздің денсаулығы мен құқықтарын өз дәрежесінде қорғай алып отырмыз ба? Осы және өзге де сансыз сауалдар баршамызды толғанатыны анық. Бұл дүниеде не тәтті, бала тәтті.Не сүйкімді, не қымбат, не артық деп сұралса, бәрінің де бауыр етің балаң десек қателеспейміз.Бала – біздің көз қуанышымыз, жанымызға жылу сыйлайтын, ізімідің жалғастырушы ұрпағымыз.Мектеп жасына дейінгі жас ұрпақтың қалыптасуына әсер ететін фактордың бірі, дәстүрлі мәдениетіміздің бір бағыты халықтың ұлттық ойындары. Ата – бабамыз ойынды тек баланы алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, ол халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, баланың көзқарасы, мінез-құлқын қалыптастырып, бір жүйеге келтіретін тәрбие құралы деп санаған.

Кезінде ұрпақ тәрбиесі, ел тағдыры жөнінде елеулі еңбектер жазып, аталық ақыл айтқан ғалым- профессор Б.Кенжебаев «Бала – біздің болашағымыз. Болашағына немқұрайлы халықтан ештеңе күтуге болмас еді. Қазақта «Ұяда не көрсе ұшқанда соны ілер» — деген мәтел бар. Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата да қыран болу керек» — деп ұлттық тәрбиеге ерекше тоқталған. Себебі ұлттық тәрбие бала үшін — алтын бесік. Бала тәрбиесі мен барлық адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы негізінен ұлттық құндылықтар тұрғысында жүзеге асады. Олай болса балаға өз шаңырағында, өз табалдырығында дұрыс тәрбие берілуі – тәрбиенің ең басты шарты. Ата мен әженің, әке мен шешенің балаға беретін үлгісінің құдіреттілігін мойындап, өз ұлтының ертеңін елжірей ойлап, ұлттық тәрбие тағлымын байыптай да батыл айтқан батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «…Кейде менің өнеге алған, тәлім үйренген, дәріс оқыған ұстаздарымды еске түсіріп, ойға бататыным бар. Сондай шырын шақтарда ең алдымен ата – аналарымның бейнесі елестейді. Өйткені өзімнің әжемдей, әкем – шешем мен ауылдың ақсақалдарындай өсиет айдынына жүздіре алған ешкім жоқ» деп балалық шағын тебрене еске алуы тегін емес. Ұлттық педагогикада «Тәрбие – қлттық құндылық» деп тегін айтылмаған. Баланың тәлім- тәрбиесіне ерекше мән берген халқымыз «баланы жастан» деп мәтелдеген. Өмірдің базарын бала деп білген халқымыз «жаста берген тәрбие жас қайыңды игендей» — деген.

Ұлттық мәдени құндылық – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс – әрекеті. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.

Ұлттық мәдени құндылықтардың мектеп жасына дейінгі балаларға лайықтары «Көкпар», «Орамал алу», «Тақия жасыру», «Алтын қақпа», «Ақ серек-Көк серек», «Айгөлек», «Ақ сандық – Көк сандық», «Ақ сүйек» баланың көзін жұмғызып алаңдағы ағаш ішіне сүйекті лақтырып жіберіп, іздеу т.б. ойындар ойнату арқылы баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа үйрету іске асырылады. Яғни, таңертеңгі қабылдау кезінен кешке баланың үйге қайтуына дейінгі уақыт аралығындағы күн тәртібіне сәйкес дене тәрбиесі күні бойғы тәрбие түрлерімен біртұтас сабақтас жүргізіледі. Сондықтан да, бағдарлама бойынша арнайы өтілетін тақырыптық тәрбие сәттерінің арасында әуелі дене сергіту, жұмыс соңында ырғақты қимыл –қозғалыс ойындарын өткізу көзделеді.

Ең бастысы ата-бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге – құрмет, кішіге – қамқорлыққа баулып адамды қажеттерді ұғындыру, қалыптастыру. Бір ғажабы бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар балалардың жан сұлулығында, тән сұлулығында жан-жақты жетілдіруге бағытталған. Өзгені былай қойғанда жан-жануарлар қалай дыбыстайды, қалай іс-әрекеттер жасайды, оларды тілімізде қалай айтады дейтін танымдық, тілдің маңызы зор мәселелерді «Қалай айтуды білесің?» ойынның өзі балалардың құлағына құйып береді.

Әтеш – шақырады
Есек – бақырады
Күзен – шақылдайды
Бақа-бақылдайды
Шыбын – ызылдайды
Шіркей ызындайды

Ойынды ойнау барысында балалардың жас ерекшілігі ескеріледі. Әр түрлі ойынның өтілу барысында, оның ережесін сақтап, яғни 3 кезеңнен тұратынын ескеруіміз керек:

  • ойынды өткізер алдындағы дайындық жұмыс;

  • ойынның басталуы мен ойналу барысы;

  • ойынның аяқталуы.

Дене тәрбиесі оқу қызметі мазмұны негізінен қимылды, ұлттық ойындардан тұрады. Ойын кезінде жасалатын қимыл-қозғалыстар балалардың ептілік , шапшаңдық, күштілік, батылдық, төзімділік қабілеттерін дамытады. Денсаулығын нығайтып, ақыл – ойын өсіреді. Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар қолдану барысында балалар бір-бірімен жақын араласып, тату, ұйымшыл болып өседі. Сонымен бірге ойын ойнау негізінде бала:

  • көңілді болып жақсы демалады;
    – денесі қимылдап, бойы сергиді, миы тынығады;
    – ойынға қатысушылар бір-бірін тез түсінеді, ұйымшылдыққа үйре

Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтарды үйретудің мақсаты:
– ұлттық ойындар дене шынықтыру оқу қызметтерінде кең қолдана отырып,

балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін,

мүмкіндіктерін арттыру;
– қазақ халқының ерлік-жауынгерлік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін

қалдырған хас батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, өз елін

қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді

тәрбиелеу;
– жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін-өзі тәрбиелеуге

дағдыландыру.
Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың негізгі мақсаты :

  • балалардың денсаулығын нығайту;

  • денені шынықтыру;

  • мәдениетін қалыптастыру;

  • өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру.

Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтарды үйретудің міндеттері:

  • -қажетті дене қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін арттыру;

  • қалыптастыратын дене жаттығуларының негізгі түрлерімен балаларды таныстыру;

  • денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс әрекеттерімен дене жаттығуларының негізгі түрлерін балаларға меңгерту;

  • қызығушылығын қалыптастырып дамыту;


БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ

ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН БАСТАУ ТАРИХЫ


Дәстүрлі ұлттық құндылықтар негізде тәрбиелеу тарихы, ел арасында тарауы, қоғамдағы рөлі, ұрпақты тәрбиелеудегі қажеттілігі сияқты тақырыптар төңірегінде отандық және шет ел ғалымдары көптеген ізденістер жасаған. Ерте заманнан-ақ адам өзін қоршаған ортаның тылсым тіршілігін тануға әрекет жасаған. Ал айнала дүниені танып-білудің, белсенді іс-әрекеттің алғашқы түрі заттық іс-әрекет болып табылады. Нәресте заттық іс-әрекеттен бірте-бірте ойын әрекетіне ауысады. Барлық адам өзінің тұлға ретінде даму ерекшелігінде ойын іс-әрекетін бастан кешіреді. Сәбилік кезеңнен бастап бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады. Тек көру, сипап-сезу, байқап-тану арқылы емес, тікелей араласып, іс-әрекетке көшуін нақты қарым-қатынас барысында біледі. Осылайша ойын адамның өмір танымында шешуші мәнге ие болады. Баланың таным-түсінігі, іс-әрекеті ойыннан басталып, оның негізі болашақ өмірінде оқу, еңбек іс-әрекетімен жалғастырылады. Жеке тұлғаның дамуындағы ойынның әсерін ерте заманның өзінде-ақ атақты ғұлама ойшылдар, философтар, педагог, психолог ғалымдар көріп, байқап, оны іске асыру жолдарын ұсынған.

Ұлы педагог Жүсіпбек Аймауытов: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», – дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түседі. Сонымен қатар ұлттық ойындардың балаларға арналған кейбір түрлері өлеңмен өрнектеліп отырған. Өлең-жыр арқылы ата-бабаларымыз ойынның эсттикалық әсерін арттырып қана қоймай, бүлдіршіндердің өлең-жырға, деген ықыласын оятып, дүниеанымын арттыра білген. Тіпті кейібір ойындар арқылы жас ұрпақты еңбекке баулып, шынықтыруды мұрат еткен.

Ұлттық мәдени құндылық баланың дамып жетілуіне, адамгершілік қасиеттерінің артуына, психикасына да тигізетін әсері мол. Ұлттық ойындар арқылы өз халқының тарихын, жерін, даму сатысын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, қонақ жайлылығын айқындап көруге болады. Балаларға ұлттық ойындарды үйрету арқылы әділдікке, достыққа, сыйластыққа, кішіпейілділікке тәрбиелей отырып, яғни адамгершілік қасиеттері де қалыптастырылады. Басқа ойындар сияқты қазақтың ұлттық ойындар тәртібін бұлжытпай орындауы баланың ойын барысында тәртіп сақтауы, баланы осы кезден бастап тәртіпке, әділдікке, жинақылыққа баулиды, адал, қайырымды, өжет болуға тәрбиелейді.
Ұрпақ тәрбиесі жайындағы озық ұлттық мұраны бүгінгі тәлім-тәрбие жұмысына пайдалана отырып, атадан балаға жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыпымызды, салт- дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді қадірлеуді балаға сәби кезінен қалыптастырған жөн.

Этнограф-ғалымдардың зерттеулеріне жүгінсек, қазақтың ұлттық ойындары аңға, малға байланысты, алуан түрлі заттармен ойналатын, зеректікке, ептілік пен икемділікке, батылдыққа баулитын ойындар деп бірнеше түрге бөлінеді. Қайсыбір ғалымдар қазақ халқының ұлттық ойындары түрінің жүзден асып жығылатынын айтады. Мұның өзі қазақ халқының ежелден-ақ айрықша дарынды һәм білімді болғанының дәлелі. Тағы бір ерекшелігі, ұлттық ойындардың, әсіресе, балаларға арналған турлері әдетте өлеңмен «өрнектеліп» те отырған. Демек, халқымыз ұлттық ойындар арқылы жас жеткіншектерді өмір сүруге дағдыландырып, қиындықа төзе білуге, қиын сәттен жол таба білуге машықтандыруды басты мақсат еткен. Мысалы, «Аламан бәйге», «Аударыспақ», «Арқан тарту» ойындары адамды төзімділікке үйретуге, ерік-жігерді игере білуге, білек күшін дамытуға бағытталған. Ұлттық ойындардың тағы бір ерекшелігі, әр ойын жас ұрпақты салиқалы да салмақты, шебер әрі епті болуға баулиды. Өйткені әрбір адам өзінен өрбіген үрпақтың ынжық, бойкүйез болып қалмай, жан-жақты, білікті де күшті болып өсуін өмірдің мәңгі мәні ретінде қабылдаған.

Ұлттық құндылықтар негізінде балалардың  негізгі  іс–әрекеті  ретінде  психологиялық, анатомиялық–физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын  баланың даму құралы,  таным–көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, Ж.Қоянбаев пен Р.Қоянбаев: "Халық педагогикасының мақсаты бірнеше ғасырға созылған халық тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ ұрпақты өмірге дайындау, өнер-білімге баулу, бүкіл елдің қамын ойлау сияқты ең жоғары адамгершілік, имандылық қасиеттерге тәрбиелеу. ...Халық педагогикасының негізіне халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халық ойындары, үйелмен тәжірибелер т.б." жататындығын атап көрсете келе,

халық педагогикасының балаларды тәрбиелеудегі рөліне айрықша тоқтала отырып "... халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын жас түлектерді ғасырлар бойы тәрбие әдістері мен тәсілдерін қолданып, өмір тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық, адалдық, инабаттылық, іскерлік, мейірімділік, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қасиеттерді олардың бойына екті" дейді.

Сондықтан, бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтарды меңгерту барысында бала санасына ұлттық рухты сіңіру, өз халқының өткеніне мақтанышпен қарау сезімдерін ояту керек. Бұл балалардың жеке тұлғалық қасиеттерінің жетілуіне негіз бола алады.

Қазақ халқының ұлт ретінде өмір сүруіне оның тілімен қатар салт-дәстүрлерінің, әдет-ғұрыптарының маңызы айрықша. Қазақтың мақал-мәтелдері жас ұрпақты ибалы болуға, әдептілікке, мінезін жақсы қасиеттер арқылы имандылық пен инабаттылыққа тәрбиелесе, ақын-жазушылардың көркем шығармалары эстетикалық, этикалық қасиеттерге тәрбиелейді. Баланың құлағына жас кезінен бастап халықтың тәрбиелік асыл-маржандарын құйып отыру - тек мектептегі мұғалімнің ғана жұмысы емес сонымен қатар үйдегі ата-аналардың негізгі міндеттерінің бірі болуға тиіс. Абай Құнанбаев он тоғызыншы сөзінде жас кезінен жақсы сез естіп өскен бала кейін есті адам болады дейді: " Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады". Сондықтан баланы жас кезінен бастап тәрбиелік маңызы жоғары халық ойларының кәусар бұлақтарымен сусындату қажет.

Қазақ халқының өзіндік ерекшелігіне жас ұрпақты туылған кезінен бастап, халықтық педагогика негіздерімен тәрбиелеуі жатады. Бесік жырынан бастап, өскенге дейін бала тәрбиелік маңызы жоғары өсиет сөздер естіп өседі. Бірақ, қазіргі кезде ата дәстүрлері қалалық жерлерде ұмытылып жүр. Бұл жас ұрпақты мәңгүрттікке апарады. Сондықтан қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгертуде халық педагогикасының тәрбиелік мәні басым элементтерін кеңінен қолдану қажет. Осы арқылы балалардың рухани дүниесі парасаттылық пен бауырмалдылыққа, адалдық пен кішіпейілділікке, ибалылық пен үлкенді сыйлауға тәрбиеленеді.

1. Идеялық-саяси, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру;

2. Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру;

3. Балаларды, жас өспірімдер мен үлкендердің үлгілі, ерлік істерімен, еңбектерімен таныстыру арқылы қоғам игілігіне адал ниетпен еңбек етуге, адамгершілікке, бір-бірін сыйлаушылыққа, адалдық пен шыншылдыққа, кішіпейіл болуға тәрбиелеу;

4.Отанымыздың мейлінше бай, көркем де сұлу табиғаты жайлы материалдармен танысу арқылы табиғатта кездесетін өзгерістер мен құбылыстарды байқап біліп, теңдесі жоқ сұлулық пен көркемдікті бағалай білуге, елін, жерін қадір тұтып, сүюге тәрбиелеу;

5. Балалардың алған білімдері мен оқу дағдыларын, шеберліктерін жетілдіру, тілін онан әрі дамыта түсу;

6. Халықтардың бостандық, бейбітшілік үшін жүргізген қаһармандық күрестерімен таныстыра отырып, Отанды сүю, бейбітшілік пен халықтар достығы рухында қалыптастыру;

7. Саналы тәртіпке, дұрыс мінез-құлық нормаларына үйрету;

8. Еңбекке қызығу, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

1. Балаларды ұлттық болмысқа тәрбиелеу. Бұл төмендегі жұмыстар бойынша жүргізіледі:

а) дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім-тәрбие көздерімен ұштастыруда жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді, халықтың даналық, өсиет сөздерін оқыту барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану;

ә) көркем шығармаларды дидактикалық ойын түрінде беру арқылы балалардың ұлттық мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын қалыптастыру;

б) бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар арқылы балаларға шешендік сөздерді үйретіп, олардың тіл мәдениетін жетілдіру керек.

2. Балаларды ұлттық құндылықтар арқылы әлемдік ізгілік пен әдептілік негіздерімен тәрбиелеу. Сондықтан ұлттық ойын негізінде діни нақыл сөздерді де қолдану керек. Ұлттық педагогика негіздерімен балаларды оқыту арқылы олардың, өз халқын сыйлауға, туған тілін құрметтеуге үйретеді. Бұл балалардың бір-бірімен қарым - қатынас кезінде өзара кішіпейілділікпен қарауды, әдеп сақтауды, сыпайы сөйлесуді қалыптастырады, нәтижеде балалардың тіл мәдениеті жетіледі. Мұны әрбір сабақта есте ұстаған жөн.

Балалардың рухани дүниесін ізгілендіруде, рухани дамытуда дидактикалық ойындарды кеңінен қолдануға болады. Себебі, ұлттық мәдени құндылықтарды қолдану барысында балалар өздерін еркін сезінеді, өз ойларын қысылып- қымтырылмай жеткізеді. Мұның өзі балалардың жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуына, рухани жан- дүниесінің толысып жетілуіне зор ықлал етеді.

Ұлттық педагогика негіздерімен балаларды оқыту арқылы олардың өз халқын сыйлауға, туған тілін құрметтеуге үйретеді. Бұл балалардың бір-бірімен қарым-қатынас кезінде өзара кішіпейілдікпен қарауды, әдеп сақтауды, сыпайы сөйлесуді қалыптастырады, нәтижеде балалардың тіл мәдениеті жетіледі.

Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар арқылы балаларды тәрбиелеу жұмыстарын төрт жақты жүргізген дұрыс:

Бірінші бағыт - дидактикалық ойындар арқылы балалардың интеллектуалдық қабілеттерін, логикалық ойлауын тәрбиелеу;

Екінші бағыт - балаларға ізгілікті тәрбие беру - оқыту процесінде халық педагогикасының мол мұрағаттарын пайдалана отырып, балаларға ізгілік, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіру;

Үшінші бағыт - түрлі көркем шығармаларды пайдалана отырып, балаларға эстетикалық тәрбие беру арқылы олардың жеке тұлғалық қабілеттерін, жат нәрседен бойын аулақ салуға тәрбиелеу;

Төртінші бағыт - балалардың сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіре отырып, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

«Мақал-мәтелдер айтудан жарысайық» ойыны арқылы балаларға тәрбиелік мәні жоғары, адамгершілік, ізгілік қасиеттерді үйрететін мақал-мәтелдердің мағынасын өздеріне тапқызып, тәрбиелік мәнін өз пікірлерімен айтып беру қабілеттері тәрбиеленеді. Бұл ойында мұғалім әрбір топтың алдына келіп, бір сөз айтады. Балалар осы сөз мағынасына қарай мақал-мәтелдерді көптеп табуға жарысады. Мысалы, мұғалім бірінші топтың алдына келіп, өтірік сөз деді, балалар өтірік сөздің жолы қысқа екендігін айтып, мынадай мақалдар табады:

1.Жыртық үйді жел табар,

Өтірік сөзді жан табар.

2.Өтпес пышақ қынға қас,

Өтірік сөз жанға қас.

3.Өтірікшінің шын сөзі зая кетер,

4.Өтірік деген дұшпан бар, отқа сүйреп салады т.б.

Мұғалім екінші топтың алдына келіп, ұрлық деді. Балалар ұрлық туралы бірнеше мақалдар айтуы тиіс.

1. Көп жортқан түлкі терісін алдырар.

2. Ұрлық түбі - қорлық.

3. Жаман ұры жанындағысын қармайды т.б.

Осындай ойындар арқылы балалар сөз қадірін түсінуге дағдыланып, жаман қылықтардан бойларын аулақ салуға үйренеді. Мақал-мәтелдерді табу балалардың тілін дамытумен қатар олардың әсерлі сөйлеу дағдыларын да қалыптастырады.

"Жалғасын тап" ойынында жасырылған мақал-мәтелдердің екінші сыңарын табу арқылы балалар үлкенді сыйлауға, мінез-құлықтарын жас кезден бастап қадағалауға, адамгершілік іс-әрекеттерді орындауға тәрбиеленеді, тәлім-тәрбиелік маңызы жоғары мақал-мәтелдер алдын ала іріктеліп, кеспе қағаздарға жазылады. Мұғалім алғашқы қатарлары жазылған мақал-мәтелдері бар кеспе қағаздарды балаларға таратып береді. Мысалы,

Адам болар баланың,

Кісіменен ісі бар.

Адам болмас баланың,

.......................

Көп оқыған білмейді,

......................

Мұндай ойындар баланың ой жалғастыру, сөйлемді дұрыс құрау дағдыларын жетілдіріп, шығармашылық ойлау қабілеттерін тәрбиелейді. Қазақ тілі сабағында көп қолданылатын щарадалар мен анаграммалар дидактикалық ойындары балалардың байқампаздығын, ізденімпаздығын, продуктивті ойлау кабілеттерін тәрбиелейді.

Осындай ұлттық құндылықтар арқылы балалардың сөздік қорлары молайып, байланыстырып сөйлеу қабілеттері жетіледі, логикалық ойлау қабілеттері тәрбиеленеді. Бұл ұлттық құндылықтар уақыт ұзақтығы шағын болғандықтан, сабақта көп уақыт алмайды. Сондықтан халық педагогикасына негізделген дидактикалық ойындардың балаларды тәрбиелеуде маңызы зор.


ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ БАЛАЛАРДЫ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ


Ұлттық құндылықтарды тек тәрбие атрибуты деп қарамай, халықтың ғасырлар бойы жасағаы асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған жөн. Өйткені, ойын баланың дүниені танып білуге қадам жасар алғашқы басқышы. Егер баланың алғашқы өмір кезеңінде тікелей айнала қоршаған ортамен байланысын, адамдармен, жолдастарымен қарым-қатынасын елеп ескермей өмір тәжірибелерінен қол үзгізіп, бірден өзіне бейтаныс дүниеге көшуге мәжбүр етсек, олардың психикалық дамуына кері әсер етуі әбден мүмкін. Оның үстіне бұл тәрбие үрдісінде жақыннан алысқа, жай нәрседен күрделіге, жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге деген қағидаға да қайшы келмейді.

Қазақ халқының ұлттық құндылықтары жеке адамдарды ғана тәрбиелеу құралы емес, ол бүкіл қоғамдық ортаны өз соңынан ертетін ұлттың азаматын тәрбиелеп, үлгі берерліктей әлеуметтік орта моделін жасаушы ретінде күрделі қызмет атқарған. Ұлттық ойын арқылы жеке тұлғалар қалыптасып, шыңдалып халыққа танылған, сол арқылы өмірге жолдама алып, ел ішінде танымал адамдарға айналған. Қазіргідей арнайы мамандық беретін оқу орындары болмаған кезде ұлт ойындары халқымыздың өз ұрпағын тек ойын-сауықтарда бәсекеге түсіп жеңімпаз атанып, жүлде алу үшін ғана емес, ата жолын қуып, өзінен бұрынғы дәстүрлерді жалғастырып, өз жұртында бар өнерді игеріп, меңгеруге, шаруашылық жүргізу қолынан келетін, ел қорғауға жарайтын батыл да өжет, шапшаң ұрпақтарды тәрбиелеудің өзіндік жүйесін өмірге әкелген.

Сондықтан ұлттық құндылықтар бүгінгі мектептегі және мектептен тыс оқу-тәрбие жұмысына, әсіресе балалардың туристік іс-әрекетін ұйымдастыруға енгізудің әлеуметтік-педагогикалық негіздері белгілі бір ғылыми-педагогикалық алғы шарттарға бағындырылуы тиіс.

Мектептегі және мектептен тыс тәрбие үрдісін жетілдірудің алғы педагогикалық шарттарының бірі - өркениеттің бүгінгі деңгейіне негізделген әлеуметтік-педагогикалық талаптарға сай жастарға білім мен тәрбие беру, адам баласының өткен ұрпақтарының қол жеткізген жетістіктерінен бас тарту деген сөз емес, қайта сол көненің негізінде жаңа мазмұн мен мағыналарға жеткізетін түрлерді (формаларды) дүниеге келтіру арқылы бүгінгі күн талаптарына сай жас ұрпақты тәрбиелеу мүмкіншілігін пайдалану.

Ұлттық құндылықтар элементтерін тәрбие үрдісі барысында пайдалану окушылардың білімді қабылдау қабілетін нақтылап, мазмұнын бала санасына жақындатады. Ал балалардың табиғи жағдайда өткізілетін туристік іс-әрекетінде (туристік жорықтарда, туристік жарыстарда, туристік экскурсияларда) ұлт ойындарын пайдалану тәрбие жұмысына оларды қызықтырып, еліктіре түседі.

Ұлттық құндылықтар балалардың туристік іс-әрекетінің мазмұнын байытып, нақтылаудың нәтижесінде балалардың белсенділігін жетілдіріп, жұмыс қабілеттерін жақсартады, жорықтар барысында туындайтын табиғи қиындықтар мен кедергілерді еркін игеруге мүмкіндік туғызады.

Ұлттық құндылықтар негізіндегі тәрбие әрекеті - өзіндік әрекет. Педагогикада өзіндік жұмыс өз алдына жеке тұрып оқыту ұстанымы бола алмайды. Ал баланың ойын үстіндегі өзін-өзі жаттықтыруы, өмірді, білуге деген құмарлығы, шынығуы, шыңдалуы, оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігін арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік-қайратын шыңдайды, алға қарай ұмтылысын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде баланың өз бетімен дербес белсенділігі пайда болады. Соның нәтижесінде баланың өз бетімен ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы қажеттілікке ұласады. Атап айтқанда, білім алудағы бала белсенділігі мен білімді игеруге деген саналылық ұстанымы бала дербестігін туғызып, өздігінен оқу, білім алу дағдысын қалыптастырады.

Адамның қандай әрекеті болсын қоғамдық-әлеуметтік қажеттіктен туындайды. Бала өзінің қажеттігін өтеу үшін, ішкі талаптарын қанағаттандыру үшін белсенді әрекет жасайды. Баланың ойын әрекеті оның ақыл-ой, дене дамытуы үшін қажет. Баланың ойын әрекетіндегі белсенділігін туризм нұсқаушылары дұрыс бағалап, туристік іс-әрекетте оның белсенділігіне, білім алуға, қажетті оқу мен дағдыны меңгеруге және оларды күнбе-күнгі тәжірибеде, өмірде пайдалана білуге үйренуге баланың саналылықпен істейтін әрекетіне ұластыруы шарт.

Ұлттық құндылықтар балалардың туристік іс-әрекетін ұйымдастырудағы тәрбие жұмысын жетілдіруге пайдалану, оны әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің негізіне айналдыру, сөйтіп баланың ұлттық таным іс-әрекетін дамытуға бағыттау туризм мамандарынан, нұсқаушыларынан үлкен педагогикалық шеберлікті, қажыр-қайратты, еңбекқорлықты, әдіс-тәсілдерді орынды жұмсай білуді талап етеді. Олай дейтініміз, ұлт ойындарының бойында бүгінгі жас ұрпақтың бойына дарытарлық ұлттық жағымды қасиеттері ұшан-теңіз, соның бәрі әлеуметтік-педагогикалық талаптарды үнемі шыңдап, қоғам талаптарына сай жастарды тәрбиелеу ісіне қосар үлесі мол екені даусыз.

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.



Түйілген орамал. Ойын жүргізуші ойынды өзі бастайды. Ең алдымен балаларды айналасына жинап алады да «1, 2, 3» – деп дауыстайды. Осы кезде балалар жан – жаққа бытырай қашады. Ал ойын жүргізушісі қолында түйілген орамалы бар баланы қуалайды. Ол орамалды басқа біреуге лақтырады қағып алған бала қаша жөнеледі. Осылайша ойын жүргізіледі, түйулі орамалды алғанша қуалай береді. Ұсталған ойыншы көпшілік ұйғарымымен ортада тұрып өнер көрсетеді.. Одан кейін ойын жүргізуші ауыстырылады. ойын ойнап болған соң балалар шеңбер жасап тұралы.

Соқыр теке. Балалар дөңгелене тұрады. Бір баланың көзі байланып қойылады.
Балалар: Бота, бұзау, қозы, лақ
Қайда кеткен құлыншақ
Соқыртеке бақ-бақ
Мені ізден тап-тап
Деп тақпақтайды.
Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы) балаларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады. Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «Соқыр теке» ролін атқарады. Ойын осылай жалғаса береді.

Сақина жасыру. Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді. Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерінің үстіне алақандарын жаяды. Бастаушы жабулы қолын әрбір ойыншының алақанына салысымен, ол бала алақанын жаба қояды.Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен-«Сақина кімде»-деп сұрайды. Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын ауыстырады. Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді. Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді.

Қуыр-қуыр қуырмаш. Оң қолдың бес саусағын бір жерге түйістіреді де, сол қолымен оны бүрмелеп қапсыра ұстайды.Содан соң екінші балаға:
– ортаңғы саусағымды тапшы, – дейді.Екінші балаға қарап байқап отырады да, міне, -деп бір саусақтың басынан шымшып ұстап тұрады.Егер екінші бала жасырушының ортанғы саусағын дәл тапса, ұпайды бірінші бала тартады.Ұтқан бала ұпай алу үшін мына ережелермен сөздерді жақсы білуі керек.
1. Бас бармақтан бастап шынаққа дейін саусақтардың атын бір түгел атап береді: басбармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.Бес саусағын түгел жұмады.Тағы да бас бармағыннан бастап, былай деп 5 саусақты түгел жазады.

Сен тұр қойыңа бар.
Сен тұр түйеңе бар
Сен тұр жылқыңа бар
Сен тұр сиырыңа бар
Сен кішкентай әлі жас екенсің
Қазанның қаспағын қырып же де, жыламай отыра тұр.
Енді осы шынашақтың өзі алақан шұңқырына бүгіп тұқырта ұстайды да:
Қуыр-қуыр , қуырмаш
Балапанға бидай шаш
Әжең келсе есік аш
Қасқыр келсе мықтап бас
Шынашақты шыр айналдырып, баланың алақанын қытықтайды.Осыларды істеп бола беріп:
Мына жерде қой бар
Мына жерде жылқы бар
Мына жерде жылқы бар
Мына жерде түлкі бар

деп баланың білегінен қолтығына дейін түртіп ең соңында мына жерде күлкі бар –деп сәл ғана қытық-қытық! Қытықтайды

Хан талапай. Бұл отырып ойналатын, негізінен қыз балаларға арналған ойын.Оған төрт-бес үміткерден қатысады.Ойын үшін он асық таңдап алынады.Он бірінші асықтардан ерекше өзге түске (қызыл, не көк) боялған болуы шарт бір-бірден асық үйірусіудің қорытындысы бойынша ойыншылар кезектерін бөліседі.Бұдан соң алғашқы ойыншы қос уыстай ұстаған бар асықты ортаға үйіруі керек.Қалған ойыншылар аңдысын аңдап өзге асықтардан ерекшеленген «ханға» қадалады.Себебі, хан алшы түссе, барлығы тарпа бас салып, ортадағы асықтарды, хан талапай жасауы тиіс.Хан кімнің қолында кетсе, келесі үйірі кезегі соған беріледі екен, хан мен бірге қолына ілінген асықтардың санына қарай ұпай жазылады. Хан алшы түспеген жағдайда үйірген ойыншы шашылған асықтардың бүгі мен бүгін, шігі мен шігін , алшысымен-алшысын тәйкесімен мен тәйкесін бір-біріне соғып, кенейлер бір-біріне тимей қалғанша ұпай жинайды. Көздеген асығы үшінші бір асыққа тиіп кетсе, немесе бөгде асықты қозғап қалса да, ойынның бұзылғаны. Онда кезек келесі ойыншыға беріледі. Осы ретпен әр ойыншы жинаған асығының санына қарай ұпай жинайды. Межелі ұпай санын (100 не 50 немесе 80-40) ойын жүргізуші алдын ала белгілейді.Межеге бұрын жеткен ойыншы жеңімпаз болып саналады. Ескерту: Асықтарды бір-біріне тигізу кезінде қолмен сүйретіп апаруға, орыннан қозғап түзетуге бол майды.Ойынның соңына дейін ханға бірде – бір асық тимеуі керек. Себебі ол – хан.



БАЛАНЫҢ ИНТЕЛЕКТУАЛДЫҚ АҚЫЛ-ОЙЫН ДАМЫТУДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ШЕШУШІ МӘНДЕРІ


Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар ретінде жасалынып жатқан жаттығулардың бір түрлі міңезінен немесе жоғары темптен шығарылған зейін тұрақтылығы бұзылған кезде, ойындарды жаттықтыруға қосқанда, шұғылданушылардың зейінің жоғарлатады және жұмыскерлікті қалпына келтіреді. Техникалық әрекеттерді меңгеру үрдісі, дене сапаларын тәрбиелеуі спортшының көңіл-күйінен, оның құмарлығынан тікелей байланысты. Ойыншыларда астеникалық (жағымсыз) эмоциялардың пайда болуында жаттықтыруды жарамды әрекеттер коэффиценті едәуір төмендейді. Бұған жасалынатын жаттығуларға бұлшықет әрекетінің міңезі мен ритмі, өзінің әрекеттік құрамы бойынша ұқсамайтын, қиындығы аз ойындарының кіруі, шұғылданушыларда сценикалық (жағымды) эмоцияларын тудыруға әсер етеді. Бір әрекет түрінен басқасына ауысқаны, сайысу элементі, ойындағы еркін тандау әрекеті қарқынды демалыстан кейін қарқынды жаттықтыруды жалғастыру үшін «екінші демін» ашуға рұқсат ететін сияқты. Сабақтар үрдісінде ойындарды ақылмен қолданғанда, бұларға бүкіл жаттықтыру циклы бойынша қызығушылық сақталып тұрады.

Қазақтың ұлттық құндылықтарда зейін және эмоционалды қалпын жоғарлату үшін, дәстүрлі түрде үлкен денелік күш салулар және өткір конфликт жоқ. Ойынды сабаққа кіргізу уақытын дәлме дәл анықтауы өте маңызды. Кейде ойын, жақсы көңіл-күйді сақтау үшін, жаттықтырудың дене қызығу бөлігіне және аяқ шеңіне қосылады. Бірақ ойынды сабақта жоспарлаусыз өткізу мүмкін.

Ұсынылған мысалды ұлттық ырықты ойындары: «Тұйғындар мен қарлығаштар», «Түйілген орамал», «Ақсүйек» және басқалары әрине шұғылданушылардың назарын жинақтауға және сабақты жандандыруға көмектесетін ойын материалының бай арсеналын тауыстырмайды. Қайта жоғарыда айтылған ойындар көбінесе қандай да бір тапсырманы шешуге бағытталған (эмоционалдық тонусты, назарды жоғарлату және басқалар) және әрбір ойын көп немесе аз шамасында ойнаушыларға жиынтықтік әсер ететін туралы назарда ұстау қажет.

Ұлттық құндылықтар бүкіл уақыттар бойы үлкен қоғамдық маңызы болды. Бұлардын пайда болуы ежелгі заманға жатады және өзінің дамуына халықтың шаруашылық әрекетіне және қоғамдық қатынастарына сәйкес келетін, кезекпен ауысқан түрлер қатарынан өтті. Бірақ бұған қарамастан ойындар бізге өзінің ойын жеткізіп, ерекшілігін жоғалтқан жоқ. Ғасырлар бойы бұларда адамдардың ұлттық тұрақтылықтары, еңбектері, тұрмыстары, өмір бейнелері жарық көрініп жатты. Бір немесе басқа деңгейде болса да, басқа халықтар ойындарынан қазақтың ұлттық ойындары өзінің мағыналы мазмұнымен айрықша болады. Қазіргі заман мен болашақты байланыстыратын, халықтың рухани тәжірибесің, оның педагогикалық көзқарастарын сақтап тұратын халықтың есте қаларлығы бұл – ұлттық ойындар. Ойындар жататын мәдениетінде ұлттық ойлары, өздік танулары, түсініктері және де тарихы көрінеді.

Жанқиярлықты, іскерлікті, күшті дамытатын ат үстіндегі әр түрлі ойындар мен сайыстар қазақтардың көшпенділі өмір қойылымның күшіне қарай ең көп таралған.

Еңбек үрдістерінен шыққан сауықтар, яғни адамдардың тәжірибелік әрекетінен және ойындардың пайда болу туралы теориясы сөзсіз болып келеді. Ойындар халықтың еңбектік, рухани әрекетін және тұрмыстың көптеген жақтарын қамтыған, қайсына бұлардың көптігі көшпенділі ортада пайда болуы және көшпенділер-малшылардың материалдық мәдениетін және дүние көзқарас ерекшеліктерін көрсетіп аз деңгейінде емес әсер етті. Уақытымен, материалдық өмір қоғамының өзгеруімен, ойындардың мазмұны мен қалыптасуы өзгереді.

Ойындар, сауықтар және дағдылар көмегімен жастарда ойдық және денелік қабілеттері өндірілетін, яғни олар өмірге керек болып қалуына үйренетін. Қоғамның шаруашылық әрекетімен байланысты ойындар ең кең функцияларын жасайтын (мысалы жамбы ату, аударыспақ, бәйге, қазақша күрес және басқа ойындары). Ойындардың бір бөлігі салт-дәстүрлік функциялы болатын, бірақ кейін бұлардың көбі өзінің алғашқы мағынасын жоғалтып, қайта туып дамыған (мысалы, көкпар, аламан бәйге). Бірақ осы алғашқы ойы қазақтың ойындарын басқа халық ойындарынан айрықша етеді.

Ұлттық ат ойындары көптеген және әр түрлі. Жылқыларды силау және ат ойындарына махаббаты қазақтарда салт-дәстүрлер болып қалды.

Қазақтардың ойындарында ежелгі заманнан келе жатқан тастан, ағаштан, аң сүйектерінен, кейін металлдан жасалынған құралдар қолданатын. Кең дамыған халықаралық қарым-қатынастар ойын-сауықтың жаңа түрлерін тудырып, жалпы мәдени бойын көтереді.

Сонымен, бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар ретіндегі спорт түрлері сияқты әр түрлі тарихи кезеңдерде халықтың өмірі нақты және объективті болып келді. Ұлттық мәдени құндылықтар дене тәрбиесі бойынша бағдарламасына қосылған. Бұлар демалулар мен дәстүрлі мейрамдардың маңызды бөлігің құрайды. Қазақтың ұлттық мәдени құндылықтарының мазмұны мен түрлілігі біздің күнімізге дейін жетті. Кейбіреулерін қарастырып ұсынғанды жөн санадық.


Б АЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛТЫН ТІРЕГІ -ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР


Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар – халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тіл мен ділдің, батылдық пен батырлықтың, ептілік пен қайсарлықтың және дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі һәм халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғи жалғасы.

Қазақтардың салт-дәстүрі бойынша, бозбала тәрбиесімен ерлер айналысатын. Ұлдар ойындарында үлкендерге ұқсасып, олардың шаруашылық әрекеттерін жасайтын, ал қыздардын ойындарында тұрмыстық және отбасылық қатынастар көрінетін.

Көшпенді мал шаруашылығының өмірі жанжақты денелік дамуды қажет етті. Сондықтан ұлттық ойындар ереже түрінде ойнап тұрып өзінің іскерлігі мен күшің көрсетіп, өте ырықты болды.

Ұлттық ойындар қоршаған ортаға, аңдарға қастерлеу қатынасты тәрбиелеп көрсетеді. Халық шаруашылығының бір саласы аң аулау болғандықтан, қазақтарда ежелден аңдар мен құстар дауыстары мен құлықтарына ұқсату өнері атақты болған. Аңдардың құлықтарын имитациялайтын ойындар әліде кездеседі.

Қазақтың тайпалары өзінің тәуелсіздігі үшін күресіп, көптеген соғыстарды жүргізуге мәжбүр болды. Жігіттер өз ойындарында шабуылшы және қорғаушы аттыларға бөлініп, әскери әдістерге ұқсатып жасайтын.

Қ азіргі уақытта қазақтардың арасында діни ойды, ырымдылықты ойындары әлі бар. Мысалы: “Мырш-мырш” (лақап атауы), “Ханды-қарабасты” (Періште хан), “Жұмақ-тозақ” және т.б. Бірақ шыңында бұлардың діни бағыттылығы туралы атауымен ғана айтуға болады, ал бұл ойындардың нақты мазмұның жалпыланған түрінде кесірлік пен жақсылықтын арасындағы ғасырлық күресін міңездеуге болады.

Ежелгі заманнан бізге жеткен көптеген ойындардың өздік мазмұны өзгермей сақталды, бірақ тарихи мазмұнының үрдісінде өзінің атауын өзгерткен: “Қарагие” – “Найза лақтыру”, “Аң аулау” – “Құспен аулау”(іскерлік құстармен аулау), “Қақпа тас” – “Бес тас”, “Садақ ату” – “Жамбы ату”(садақпен ату) және т.б.

Сонымен, ұлттық ойындар спорт түрлері сияқты әр түрлі тарихи кезеңдерде халықтың өмірі нақты және объективті болып келді. Ұлттық ойындар дене тәрбиесі бойынша бағдарламасына қосылған. Бұлар демалулар мен дәстүрлі мейрамдардың маңызды бөлігің құрайды. Қазақтың ұлттық ойындарының мазмұны мен түрлілігі біздің күнімізге дейін жетті. Кейбіреулерін қарастырып жіберейік.

«Аламан бәйге». Әр түрлі табиғи кедергілері бар, қиылысқан жергілігі бойынша өтетін ұзын және өте ұзын қашықтыққа ат жарысын аламан бәйге деп атайды. Спортшының тактикалық шеберлігі үлкен маңызды болып келеді. Кейде төзімді жылқылары бар спортшылар жеңіске жетпейді, керісінше, жарыс тактикасын дұрыс өткізе білетін, жағдайды жылдам бағалайтын, жылқыны жарысқа дайындайтын, қашықтықта жылқының күшін дұрыс реттейтін спортшы жеңеді. Қостанайлық тегінің жылқылары ұзын қашықтықтарға жақсы шабады. 50-ші жылдарында жарыс жылқылырының ұзын қашықтыққа шабу сынауы өткізілді. 1953 жылы бүкіл кеңестік жоғарғы жетістік қойылған болатын. К. Рахметжанов (Алматы облысының Қастек қой совхозы) бір тәулікте 311, 6 ш шауып өтті.

«Бәйге». Ең танымал және кең тараған қазақтың ат үстіндегі спорт түрлерінің бірі және жалпы сөреден басталатын қысқа және ұзын қашықтықтарға ат шабысты бәйге деп атайды. Классификациялық қашықтықтар: 7, 12 және 16 ш. 7 ш бәйге бүкіл кеңестік жылқы зауыттардын, совхоздардын, колхоздардын ат спортты жарыстарының міндетті қашықтықтарға кірді.

«Біркүт салу», «құс салу». Іскерлікті құстармен ойын, бірнеше түрлері бар және біркүттің қатысуымен ең тарағаны. Жарысты өткізу үшін тізу алаң таңдалады, қайда жабайы аңдар, соның ішінде қасқыр да жіберіледі. Кімнің бүркіті бірінші ұстайды, сол жеңімпаз аталады.

«Жамбы ату». Жамбы ату немесе нысанаға садақпен ату бұл Қазақстанда революцияға дейін ең тараған спорт түрі. Қазақтардың арасында көптеген мықты мергендер болды, өйткені нағыз жігітке іскерлік, күш және батылдық сапаларымен қатар дәлме-дәл тигізушілік ажырамайтын бөлігі боп саналатын. Жерде тұрып ату, ат үстінде отырып ату және атпен шауып келе жатқанда ату садақпен атудың бірнеше варианттары бар. Ақырғы уақытта жерде ату ең тараған болатын. Атудың нысанасы жамбы (күміс дөңгелек) қызмет ететін, қайсысын жұқа жіппен (аттын жалынан) үлкен бағананың кермесіне іліп қоятын. Нысанаға сирек мергендер ғана тигізетін. Жіпке көздеу ең рационалды болып саналатын. Ілініп тұрған дөңгелекті жерге құлату үшін жіпке дәлме-дәл атумен тигізу керек болатын. Қазіргі уақытта садақпен ату жарыстары Республикамыздың мемлекеттік спорттық комитетімен бекітілген ережелер бойынша өткізеді. Олар (садақтан атудан көрі) нысанаға найзаны лақтырумен ат шабысты жөн көреді.

«Жаяу жарыс». Қиылысқан жергілік бойынша жүгіріс ежелгі заманнан бастап спорттық мейрамның бағдарламасына кіреді. Революцияға дейін кедей халықтарының арасында үлкен таралумен қолданған, қайсылардың бағалы жүлделері бар жарыстарды ұйымдастыруға мүмкіншіліктері жоқ. Бұл жүгірістің кросстан айырмашылықтары мүлдем аз.

«Жорға жарыс». Жорғалап жүретін жылқылармен шабу жарысы. Жүрісі және шабысы кезіңдегі өзінің ритмикасымен, жұмсақтығымен, табасын ерекше қоюымен қолданатын жылқылар үшін өзара түрі. Жорға жүргенде жылқының алдынғы және артқы оң жақ (алдынғы және артқы сол жақ) аяқтары алға қарай б ірдей қойылады. Жарыс кезінде жақсы жорғалар жай шабысқа ауысып кетпейді. Осы ереженің әрбір бұзылуы үшін жорғаларға айып салынады және ережені үшінші рет бұзған үшін жарыстан шығарылады. Әдетте жорғалар жарысында ұлттық мейрамды киімдерді киген жас салт атты қыздар мен әйелдер қатысады. Әйелдер үшін, 2,3 ш және ерлер үшін, 4,6 ш классификациялық қашықтықтар болып келеді.

« Көкпар». Салт аттылардың ешкінің денесін алу үшін ат спортының күресін көкпар деп атайды, ал көк бөрі қазақша көк қасқырды білдіреді. Көшпенділерге қасқыр ең кесір дұшпаны болатын, егер біреуге жыртқышты өлтіру сәтті болса, онда ол қасқырдың денесін жиналған қауымға беретін. Қасқырды өлтіру күні біртүрлі мейрам сияқты болатын. Қауымдағы әрбіреуі қасқырдың денесін өз ауылына әкетпекші болатын және осы үшін күрес пайда болатын. Бірақ қасқырлар әрқашанда өлік болмайтын және осы уақытта жабайы аңның денесін басы кесілген ешкінің денесі ауыстыратын. Бізге дейін тек “көк қасқыр” аты ғана жетті, ал ойынның мазмұны мен түрі өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен сәйкес өзгерілді. Біздің күндерде көкпар халқымыздың ат спорты ойындарының ең сүйіктісі болып келеді және олсыз ешқандай көпшілік және салтанатты сауықтар өтпейді. Ойынның екі варианты бар – ең таралғаны жалпы-тартыс болып келеді, қайда ойында көптеген салт аттылар қатысады, қайсылардың әрбірі ешкінің денесін өзара алу үшін күреседі. Екінші вариант – дода-тартыс, қайда анықталған салт аттылардың санынан тұратын топтар арасында күрес жүріп жатады. 1958 жылдан бастап жарыстар ипподромның шабу жолында өтеді. Ойын уақыты – 8 және 15 минут. 1957 жылға дейін көкпар бекітілген ережелерісіз мейрамдарда, ауылдарда өткізілген болатын. Бірінші бүкіл кеңестік ат спорты жарыстарында көкпар сайыстар бағдарламасының негізгі түрлерінің бірі боп қосылған.

«Күміс алу». Жігіттерге арналған спорт түрі. Салт атты жігіт, жылқының толық жылдам шабысы уақытында жерде, орамалдарға түйіліп жатқан тиындарды бірінен соң оң жаққа және сол жаққа шапшаң еңкейіп көтеріп алады. Әрбір сәтсіз мүмкіндік үшін айып уақыты беріледі. Кім бір шабыстан ең көп орамалдар саның жинап алса, сол жеңімпаз атанады.

« Қыз қуу». Ипподромның 300-400 м қашықтық шабыс жолында өткізілетін халық ат спорттық ойыны. Сөреде бір-бірінен 10 м қашықтықта екі жылжытып ауыстырылатын жалаушалар қойылады. Бірінші жалаушадан қыз бастайды. Екінші жалаушаның сызығын өткен соң жігітке қызды қуып жетуге рұқсат беріледі. Ыңғайлы үшін бүкіл жұптарды бір жаққа бірінен соң бірі жіберу керек. Кейін, осы ретпен артқа келеді, бірақ осы жолы керісінше, қызға жігітті қуып жетуге рұқсат беріледі. Ойынның бірінші кезеңнің мазмұны жігітке қызды қуып жету керек. Егер жігіт қызды қуып жетсе, онда оған шабыс кезінде қызды сүйіп алуға болады және жеңімпаз деп аталады. Егер бірінші кезеңде жігіт қызды қуып жете алмаса, онда екінші кезеңде, кері қайтқанда, қыз, жете алмаған үшін жігітті қуып жетіп оны қамшымен соғуға рұқсаты болып соға алады, сонымен жеңімпаз деп аталады. Ойын басқа халықтар арасында шапшаң тарап кетті. 1957 жылы Мәскеуде, бірінші бүкіл кеңестік ат спорты жарыстарында қазақ спортшылары қыз қууды бірінші рет көрсетті, ал бес жылдан кейін бұл түрді республиканың бүкіл жылқы ұстау мекемелерінде жүргізіп жатты.

«Қыз жарыс». Тек қана қыздар қатысатын 1600 м және 2000 м қашықтыққа шабыс. Қыз жарыс ойыны 1958 жылы С. М. Буденныйдің ұсынысы бойынша алғашқы рет Мәскеуде өтті. 

«Сайыс». Екі салт атқа отырғандардың күресі. Бұрын Қазақстанда сайыс бойынша жарыстар топас найзаның көмегімен өткізілетін. Ақырғы рет бұндай жарыстар 1929 жылы Алматы облысы Ұзынағаш ауданында Қазақстан және Қырғызстан өкілдері арасында өткен болатын. Найзаны қолданып сайыс бойынша жарыстар көптеген жараларға ұшырататын және сайыстын ең қарапайым түрі келешекте жақсы дамыған. Бұнда екі салт атты жігіттер қолдарымен бір-бірін жылқы ертоқымы үстінен сырып түсіруге талаптанады. Қазақстанның кейбір облыстарында бұл түрді аударыспақ деп атайды.

«Бұғнай». Ойын 10-нан 25-ке дейін жететін барлық ойнаушылардың саны шеңбер бойынша тұрып қалатын әркез жерде өткізіледі. Кіші мектеп жасындағы балалар ойнайды.Ойнаушылар шеңбер бойынша қазақша отырады. Жүргізуші (жіребе бойынша тандалады) ойнаушыларды: “бірінші бұғнай, екінші бұғнай, үшінші бұғнай…” және т.с. – ақырғысына дейін санай бастайды. Сосың жүргізуші әркез бір нөмірді кенет айтып қалады (мысалы, “алтыншы бұғнай!”), айтылған орыннан шапшаң тұрып, өзі бір нөмірді айтып қайта шапшаң қазақша отырады. Айтылған нөмір тұрады және әркез бір нөмірді атайды. Дәл солай әркез рет: айтылған шапшаң тұрады, нөмір атайды және шапшаң отырады. Егерде біреудің нөмірін атағанда, ал ол тұрмай және оның орнына басқа бір ойнаушы тұрса, онда оған әркез тапсырма беріледі (сұраққа жауап беру, билеу, өлең айту, бір аяқпен секіру, жұмбақты шешу және т.б.). Осыдан кейін ол өз еркінімен жаңа нөмерді атайды.Ойын аяғында қателеспегендерді белгілейді.Ережелер:

- әрбір ойнаушы өз нөмірін есте сақтау керек және шақырғанға дейін тұрмау керек;

-шақырғаннан кейін ойнаушы өзінің орнына қазақша отырады.

«Қасқұлақ» (қасқыр). Ойын далада өткізіледі (алаңда, есік алдында), көбінесе кешке қарай. 10-нан бастап 20-ға дейін балалар қатысады.“Қасқыр” және “түнгі күзетші” тандалады. Қалған ойнаушылар “қойларды” бейнелейді. Олар не “күзетші”, не “қасқыр” көрмеу үшін жанжаққа таралып тығылады. “Қасқыр” көріну үшін басың ақ орамалмен байлайды. Тығылғандарды іздеумен, ол “күзетшінің” көзіне түспеуге тырысады. “Күзетшінің” тапсырмасы - “қасқырды” андап жүріп оны қуады. Тығылғандар қимылдамауға тырысады. Егер “қасқыр” ойнаушылардың біреуін ұстаса және оны “күзетші” көрмей қалса, онда “қасқыр”, “күзетшінің” орнына тұрады, ал ұсталынған ойнаушы “қасқыр” болады. “Күзетші” болған ойнаушы енді қойдың рөлін атқарып тығылады. Егер “күзетші”, “қасқырды” көрсе, өзінің “отарын” қорғап оны қуады. Ойын уақыты белгіленбеген. Ойын аяғында ең жақсы “қасқырларды”, “күзетшілерді” және “қойларды” белгілейді.

Ережелер:

1) жүргізушінің басынан орамалмен соғуға болмайды;

2)    табылған орамалды әрі қарай беруге болмайды.

 «Бестас». Ойын, еңбек құралдары: ағаш, тас, сүйектер қызмет еткен уақытында, Қазақстан аумағында көшпенділі тайпалар арасында кең тараған. Бұл үлкендердің ең басты сауығы болды. Қазақстанның көптеген облыстарында ойын үйлену той дәстүріне кіретін. Егер күйеу жігіт жағынан ойнаушы жеңіске жететін болса, онда келің үшін қылындықты бермейтін, ал егер келің жақтағы өкілі жеңіске жетсе, онда күйеу жігіт қалындық төлейді.Осы ойынның бірнеше варианттары бар. Қазіргі уақытта жастар арасында кең таралғаны төменде айтылады.Ойын далада, бөлмеде, спортзалында өткізіледі. Қатысушылар саны 5 адамға дейін жетеді. Осы үшін 5 домалақ тас (асықтар) керек.Ойын жазылуы: ойынға қатысу кезегі жеребімен анықталады. Барлығы шеңбер бойынша орналасады. Ойынды бірінші бастайды және ережені бұзбағанша дейін ойнай береді. Сосың ойынға екінші кіріседі, кейін үшінші және т.б. Бір қолмен ойнайды.

1 әрекет: ойнаушы едеңге 5 тасты лақтырады, біреуі тандап оны бір қолмен жоғары лақтырады және осы лақтырған қолмен едеңде жатқан бір тасты қолға алып, алдын ала лақтырылған тасты лақтырған қолмен ұстап алады, яғни бір алақанда екі тас болады. Едеңнен алынған тасты жеке қояды. Сосың қайтадан бір тас жоғары лақтырылады және екінші, екйін үшінші және төртінші едеңде жатқан тастарды дәл солай бір қолмен жинап алады.

2 әрекет: тастар жан-жаққа лақтырылады. Бір тас жоғары лақтырылады, едеңнен лақтырылған қолмен енді екі тас көтеріледі және осы лақтырған қолмен лақтырылған тасты ұстайды.Сосың келесі екі тас осылай едеңнен көтеріледі.

3 әрекет: тастар жан-жаққа лақтырылады. Біреуі жоғары лақтырылады, енді едеңнен үш тас көтеріледі. Екіншеде қалған бір тас көтеріледі.

4 әрекет: бүкіл тастар қолда. Біреуі жоғары лақтырылады, қалғандары едеңге қойылады, ал лақтырылған тас қолға ұсталынады. Кейін біреуі жоғары лақтырылады, едеңнен төрт тас көтеріледі және лақтырылған тас ұсталынады.

5 әрекет: бір тас жоғары лақтырылады, қалған төрт тас қолда болады. Ойнаушы лақтырылған тасты ұстағанша, көрсету саусағымен 3 рет немесе 5 рет (келісім бойынша) едеңге тигізеді.

6 әрекет: төрт тас квадрат бұрыштары бойынша (20х20 см жақын) орнатылады. Біреуін жоғары лақтырып жіберіп, ойнаушы бүкіл жердегі тастарды жинап алып, лақтырылған тасты лақтырған қолмен ұстап алу керек.

7 әрекет: тастар жан-жаққа лақтырылады. Біреуі жоғары лақтырылады, қалғандары бір-бірден, басқа қолдын алақанына жиналады және лақтырылған тас лақтырған қолмен ұсталынады.

8 әрекет: тастар жан-жаққа лақтырылады. Біреуі жоғары лақтырылады, бір тас едеңнен көтеріледі және лақтырылған тас ұсталынады. Ойнаушының қолында екі тас болады. Біреуін ойнаушы жоғары лақтырады, ал екіншісін едеңде жатқанымен ауыстырады және лақтырылған тасты ұстап алады. Осылай лақтырып, ол тастарды бір жерге жинайды. Ақырғы тасты лақтырып ұстаумен төрт тасты қолға жинайды.

9 әрекет: 1 әрекет жасалынады, бірақ лақтырылған тасты ұстаған кезде қалғандары бір-біріне соғылмау керек.

10 әрекет: 1 әрекет жасалынады, бірақ лақтырылған тасты ұстаған кезде ол едеңнен тасқа соғылу керек.

11 әрекет: сол жақ қолмен үлкен және ортаңғы саусақтарға тіреліп ойнаушы арықты жасаған сияқты. Оң жақ қолмен сол жақ қол арқылы тастарды лақтырады. Біреуін тандап, сол жақ қол арқылы жоғары лақтырады, сосың “арық” арқылы өткізеді. Осы әрекетте ереже бар: ойнаушы лақтырылған тастан басқа тағы бір “үлкен” (“нәби”) тасты тандайды. Бұл ен алыс немесе ең жақын тас болуы мүмкін, бұл туралы ойын алдында келіседі. Ол “арықтан” ең соңғы болып өткізіледі.

12 әрекет: алдынғы бүкіл әрекеттерді бітіріп, ойнаушы өзіне екі әдіспен ұпайлар қосады.

Бірінші әдіс: бес тасты жоғары лақтырады, сосың оларды алақан сыртымен ұстайды, тағы да бір рет лақтырады және оларды үстінен ұстайды. Әрбір тас 10 ұпайға бағаланады. Егер ойнаушы бүкіл бес тасты ұстаса, онда ол елу ұпай алады.

Екінші әдіс: ойнаушы қолын сыртқа шығарып, бүкіл тастарды жоғары лақтырады, сосың алақанын ашып, оларды астынан ұстайды. Әрбір тас үшін 10 ұпай алады.

Ережелер:

1) ойнаушылар тастарды едеңнен алған кезде, басқа тастарды қолмен тигізбеу керек. Егер ереже бұзылса, ойынды келесі ойнаушы жалғастырады;

2) әрқашан ойнаушы қай жерде қателесті, сол жерден ойынды жалғастырады.

«Жігіт қуалау».Қатысушылар саны 10-нан 40-қа дейін жетеді. Орташа және үлкен жастағы балалар ойнайды. Ойынға орамалмен екі жалауша керек.

Ойын жазылуы: бір-бірінен 15-20 м қашықтықта екі сызық өткізіледі. Біреуіне 5 м қашықтықта екі жалауша қойылады. Ойнаушылар екі құрамаға бөлінеді, капитандарды тандайды. Құрамалар жалаушаларға қарама-қарсы бір-бірден сызық алдында қатарға тұрады.

Жеребе бойынша “жігіттер” және “қуғыншылар” құрамын анықтайды. “Жігіттер” капитаны орамалды алады. Тұрақталған белгі бойынша құрамалардың бірініші ойнаушылары өздерінің жалаушаларына жүгіреді. “Жігіттін” тапсырмасы – жалауша алдында орамалды лақтыру, жалаушаны айналып артқа жүгіріп келу. “Қуғыншының” тапсырмасы – жалаушаға дейін жүгіріп келіп, орамалды қолға алып және кері жолда “жігітті” қуып жетіп оны орамалмен соғу. Егер бұл жете жасалса, ол жеңімпаз аталады, кері жағдайда “жігіт” жеңеді. “Құғыншы”, “жігітті” жете алмаса, жылдамдығын түсірмей орамалды келесі “жігітті” қуатын құрама бойынша жолдасына беріп жібереді. Ойынды орындарымен ауыстырып екі рет өткізеді. Кімде көп жеңімпаздары бар құрама жеңіске жетеді.

Ережелер:

1) ойнаушылар жалаушаны оң жақтан айналып өтеді;

2) келесі ойнаушыларға сызық арқылы ерте шығуға болмайды. Олар тек алдындағы ойнаушыны қолмен, не орамалмен тигізсе ғана жүгіріп шыға алады.

Ойын варианты.

Ойнаушылардың тұрулары сол. Тек бір жалауша қолданады.

Ойын жазылуы: басқарушы бір құраманың бірінші ойнаушысына орамалды береді. “Алға” бұйырығы бойынша қарсыластар сөре сызығынан жалаушаға жүгіреді. Орамалмен жүгірген ойнаушы қарсыласты осы орамалмен соғып кетуге, жалаушаға дейін жүгіруге, жалаушаны айналған кезде орамалды тастап кетуге және қайта келуге тырысады. Қарсылас орамалды жерден көтеріп алып, қашқанды соғу үшін қуып жетуге тырысады.

 «Түйілген орамал». Ойынға мектеп жасындағы балалар қатысады. Бұл үшін ортасынан байланған ақ орамал керек.

Ойын жазылуы: қатысушылар шеңберге тұрады. Ойынды басқарушы немесе жүргізуші бастайды. Шеңбер ішінде орналасып, ол орамалды әркез ойнаушаға лақтырады және өзі сонын артынан қуалайды. Орамалды ұстағаннан кейін, ойнаушы орамалды басқарушы (жүргізуші) ұстап алмастай басқа ойнаушыға жылдам беру керек. Ойнаушылар орамалды әр уақытта бір-біріне беребереді. Орамалды жіберіп алған жүргізуші болады. Жүргізуші орамалды өзі ұстап алып, жаңа жүргізушіні қоя алады. Ойын біткеннен соң орамалды бір ретте түсірмеген ең жақсы ойнаушылар белгіленеді.

Ережелер:

1) ойнаушылар орамалды тек қана үстінен береді. Бұл ережені бұзған  жүргізушімен бірге рөлімен ауысады;

2) орамалды берген кезде ойнаушылар шеңберден шықпау керек, содықтан оны белгілеп қою керек;

3) орамалды лақтыруға да болады. Егер жүргізуші ұстап алса, онда оның орнына кім лақтырды, сол барады.

 «Жаяу көкпар». «Көкпар» деген сөз «көк қасқыр», «көк бөрі» деген сөздерден шыққан. Қасқыр көшпенділі-шаруалардың бірінші жауы болғандықтан, олар бұрында көбінесе  қасқыр аулауға шығатын. Сәтті аулаудан келе жатқанда, олар кім бірінші ауылға өлтірілген аңды әкелетін жарысуын жасайтын. Бұл жарыс кейін ұлттық ойын “көкпарға” ауысқан, қайда іскерлік, батылдық, бәйгедегі күш және басқа салт атты түрлерінде символизацияланған.

Ойын орыны – спорт немесе жасыл алаң. Қатысушылар саны 10-нан 30-ға дейін жетеді. Ұлдар және қыздар бөлек ойнайды. Ойын үшін “көкпар” (нығыздалған доп) керек.

Ойын жазылуы: алаңның бір жағында сөре сызығы сызылады (немесе белгіленеді). 50 м қашықтықта бұған параллельді сызық өткізіледі, қайда “көкпарды қояды.” 500-1000 м-де мәре сызығы орналасқан.

Ойнаушылар екі құрамаға бөлініп, сызық бойымен біреуі арқылы тұрады. Басқарушының белгісі бойынша бәрі алға “көкпарға” қарай жүгіреді. “Көкпарға” ие болған әрі қарай жүгіреді. Бұны, қуып жеткен “көкпарды” алып қойып, әрі қарай жүгіре береді. Әрқайсысы алдында “көкпармен” жүгіріп келе жатқанды қуып жетіп мәре сызығына дейін жылжиды. Қай құраманың ойнаушысы “көкпарды” мәре сызығына бірінші әкелсе, сол құрама жеңімпаз аталынады.



Қатарда тұрған ойнаушылардың бәрі секіргішпен тұрысқа дейін және құрама жолдасымен бірге бүкіл қатардан бәрі өтпегенше дейін ойын жалғаса береді. Ойынды бастаған ойнаушы секіргішті қолына алғанда, ол оны жоғары көтереді және “Тік тұр!” бұйрығын береді. Бүкіл қатар “тік” тұрады. Айып ұпайлары жоқ, жіппен аяқты тигізбеген және ойынды ерте бітірген құрама ойнаушылары жеңімпаз атанады.

Ережелер:

1) әрқашан, алдында тұрған ойнаушы секіргішпен тұрысқа дейін жүгіргенде, қатардағының бәрі бір орынға алға жылжиды;

2) егер секіргішті аяқ астынан өткізіп жатқан ойнаушылар оны жіберсе, онда олар қай жерде айырылды, сол жерден қайтадан бастау керек;

 3)  егер секіргіш арқылы секіріп жатқан ойнаушы аяқпен секіргішті тигізсе, онда ол айып ұпайланады.

 «Секіруден секіру». Дайындық: ойнаушылар екі тең құрамаға бөлінеді, әрқайсысы екі қатарға тұрады. Екі қатар 2 м қашықтықта бір-біріне параллельді тұрады. Ойнаушылардың жұптары едеңнен 50-60 см қашықтыққа созып, қысқа секіргіштердін шеттерінен ұсталынады. Жұптар арасындағы қашықтық – 1 м.

Ойын жазылуы: басқарушының белгісі бойынша әрбір қатардың бірінші жұптары секіргіштерді жерге жылдам қояды және біреуі оң жақтан, басқасы сол жақтан өз қатары бойынша оның аяқ жағына жүгіреді. Қатардың аяқ жағынан олар кезек бойы олардың қатарында тұрған бүкіл жұптардың секіргіштері арқылы секіріп өтеді. Өз орындарына келген соң, олар тоқтап, жерден өз секіргішін алады және оны созып, 50-60 см биіктігіне көтереді. Олар секіргішті көтергеннен кейін, қатардағы екінші жұп ойнаушылары өз секіргіштерін жерге қойып, бірінші секіргіш арқылы секіреді және де бағанағындай өз қатарын аяқ шеңіне дейін жүгіріп кері қайтады, өз орнына дейін бүкіл секіргіштерді секіріп өтеді, орнына тұрған соң өз секіргішін көтеріп, оны тартады. Дәл осылай қалған жұптар жасайды.

Секіргіштерді секіріп жүгіруді бірінші бітірген құрама жеңімпаз атанады.

Ережелер:

1) алдынғы жұп өз секіргішін көтерген кезде ғана келесі жұп жүгіруді бастайды;

2) ойнаушылар қайсысына қатардың қай жағы жақын жағымен жүгіреді;

3) қатысушылар секіргіш арқылы екеуі біруақытта немесе бір-бірінен кейін мүмкін, өздерінің шешімі бойынша;

 4) секіргіштерді жерге түсіруге болмайды. Олар 50-60 см биіктігінде болу керек. Қателер үшін айып ұпайлар беріледі.

«Ұзындыққа секірумен эстафета». Дайындық: сөре сызығы залдың бір жағында өткізіледі. Бұдан 6-8 см қашықтықтан екі сызықпен иені 1 см сызықша белгіленеді, ал сызықша арқылы 1-3 м қашықтықта 3 дөңгелек сызылады. Әрбір дөңгелекке бір-бір жалауша, немесе таяқша қойылады.

Ойнаушылар 3 құрамаға бөлінеді және 3 қабырға бойы «П» әріпі түрінде сапқа тұрады. Құрамалардың бірінші нөмерлері сөреге тұрады.

Ойын жазылуы: басқарушының бұйрығы бойыншы ойнаушылар сөреден алға қарай жүгіреді, бөгет сызығын жүгіріп өтеді, өз дөңгелектеріне жүгіріп келеді, жалаушаны (таяқшаны) жоғары көтереді, сосың дөңгелекке қайта қояды және бөгет сызығына қарамай құрамаға қайта орнына келеді. Ойнаушылардың қайсысы жалаушаны ерте көтерсе, сол өз құрамы үшін ұпай жеңеді. Сосың алдын ала сөреде дайындалу қалпында тұрғанға белгі бойынша келесі ойнаушылар жүгіреді. Бүкіл ойнаушылар бөгет сызығын өтуіне қатыспағанша дейін ойын жалғаса береді. Көп ұпай жинаған құрама жеңіске жетеді.

Ойынды меңгергенде, әрбір ойнаушының нөміріне белгі бермеуге болады, ал ойынды үзіліссіз өткізуге болады. Бұл жағдайда бір ойнаушылар жалаушаны алғанда, бөгет сызығын жүгіріс барысында өтіп, өздерінің сөреде дайындық қалпында тұрған екінші ойнаушыларына жылдам жүгіреді және оларға жалаушаны береді. Екіншілер алға қарай жүгіріп, бөгет сызығын өтеді және дөңгелекке жалаушаны қойып, артқа жүгіріп келеді және сөреде тұрған үшіншілердін қолдарынан тигізеді, содан кейін үшіншілер жалаушаға жүгіреді және т.с. Бір ойнаушылар жалаушаны алады, басқалары оны орнына қояды. Бәрі секіру мен жүгіріске қатысып болғаннан кейін, ойын аяқталады. Бәрінен ерте және аз қате жіберген құрама жеңімпаз атанады.

Ережелер:

1) сөреден жүгіру тек қана белгіленген сигнал бойынша. Ерте жүгіріп шыққан, жеңілген деп саналады. Үзіліссіз жүгіріс жағдайында сигнал тек ойын бастаушыларына ғана береді;

 2) сөреден кеткен бір ойнаушылар кеткен кезде, басқалар олардың орынын алад

 3)  қайтып келген саптағы өз орнына тұрады.

«Қазақша күрес». Оңтүстік Алтайдын қазақтарында алтай күресіне ұқсайтын қазақша күрес кең тарап танымал болған. Қазақша күресті бүкіл мейрамдарда танымал мықтылар (балуандар) арасында, бірақ ешқандай салмақ категорияларысыз өткізілетін. Балуандарға әр түрлі әдістер, аяқ етегінен іліп алулар, сонымен қатар тұрыстағы лақтырулар, іліп алып бұрылыстар және құлаулар танымал болатын.Орын гимнастикалық маттармен жабдықтанады. Қауіпсіздік техника ережелері қатаң қарастырылады.

Күрестің негізгі әдістері:

а) иық арқылы лақтырыс;

ә) жамбас арқылы лақтырыс;

б) үстінен ұстау;

в) төмен ұстау және басқа әдістер.

Ұстасу варианттары:

а) иықтан ұстаусу (ортаңғы сызықтан тартып алу);

ә) белден ұстаусу (шеңберден алып шығу).

«Арқанда ойнаушылар». Құрамалар сөре сызығына бір-біріне параллельді тұрады. 6-10 м-де мәре сызығы белгіленеді. Ойнаушыларда бір-бір доптан. Сигнал бойынша балалар доптарды басына қойып мәреге жүгіреді. Сосың допты қолға алып артқа жүгіреді. Доптарын құлатып жоғалытпаған ойнаушыларға ұпайлар саналады.

 «Жамбы ату» (ойын түрі). Жоғарыда (баскетбол қалқаны) шығыршық ілініп тұр. Ойнаушы 10-15 м қашықтықтан шығыршыққа тигізу керек.

Ойын ережелері:

1) қашықтықты қатысушылар жасы бойынша мұғалім тандайды;

2) лақтырыстарды теннис добымен кезек бойынша жасайды;

 3) сызықты басқан үшін, лақтырыс нәтижесі саналмайды.

2 вариант: “ат” жарысы. Жеңіл салмақты ойнаушы өз құрама жолдастарының арқасына отырады және де екі “атқа міңгендерді” сайысы басталады. Ойынды жүргізіп жатқан мұғалім ойын мазмұның, ережелерін және ойын кезіндегі әрекет әдістерін түсіндірелі, сонымен қатар балалармен ойын ережелерін сақтауын бақылайды. Балалар екі топқа жұптасып бөлінеді. Әрбір жұп ат мінушіден және жылқыдан тұрады. Мұғалімнің белгісі бойынша ойын басталады. Ойынға екі жұп қатысады. Қалғандары көрермен болып келеді. Әрбір жұпты ат мінушісі қарсылас жақтағы жұптын атқа мінушісін құлату керек. Кім қарсыласын жылқыдан құлатады, сол жеңімпаз атанады. Барлық балалар ойнасын деп ойын бірнеше рет қайталанады.

 «Тымақ ұру». Ойын “тымақ” сөзінің мағынасынан басталады, қайсысы қазақша аударымнан “ердін бас киімін” білдіреді. Осында бас киімнін суретін немесе тымақтын өзін көрсетуге болады. Біздің ойын үшін газеттен жасалынған бас киім жарайды. Сосың белбеу және биіктігі 1 м таяқша керек. Таяқшаны сөреден 20 қадам қашықтықта жерге қадайды, ал бас киімді таяқшаға кигізеді. Ойнаушыға көзін жабады және қолына белбеуді береді. Ол өзінің көрермен есінде сақтауына сеніп, таяқшаға дейін жетіп, белбеумен бас киімді қағып түсіру керек. 3 соққы жасауға рұқсат беріледі. 3 соққы ішінде бас киімді қағып түсірген ойнаушы жеңімпаз атанады. Бұл ойында кеңістікте хабардар болу біліктілігін дамиды.

Ойын барысында ұйымшылдық, тәртіпшілік, балалардың өздік жұмыскерлігі, ойын жағдайларына байланысты қайта құрылу біліктілігі тәрбиеленеді. Қазақтардың халық ойындары – турлендіретін және дамытатын күштін иегері, дәстүрлі тәрбие құралы, қуаныш қайнар көзі, өмір серігі бұл қазақтардың халық ойындары.

 «Білек сыңасу». Бір қол белде, басқасы шыңтақ буынында бүгілген, үстел үстінде қарсыластын қолын алақанынан ұстап, вертикалды тұрған қалпынан, бұйрық бойынша қарсыластын қолын үстелге жатқызу керек.

Құралдар: қазақ үстелі, шыңтақ астына жастық, едеңге көрпе.

 «Қандық – сандық» (тізеде тұрып күресу). Кілем үстінде (матта) екі қарсылас тізеде тұр. Белгі бойынша олар бір-бірін иықтан ұстайды және едеңге құлатуға тырысады. Едеңді тигізген ойнаушы ұтылысқа ұшырайды. Ойын күшті дамытады.

Құралдар: маттар.

 «Қамал күзету». Ойнаушылар санынан бір “күзетші” тандалады және ол ортада орналасады. Сол жерде сауыт (қамал) орналасады. Қалған ойнаушылар шамасы диаметрі 10 м шеңбер бойынша тұрып, қамалды доппен лақтырып “атады”, ал “күзетші” орнын ауыстырып отырып оны шабуылдан қорғайды. Қамалға тигізген “күзетшімен” бірге өз рөлдерімен ауысады.

Ойнаушылардың минималды саны: 1 қақпашы, 1 шабуылшы; максималды ойнаушылар саны: 1 қақпашы, 3 шабуылшы.

 «Қалашыққа жеткізу». Екі қатысушы бір-біріне қарама-қарсы тұрады және гимнастикалық таяқтын шеттерінен ұсталынады. Әрқайсысынан екі қадам арақашықтықта қалашықты орнатады. Қарсыласты тартып алып, қалашыққа жеткен ойнаушы жеңімпаз атанады. Кім таяқты жібереді, сол ұтылады.

 «Кімдікі алысқа». Қабырға немесе баскетбол қалқаны алдында ойнайды. Ойнаушылар кезекпен қабырғаға (қалқанға) теннис добын лақтырады. Кімдікі алысқа жетеді, сол жеңімпаз. Лақтырыстарды орыннан және жүгіріп келіп лақтыруға болады.

 «Жауынгерлі әтештер». Жерде диаметрі 2 м шеңбер сызылады және екі құрама саппен бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Капитандары тағайындалады, қайсылары шеңберге өзінің ойнаушысын жібереді. Әрқайсысы бір аяғын бүгеді, қолдарын арқасына қарай бүгіп қояды және белгі бойынша сайыс қатысушылары бір-бірін екінші аяққа тұрмауға тырысып иықпен және денесімен шеңберден итере бастайды. Қолдарын арқа жағынан алуға болмайды. Бүкілі әтештер рөлінде болғанша ойын жалғаса береді, капитандар ақырғы сайысады. Қай құрамада жеңіске жеткендер көп болса, сол жеңімпаз аталады. Егер екі ойнаушы (жұптағы) шеңбер сыртында болып қалса, онда сайыс тең деп аяқталады.

 «Жұптасып тартысу». Дайындық: алаңның ортасынан сызық сызылады. Осы ортаңғы сызықтан оған параллельді 2-3 м қашықтықта тағы да екі сызық сызылады. Ойнаушылар екі тең құрамаға бөлінеді және ортаңғы сызық жанында бетпе-бет тұрады.

Құрамалардың ойнаушылары (қарсыластар) бойымен және күшпен шамалас бірдей болу керек.

Ойын жазылуы: қарама-қарсы тұрған ойнаушылар ортаңғы сызыққа жақындайды және өзінің оң жақ қолымен қарсыластын оң жақ қолынан немесе сол жақ қолымен қарсыластын сол жақ қолынан (білезігінен) ұстасады.

Басқарушының белгісі бойынша, қарсыласты өз жағына қарай, өз арқасы артында тұрған сызығы арқылы тартып алуға тырысады. Сызық арқылы тартылып алынған ойнаушы ұпайларды санағанша дейін қарсыластар жағында қала береді.

Бүкіл ойнаушылар бір немесе басқа жаққа толық тартылып болған соң ғана ойын аяқталады. Көбірек ойнаушыларды тартып алған құрама жеңімпаз атанады.

Өз қарсыласын тартып алып, құрама бойынша жолдасының белінен ұсталынып, онымен бірге тартып оған көмектесу түрінде ойынды қиындатуға болады.

Ережелер:

1) тартылысты тек тұрақталған белгі бойынша бастауға болады. Кері жағдайда тартылыс саналмайды;

 2) тек қана бір тұрақталған әдіспен тартуға рұқсатталады: бір қолмен, екі қолмен, екі қолмен иықтан ұсталынып және т.б. Ойнаушы қарсыласты ортаңғы сызықтан өзінің арқасы артында 2-3 м қашықтықта орналасқан сызық арқылы тартып алу керек.

  «Тартылу таяғы». Сайыскерлер бір-біріне арқаларымен қарама-қарсы тұрады және қолда ұстап отырған метрлік таяты жоғары көтереді. Ойнаушылардың тапсырмасы – алға еңкейіп қарсыласты жерден көтеріп алу. Кім таяқты жібереді немесе жоғарырақ ауада болып қалса, ол ұтылған деп саналады.

Басқа варианты. Ойнаушылар бір-біріне қарама-қарсы (аяқ табандарымен тіреліп) жерге отырады және гимнастикалық таяқтан ұсталынады. Белгі бойынша ойнаушылар өз жақтарына қарай таяқты тарта бастайды. Кім қарсыласын көтеріп алып, сол қалпында 5 секунд ұстай алған, сол жеңіске жеткені.

«Ақсақ қарға». “Қарға” деген бұл қарға атта құс, ал “ақсақ” ақсандайтын дегені. Неліктен “қарға ақсақ”? Өйткені “қарға” бейнесін жасайтын бір аяқпен секіреді. Ал екінші аяғы бүгілген және белбеумен немесе орамалмен байланған. “Қарға” қай аяққа ақсандайтыны маңызды емес. Қатысушылар құрамаларға бөлінеді және секірмелі эстафета жасалынады. Бірақ аяқты байлайтын белбеу немесе орамал бір “қарғадан” басқасына ауысып отырады.

«Қысқа жүгірістер». Қасында жүгіріп келе жатқандардың бәрін озам деп тырысып, бүкіл аяқ күшімен жүгіруге қажеті жоқ. Мында өзінің төзімділігін көрсетуі маңызды. Қашықтықты өлшейді және барлығы бірге “жалаушадан жалаушаға дейін”, ортаңғы темппен жүгіреді. Жүгіріп келді – тоқтады, барлық бірге бұрылып кері жүгіреді. Осылай бірнеше рет. Біреулері шыдай алмайды. Барлықтармен бірге жугіруге шаршасаң – тоқта, ойыннан шығасын. Әрбір жаңа қысқа жүгірісітен жүгірушілердің саны азайяды, аяқ шеңінде жеңімпаз анықталады.

«Жылжымалы нысана». Дайындық: ойнаушылар қолдары алға созылған қашықтықта шеңберге тұрады. Олардың аяқ алдарында шеңбер сызылады. Ойнаушылар волейбол доптарын алады. Шеңбер ортасына шығатын жүргізуші таңдалады. Егер мекеме іші кең ойнауға рұқсат болса, онда ойнаушыларды 2 шеңберге (20 адамнан көп емес) қоюға дұрыс болады және әрқайсында ойынды өзара өткізу.

Ойын жазылуы: допты бір-біріне лақтырып, ойнаушылар онымен жүргізушіге тигізуге тырысады. Жүргізуші шеңбер бойынша доптан құтқарылып секіреді, жүгіреді, айналып бұрылып кетеді. Кім сызықты баспай доппен жүргізушіге тигізсе, сол онымен орындарын ауыстырады.

5-7 минут ойыннан кейін, шеңбер ортасында бәрінен ұзақ тұрған ең іскерлікті жүргізушілер және мерген ойнаушылар белгіленеді. Егер екі шеңберде ойнап жатса, олардың арасынан сайыс өткізуге болады. Ойынды бір уақытта бастап, қай шеңберде жүргізушіге доппен жылдам тигізеді. Егер екі шеңберде жатыспен ойнаса, әрбір рет басқа құраманың ойнаушысы жүргізуші болып тұрады.

Ережелер:

1) жүргізушінің аяғына немесе денесінің әрбір бөлігіне тигені саналады және басқа тигені саналмайды;

2) егер жүргізушіге жерден немесе басқа бір заттан қиғыс тиіп кетсе, онда тигізілу саналмайды;

3) жүргізушіге допты лақтырған кезде шеңбер сызығын басуға болмайды, егерде сызық басылса, онда тигізілу саналмайды;

4) жүргізушіге допты лақтырған кезде шеңбер сызығын басуға болмайды, егерде сызық басылса, онда тигізілу саналмайды.

  «Тұмақ ұру» (ойын түрі). Бұл ойын жасыл алаңда өткізіледі. Ойнаушылар саны шектелмеген. Ертерек көмбені белгілейді. 20 м қашықтықта жылқы бойындағы таяқты орнатады және бұған бас киімді кигізеді. Ойынға сонымен қатар көзді жауып байлауға орамал керек. Жүргізуші қатысушылардың біреуін шақырады, оның көзін орамалмен байлап қояды және қолына қамшы беріп атқа отырғызады. Көздері орамалмен байланған атқа мінуші қамшымен таяқтағы бас киімді қағып түсіру керек. Ереже бойынша ойнаушыда үш мүмкіндігі бар. Сонымен бүкіл ойнаушылар бір шеңберден жасайды, ал ең көп мүмкіншіліктерді қолдаған ойнаушы жеңімпаз атанады.

«Ордағы қасқыр». Алаң ортасында ұзындығы 10 м және иені 1 м бейнеленген қасқыр шұңқырын сызады. Ойынға қатысушылардың үштен бір бөлігі шұңқырда тығылып қасқырларды бейнелейді. Қалғандары алаңның бір жағында жиналады. Бұлар “қозылар” мен “лақтар”. Жүргізушінің белгісі бойынша олар қасқыр шұңқырын секіріп, алаңның басқа жағына өтеді. Осы уақытта “қасқырлар”, “қозылар” мен “лақтарды” ұстап алуға тырысады. Ойын шарты бойынша “қасқырларға” шұңқыр сызығынан шығуға болмайды. Ал “қозылар” мен “лақтар” бұл сызықты баспау керек, сонымен қатар шұңқырды әрине басуға болмайды. Егер басып кетсе, ұсталынған болып саналады. “Қасқырлар” мен “қозылар, лақтар” саны теңелсе, ойын тоқтатылады және  шұңқырға, ойнаушылардың басқа үштен бір бөлігі тығылады, сосың “қасқыр” рөлін ақырғы той ойнатады.

«Салт аттылар». Ойын жасаыл алаңда немесе спортзалда төсеген маттар үстінде өтеді. Алдын ала ойнаушылар екіден бөлінеді, жасалынған жұптар екі құрамаға бөлінеді. Ойынға тек қана ұлдар қатысады.

Ереже бойынша, әрбір жұпта біреуі басқаның мойына отырады және құрама “салт аттылар” тобын құрайды. Жүргізушінің белгісі бойынша ойынды бастайды. Екі құрамадан ортаға екі “салт аттылар” шығады. Ойын шарты бойынша “салт аттылар” бір-бірін “ат” үстінен құлату керек. Қай топтың “салт аттылары” жиі құласа, олар жеңілген боп аталады. Ойын аяғында жүргізуші жеңімпаздары атайды және алдын ала дайындалған жүлделерді таратады.

 «Түйілген орамал» (ойын түрі). Ойын жасыл алаңда өтеді. Екі рет түйілген ақ орамал керек. Ойынды түнде де ойнауға болады.

Ойынды жігіт басқарады. Ол өзіне жақын бүкіл ойнаушыларды жинайды, сосың: “бір, екі, үш” – деп айтады және қатысушылар жан-жаққа қашады. Жүргізушінің өзі орамалмен жүрген ойнаушыны қуып жетіп алып қою керек. Ал бұл ойнаушы жүргізуші жақындаған кезде орамалды басқа ойнаушыға лақтырады, ол басқасына, басқасы тағы біреуге және т.с. Бұл ойын футбол сияқты, бірақ доптын орнына екі рет түйілген ақ орамал. Жүргізуші орамалды біреуден алып қоймағанша дейін қуып жүреді. Ұсталынған халықты сауықтандырады, сосың жүргізушімен бірге орамал артынан жүгіреді немесе жүргізушіні ауыстырады.

 «Хан талапай» (ойын түрі). Ойнаушылар шеңбер бойынша отырады, басқа асықтар арасынан ерекшені хан деп тандап, шеңбер ортасына асықтарды шашады. Асық қандай жағымен құлағаны маңызды, өйткені асық ішік құласа ішікпен қағады, бүкті бүкпен, тәйкені тәйкемен, алшыны алшымен қағуға болады. Егер ойнаушы тигізбесе немесе басқа жақпен тигізіп қақса, онда жүріс келесіге беріледі. Асық бойынша қағу тек үлкен саусақтын жоғарғы бөлігімен жасалынады. Хан кімде болады, сол жеңімпаз аталады.

«Көтермек». Балалар шеңберге тұрады. Өз ерігімен сайысам дегендер екі бала ортаға шығады, бір-біріне құрамалар бойынша қарама-қарсы тұрады және қарсыласты өзінің арқасына көтеріп алуға тырысады. Ойын күшті дамытады.

 «Тоғызқұмалақ». Екі қарсылас отаулар бойынша құмалақтарды салып ойнайды. Отаулар 1-ден бастап 9-ға дейін сандармен белгіленеді. Әрбір 9 отаудың өз атаулары бар: №1-ші отау – арт, №2 –ші отау – тектұрмас, №3-ші отау – ат өтпес, №4-ші отау – атсыратар, №5-ші отау – бел, №6-шы отау – белбасар, №7-ші отау – қандықақпан, №8-ші отау – көкмойын, №9-шы отау – маңдай деп аталады. Әрбір отауда 9 санды құмалақ жатады. Жіребе бойынша бірінші жүретін ойнаушы өзінің әрбір отауынан құмалақтарды алып, міндетті түрде бір құмалақты қалдырады, ал қалғандарын оң жаққа қарай бір-бірден әрбір отуға салып, қарсылас жағына шығады және жүріс біткенде ақырғы отауда түскен құмалақ жұп санды болу керек. Бұл жағдайда ойнаушы бүкіл жұп санды құмалақтарды өзінің қазанына салады. Жүріс келесі ойнаушыға ауысады. Егер оның жүрісінен кейін отаудағы құмалақтар саны тақ болса, құмалақтар отауда қалады. “Тұздықты” қою үшін жүрісті дұрыс санап дайындау керек. Қарсылас жағындағы отауында екі құмалақ жату керек, бұған жүріс бойынша ақырғы болған үшінші құмалақ түссе, сол 3 құмалақты өзінің қазанына салады, ал отау “тұздық” деп белгіленеді. Осы “тұздыққа” түскен әрбір құмалақ “тұздықты” жасаған ойнаушының  қазанына түседі. Егер отауларда бір-бір құмалақтар қалса, олармен де жүріс жүруге болады. Ойын ой қабілеттерін дамытады.

Құралдары: ойын тақтасы, 162 қара түсті құмалақ, шахмат сағаты, қалам және жүрістерді жазу кестесі. Жүріс жазу түрі 1) 7(9): 6(10). Бірінші сан – жүріс реті. Екінші сан –  отау саны. Жақшадағы сан – отаудағы құмалақтар саны.

«Қазан». Ойнаушылар тұрған сызығынан 10, 15 және 20 қадам қашықтықта диаметрі 20 см шұңқырлар қазу. Ойнаушылар кезекпен тастарды шұңқырларға тигізуге тырысады және сол үшін сәйкес ұпайлар қосылады. Кім көп ұпай жинайды, сол жеңімпаз атанады.

Ескерту: егер зал ішінде ойнаса, ойынды жарыс түрінде, резеңке доптар мен теннис түйіршіктерін қолдануы жақсы болар еді. Іскерлік пен мергендікті дамытады.

Құралдар: отау сөресі. Шұңқырлар орнына таяқтардан немесе тастардан  контур жасауға немесе жарамай қалған резеңке доптарын екіге бөліп қолдануға болады. Тастар орнына түрлі түсті скотчпен жабдықталған сереңке қорабтарын қолдануға болады.

«Көкпар».Қазақтың және орта азиялық елдер халықтарының ең сүйіктісі ат спортты ойындар. Бұның тарихы терең ежелдікке кетеді. «Көкпар» сөзінің мағынасы «көк қасқырды» білдіреді. Бұрыңғы заманда көшпенділерде қасқыр, ойын заты қызметін атқаратын, қайсысын олар жүйрік аттарымен қуатын. Уақыттар бойы қасқырды ешкі денесі ауыстырды.

Ойынға екі құрама қатысады, әрқайсында бес атқа мінушілерден және біреуі дайындықта тұрады. Ойын, ұзындығы 400-500 м және иені 20-30 м (әдетте трибуна алдында, ипподромның шабыс жолында) алаңда өткізіледі.

Алаңның шекаралары екі шеткі жақтары бойынша екі жағынан екі жалаушаланған сызықпен белгіленген және қақпа қызметін атқарады. Алаң ортасында диаметрі 3 м шеңбер чызылады, бұл жерге ойын алдында ешкі денесін қояды. Төрешінің сигналы бойынша құрамалар жиналады және осы шеңберден 10 м қашықтықта қарама-қарсы тұрады. Құрама капитандардың сәлемдесуінен кейін ойын басталады. Ойынның мақсаты – ешкі денесін жерден көтеріп алып өз қақпасына алып кету керек. Бірақ бұл оңай емес, өйткені қарсыластар бөгет жасайды. Ешкі денесін өз қақпасына көбірек әкелген құрама жеңімпаз атанады. Ойын 15 минут жүреді, егер ойын тең түссе, онда тағыда қосымша 15 минут ойналады.

Аулақшымен (ешкі денесін ұстап тұрған ат мінуші) жанама сызығын бұзған үшін жанамалық төреші аутты хабарлайды және ойынды жол үстінде аутқа қарсы орынынан бастайды. Тәртіп бұзатын атқа мінуші, ойын ережесін бұзатын ойнаушы жанамалық төрешімен 5 минутке ауысуға құқығы жойылып қудаланады. Ауттан әкелінген ешкі денесі саналмайды. Сонымен қатар «көтерімнің» көмегімен әкелінген ешкі денесі саналмайды, яғни бұл «аулақшының» жылқысын жүгеңінен тартып сызық арқылы өткізгені.

 «Ешкіні тарту».Қатысушылардың күші, батылдығы, іскерлігі сынақталатын ұлттық спорт ойыны. Ойын қатысушыларына лақ немесе бұзау беріледі. Бұл ойын – жылқымен басқаруды, ертоқымда отыруды, ал негізгісі күшті сынау. Ойын ережесі бойынша, көкпарды, толық шауып келіп, жерден көтереді және қадірлі ақсақалдың немесе өте құрметті адамның босағасына апаруға тырысады. Қарсыластар алып қоюға және өздері қадірлейтін адамдарға апаруға тырысады. Іскерлікті, мықты атқа мінуші жігіт және жақсы жүйрік жылқы жеңімпаз аталады.

 «Аламан бәйге». Аламан бәйге (халық бәйгесі). Қашықтықтар: 5000, 7000 және 10000 м. Кәсіптік салт аттылар бәйгеге қатысуға рұқсат жоқ. Ойынға тек қана 12 жастан бастап жоғары (ең кәрілер де қатыса алады) жігіттер қатысады. Атқа мінушілер арнайы дайындықты өткен, жетілдірілген және жеткілікті түрді жылқылармен жарысады. Бәйгеге жұмыскер жылқылары және сонымен қатар аттар қатыса алады. Атқа мінушілер түрлі түсті қамзолда немесе әдетті киімде қатыса алады, бірақ міндетті түрде нөмері жазылған болу керек. Салт аттылардын салмағы еркінді, ертоқым барысы міндетті емес. Қатысушылар саны шектелмеген – 15-20 адам және одан да көп. Үшінші дыбыстан кейін салт аттылар сөре сызығы бойынша (нөмерлері бойынша) түзеліп тұрады және сөреші жалаушасының қимыл әрекеті бойынша шабысты бастайды. Бірінші келген салт атты жеңімпаз атанады. Төреші қашықтықтағы шабыстын дұрыстығына назар аудурып отырады және кроссинг (бөгеттер) жасаған үшін әркез қатысушының жүлдесін алып қою құқысы бар.

  «Солтандар ұрысы». Солтандар ұрысы – эскадрондармен қаруланған және қылыштасу маскаларымен қорғаған салт аттылар қатысатын құрамалық ат спорттық ойыны. Маскаларға жоғары қарай түрлі түсті (әр құрамаға өз түсті) солтандарды немесе жіңішке бишіктерге екі ауа түйіршіктерін қыстырады. Ауа түйіршіктерін тесіп немесе қарсыластан солтандарды қағып жіберу ойын мақсаты және қарсылас осыдан кейін алаңнан кету керек. Қай құрамада атқа мінгендер шығып кетсе, солар жеңілген болып саналады. Ойын іскерлік пен тапқырлықты, қаруды қолдануды, жылқымен басқаруды ақылдығын сұрайды.

 «Жемхана». Бұл әзіл-күлкі ойыны. Ойнаушылар – ат мінушілер ойын қашықтықта бірнеше күлкілі және қиын тапсырмаларды жасауымен тұжырымданады. «Мал тұратын жерге» қаптармен жақындау және үзеңгілері босатылған ертоқымға отыру. Жылқыны жүргізіп тұрып бөрене үстінен өту. Сәбізді (қартопты) шелекке үймелеу. Ертоқымға тұрып ілініп қойылған бөтелкеден (үстіне төгіп алмай) айранды ішу. Автокөлік доңғалағының резеңке дөңгелегі арасынан (немесе түбі жоқ бөшкеден) өту. Сумен толтырылған шелектегі алманы (немесе допты) ауызбен ұстау. Қаптын ішіне кіріп және жылқыны жүргізіп, бөгет болып қойылған ағаш арқылы секіріп өту керек. Гүлдер салынған ыдыстармен қапталған орындық арқылы бір де ыдысты (бөгет төрешінің қарамағына байланысты әр түрлі болуы мүмкін) құлатпай секіру. Ертоқымға мініп, сумен толы іліңіп тұрған шелектен алманы алу керек. Алманы көмекші қызға арнап, оны ертоқымына көтеріп алып отырғызу және мәреге жеткізу. Бұл жаттығу үшін екі есе санды ұпай беріледі. Ойын серіктестің ойнаушысын ертоқымына тартып алып отырғызу және мәреге жеткізу. Тартып алған ойнаушы екі есе санды ұпай алады. Тартылып қалған ойнаушы ұпайларын жоғалтады. Ертоқымда отырып сәбізбен (немесе қартоппен) толтырылған шелекті жерден көтеріп алу және мәреге (шаппай-ақ) жеткізу. Мәреде жылқы үстінен ертоқымды шешу (бұны жылқыдан түспей жасауға болады) және ертоқымсыз жылқы үстінде отырып төрешілерге сәлем беруге жақындау керек.

  «Қыз қуу» (ойын түрі). Қазақтардың ұлттық ат ойыны. Ойынға ат мінген, жұптасқан жігіттер мен қыздар қатысады. Ойынның бірінші жартысында жігіт қызды қуады және егер қуып жетсе оны сүйеді, ал екінші бөлігінде қыз жігітті қуа бастайды және қуып жетсе оны қамшымен соғады. Шабыс қашықтығы 400-500 м. Қашықтық аяқ шеңінде бұрылыс-бақылау орнын белгілейтін жалауша орнатылады. Қыз (жігіт кері жаққа) шамасы екі жылқы өлшемі бойынша алға сөрені қабылдайды.

Ойын шеберлігі (жекелей немесе құрамалық біріншілікке) бес балдық жүйесі бойынша бағаланады, сонымен қатар жылқымен басқару өнері, жасалу көркемдігі (әсемділігі) және шабыс шапшаңдығы үш белгісі есептеледі. Жарыстың көркемдік жағы үшін, қатысушылар әдемі ұлттық киімдермен эффекті экстерьері бойынша тұқымдылығы бір түсті жылқылармен ойынға шығады.

«Түлкішек». Бұл ойында екі немесе үш атқа мінуші «аңшылар» манежде немесе алаңда, иығында орамал немесе түлкі құйрығы бар «түлкішек» атқа мінушідін ізіне түседі. «Аңшылардың» тапсырмасы - «түлкішектің» оң жақ иығында орналасқан «құйрықты» сол жақтан келіп, ал «құйрық» сол жақтан орналасса, оң жақтан келіп жұлып алу керек. «Түлкішек» әр түрлі қимылдайды, бағытын өзгертеді, бөгеттерді өтеді.

Ойын ұзақтығы 5-7 минут. Егер осы уақытта «аңшылар» белгіленген «құйырықты» жұлып алса, «түлкішек» жеңіске жетеді, ал егер «құйырықты» жұлып алса, «түлкішек» ұтылады.

«Сайыс». Сайыс – Қазақстанда кең тараған ат ойыны. Бұл ойын салт аттылардан жылқымен басқара білу, қосылған үлкен дене күші мен іскерлік, ертоқымда мықты отыруды ойнаушылардан сұрайтын. Салт аттылардың алдында тұрған тапсырма қарсыласты ат үстінен тартып алудан тұрады. Ойын, ұзындығы 50 м және иені 25 м ипподромның түзу жолында немесе бір түзу алаңда өткізіледі. Ойын өту уақыты 15 минут. Қатысушылар 65 киліге дейін жеңіл салмақ, 80 киліге дейін орташа салмақ, 80 киліден жоғары ауыр салмақ деп салмақ категорияларына бөлінеді. Егер ойын уақыты ішінде қатысушылардың біреуі жеңіске жетпесе, онда 3 минуттық үзілістен кейін жеңімпазды анықтау үщін 5 минут қосымша уақыт беріледі. Жекелік-құрамалық жарыс есептеледі. Сонымен қатар таза жеңіс үшін 3 ұпай, әдістер бойынша белсенді жеңіс үшін 2 ұпай, пассивті күрес үшін 1 айып ұпай берілуі жарыс нәтижелерін анықтайды. Ойнаушыларға қарсыластарын және оның жылқысын соғуға, басынан, шаштерінен немесе жылқысының жолынан тартуға, қарсыластын қолын бұрауға және жылқысының жүгенің қарсылас үстіне кигізуге рұқсат емес. Ойынды бас төреші ойнаушылардың әрбір жұптары кезіңдегі төрешілер және секундометрші қызмет етеді.

 «Көкпар» (ойын түрі). Көп жігіттер қатысатын сайыс. Иелі болатын көкпар-ауырлық сапасында ешкінің немесе лақтың денесін қолдайды. Қатысушылар белгіленген сызық алдында сапқа тұрады. Сөреден 50-60 қадам қашықтықта ешкі денесі лақтырылады. «Баста» белгісі бойынша салт аттылар көкпарға ие болуға шабады. Ешкі денесін бірінші көтеріп алған қалғандарынан шауып кетуге тырысады. Бірақ оны қуып жетеді және көкпарды тартып алуға тырысады. Осы бойымен ойын 4-5 ш. қашықтықта орналасқан мәре сызығына дейін жалғасады. Мәреге ешкі денесімен келген ойнаушы көкпарды өзімен бірге ала кетеді.

«Аударыспақ». Жылқы үстіндегі ертоқымында мықты отыратын, жылқымен бірге біртұтастықты құрайтын мықты атқа мінушілер ғана жылқы үстінде отырып күресе алады. Қазақтар арасында бұл ойын өте кең тараған. Жарыстар жекелік және құрамалық бола алады. Ойындарға 18 жасқа толмағандарды қатыстырмайды. Ойынның 65 киліге дейін жеңіл салмақ, 80 киліге дейін орташа салмақ, 80 киліден аса ауыр салмақ категориялары бар. Жылқылар іскерлікті, мықты сирақтарымен, ат күресіне үйретілген болуы керек. Бұл ойын үшін, әсіресе күшімдік, қостанайлық, жаңақырғыздық және қою түрлі қарабайыр жылқылары жақсы.

Бас төреші атқа мініп, алаңда балуандарды жұптастырып (әрбір жұпта төрешісімен бірге) тұрғызады. Күресу бас төрешінің сықырығы бойынша басталады. Күрес уақыты 15 минут. Қарсыласты ертоқымынан құлатқан үшін балуанға жеңіс беріледі, бұл үшін жеңілген жерге тигізгені жеткілікті. Егер берілген күрес уақыты ішінде атқа мінушілердің бір-бірін құлататын сәттілігі болмаса, онда бас төреші жұптардын төрешілерімен бірге әр түрлі техникалық әдістерін және үлкен белсенділік үшін балуанға жеңісті береді. Таза жеңіс үшін 3 ұнамды ұпай, баллдар бойынша жеңіс үшін 2 ұнамды ұпай, жеңілген, бірақ белсенді күрескен балуанға 0 ұпай және пассивті күрес үшін 1 ұпайдан алынып отыратын күрес нәтижелерінің бағасы.

 «Мал тұратын жер». Бұл ойында манеждін шеткілік қабырғасына бір шетімен жақындатып қойылған ұзын ағаштарды жылқылардың тұратын жерін белгілейді. Жылқы тұратын  жердін саны ойын қатысушыларынан аз орнатылады. Салт аттылар (кейде ертоқымы орнатылмаған жылқылармен) жылқы тұратын жерден қарама-қарсы жағына қарай қадамдармен қимылдайды. Төрешінің бнлгісі бойынша олар жылқыларын бұрады және жылқы тұратын жерлерге қарай бос орынға тұрып алуға шабады. Жылқы тұратын орынсыз қалған атқа мінуші ойыннан шығады. Ойын екі атқа мінушіге бір жылқы тұратын орны қалғанша дейін жалғаса береді. Атқа мінушілер жылқы тұратын орның манеждін ортасына жүргенше дейін ақырғы жылқы тұратын орнын манеждін жанама (жақын тұрған) қабырғасына қарай ауыстырады. Ақырғы жылқы тұратын орнын алған атқа мінуші ойынның жеңімпазы аталады.

«Ат ерттеу». Ат ерттеу – атқа ертоқымды кигізу. Қазақ жылқысыз қазақ емес. Қазақ үшін жылқы негізгі байлық. Ол түйесіз, сиырсыз, басқа малсыз жүре алады, ал жылқысыз жүре алмайды. Ен кедейлерді халықта «бір жылқышылар» деп атайды. Әрбір арғымақ, таза қанды жүйрік жылқы үшін арнайы ертоқымдар жасалынатын. Бұрыннан ат ерттеу жарыстары өткізілетін, қайда әйелдер де қатысатын. Бұндай жарыстар ас бергенде, келіңді көргенде, Наурыз және тағы басқа мейрамдарда өткізілетін.

Егер ат ерттеу екі ауыл арасында өткізіліп жатса, онда ойын қатысушылары өздерінің жылқыларын ерттеп, бір ауылдан екінші ауылға, мәре сызығына дейін шабады. Бірінші болып келген соң, төреші қатысушының ертоқымын дұрыс орнатылған ба, жоқ па екенің тексереді.

«Ат омырауластыру». Ат омырауластыру – жылқылармен итерісу, күресу. Бұл ат ойынға тек жігіттер ғана қатысады. Бұл ойын жасыл алаңда немесе басқа ыңғайлы алаңдарда өткізіледі. Ойында екеуі жарысады, бірақ қатысушылар саны шектелмейді.

Диаметрі 10 м шеңберге екі атқа мінуші шығады. Бір-бірін шеңбер шекараларынан шығарып жіберу атқа мінушілердің тапсырмасы. Бұл үшін жылқының сирақтары шеңбер шекараларынан шыққаны жетер. Кімде осындай жеңістер көп болса, сол жеңімпаз атанады.

Күресте атқа мінушілер бір-бірін тигізбей, қолдарды бос, тек қана жылқының көмегімен қарсыласты шеңбер сыртына итеруге болады.

 «Көкпар тарту» (ойын түрі). Көкпар ешкінің денесін тарту деп танымал. Көкпардың пайда болуының бірнеше бастаулары бар:

1)         ойын қатысушылары осылай қой отарларына шабуылдап жоқ қылтыратын қырдын жыртқыш қасқырларын бейнелейді;

2)         мүмкін бұрын осылай жараланған батырды тұтқыннан шығарған еді немесе бір тауып алынғанмен қашатын;

3)         тотемдік жануардын денесі үшін фратарий күресімен байланысты.

Мақсаты – ешкі денесін белгіленген орынға дейін бірінші әкелуге. Төрешінің белгісі бойынша әрқайсысы ешкі денесі ұстап алуға тырысатын, қалғандары оны жұлып алуға артынан қуалайтын. Сондықтан ешкі денесіне ие атқа мінуші оны ертоқымда мықты ұстауға, аяқ астына қысып алуға немесе қуғыншылардан бір жақтан басқа жаққа ауыстыруға тырысады.

«Жігіт қуу». Ойынға 10-12 адам қатысады. Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Жүргізушімен бір-бірінен 1-2 ш қашықтықта көмбе (бөлік) белгіленеді. Біреуінде тұлып-таяққа бас киімді кигізіп қояды. Жүргізуші екіншісінде өзі қалады. Жүргізуші әрбір топтан екі атқа мінушіден шақырады және біреуіне белбеу береді. Жүргізушінің белгісі бойынша ойнаушылар екінші белгіге шабады. Қолындағы белбеуі бар атқа мінуші екіншісін көмбеге жеткізбеу үшін оны белбеумен соғады және екінші бөлікке кері шабады. Көмбеге жеткеннен кейін ол белбеуді бас киімге іліп қою керек. Екінші ойнаушы біріншінің қимылын қайталайды. Сосың ойынға келесі жұп кіріседі. Қарсыластарын ойыннан шығартпай олардың белбеулерінен көбірек тигізбей қашқан ойнаушылардың құрамасы жеңімпаз атанады.

Қазақтың ұлттық ырықты ойындарының барлық байлығының және оларды қолдануының ғасырлық дәстүрлердің, сонымен қатар ерекше бағалы ұлттық ырықты ойындардың қазіргі замандағы дене шынықтыру – спорттық жұмысын еңгізуінің ғылыми жазылуы және терең оқытуы керек. Ұлттық ойындар әр түрлі тарихи кезеңдерде халық тұрмысының және мәдениетінің нақты және объективті көрінісі болып келеді.

Ұлттық ырықты ойындары дене тәрбиесінің құралы ретінде кең қолданады. Ырықты ойынның тарихи қалыптасқан компоненттері (мазмұны, түрі және әдістемелік ерекшеліктері) оны дене тәрбиесінің эффективті құралдарының бірі сапасында қолдануға рұқсат береді.

Бұл мұраны дұрыс қолдануы адамдардың қазіргі заманда өміріндегі өсіп келе жатқан ұрпақтардын денелік және рухани тәрбиесін қолдайды.

Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақ- тар мен алғашқы мемлекет- терде кеңінен тарады. Біз-дің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қаре- кеттерінен бастау алады. 

Бұлардыңкөбісімалшаруа-шылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізділген. 

Ахмет Жүнісовтың айтуынша (Фәниденбақиғадейін, - Алматы: «Қайнар», 1994), «Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен». Ал енді, «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың ұлттық ойындарының мән-маңызы туралы былай деп жазылған: «Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған».

1. Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксе-рек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қас-құлақ, ордағықасқыр.

2. Малға байланысты ойындар: аларман (қойғақасқыршапты), асаукөк, бура-қотан, көксиыр, соқыр-теке, түйеменбота.

3. Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ағашаяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік, алты-бақан, арқанаттау, арқантартпақ, арқан тартыс, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық, белбеусоқ, белбеу тартыс, дауыстап атың дыайтам, ептіжігіт, жаяу көкпар, жемекіл, жігіт қуу, жігіт ойыны, күзетшілер, күмісілу, қамалды қорғау, қараше, қимақ, қыз қуу, лек (шөлдік), монданақ, орамалтастау, сақинажасыру, сиқырлытаяқ, тапшы, кімнің дауысы, таяқжүгірту, тепе-теңдік, тобық, тұтқыналу, түйілген орамал, шалма, шертпек, шілдік, хал қалай?

4. Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, айдапсал, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу, балтамшап, бөріктастамақ, бұғнай, бұғыбай, бұқатартыс, бұрыш, бізде, егер..., жасырынбақ, жаяужарыс, көкпар, көрші, күрес, қара мырза, қассың ба, доссың ба?, қындық-сандық, орынтап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап, тасымақ, тасымалдау, теңкөтеру, тымпи-тымпи, ұшты-ұшты, үй үстіндегі кім?, шымбике.

5. Соңғы кезде қалыптасқан ойындар: әріптаңдау, бригада, мейрамхана, нөмір, пароль, пошта, сымсызтелефон, сыңарынтабу. Бұлардың ішінде бірқатар ойындар спорттық, той ойындары болып саналады. Ал енді, қазақтың ұлттық ойындарының ішінде «қуырмаш» тәрізді жас сәбилерге арналған да ойындар бар. Біз енді қазақтың ұлттық ойындарының негізгілерін талдап, тарқатсақ. Ақсүйек. Қыз-бозбалалар оны жазғы айлы түнде ойнаған. Ойын бастаушы жылқының бақай сүйегін, ол болмаса қойдың жілігін, немесе жауырынын, жамбасын қолына алып, ойынға қатысушыларға көрсетіп, белгілеп алады да, ойыншыларды екі топқа бөліп, алысырақ барады да ақсүйекті лақтырып жібереді. Қай топтың ойыншылары ақсүйекті бірінші болып тапса, сол топ жеңген болып саналады. Сүйек еті мүжіліп, далада жатып күнге күйіп, әбден ағарған болуға тиісті. 

Алтыбақан. Бұл – жас-тардың кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, қыздар, жігіттер болып айтысып, бір-бірімен әзілдесіп көңіл көтеретін ойын-сауығы. Қазір де үлкен тойларда алтыбақан құрылады. Алтыбақанды құру мынандай тәсілмен жүзеге асырылады: алты бақанды сырықтың екі басын үш-үштен қосақтайды да мосы тәрізді етіп байлап тастайды. Бақанның аша тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиісті. Алты бақанды құрастырып болғаннан соң оның екі басына 3 қатар арқан байланады. Арқан тартпақ. Оны арқан тартыс деп те атайды. Бұл ойынның екі түрі бар. Біріншісі жазда көгал үстінде, екіншісі қыста қар үстінде ойналады. Жазда ойыншылардың саны 10 баладан көп болмаса, ой-ын қызықты болады. Ойынға ұзындығы 8-10 метрлік екі ұшы түйілген арқан әзірленеді. Оның тең ортасына белгі ретінде қызыл матаны байлап қояды. Ойынға қатысушы екі топтағылар өз жағында бойларына қарай сап түзеп, ойын бастауға белгі берілгенде арқанды өз жағына қарай тартады. Қыста он –он бес бала тартқанда үзілмейтін арқан таңдап алынып, үлкен адамның алақанының көлеміндей екі тақтайдың ортасынан өткізіліп, ортасына аққала үйіліп, екі жақ оны өзіне қарай құлату үшін тартады.

«Аударыспақ». Ол – қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады. Аударыспаққа үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалады. Оған он сегіз жастан асқан қарулы жігіттердің қатысқаны жөн. Аударыспақ ойынының ережесі бойынша сайысқа қатысушылар салмақтарына қарай үш топқа бөлініп, күш сынасады. Ептілікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты талап ететін спорттық ойын. 

Айгөлек. Оны қыз-жігіттер екі топқа бөлініп, қаз-қатар тұрып, бір-бірінің қолынан ұстап тұрып ойнайды. Бір топтың ойын бастаушысы: «Айгөлек-ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, бізден сізге кім керек?», деп сұрайды. Екінші топтың ойын бастаушысы: «Айгөлек-ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, сізден бізге Ақерке керек!», - деп, бір адамның атын атап шақырады да, аты аталған адам бар пәрменімен жүгіріп келіп, шақырған топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Тізбекті үзіп кетсе, ол топтан қалаған адамын алып кетеді, үзе алмаса сол топта қалып қояды. Ойын екі жақтың бірінің адамдары таусылғанша жалғаса береді. Алтын қабақ. Мергендер сайысы. Жігіттер садақ жебесін нысанаға әрі тез, әрі дәл тигізуге тиісті. Бұл сайыс үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалып өткізіледі. Алтын қабақ сайысының түрлері: жаяу немесе ат үстінен сы-рық басындағы теңгені атып түсіру, жоғары лақтырылған қалпақты, басқа да заттарды атып түсіру, ат үстінде шауып келе жатып нысанаға дәл тигізу. Мергендер сайысының тағы бір түрі – жамбы ату, садақ

үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде жарияланады. 

Ақшамшық(сақинасалу). Бұл – қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны. Оны сақина салу, сақина тастау деп те айтады. Ойынға он–онбес адам қатысып, ортаға бір жігітті немесе бір қызды шығарып, қолына сақина ұстатады. Ойын ережесі бойынша қыз-жігіттер үйде дөңгелене отырып, екі алақанын бір-біріне қабыстырып алғасозады. Ойынды жүргізушінің ала-қанындағы сақинаны кімге салса да өз еркі. Ол барлық адамдардың алақанына сақина салған болып шығысымен, «Тұр сақинам, тұр», - деп, немесе «Ақшамшығымды бер!» деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған адам орнынан атып тұруға тиісті, «Сақина менде», - деп. Оны көршісі ұстап алмай қалса, жұрт алдында өз өнерін көрсетеді. Кейбір кітаптарда сақина тастау ақшамшық емес, ақшымшық деп те жазылып жүр.

Теңгеалу.Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, атқұлағында ойнайтын шабондоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып жіберіп, оны жалма-жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін. «Қыз қуу». Ол – ұлттық ат спорты ойыны. Қазір бұл ойынның ережесі жасалып, бір жүйеге келтірілді. Қазақстан-да қыз қуудың алғашқы спорттық жарыстары 1923 жылы өткізілді. Содан бері мерекелік бағдарламаларға енгізіп келеді. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюге тиісті. Бұл – жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын қамшының астына алады. Бұл – қыздың жеңгені.

Көкпар. Ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір-бірінен ала қашып, мәз-мәйрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған. Көкпар Орта Азия халықтарының да сүйікті ойыны. Көкпар жаппай тартыс және дода тартыс болып екіге бөлінеді. 1949 жылы елімізде көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Алаң көлемі қатысушылар санына сәйкес. Егер әр команда 5 адамнан болса, алаңның аймағының ұзындығы 300 метр, ені 100 метр; 10 адамнан болса, 500х200 метр; 15 адамнан болса 700х300 метр; 20 адам болса, 1000х500 метр. Көкпарда басы кесілген серке тартылады. 

«Ұшты-ұшты». Ойын бастаушы оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді. Ойын бастаушы негізінен адамдарды былайша жаңылыстырады:
- Ұшты, ұшты – тарғақ ұшты! (ұшады).
- Ұшты, ұшты – жарғақ ұшты! (ұшпайды).
- Ұшты, ұшты – тырна ұшты! (ұшады).
- Ұшты, ұшты – тырма ұшты! (ұшпайды).

«Соқыртеке».Ойыншылардөңгеленетұрады. Ортағаорамалменкөзібайланғанадамды – «соқыртекені» шы-ғарады. Шеңбер бойынша тұрған ойынға қатысушылар «соқыртекені» түрткілейді. Ол сол кезде түрткен ойыншыны ұстапалып, атын айтуға тиіс. «Соқыртекенің» тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алуына болады. Ұсталынып қалған ойыншы «соқыртекеге» айналып, ойын жалғаса береді.

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР РЕТІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ТОПТАМАСЫ


«Ақбайпақ»

Бұл ойын да «Айгөлек» секілді жасыл көгалдарда, алаңдарда ойналады. Ойнаушылардың саны неғұрлым көп болғаны дұрыс. Өйткені ойын өте қызықты өтеді. Жасына, жынысына қарамай ойнағысы келгендердің бәрі ойынға қатыса алады.

Ойын ережесі: жиналғандар жүресінен дөңгелене отырады. Ал орталарына бір баланы көрсетпей жауып тастайды. Осы кезде інген ботасын іздеп боздап келген бетінде ойыншының иығына отыра кетеді.

Сол сәтте ойыншы: - «Ақ иығымның үстіндегі кім?» – дейді.

Інген: - «Ақбайпақ!»

Ойыншы: - «Нең жоқ?»

Інген: - «Ботам жоқ».

Ойыншы: - «ботаң көлде бетін жуып жатыр». – орнынан тұрып 4-5 адымдай жерге барып келіп отырып кетеді. Екіншісіне барып отырады. Ол да солай: - «ботаң шөмшек теріп жүр»,- дейді. Келесі ойыншы: - «ботаң ұйықтап жатыр», - дейді. Келесі ойыншы: - «ботаң ұйықтап жатыр», - дейді. Осылайша барлық ойыншының иығына отырып болған кезде, ойнаушылар ботаны тастай беріп, әркім өзінің ботаға бергенін айтып, бірі: - «су бердім», екіншісі:- «бу бердім», үшіншісі: - «таяқ бердім», тағысы-тағы, солай деп… жан-жаққа бытырап қаша жөнеледі. Сонда ғана жаны тауып ботасын көрген інген енді кім не берді одан сұрай бастайды. Сөйтіп ботаның айтуымен оған жөдеп тамақ бермегендер, інгеннің әмірімен жазалана бастайды. Яғни, ән салып, би билейді, әйтеуір өнер көрсетеді. Осылайша інген мен ботаның рөлін басқа біреулер ойнайды.

«Аңшылар»

Атына қарағанда бұл ойын жазық далада, немесе қыратты төбеде өтетін сияқты. Ал шындығында тіпті де олай емес. Есік алдыңда, аула ішінде, кейде кең бөлмеде де ойнауға болады. Тек үлкен киіз үй орнындай дөңгелек шеңбер сызып алса, сол орын әбден жетіп жатыр. Сондай-ақ, балалардың ойнап жүрген үш добы қажет. Бұл ойын әсіресе, балалар мен жасөспірімдерге қолайлы-ақ.

Ойын ережесі: ойын жүргізуші күні бұрын белгіленген шеңбердің бойына үш жерге қолдарына доп беріп үш баланы тұрғызады. Бұлар «аңшылар». Қалған ойыншылар «үйрек» болады да, ойын жүргізушінің берген белгісінен кейін шеңбердің ішіне жамырай кіреді. Сол сәтте басқарушы «тоқта!» деген бұйрық береді. Бұйрық берілген кезде бәрі орындарында қозғалмай тұрып қалады. Осы кезде «аңшылар» қолдарындағы доптарымен «үйректерді» атқылай бастайды. «Аңшылар» атқылаған кезде «үйректер» доптан тек денелерін ғана қозғап бұлтара алады, ал тұрған орнынан жүріп кетуге болмайды. Өлген «үйректер» «аңшыны» алмастырады, ал үйректерге тигізе алмаған «аңшылар» доптарын алып қайтадан атқылайды.

Осылайша үш аңшы бір минут уақыт аралығында қанша үйрек атып алады. Ойын соңында оқ тигізбей орнында қалған үйректер аңшының ролін ойнайды. Ойын осылайша бірнеше рет қайталанады.

«Дауыстап - атыңды ата»

Ойын көбіне жастар кешінде ойналады. Ойынға көз байлайтын бір рет орамал, ұзындығы бір, бір жарым метр таяқ керек. Ойнаушылардың саны неғұрлым көп болса, ойын соншалықты қызықты өтеді.

Ойын ережесі: жиналғандар қол ұстасып дөңгелене шеңбер бойында тұрады. Көзі байлаулы бір ойыншы шеңбердің ортасында тұрады. Сөйтіп ол қолындағы таяғын өзіне қарсы қарай тұрған ойыншылардың кез келгеніне ұсынады да, «дауыстап – атыңды ата» – дейді. Таяқтың екінші басынан ұстаған ойыншы атын біліп қоймас үшін дауысын бұзып дыбыс шығарады (қол ұстасып, шеңбер бойында тұрған ойыншылар белгілі бір бағытпен үнемі қозғалыста болады). Көзін байлаған ойыншы кімді түрткенін тауып алса, сол ойыншымен орнын ауыстырады. Таба аламаса кез-келген ойыншыға ұсынады, оны таба алмаса келесіге ұсынады, осылайша үш ойыншының атын айтады. Анықтай алмаса ойын басынан қайта басталады, осылайша қайталана береді.

«Тоғыз аяқ, тоғыз табақ»

Ойын-сауық, әдет ғұрып ойындарының бір түрі «тоғыз аяқ, тоғыз табақ». Бұл әсіресе қазақтың баласын үйлендірерде қыздың әкесіне барып, құда түскенде, екі жақтың келісімі жарасқан шат-шадыман көңіл күйін, туыстық жарастық көңіл күйді білдірген. Осы құда түсу кезінде қонақ сыйларын халық «тоғыз аяқ, тоғыз табақ» деп атаған. Халықтың әдетінде жайшылықтағы қонақ асы бөлек те, құданың асы бөлек берілген. Құдалардың арасындағы сөз әбден келісіліп болғаннан кейін, енді құданың қайтардағы қонақ асысы тағы бөлек – «құйрық бауыр» болыпты. Мұнда құйрық май мен бауыр туралып, оған қосымша айран араластырып, қайтар жолда жесең де жейсің, жемесен де жейсің деген ойын-кәде жасаған. Жемесең тойғанның белгісі деп, құдаларға асатқан кезде айранды бет-аузына дейін түгелдей жағып шыққан. Құда енді бұл асатудан тек кәдесін жасап барып әрең құтылған. «Құйрық бауыр» асататын көбінесе жас келіншектер болып келеді де, олар асататын адамдарына арнайы ән айтумен болады. Қатысушылар көбінесе тапқырлық, шапшандық көрсетіп жазадан құтылып кетуге, асатушылардың саусақтарын тістеп алуға тырысады.

«Айгөлек»

Қазақтың ұлттық ойындарының ішіндегі халық арасында ең көп таралғандарының бірі осы «Айгөлек» ойыны. Бұл ойынды жасыл желек атқан көктемде, күн ұясына отырып шілденің аптап ыстығы қайта бастаған жазда, тіпті салқын самалды қоңыр күзде де ашық алаңдарда ойнай беруге әбден болады. Ойынға жиналған жігіттер мен қыздардың саны неғұрлым көп болса, соғұрлым қызықты өтеді. Халық арасында кең тараған бұл ойынға балалар мен жасөспірімдер, жас жігіттер мен бойжеткендер де қатыса алады.

Ойын ережесі: кешке жиналғандар өзара тең екі топқа бөлінеді. Олар қаз-қатар қол ұстасып, құлаштарын керіп, арасы бір-бірінен 15-20 қадам қарама-қарсы екі сызықтың бойында тізіліп тұрады. Екі жақтың ойыншылары орталарынан бір-бір жігіттен бөліп, ойын басқаруды соларға тапсырады. Содан соң бір топтың кезек алған ойыншылары барлығы бір дауыспен өлеңдетіп:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Теміршіден дем шығар,

Үзеңгіден тер шығар

Ақтерек пен көктерек

Бізден саған кім керек? – десе,

екінші топтың ойыншылары оларға былай жауап қайтарады:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Теміршіден дем шығар,

Үзеңгіден тер шығар

Ақтерек пен көктерек

Бізге мұнда Бекбай керек.

Осы аты аталған ойыншы жүгірген бетімен шақырған қарсы қатардағы ойыншылардың біреуінің арасынан келіп қолдарына бұзып өтуі керек. Егер бұзып өте алмай қалса, онда қарсы жақтың қатарында қалады, ал бұзып өткен жағдайда сол екі ойыншының қайсыны ұнатқанын өз тобына алып кері кетеді. Осылайша екі топтың біреуінің ойыншылары таусылғанша ойнай береді, болмаса белгіленген уақыт аралығында қай топтың ойыншылары көп болса, сол жағы жеңіске жетті деп есептелінеді.

«Ақсерек-көксерек»

Халық арасында айгөлек ойынының екінші түрін «Ақсерек-көксерек» деп атайды. Ел ішінде көп тараған бұл ойынды жасөспірімдер мен бозбалалар, жігіттер мен бойжеткендер ашық аспан астында ойнай береді.

Ойын ережесі: ойнаушылардың өзара келісуі бойынша топ тең екіге бөлінеді. Әр топтағы жастар 20-30 адым қашықтыққа барып, қолдарын мықтап ұстап қарама-қарсы қатарға тұрады. Екі топтың да қатарының оң жақ басында топ басқарушылар тұрады. Өзара келісім бойынша топ басқарушылардың біреуі: - «ақсерек – көксерек, бізден сізге кім керек» – дейді. Екінші топ басқарушы: - «сізден бізге бәленше керек»,- деп кез келген бір ойыншының атын атап шақырады. Шақырылған ойыншының мақсаты сол, тұрған жерінен жүгіріп шыққаннан екпіндеп келіп ағынмен ұстасып тұрған екі қолды үзіп өтуі (қай жерде, қай қолды барып үзеді – еркі өзінде) керек. Егер үзіп өтіп кетсе, онда сол екі ойыншының қай көңіліне жаққанын өз тобына алып келеді. Ал қолды үзіп өте алмай қалса, онда барған тобында қалады. Қай топ өз қарсыластарын, өз тобына бұрын қосып алса, сол топтың ұтқаны. Сөйтіп өздері күні бұрын тағайындаған жүлдені алады. Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді.

«Мәлке-тотай»

«Айгөлектің» үшінші түрі осылай аталады. Бұл ойынды да жастар ерте кезден-ақ сүйіп ойнап келген. Өйткені, әдетте той-думан жүріп жатқан үйге жастар көбірек жиналмай ма, міне сол кезде «мәлке-тотай» ойыны да басталып кетеді.

Ойын ережесі: жастардың түгел жиналып болғанан кейін өзара келісімдері бойынша тең болып екі топқа бөлінеді. Әр топтың ойыншылары арақашықтығы 20-30 адымдай жердегі өздері белгілеген көмбелеріне барады. Әр топтың өз ойыншылары бір қатарға тұрып, бір-бірінің қолдарынан мықтап керіп ұстап тұрады.

Екінші жақтың ойыншылары бәрі бірден шулап: “мәлке-тотай” дейді. Бірінші жақ «кімді қалай» дегенде, екінші жақ «жаман-жаман пәленшені қалай» – деп атын айтады. Аты аталған Бектай қолып қусырып, аналарға қарсы жүгіріп, өзіне ұнаған баланы алып келуге қам қылып қатты соғады. Соққанда қолып үзіп кетсе жеңген ер бенде болып қолы үзілген екеудің бірін өзіне апарып қосады. Егер үзе алмай қалса, жеңілген ер бенде болып, өзі сол жаққа қосылады.

Енді «мәлке-тотай»-ды бірінші жақ айтып, екінші жақ қол ұстасып тұрады. Сөйтіп жоғарыдағы жолмен бір жағы таусылғанша ойнай береді. Ең соңғы бала басын тырнап немесе үш ауыз өлең, не күлдіргі сөз айтып құтылады. Содан соң балалар тағы да екі топқа бөлініп, ойынды басынан қайта бастайды.

«Арынды арқан»

Ойын жастар кешінде ойналады. Оған ұызындығы 2-3м-дей жіп керек. Кешке келген үлкенді-кішілі адамдардың бәрі де ойнай алады. Ойнаушылардың саны неғұрлым көп болса ойын соншалықты қызықты өтеді.

Ойын ережесі: ойнаушылар дөңгелене шеңбер бойына тұрғаннан кейін қолында арқаны бар жүргізуші топ ортасына шығады. Ол ойынды бастадым деп дауыстайды. Содан соң арқанның түйілмеген басынан ұстап шеңбер бойымен айналдырады, ал ойнаушылар секіріп-секіріп арқанды аяқтарының астарынан жіберіп тұрады. Кімде кім арқанды жібере алмай аяғымен басып қалса, онда сол адам жаза тартады. Оның жазасы - көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып өнер көрсетеді. Не ән салып, не тақпақ айтып, не би билеп болған соң ойын жүргізушімен орнын ауыстырады. Осылайша ойын жалғаса береді.

«Бұрыш»

\Жастар кешіне жиналған жастар ішінен бұл ойынды ойнауға тілек білдірген бес немесе он адам жеке бөлініп шығады. Егер он адам ойнағысы келсе, онда бес-бестен екі топқа бөліну керек. Бұл ойынға балалардан бастап ересек адамдарға дейін қатыса алады.

Ойын ережесі: ойын жүргізушінің бұйрығымен белгілі бір арақашықтықты сақтап (3-5м.) 4 бала төрт бұрышқа тұрады. Ойын жүргізушінің мақсаты – осы төртеуінің ортасында жүріп олар екі-екіден орындарын ауыстырып тұрған кезде, тезірек бос орынға тұра қалу. Ойын анығырақ болу үшін әрбір ойыншының тұрған жерін бормен немесе таяқпен сызып белгілеп қою керек. Орнынан айырылған ойыншы ойын жүргізушіні ауыстырады, сөйтіп ол да бос орын іздей бастайды. 10 ойыншы болғанда екі топқа бөлініп ойнауға болады.

«Домалақ ағаш (қазан)»

Бұл ойынды қыс уақытында мұздың үстінде де, ал жазда тақыр жерде, таза алаңдарда да ойнауға болады. Ойынға қатысушылардың әрқайсысының өзінің басы қайқыш қақпа таяғы мен ағаштан істелген домалақ шары болуы керек. Ойынға 8-10 бала қатысады.

Ойын ережесі: әркім өздеріне топ ортадан қазан және шеңбер сызады. Егер ойнаушылардың саны көп болса, шеңбер де соғұрлым үлкен сызылуы қажет. Ойнаушылар щеңбердің бойымен қатарға тұрып, арасы бір-бір адымдай жерден, яғни өзінің алдынан қазан қазып, домалақ ағашын соған қояды. Шеңбердің ортасында бір ойыншы бос қазанды күзетіп тұрады, яғни басқа шеңбер бойындағы тұрған ойыншылардың мақсаты - әрқайсысы өзінің шарын ортадағы бос қазанға түсіруге тырысады, ал ортадағы бос қазанды күзетіп тұрған ойыншы басқалардың домалақ ағаштарын өзі күзетіп тұрған қазанға түсірмеуге тырысады. Егер ортадағы қазанға домалақ ағашын кім түсірсе сол екеуі бір-бірімен орындарымен ауысады. Ойын осылайша жалғаса береді.

«Жаяу көкпар»

Ойын күні бұрын белгеленген жерде, бозбалалар қатысуымен өтетін. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Әдетте, бұл ойынды ер балалар ойнамайды.

Ойын ережесі: балалар көмбедегі белгіленген түзу сызықтың бойына қаз-қатар тұрады. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша көмбеден бір мезгілде тұра ұмтылған балалар 10 адымдай жерде жатқан көкпарды қайсысы бұрын жеткені алып қашады. Қолында көкпары бар бала арасы бір шақырымдай ешкімге бермей әкелсе, сол ойыншының ұтқаны. Бұл ойында көкпардың орнына бөрік немесе басқа бір затты қолданады.

«Қамалды қорғау»

Ойынға мосы, болмаса орындық және жүннен істелген бір доп керек. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды, жасөспірімдердің барлығы ойнай алады.

Ойын ережесі: ойнауға тілек білдіргендер үлкен шеңбердің бойына қатарға тұрады. Шеңбердің ортасына «қамал», яғни мосыны немесе орындықты қояды, ал бір ойыншы оны қорғайтын болады. Шеңбер бойындағы тұрған ойыншылар қамалды доппен атқылай бастайды, ал қорғаушы болса допты «қамалға» тигізбеуге тырысады. Кімде кім допты «қамалға» тигізсе сол қорғаушымен орнын алмастырады. Ойын осылайша жалғаса береді.

«Лек жалау (шөлдік)»

Бұл тақыр алаңдарда ойналатын балалар ойыны. Ойынға екі басы үшкірленген, ұзындығы бір қарыс шөлдік (ағаш) керек. Ойынға күні бұрын үлкен қазан аузындай шеңбер сызылып, ортасына шөлдік қойылатын шұңқыр қазылады, шөлдік шұңқырдың ішінде емес үстінде жатуы керек. Бұдан басқа әр ойыншының өзінің ұзындығы бір метрдей таяғы болу керек. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды.

Ойын ережесі: ойнаушылар кезек алысып, біріншіден бастап әрқайсысы өз кезінде шөлдікті қолындағы таяғымен жерден көтеріп алып, жерге түсірмей соғады да таяғын шеңбердің үстіне тастайды. Ал екінші кезектегі ойыншы шөлдікті түскен жерінен алып қайтадан соққан ойыншының таяғын көздеп шеңберге қарай лақтырады. Лақтырған кезде таяққа тигізсе, не болмаса шеңбердің ішіне түсірсе, онда соққан ойыншы ойыннан шығып қалады, ал егер бірінші шөлдікті жерден көтеріп, жерге түсірмей соққан кезде де тигізе алмаса, онда да ойыннан шығып қалады. Ал лақтырған ойыншы не таяққа тигізе алмай, не болмаса дөңгелек сызықтың ішіне түсіре алмаса, онда бірінші ойыншы шөлдікті шекіп соғады, әр соққанда үш реттен соғады. Сөйтіп қай жерге апарып түсірсе сол жерден дөңгелек сызыққа дейін таяғымен өлшеп санап келіп, екінші ойыншыға ұпай салады. Бірінші ойыншы жоғарғыдай себептерден ойнай алмай, ойыннан шығып қалса, онда екінші ойыншы соғушы болады. Ойын осылайша бәрі ойнап біткенше жалғаса береді.

«Орамал тастау»

Ойын көгалдарда, үлкен бөлмелерде өткізіледі. Ойынға екі бүктеліп есілген орамал керек. Той-думанға, кешке келгендердің бәрі қатыса алады. Ойнаушылардың саны неғұрлым көп болса, ойын да соғұрлым қызықты өтеді.

Ойын ережесі: ойнаушылар тең екі топқа бөлінеді де арасы 10 адымдай белгіленген екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарға тұрады. Ойын жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да «қа» – деп дауыстайды, ол қағып алып «ғаз» – дейді, болмаса «ла» – дейді. Сонда «қағаз», «қала», тағы басқа сөздер шығады. Айтылатын сөз екі буыннан ғана тұруы керек, мысалы: «са» - деп дауыстаса – «садақ», «сақа», «сабын», «сарын» сияқты сөздер айтылуы керек. Орамалды қағып алған ойыншы сол бірінші буынның сөзі шығатындай екінші буынын уақытында тауып айтылмай қалса, онда ортаға шығып өнер көрсетеді. Енді орамалды қарсыластар тобына өзі лақтырады. Осылайша ойнаушылар орамалды бір-біріне лақтырып, ойынды жалғастыра береді.

«Ұшты-ұшты»

Ойынды жастардың сауық кештерінде, көгалдарда, ашық алаңдарда ойнауға болады. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын соншалықты қызықты өтеді. «Ұшты-ұшты» ойынына ересектермен қатар балалар да қатысса, қызықты өтеді.

Ойын ережесі: бір жігіт ортаға шығып жиналғандарды дөңгелекте, не болмаса өзіне қаратып бір қатарға отырғызады. Содан кейін, ойынның ойналу тәртібін түсіндіреді. Сөйтіп ойынды бастайды (ойын жүргізуші өзіне барлық ойыншыны көріп тұратындай жағдай жасауы керек). Ойын жүргізуші – «ұшты-ұшты-ұшты, бөдене ұшты» деп қолын көтереді, сол кезде ойнаушылар тыңдап отырады да ұшатын затқа олар да қолдарын көтереді, ал ұшпайтын затты ұшты деп қолын көтерсе, ойын жүргізушімен бірге қолдарын көтерген ойнаушылар жаза тартады, ал ұшатын затты айтқанда, қолдарын көтермей қойса, онда да жаза тартады, сондықтан ойын жүргізушінің әр айтқан сөзіне өте сақ болу, қырағы болу қажет. Ойын жүргізуші ұшатын затпен ұшпайтын затты ұйқастырып айтып ойыншыларды ылғи да жаңылдырып отыруға тырысады. Тіпті көпшілікке таныс емес құстардың атын айтып та, ұшатын жәндіктердің атын айтып та, жаңылдыруға болады. Мысалы, «ұшты-ұшты кекілік ұшты, ізінше кекіл ұшты, қарға ұшты – сырға ұшты, көбелек ұшты – ебелек ұшты, тауық ұшты, уық ұшты, қаршыға ұшты – қанжыға ұшты» деп жалғаса береді.

Алданған ойыншылардың жазасы сол, олар көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтып, би билеп, домбыра тартады, тіпті болмаса мақал-мәтел, жаңылтпаш, тақпақ айтады. Алданушылар көбейген сайын ойын қыза түседі, ендеше ойын жүргізуші мен ойнаушылардың арасындағы бірін-бірі аңдушылық та күшейе түсіп, отырғандардың ішек-сілесі қатып күлкіге көміледі.

«Қара сиыр»

Он жастағы баладан отыз – қырық жастағы жігіт ағасына дейінгілер қопалы, жыңғылды жерге жиналады. Ну орман іші болса тіпті жақсы.

Ойын ережесі: әлгі жиналған топ өздерінің іштерінен бір адамды жеке шығарып алып, оны алыстау жерге таман барып бөркін немесе басқа бір белгілі затын жасыруға жібереді. Оның өзі де сол маңайда жасырынуы керек. Қалған ойыншылардың барлығы жасырынған ойыншының тыққан затын іздеуге кіріседі. Кімде кім тығылған бөрікті көріп қойып, алуға қам жасаса, онда иесі оны бермеуге тырысады. Бермеу дегенде екеуі бірдей бас салып бөрікке таласу емес, оған қай бұрын жеткені алады. Ал көрген ойыншы ала алмай қалса, онда иесі көріп бөрікке жібермеуге тырысады. Ал басқалардың қай-қайсысы болмасын бөріктің иесіне қол тигізіп, күш жұмсай алмайды. Қайткенде де алдап жүріп алып, оны ойын жүргізушіге ертіп келулері керек. Келесі жолы бөрікті әкелген ойыншы барады да, ойнаушылардың уақыттары жеткенше қайтадан ойын жалғаса береді.

«Атқаума»

Ойынды 6 бала үш-үштен бөлініп ойнайды. Бір бала қолымен өзінің оң қолын білезігінен қысып ұстайды. Қарама-қарсы тұрған бала да сөйтеді. Содан кейін оң қолдарымен бірін-бірі сол қолдарынан ұстайды. Үшінші бала көзі таңулы күйінде екі баланың айқасқан алақанына отырады. Қолдасып ұстаған балалар:

- «Атқаума, атқаума»,- деп қаумалай көтерген бойы мөлшерлі жерге дейін жетеді. Бір бала:

- «Ақ сандық, көк сандық»,-дейді. Оған көзі таңулы бала:

- «Көк сандық, көк сандық»,- деп жауап береді.

- «Аспанда не бар?»

- «Жұлдыз бар».

- «Жерде не бар?»

- «Құндыз бар?»

Қаумалап келе жатқан балалар:

«Бақа, бақа, балпақ,

Басың неден жалпақ?

Бұтың неден талтақ,

Көзің неге тостақ?»

Бұған көзі таңулы бала былай жауап береді:

- «Темір телпек көп киіп,

Басып содан жалпақ.

Теуіп жауды қашырдым,

Бұтым содан талтақ.

Қарауылда көп тұрдым.

Көзім содан тостақ!».

Қаумалап тұрған екі бала:

- «Мына жерде шөл бар,

Мына жерде ел бар.

Мына жерде көл бар»,- қолдарын ағытып жібереді. Отырған бала құлап түссе, айып тартады. Құламай тіке тұрып қалса, екі бала қайтадан көтеріп жүреді. Ойын осылайша әрі жалғаса береді.

«Соқыртеке»

Ойынға қатынасушылар жиылып, алқа-қотан тұрғаннан кейін, бір қыздың жас шыбық беріп, ортаға шығарады. Ол:

«Қараңғыда көзім жоқ,

Тиіп кетсе сөзім жоқ.

Қайда кетсе қалқа жан,

Жетектейтін өзің жоқ.

Қолға түскен құтылмас,

Қала бермек көзім боп», - деп таяғын өзі болжаған тықыр, дыбыс естілген жаққа қарай соза береді. Айнала тұрған ойнаушылар қашып жүріп:

«Соқыр-соқырақ,

Оң көзіңе топырақ.

Топырағын алайын,

Тотиятын салайын

Саған бір ем табайын», -деп келіп, «соқыр текеге» тиіп қашып жүреді. Осылай ойнап жүргенде «соқыр текенің» қолына түскен ойнаушы ұтылады да, екеуі орын ауыстырады.

«Соқыр теке» мен оны түрткілеп қашып жүрушілердің өрісін мөлшерлеп сызып қояды.

«Ақ терек»

Халыққа кең таралған ойынның бірі – «ақ терек». Ойынға қатысушылар кең, жазық алаңды жерді таңдап алады да, тең екі топқа бөлінеді. Әр топ өзіне басқарушы сайлап алады. Екі топ ара қышықтығы 20-30 метрдей жерде бір-біріне қарсы қарап, қол ұстасып, тізбек құрып тұрады. Қай топтың бірінші болып ойын бастайтынын жеребе арқылы шешеді. Бірінші болып ойын бастайтын топтың басшысы қарсы тұрған топтың бір ойыншысының атын атап шақырады. Аты аталаған ойыншы жүгіріп барып өзін шақырған қарсы топтың тізбегін бұзып өтуі керек. Егер ол тізбекті бұзып өтетін болса, онда бұзып өткен жердегі бір ойыншыны өзімен бірге ала кетеді. Егер бұзіп өте алмаса, онда өзі сол топқа қосылып қала береді. Ойын жалғаса береді. Енді ойынға келесі ойыншы шақырылады. Ойын бір топтың жеңісімен аяқталады. Ойын тым ұзаққа созылмас үшін уақыт белгілеуге де болады.

«Белбеу тастау»

Ойын кең алаңды жазық жерде ойналады. Ойынға қатынасамын деушілерге шек қойылмайды. Ойынға қатынасушылар сан жағынан да, күш-қуаты жағынан да біркелкі екі топқа бөлінеді. Содан соң екі топ бірі-бірінен белгілі бір қашықтыққа, бір-біріне қарам-қарсы сап құрып тұрысады. Екі топтың ортасынан кішірек дөңгелек шеңбер сызылады да, сол шеңбердің ортасына белбеу немесе белге байлайтын басқа бір материал тасталады. Әр топқа өз басқарушылары тағайындалады. Ойынды бірінші болып жүргізуге кезек алған топтың бастығы кенеттен бір ойыншының атын атайды. Ал екінші топтың басшысы оған жауап ретінде барлық жағынан мүмкіншілігі тең келеді-ау деген қарсы топтың бір ойыншысының атын тез атап үлгеруі керек. Аттары аталған екі ойыншы шеңбердің ортасында жатқан белбеуге қарай тура жүгіреді. Кім бұрын жетіп, белбеуді алып, оны қарсыласына тигізіп үлгерсе, белбеу тиген ойыншы ойыннан шығады. Жеңген ойыншы өз орнына барып тұрады. Ойын осы тәртіппен жалғаса береді. Бұл ойынның екінші түрі «Орамал жасырмақ» деп аталады.

«Мысық пен тышқан»

Ойын кең алаңда, үлкен залда, клубта ойналады. Ойынға 10-нан 20 адамға, одан да көп ойыншы қатнысуға болады. Ойнаушылар дөңгелене қол ұстасып тұрады. Ойынға қатынасушылар өз араларынан екі адамды ортаға шығарып, оның бірін «тышқан», екіншісін «мысық» етіп белгілейді. «Тышқан» шеңбер ішінде қалады, ал «мысық» оның сыртында тышқанды аңдып жүреді, оны ұстауға тырысады. Ойнаушылардың міндеті – «мысық» «тышқанды» ұстаймын деген кезде ұстасқан қолдарымен оның жолын бөгеп, «тышқанды» ұстатпауға күш салу. «Мысық» қапылыста ішке кіріп кетсе, «тышқанды» сыртқа шығарып, «мысықты» ұстап қалу керек.

Егер «мысық» сыртқа шыға қалса, онда «тышқанды» ішке кіргізіп, «мысықты» сыртта қалдырады. Осылайша бірін-бірі қуып жүріп «мысық» «тышқанды» ұстайды.

Ұстаған бойда «тышқан» ролінде ойнаған ойыншының орнына басқа бір адамды шығарады. Ал «мысық» болып ойнаушы да өз орнына басқа ойнаушыны ұсынып, топқа қосылады. Ойынды осы тәртіппен ойнай беруге болады. «Мысықтың» жолын бөгегенде, оның киімінен ұстап немесе итеруге болмайды, тек ұстасқан қолдарын жоғары көтеріп, не төмен түсіріп тұрады.

«Үлек пен тайлақ»

(«Мысық» пен «тышқан» ойынының бір түрі)

Жастардың қызыға ойнайтын ойындарының бірі – «үлек пен тайлақ». Мұны жыл мезгілінің барлығында да ойнай береді. Ойын кең алаңда немесе клубтарда, дене шынықтыру – спорт залдарында өткізіледі. Ойынға қатынасушылар қол ұстасып, дөңгелене тұрады. Олар өз араларынан бірін «тайлақ», екінішісін «үлек» етіп таңдап алады. «Тайлақ» қоршаудың ішінде қалады да, ал «үлек» қоршаудың сыртына шығады.

Ойын бастағанда «үлек» «тайлақты» шайнап тастамақ болып, қоршаудан шығып кетеді. «Үлек» «тайлақты» сып етіп қоршаудан сыртына шыққанда, «тайлақ» қоршауға қайта кіріп кетеді. Ақыры «үлек» «тайлақты» ұстап, таламақ болғанда қатынасушылар: «шөк, шөк!», деп «үлекті» шөгеріп, «тайлақты» қоршаудың ішіне тез кіргізіп, «үлектің» жолын бөгейді. Бірақ ол «үлектің» киімінен тартып, итеріп жасалған қарсылық емес, жалпы ойын тәртібіне сай, ұстасқан қолдарды жоғары, төмен түсіру арқылы реттеліп отырады.

«Жаяу жарыс»

Жасөспірім жеткіншектер бір жазық алаңға жиналады да, жүгіретін бір жерді белгілейді. Орталарынан біреуін басқарушы етіп тағайындайды. Қатынасушылардың бір бөлігі көрермен ретінде орындарында қалып қояды да, басқалары басқарушыға еріп, белгіленген жерге кетеді. Сол жерде бастаушы оларды қатар-қатар тұрғызып, жүгіруге команда береді. Балалар зымырап жүгіре жөнеледі.

Орнында қалғандар екі бөлініп отырып, балалардың жүгіріп өтуі үшін ортасынан орын қалдырады. Бұл жерге кім бұрын озып келсе, сол бірінші бәйге, екінші болып келген ойыншы бәйге алады. Ойын әлденеше рет қайталанып ойнала береді.

«Сен тұр, сен шық!»

Бұл ойынды 3-4 бала ойнайды. Ойнаушы балалар барлық саусақтарын үстелдін үстіне салып отырады. Ойынды алғаш бастайтын бала тек сол жақ қолын ғана салады. Оң жақ сұқ саусағымен столдағы саусақтарды санап шағарады: «бір, екі, үш, төрт,... Бұдан соң өзі қалаған бір саусақтан бастап ойынның сан сөздерін айта береді:

  1. Бірім-бірім,

  2. Екім-екім,

  3. Үшім-үшім,

  4. Төртім-төртім,

  5. Бесім-бесім,

  6. Алтым-алтым,

  7. Ауыр балтам,

  8. Қалың қалтам,

  9. Алтай-сәлтай,

  10. Балақай-олақай.

  11. Олпық,

  12. Солпық,

  13. Сен бұқ (бұл саусақ ішке қарай бүгіледі).

  14. Сен тұр (бұл саусақ басын көтереді).

  15. Сен шық (бұл саусақ алақанға қарай бүгіліп, санап шығады).

Кезекті тұрған саусақтан бастап, тағы да әрі қарай жоғары сан сөздер шығады. Ойынның мақсаты - әркім өз саусақтарын бұрын шығарып әкету. Ең соңында қалған иесі айып тартады.

Осы 15 сан неше рет айтылғанда, «Сен шық» деген сөздің кімнің саусағына дәл келетінін есептеп, болжап отыруға болады. Үшінші, кейде екінші саусақ ойынның ең артында қалады. Онда сол бұрыңғы кезек тәртібімен әлгі 15 ауыз сөзді айнала қайталай берді. «Бұқ» - дегенде бүгіліп қалған саусақтар (яғни 13-ші сөз келгенде) қасқырдан бұғып қалған түліктің бірі деп есептеледі де, сол баланың құлағына былай айқайлайды:

«Бұғып қалған «лақ», - десе,

«Шөре-шөре»» - деп жауап қайтарады.

  • «Құлын» десе,

  • «Құрау-құрау»,

  • «Бұзау» десе,

  • «Әукім-әукім»,

  • «Қозы» десе,

  • «Пұшайт-пұшайт», - дейді.

Ең соңындағы бала үшін ұпай шартын ойнаушылар өздері келісіп белгілейді. Бұл ойынға қатысушылар логикалық ой жүйелерін дамытып, үй жануарларын білуге, адамгершілікке баулиды.

«Қап киіп жарысу»

Ойын көгалды жазық далада, клуб немесе дене шынықтыру залдарында өткізіледі. Ойын ашық алаңда өткізілгенде оған қатынасушылар 50м-дей жерден сөре жасайды. Ойын залдарда өтетін болса, сөре оның мүмкіншілігіне қарай жасалады.

Жарысатын жердің ені бір жарым метрдей болады және 4-5 қатар жолақ жол созылып қойылады. Жолдың қақ ортасына жарысатын адамдардың санына сәйкес етіп кенеп қаптың аузын ашып қою керек.

Ойын басқарушының командасы бойынша сызықтың бірінші басында қатарласып тұрған ойнаушылар жарысып жүгіре бастайды. Жолында жатқан қапқа жетуімен, екі аяғын оның ішіне тығып, тез киіп, екі қолымен жоғары көтеріп, ілгері секіріп жарыса береді.

Мұндағы мақсат – сызықтың екінші басына алдымен жету. Осы тәртіппен ойын қайталана береді. Оған барлық талапкерлер кезектесіп қатынасады.

Бұл ойын әр түрлі тәптіппен өткізілуі де мүмкін. Бұл ұсынып отырылған ойынның ең онай түрі.

«Әуе таяқ»

Бұл ойын далада, алаңда, ауыл сыртында ойналады. Жасөспірімдер таяқтармен келіп, дөңгеленіп тұрады да, ұпай санын әбден келісіп алып, бірінің таяғын бірі көздей аспанға лақтырады. Бірінің таяғы екінішісінің таяғына тисе, келісім бойынша, белгілі бір ұпай алады. Егер әуеде таяққа таяқ тимесе, онда таяғы жерге басқалардан бұрын түскен бала ұтады. Мұндайда ұпай саны әуедегі таяқтардың санына байланысты болады. Ойын тәртібін ойын жүргізуші бақылайды. Ол ойынға неше адам қатынасты, кімнің таяғы тиді, кімнің таяғы жерге бұрын түсті – соған төрелік айтады. Әдетте ұтылған жасөспірім өлең айтып құтылады. Бұл ойын балаларды лақтырған нәрсесін дәл тигізуге дағдыландырады.

Тәрбие қызметінде бағдарламаның мазмұнына қарай сергіту жаттығулары ретінде қолдануға болады. Дене шынықтыру оқу қызметтерінді қимылды ойын ретінде ұлттық ойындарды алуда тәрбиешінің өз еркінде. Мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған тіршілік әрекетінің күн тәртібінде жоспарлауға болады. Ойын балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылыстарын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділікпен тапқырлықтарын дамытады. Ойын арқылы балалар қоғамды тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Ойнау процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар өзара пікірлесіп, әсер алысады. Ойын баланың жан – жақты дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, қимыл-қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа адамдармен қарым-қатынасын реттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз болып табылады. Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері өте көп. Солардың қай – қайсы да адам игілігіне қызмет етуге бағытталған. Сондай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлттық ойындар болып табылады. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдылықты, дененің шынығуын қажет етеді. «Орамал ілу», «Асық ату», «Түйілген орамал», «Қыз қуу», «Ұшты – ұшты», т.б. ұлттық ойындар баланың сөздік қорын молайтуға, өмір тәжірибесін кеңейту, ептілік қабілеттерін жетілдіруге өз әсерін тигізеді

Мысалы төмендегідей ойын түрлері:

Ақшамшық (сақина салу). Бұл – қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны. Оны сақина салу, сақина тастау деп те айтады. Ойынға он –он бес адам қатысып, ортаға бір жігітті немесе бір қызды шығарып, қолына сақина ұстатады. Ойын ережесі бойынша қыз-жігіттер үйде дөңгелене оты- рып, екі алақанын бір-біріне қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізушінің ала-қанындағы сақинаны кімге салса да өз еркі. Ол барлық адамдардың алақанына сақина салған болып шығысымен, «Тұр сақинам, тұр», – деп, немесе «Ақшамшығымды бер!» деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған адам орнынан атып тұруға тиісті, «Сақина менде», – деп. Оны көршісі ұстап алмай қалса, жұрт алдында өз өнерін көрсетеді. Кейбір кітаптарда сақина тастау ақшамшық емес, ақшымшық деп те жазылып жүр.

Теңге алу. Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабондоздық тәжірибені қажет етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі.

«Қыз қуу». Ол – ұлттық ат спорты ойыны. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт  атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюі керек. Бұл – жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын қамшының астына алады. Бұл – қыздың жеңгені.

Көкпар. Ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір-бірінен ала қашып, өздерінің ойынның бір түрін ойлап тапқан. Уақыт өте келе көкпар ұлттық ойынға айналған. Екі топ болып бөлініп, көкпарды бір-бірінен алып қашып, қазандыққа салу. Қай топтың жігіттері шапшандық көрсетіп, қазандыққа көкпарды салу ұпайлары көп болса, сол топ жеңіске жетеді.Келесі топ жеңіліске ұшырайды.

«Күміс ілу» (жүзік ілу) – ептілікті, атқа жақсы отыруды керек ететін ұлттық ойын. Келін түсіру, қыз ұзату салтанатында қалыңдық орамалға түйіп, өзінің күміс шолпысын, әйтпесе жүзігін тастайды. Сондықтан да кей жерлерде бұл ойын «жүзік ілу» деп аталады. Қатты шауып келе жатқан шабандоз жігіт ат екпінін бәсеңдетпеспен, әлгі орамалды іліп алып кетуі керек. Осылайша қазақ жігіттер өзінің ептілігі мен шеберлігін «Күміс алу» сайысында дәлелдей білген.

«Бәйге». Бұл жарыстың бірнеше түрі  бар. Олар: аламан бәйге, тай жарыс, құнан бәйге, топ бәйге. Бәйге жарысы, негізінен, жазық жерлерде өткізіледі. Көмбеге алғаш озып келген шабандоз жеңімпаз атанып, сыйлыққа ие болады.

«Асық ойыны». Бұл – балалардың ежелгі спорттық ойыны. Тақыр алаңға көлденеңінен түзу сызық сызады да, соны бойлай тігілген кенейді кезектесіп сақамен ату арқылы мергендік сынасады. Асық ойынының үш табан, бір табан, шығу, шеңбер секілді бірқатар түрлері бар. Ертеде қазақтың қыз-келіншектері де асық ойнаған. Олар ойнаған асық ойындары қора хан, құмар, т.б. аталған. Асықтың «Хан талапай», «Төрт асық», «Атпақыл», «Қақпақыл», «Омпы», «Сасыр» секілді түрлері де бар.

 «Ақсүйек». Бұл ойында қойдың жілігі немесе жауырыны, жамбасы пайдаланылған. Ойын жүргізуші ойыншыларды екі топқа бөледі. Сөйтіп, алдын ала әзірленген сүйекке белгі салып алған соң, оны алысырақ барып лақтырады. Кейде екі топтың мүшелері кезектесіп те лақтырады. Ойынға қатысушылар ақсүйекті іздеп табуы тиіс. Ақсүйекті тапқан ойыншы ешкімге білдірмей, оны көмбеге жеткізуі тиіс. Ал мұны қарсыластары біліп қойса, қолма-қол тартып алуға тырысады. Сондықтан ақсүйекті тауып алған топтың ойыншылары біріне-бірі лақтырып, көмбеге қай топ бұрын жеткізсе, сол топ жүлдегер атанады. Зеректікке, ептілік пен икемділікке баулиды.

Арқан тарту. Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады. Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып, алып, кесе сол топ жеңіске жетеді. Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екінші баланы құлатса, құламаған бала жеңіске жетеді.

Орамал тастамақ. Балалар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы(тәрбиеші) балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап кетеді. Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артымда деп жауап береді. Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең, тақпақ айтып немесе билеп беруі керек. Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек. Ойын осылай жалғаса береді.

Ақсерек-көксерек. Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді, қолдарынан ұстап тұрады. Ара қашықтық 20-30 қадам.
1-ші топ. Ойынды бастайды:

Ақсерек-ау ақ серек

Бізден сізге кім керек.

2-ші топ

Ақсерек –ау ақ серек

Жаман-жаман бала аты (бала аты) керек

Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек. Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады, өте алмаса сол топта қалады. Ойын осылай жалғаса береді.



БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ САНАЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ТӘРБИЕЛІК СИПАТЫ

 

Ойнамайтын бала жоқ. Ойынға қызықпайтын адам жоқ. Көңiл көтермейтiн адам, сауық құрмайтын халық жоқ. Үлкен де, кiшi де ойнап көңiл көтередi, бiр нәрсеге берiле қызығады, әр жетiстiктен қанағат табады. Ал қызығу, қуану, қанағаттану - өмiрдi тамашалаудың көрiнiсi немесе өмiрде сауық құрудың нышаны. Ойын-сауыққа үлкен-кiшiнiң бәрi де әуес. Айтпағымыз, өмiр кейде ойын-сауыққа ұқсас, ойын-сауықсыз адамның өмiрiн көз алдыңа елестете алмайсың. Ойынның тарихы тереңде, көне дәуiрден басталады. Оның қалыптасу кезеңдерi мен тарихы өз алдына әңгiме. Ойын халықтың өмiр сүру салтынан, өмiр сүру үшiн күресiнен туындаған қажеттiлiктiң бiрi. Ойын-сауық еңбектiң мазмұны мен құралына орай түрленген, жетiлген. Қазақ — ойын-сауықшыл халық. Бүгiнде қазақтың 100 ден аса ойын түрлерi мәлiм. Қазақ "баланы жастан” дегенде, ойын-сауық арқылы жасөспiрiммен тәрбиелiк жұмысты ертерек және жас ерекшелiктерiне қарай жүргiзудi пайымдайды. Ойынсыз ұрпақтың кiм екенiн, халықтың қандай екенiн бағалау екiталай. Адам мен ойын түйiндес, түбiрлес. Ойын-сауық қазақтың әдет-ғұрпына үнемi және айқын ықпал еткен.

Айталық, тас дәуiрiнде қалыптасқан - таяқ жүгiрту, асық, ақсүйек, темiр дәуiрiнде тараған — қарағие, садақ, бергi феодалдық дәуiрдегi, яғни үйсiн, қаңлы хандығы кезiндегi — ақбайпақ, алтыбақан, арқан тартыс, белбеу тастау, жасырынбақ, көршi бұғынай, айдапсал т.б. ойындарды бүгiнде бiлетiндер де, бiлмейтiндер де аз емес. Жануарлардың қозғалысына елiктеп жасалынған қозғалыстар да бертiн келе ойын бидiң арқауына айналған. "Аң аулау” билерiнiң түрлерi бiр iзге келтiрiлмеген. Дегенмен олар барлық қауымдастық мүшелерiн қызықтырғанын ескерсек, оның тартымды түрлерiнiң көп және жаттығуға икемдi болғанына күмәнданбаймыз.

Қыпшақтардың тайпалық одақтары түрiк қағанатына қосылғанда хан жақсы ма, ханды қара басты, шалма, қарамырза, сайыс, ат үстiндегi тартыс, аударыспақ, балтам тап, аударыспақ, "көк бөрi тарту” сияқты ойын түрлерi таралған. Ұлттық ойынымыздың тарихы туралы Рашид-ад дин, Низами әл-Мулк, Мосуди, Махмұд Қашқари сынды ғұламалар пiкiрлерiн қалдырған. Батыстың XIII ғасырдағы саяхатшысы Марко Поло Жетiсу жерiндегi үлкен жиында "Қыз қуу” ойыны мен "Қыз бөрi” ойынын көргенiн естелiктерiнде тамашалап баяндайды.

Ойында өмiрдiң еркiндiгi, кедергiсi мен мақсаты анықталынады. Ойын-сауық — жеке адамның даму қажеттiлiгiн арттырады, қарсыласпен татуласу немесе оны жеңу жолдарын iздестiредi. Шаруашылықтағы қимыл-әрекеттi осы биiк мақсатқа көтердi. Ойын — адам ойлану және дене қабiлетiнiң бәсекесi, қарсыласпен ашық жарыс. Оның мақсаты — жеңiске жету, ойындағы адамның қабiлет күшiнiң үстемдiгiн көрсету, дәлелдеу.

Кейде ойындардың аттары, атаулары өзгерiп жатса да, олардың ойналу мазмұны сақталып қалған, сөйтiп әдептiң түрлерiн қалыптастыруға септiгiн тигiзген. Мысалыға, ақсүйек ойынының басқа түрiк тiлдес елдерде орда, тоқтышақ сияқты атауы да бар немесе лек жалау ойынының шiлiк, қарыс ағаш, шөлдiк және т.б. түрлерi бар. Бұл ойындарды әуелi балалар ойнаса, кейiннен оған жiгiттер мен ересектер де қосылған. Таралуы жағынан ойындар ересектерден балаға мұра ретiнде жиi қалдырылған. Мемлекеттiк құрылым қалыптасқан сайын ойындар халықтық мерекенiң құрамына енген. Ойындар халықтық той-думанның оттығына, көпшiлiктiң ортақ сауығына айналды. Кез келген жыйын-той күрессiз, ат пен жаяу жарыссыз, айтыс, ән мен күйсiз, аң аулаусыз өтпейтiн болған.

Көшпендiлер табиғи күш атасы атанған. Малмен жүрген көшпелi халықтың алдымен далада, ашық алаңда, түнде ай жарығында сауық құратын ойындары қалыптасты. Жарыста адам да, оған қатысқан төрт түлiк түрлерi де сынға түстi. Солардың iшiнде бiзге мәлiмi ақсүйек, алтыбақан, айгөлек, арқантартыс, көксиыр, соқыртеке, түйе-түйе, белбеу тастау, қасқұлақ, моңданақ, ақбайпақ, түйiлген шыт, тиын салу, ақшамшық, ақсерек-көксерек, көршi, шалма, шымбике, инемдi тап, айдапсал, қарамырза, қарт-қарт, жылман т.б., сондай-ақ ат жарысы, түйе жарысы кеңiнен таралған. Жарысқа астында көлiгi бар, бiлегiнiң қарымы мықты адамдардың бәрi де қатыса алған. Өйткенi көшпендiлердiң кiшiсiнен үлкенiне дейiнгiлер әлгi аталған түрлi ойындардың тәсiлдерiн шебер меңгере бiлген. Ойынның түрлерi күнделiктi тiршiлiкте, маусымдық жиындарда тартымды орын алды. Ойын адамның жаны мен тәнiн сергiттi, өз бетiнше еңбектенуiне баулыды, топ таңдауды үйреттi.

Шаруашылық пен еңбек процесi ойынның түрлерiн көбейттi, ойынға қойылатын талапты күшейттi. Ойында қолданатын әдiстерге арнайы жаттығу керек болды. Ойын заттары мен бұйымдарына деген ұқыптылық жалғасын тапты. Ойынды өткiзу туралы келiсiм жұмыстары жанданды. Ойынды өткiзетiн арнайы кеңiстiк алаңдар таңдалды. Бiртiндеп атамекенiне және атажұрт салтына деген құрмет көзқарастар қалыптасты. Әр ойынның белбасарлары анықталды, олар көптiң құрмет-сыйына бөлендi. Ойын өнердiң түрiне, топты ұйымдастыру тетiгiне айналды. Содан ойын өнерi ұлттық әдеп-ғұрыптың қалыптасуына, сақталуына үлкен ұйытқы болды, ықпал еттi.

Дала ойындары ашық та, икемдi. Талаптарына шартты түрде келiсуге болады. Ойын тәртiбiн ойыншылардың өздерi де, көрермен де бағалауға бiрдей мүмкiндiк алды. Ойынға төрешiлiк халықтық сипатта жүргiзiлдi. Үлкендер, ел ақсақалдары баталарын берiп, ойынның басталуына рұқсат бердi немесе жеңгендерге табыс пен шапағат тiледi. Халықтық ойындар бiртiндеп дәстүр мен еңбек мерекесiне айналды, әдет-ғұрып негiзiнде тамыр жайды, жасөспiрiмдердiң қозғалмалы ойындары ретiнде өрiс алды.

Қазақтар әдемiлiкке әуес халық болғандықтан, оны әшекейлеудi дәстүрге айналдырған. Сол рәсiм — қыз-келiншектер мен тұяғы жерге тимес тұлпарлардан басталған. Әйелдер гауһар тастан жасалған әшекей бұйымдарды, жылтырақ, зергерлiк бұйымдарды жақсы көрген. Өздерi жiбектен, матадан, жүннен әшекейлеп тiгiлген алуан түстi өрнектi киiмдер киген. Әйелдер үшiн әсемдiкке, әдемiлiкке, әшекейлiкке әуестiк олардың қанына туа бiткен қасиет. Әсемдiк пен әдемiлiк еңбекпен келдi, оны жақсы көргендер ойын-сауыққа үйiр болады. Сондықтан әйелдердiң ұқыптылары, шыдамдылары, еңбекқорлары ойын үстiнде әсемдiкке деген тәнтiлiгi мен сезiмталдығы мен ықшамдылығы еркектерден асып түседi. Көшi-қонның барлық шаруасы мен жұмыстарын ештемеден ерiнбейтiн әйелдер мiнсiз атқарады. Әйелдер өз байлығын, әшекейiн көрсету үшiн көңiл көтеруге, әдемi мiнезiмен сүйiктi болуға тырысады, өнеге көрсетедi. Сондай сүйкiмдiлiк пен сүйiспеншiлiктi ортадан, жақын жандардан да күттi. Әдемiлiктi әнмен, шешендiкпен жеткiздi. Отбасындағы тұрмыс та, көңiл-күй базары да, негiзiнен, әйелдiң еңбегiне байланысты. Сырт қонақтар бiрауыздан: "Қазақ әйелдерiнiң бет әлпеттерiнен ақылдың белгiсiн жиi көруге болады” — деп шындыққа оралып жатты.

Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар – баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы бала білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған ойын есептерін алып, тек ғана баланың орындай алатын іс – әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтарды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары және жолдары және оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек.


ҚОРЫТЫНДЫ


Бала тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды қолдану балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі. Ұлттық құндылықтар – адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Атау ұйқастарын санау арқылы балалар сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды  танып біледі. Санамақтар сан үйретеді, әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтың түрлері өте көп. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал.

Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар – балалардың негізгі іс – әрекетінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы балаларды көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданалытанын байқау қиын емес. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар  дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Бүгінгі күн талабы баланың ақыл ойын дамыу, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.

Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы-ойын әрекеті, яғни ойын баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын теқ қана балаларды қызықтырып уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы ерек. Яғни,  оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама алаптарына сәйкес ойын үрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және  тәуелділікті анықтауға тырысады.

Жалпы, бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар қай-қайсысының да қоғамдық және әлеуметтік мәні зор. Бұған қоса, бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар қазақ халқының о бастан ерекше мәдениеті болғанын айқындайды. Ата-бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың береке-бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Шындығына келсек, адамның өмір сүруінде қазақтың ұлттық ойындарының атқаратын маңызы ерекше. Басқаны былай қойғанда, әр ұлттық ойын оған қатысушыны өмір сүруге бейімдеп ғана қоймай, қиындықтан қорықпай, қарсы тұра білуге үйретеді.



ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Ахметова З. «Балалардың зияткерлік-танымдық ойлау қабілетін ұлттық тәрбие негізінде дамыту».// Қазақстан мектебі 26-27 бет, №3, 2025 жыл.

  2. Тілеужанов М. Халық тағылымы /М. Тілеужанов. –Алматы: Рауан, 2022. -300 бет.

  3. А.Асарбаев Ұлттық тәрбие бастауы// Қазақстан мектебі 2023 №1-2 57-59 бет.

  4. К. Акентаева Ұлтық құндылықты дамыту- тәрбиеші парызы//Әдіскер әлемі, 2024 №6 72 бет

  5. Төлеубекова Р. Ұлттық мұрадағы бала тәрбиесі /Р. Төлеубекова// Ұлағат. -2017. -№1-2. -62-70 бет.

  6. А. Әбішева Ұлттық құндылықтарды пайдаланудың педогогикалық ерекшеліктері // Балбақша 2024 №3 17-19 бет

  7. С. Бегалин Замана белестері «Жұлдыз», 1971 №11 58 бет

  8. С. Губашева Ұлттық құндылықтарды дәріптеу // Әдіскер әлемі 2023 №4 15-18 бет

  9. Даумов Н.Ғ Дарынды балалар жеке жұмыстарды ұйымдастыру// Дарын 2024 №3 59-63 бет

  10. Диваев А Тарту/Құрастырған Ф. Оразбаев –Алма-Ата,2022 –25 бет

  11. Ә. Дүйсебек Дарынды тұлғалар тәрбиелейік//Қазақстан мектебі 2024 №1 35 бет

  12. А. Едігенова Танымдық қызығу ерекшеліктері/Қазақстан мектебі 2023 №10 48-49 бет

  13. С. Елубаев Баланың танымдық қызуғышылығын оятудың жолдары //Бастауыш мектеп 2022 №8 7-9 бет

  14. Қ. Жұмашев Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылық// Қазақстан мектебі 2023 №3 23-25 бет

  15. Жексенбаева Ү Жеке тұлға дарындылығы //Қазақстан мектебі 2025 №1 41-44 бет

  16. Жұмашев Қ Ұлттық тәрбие мәселелері //Қазақстан мектебі 2024 №1-2 23 бет

  17. Көмекбаева Л.К Мектеп мұғалімдерінің дарынды балалармен жұмысы// Білім берудегі менеджмент 2021 №4 40-44 бет

  18. Қоянбекова С Танымдық қызығуды белсендіру //Қазақстан мектебі 2003 №8 46-47 бет

  19. Құралбекұлы А, Әкімбайұлы С Ұлттық тәрбиенің этнопедагогикалық негіздері/ Алматы 2022 224 бет

  20. Қоңырбаева Қ Ұлттық тәрбие – ұрпақ ұлағаты //Қазақстан мектебі 2023 №3 17 бет

МАЗМҰНЫ:



1

АЛҒЫ СӨЗ.......................................................................................

3

2

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ

ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН БАСТАУ ТАРИХЫ.................


6

3

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ БАЛАЛАРДЫ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ.........................................................................



11

4

БАЛАНЫҢ ИНТЕЛЕКТУАЛДЫҚ АҚЫЛ-ОЙЫН ДАМЫТУДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ШЕШУШІ МӘНДЕРІ......................................................................



16

7

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛТЫН ТІРЕГІ -ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР.......................................


18

8

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР РЕТІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ТОПТАМАСЫ.................................................................................



41

9

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ САНАЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ТӘРБИЕЛІК СИПАТЫ...................................................................



54

10

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................

57

11

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................

58





Shape2 Shape1







АЛИМБЕКОВА САНИЯ ЕРЖИГИТОВНА

НУРДИНОВА МУКАРЯМ ШАРДИНОВНА

ЗАМАНБЕКОВА АЙМАН ШАРБАНОВНА


Shape3

Бала тәрбиесіндегі ұлттық ойындардың маңызы»

(Балабақша тәрбиешілеріне арналған әдістемелік құрал)

Алматы облысы,Еңбекшіқазақ ауданы,Тескенсу ауылы.

ЖШС «Асанали» бөбекжай балабақшасы.

Ересек «Қарлығаш» тобының тәрбиешісі

Алимбекова Сания Ержигитовна.

ЖШС «Асанали» бөбекжай балабақшасы.Ересек «Қарлығаш»

тобының тәрбиешісі Нурдинова Мукарям Шардиновна.

Кіші «Балапан» тобының тәрбиешісі Заманбекова Айман Шарбановна .

Астана: «Zhardem» BYRBO, 2025 ж, - 60 бет.





Shape4



Shape5

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі