400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бала тәрбиесіне ата ананың рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жерде ата ана көбінесе мұғалімді кінәлап, бірдей көз қапаста болмауы, бір жаққа көп жүктің түсуі, ата ана бірінші тәрбиені, үйретуі, бала көргенін жасайтынын түсіндіргім келді. Ата ана рөлі бала үшін маңызды орында.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аты жөні : Еставлетова Нұржамал Оразбайқызы









Мақала



















Тақырыбы: Бала тәрбиесіне ата ананың рөлі

Мамандығы: Бастауыш сынып мұғалімі

Жылы .2026-2027

















Ж
аратқан Алланың біздерге берген нығметтерінің есебіне жете алмасымыз анық. Осындай үлкен нығметінің бірі – перзент нығметі. Ата-ана балалы болғаны үшін Жаратушысына шексіз шүкірлігін білдіріп, оның ізгі, тәрбиелі ұрпақ болуына аса мән беруі қажет. «Уа, Алла! Бала бер, бала берсең сана бер», – деп тілейтін қазақ халқы әрқашан да ұрпағының саналы да салиқалы болуын қалаған. Адамзаттың арасынан таңдалған, Алла Тағаланың ең сүйікті құлдары болған пайғамбарлар да ұрпағының ізгі болуын тілеп, дұға жасайтын болған. Қасиетті Құранда Зәкәрия пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын):

«Раббым! Маған игі ұрпақ бер. Шәксіз Сен тілекті естушісің!» – деп дұға еткені айтылған.

Ізгі ұрпақ бұл дүниеде ата-анасының мәртебесін өсіріп, көз қуанышы болуымен қатар, ақыретте де шексіз сауапқа кенелуіне себепші болмақ. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Адам дүниеден өткенде, оның үш амалынан басқасының бәрі тоқтайды. Олар: үзілмейтін садақа, басқаларға пайдасы тиетін білім және салиқалы ұрпақтың оған арнап жасайтын дұғасы», – деген (имам Мүслим).

Абай Хакім: «Баланың жақсысы – қызық,  жаманы – күйік», – дейді. Халқымыздың даналық сөзінде:

Атың жақсы болса,

Ер жігіттің пырағы,

Балаң жақсы болса,

Жан мен тәннің шырағы, – деп жақсы бала жан мен тәннің шырағына теңелген.

Баласының ізгі де салиқалы болғанын қалаған жан оның тәрбиесіне ерте жастан қамдануы қажет. Жүсіпбек Аймауытов: «Бала әдетті жасынан тамызықтап жинайды» дейді. Жас шыбықты түзету оңай, алайда, өсіп кеткеннен қисық ағашты жөндеуге келмейтіні сияқты, ұрпағына дұрыс тәрбие беруді ниет еткен адам оған туғанынан, тіпті одан да ерте қамдануы керек.

Бүгінгі жұма уағызымызда перзент тәрбиесіне қатысты негізгі амалдарға тоқталатын боламыз:










Бірінші: ізгі жар таңдау

Саналы ұрпақ тәрбиелеу баланың дүниеге келгенінен бастап емес, ізгі жар таңдаудан басталады. «Әйел іздеме, ана ізде» демекші, ер азамат өзіне жар таңдағанда ертең балаларының анасы болатынын, қыз бала да болашақ күйеуін таңдағанда ертең балаларының әкесі болатынын ұмытпауы қажет. Егер таңдаған жарыңыз иманды, ізгі адам болса, ұрпағына да жақсы тәрбие беріп, оларды ізгілікке баулитын болады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Әйелге төрт нәрсесі үшін үйленеді: байлығы, тегі, сұлулығы және діні үшін. Сен иманына қарап, діндарды таңда, сонда Алла қолыңды кеңітеді», – деп айтқан (имам Бұхари).

Асыл сөздің бастауын аят пен хадистен алған Абай атамыз:

Жасаулы деп, малды деп байдан алма, 

Кедей қызы арзан деп құмарланба. 

Ары бар, ақылы бар, ұяты бар 

Ата-ананың қызынан ғапыл қалма, – деп айтуы осыдан болса керек.

Омар ибн Хаттабқа  (Алла оған разы болсын) бір кісі келіп: «Ата-ананың баласы алдындағы міндеттері қандай?» – деп сұрақ қойғанда, ол кісі:  «Ізгі ана таңдауы, жақсы есім қоюы және оған Құран үйретуі», – деп жауап берген екен.

Екінші: Алла Тағаладан ұрпағының салиқалы, берекелі болуын тілеу

Бала – Алла Тағаланың адам баласына беретін үлкен сыйы. Оның жақсы адам болып қалыптасуы үшін тек тәрбие беру жеткіліксіз. Әрбір іс Алла Тағаланың қалауымен болатындықтан, әрдайым Алла Тағаладан бала үшін жақсылық тілеп, дұға етуі тиіс. Қасиетті Құранда Ибраһим пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) өз ұрпағы үшін Алла Тағаладан:

«Раббым! Мені және ұрпағымды намазды толық орындаушы ет. Раббымыз! Тілегімді қабыл ал!» – деп дұға еткендігі баяндалған («Ибраһим» сүресі, 40-аят).

Ата-анасынан бөлек, өзге де жақын, таныс адамдардың нәресте үшін дұға тілеуінің маңызы зор. Мысалы, сәбилі болған отбасына дініміздің әдебі бойынша:

«Алла сізге берген сыйын берекелі етсін!» – деп дұға жасалады. Ғалымдарымыз «береке» сөзінің мағынасын «қайыр-жақсылықтың артып, одан әрі молаюы» деп түсіндірген. Хадисте:

«Үш түрлі дұғаның қабыл болатындығында шәк жоқ: «Зұлымдық шеккеннің дұғасы, жолаушының дұғасы және ата-ананың баласына айтқан дұғасы», – деу арқылы ата-ананың баласы үшін көптеп дұға тілеу керектігін меңзеген.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
03.09.2026
26
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі