Бала тілі дұрыс шықсын десеніз.

Жаңаөзен қаласы №12 «Рахат»
бөбекжайы» МҚКК педагог-психологы Кулибаева Гулшат
Ми жасушалары сөздерді және оларды сөйлемге қосу ережелерін барынша менгеруге дайын. Баланың сөйлесуге деген ынтасын әрдайым қолдап отыру керек. Егер баланың былдырлауы бірсарыңды болса, өзгертуге тырысыңыз. Нақтыласақ, басқа да дауысты, дауыссыз дыбыстарды (ля-ля-ля, ку-ку) пайдалана отырып, өзгешелеу керек. Жалпы бала 6 жасқа дейін барлық әріпті толық айтуы тиіс. Сөйлеуінде кедергі, ақауы бар балаларды логопед мамандара немесе сөйлеу кемістіктерін түзейтін арнайы мектептерге берген жөн. Бала анасының бойына біткеннен бастап, шыр етіп дуниеге келген кезде де даму үстінде болады. Осы орайда ата-ана бала дуниеге келгеннен бастап оның ұсақ моторикасын және сөйлеу тілін дамытуға бастан көңіл бөлуі керек. Кәзіргі кезде тілі мүкіс не уақытынан кеш шығатын балалар саны көп. •Ең алдымен, әр ата-ана өзінен бастауы керек. Себебі, сөйлеу өздігінен пайда болмайды, оны үйрену және балаға үйрету кажет. Бұл тек карым-катынас процесінде ғана жүзеге асады. Егер сіз табиғатыңыздан үнсіз, көп сөйлемейтін жан болсаңыз да, балаңызбен міндетті түрде сөйлесіңіз. Себебі балаға өзіне қатысты жағдайды және айналасында не болып жатқанын түсіндірсе, балаға айтқаныңды түсіну оңай болады. Сондықтан өз әрекетіңізді сөзбен тусіндіріп отыруға тырысыңыз. Өйткені бала үшін сіз - үлгі алатын бірінші адамсыз. Сөйлеген кезде сөзініз балаға бағыталуы тиіс. Одан бөлек көзіне қарап сөйлеңіз. Бұл балаңыз мазасыз, бір орында отырмайтын, көп қимылдайтын болса маңызды. Егер сіздің кішкентайыңыз әлі де тілі шыкпаған болса немесе аз сөз айтса, артикуляциялық жаттығуды қолдануға болады. Ол дегеніміз - сөйлеу тілі аппаратының бұлшык еттерін шынықтыратын, оның мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын қалыптастыратын және нығайтып, жетілдіретін арнайы іріктеліп алынған жаттығулар болып табылады. Одан бөлек ұсақ моториканы дамыту жағын естен шығармаған жөн. Себебі саусакты қимылдату мидағы сөйлеу функциясына жауапты тітіркендіреді. Басында ата-анасы баласының дұрыс сөйлемеуін еркелік деп ойлауы мумкін. Сол ойымен көп уақытын өткізіп алатын көрінеді. Кейбірі әкесі бала кезінде кеш сөйлегендіктен тұқымнан деп топшылайды. Бұл - қате түсінік. Мектепке барғанға дейін бала дұрыс сөйлемесе ата- ана дабыл қакққаны жөн. Балада туылған сәттен бастап дыбыстық реакциялар пайда болады. Яғни:
• 2-8 ай: бұл уақытта бала уілдеп, былдырлай бастайды. Бала үндемесе, ата-ана дабыл каға бастауы керек;
• 9-10 ай: ересектердің сөйлеуі мен алғашқы сөздер туралы түсінік қалыптасады. Бірақ бұл жаста бала ересектердің сөйлеуіне емес, жағдай мен интонацияга жауап береді;
• 11-12 ай: сөйлеушінің интонациясына және қоршаған жағдайға қарамастан, не айтып жатқанына реакция бар;
• 1-1,5 жас: баланың ситуациялық сөйлеуі дамиды. Сөздері жағдайға байланысты әр түрлі мағынаға ие болуы мумкін. Бала дыбыстарды жиі шатастырып, бұрмалайды;
• 1.5-2 жас: ересектердің сөйлеуін тусінудің қарқынды даму кезеңі. Баланың сөздік қорындағы сөз саны тез артады, алғашқы тіркестер пайда болады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
“Бала тілі дұрыс шықсын десеңіз”
“Бала тілі дұрыс шықсын десеңіз”
Бала тілі дұрыс шықсын десеніз.

Жаңаөзен қаласы №12 «Рахат»
бөбекжайы» МҚКК педагог-психологы Кулибаева Гулшат
Ми жасушалары сөздерді және оларды сөйлемге қосу ережелерін барынша менгеруге дайын. Баланың сөйлесуге деген ынтасын әрдайым қолдап отыру керек. Егер баланың былдырлауы бірсарыңды болса, өзгертуге тырысыңыз. Нақтыласақ, басқа да дауысты, дауыссыз дыбыстарды (ля-ля-ля, ку-ку) пайдалана отырып, өзгешелеу керек. Жалпы бала 6 жасқа дейін барлық әріпті толық айтуы тиіс. Сөйлеуінде кедергі, ақауы бар балаларды логопед мамандара немесе сөйлеу кемістіктерін түзейтін арнайы мектептерге берген жөн. Бала анасының бойына біткеннен бастап, шыр етіп дуниеге келген кезде де даму үстінде болады. Осы орайда ата-ана бала дуниеге келгеннен бастап оның ұсақ моторикасын және сөйлеу тілін дамытуға бастан көңіл бөлуі керек. Кәзіргі кезде тілі мүкіс не уақытынан кеш шығатын балалар саны көп. •Ең алдымен, әр ата-ана өзінен бастауы керек. Себебі, сөйлеу өздігінен пайда болмайды, оны үйрену және балаға үйрету кажет. Бұл тек карым-катынас процесінде ғана жүзеге асады. Егер сіз табиғатыңыздан үнсіз, көп сөйлемейтін жан болсаңыз да, балаңызбен міндетті түрде сөйлесіңіз. Себебі балаға өзіне қатысты жағдайды және айналасында не болып жатқанын түсіндірсе, балаға айтқаныңды түсіну оңай болады. Сондықтан өз әрекетіңізді сөзбен тусіндіріп отыруға тырысыңыз. Өйткені бала үшін сіз - үлгі алатын бірінші адамсыз. Сөйлеген кезде сөзініз балаға бағыталуы тиіс. Одан бөлек көзіне қарап сөйлеңіз. Бұл балаңыз мазасыз, бір орында отырмайтын, көп қимылдайтын болса маңызды. Егер сіздің кішкентайыңыз әлі де тілі шыкпаған болса немесе аз сөз айтса, артикуляциялық жаттығуды қолдануға болады. Ол дегеніміз - сөйлеу тілі аппаратының бұлшык еттерін шынықтыратын, оның мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын қалыптастыратын және нығайтып, жетілдіретін арнайы іріктеліп алынған жаттығулар болып табылады. Одан бөлек ұсақ моториканы дамыту жағын естен шығармаған жөн. Себебі саусакты қимылдату мидағы сөйлеу функциясына жауапты тітіркендіреді. Басында ата-анасы баласының дұрыс сөйлемеуін еркелік деп ойлауы мумкін. Сол ойымен көп уақытын өткізіп алатын көрінеді. Кейбірі әкесі бала кезінде кеш сөйлегендіктен тұқымнан деп топшылайды. Бұл - қате түсінік. Мектепке барғанға дейін бала дұрыс сөйлемесе ата- ана дабыл қакққаны жөн. Балада туылған сәттен бастап дыбыстық реакциялар пайда болады. Яғни:
• 2-8 ай: бұл уақытта бала уілдеп, былдырлай бастайды. Бала үндемесе, ата-ана дабыл каға бастауы керек;
• 9-10 ай: ересектердің сөйлеуі мен алғашқы сөздер туралы түсінік қалыптасады. Бірақ бұл жаста бала ересектердің сөйлеуіне емес, жағдай мен интонацияга жауап береді;
• 11-12 ай: сөйлеушінің интонациясына және қоршаған жағдайға қарамастан, не айтып жатқанына реакция бар;
• 1-1,5 жас: баланың ситуациялық сөйлеуі дамиды. Сөздері жағдайға байланысты әр түрлі мағынаға ие болуы мумкін. Бала дыбыстарды жиі шатастырып, бұрмалайды;
• 1.5-2 жас: ересектердің сөйлеуін тусінудің қарқынды даму кезеңі. Баланың сөздік қорындағы сөз саны тез артады, алғашқы тіркестер пайда болады.
шағым қалдыра аласыз













