Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бала тәрбиесіне байыппен қарайық. Ата -аналарға кенес.

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің материалым балабақша психологтарына өте пайдалы деп ойлаймын. Әсіресе ата аналармен кеңес өткізерде.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Бала тәрбиесіне байыппен қарайық»


Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Бала тәрбиесі өте күрделі үрдіс. Ол ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын құбылыс. Бала ет жүрегі елжіремейтін адам баласы жоқ шығар. Өйткені, ол ата-ананың ақ тілегі, қуанышы. Әр бір жас өркен-елдің, ұлттың болашағы. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі өте жоғары. Өйткені бала дүниеге келген күннен бастап ата –ана ықпалында болып, өмірге бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады. Ата – аналар балаларын өздерінің өнегелі сөздерімен, жеке басының асыл қасиетімен тәрбиелейді. Бала әр нәрсеге сенгіш, тез қабылдағыш, еліктегіш келеді. Әр бала еркелеткенді, жылы сөйлегенді,ойын ойнағанды, аялағанды ұнатады. Бұл – баланың бойындағы үлкендерден ерекшеленіп тұратын негізгі қасиеті. Бұл қасиет тек балаға ғана тән. Өйткені бала сезімі – пәк. «Бала тілі - бал», - деген мақалды халық өте орынды айтқан. Баланы аялап, жылы сөйлеу – баланың ақылды, ұстамды, мейірімді азамат болып өсуіне көп ықпал тигізеді. Ал балаға ұрысу, балағаттау баланың бойында кек алу, өшпенділік қасиеттерді оятады. Ата – ана отбасындағы жетекші тұлға, бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. Ата – ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы ол – перзенті. Отбасы – адам баласының өсіп - өнер алтын ұясы. Отбасының негізгі міндеті – баланы еңбек етуге, жарқын сезімдермен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес, ол үлкен шеберлікпен шыдамдылықты талап етеді. Бала ата-анасын, ата-ана баласын танымайынша, іс алға баспайды. Ата-ана тәрбиешіге көмекші, сенімді тірек болса, тәрбиеші де сондай болуы керек. Екі жақты байланыс нығайғанда ғана барлық күрделі мәселеелердің түйіні шешіледі. Бала балабақшаға келген күннен бастап, тәрбиеші мен ата-ана арасында тығыз қарым-қатынас орын алуы тиіс. Өйткені, әр отбасының өзіндік әдет ғұрыпы, қалыптасқан тәртібі болады. Жазушы педагог Ж.Аймауытов «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелеу болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек» - деген. Осы бір ұлағатты ойдың астарында отбасында ата-анасынан, мектепте – ұстаздардан талап етелетін тағылым жүгі жатыр. Сондықтан халық өмір есігін енді ғана ашқан сәби тәрбиесін бесіктен бастаған. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-ана тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескере отырып, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға кеңестер берді. Абай өзінің 10-шы қара сөзінде «Әдемі баланы өзің алдайсын; әке, оны берем, міне мұны берем деп, басында балаңды алдағанға мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің?» - деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналарды сынайды. Тәрбие білім өзегі болғандықтан, тәрбиеші мен отбасы байланысы тығыз болуы керек.


Баланы дамыту, ой-өрісін жетілдіру үшін тәрбиеші де ата-ана да баланың жан дүниесін білуі керек, оны жеке тұлға ретінде тануы қажет. Обасындағы берілген тәрбие жігерінді құм қылып, жерге қаратпасын десеңіз, балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер деп, ата – бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершіліг мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Бала – отбасының бақыты. Баламен сөйлесе отырып қуаныңыз, себебі бала сіздің жаңыңыздағы мереке.















































32 «Қуаныш» МДҰ












«Бала тәрбиесіне байыппен қарайық»










Психолог: Л.А.Жолаушыбаева












2020 ж

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
24.10.2020
523
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12