400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бала тілі неге кеш шығады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланың сөйлеу тіл бұзылыстарына сыртқы немес ішкі зиянды факторлар әсер етеді. Бала тілінің кеш шығуының негізгі себептері мен салдары туралы қысқаша мағлұмат
Материалдың қысқаша нұсқасы

Талдықорған қаласы №22 орта мектеп «Айжұлдыз» шағын орталығының тәрбиешісі Орысбаева Махаббат Сеитқызы


«Баланың тілі неге кеш шығады?»


Бүгінгі таңда бала тілінің кеш шығуы жиі кездеседі. Бала денсаулығы ана құрсағында жатқан кезден басталатыны белгілі, тіпті бала ағзасында пайда болатын аурулардың басым бөлігі құрсақта жатқанда дамиды. Сонымен қатар  мамандар  баланың сөйлеу қабілетінде болатын ақаулар да сол кезден бастау алуы мүмкін екенін айтады.

Қазіргі қоғамда жас ерекшелігі әртүрлі физиологиялық және психологиялық ауытқулары бар балалардың көбеюі ата-аналарды ғана емес дәрігерлерді де қатты алаңдатып отыр. Бала тілінің кеш шығуының негізгі себептерімен бөлісе отырып, оны емдеу мен алдын алу жолындарын атап өттейік.

Кейбір себептерді алдын алу мүмкін емес болғанымен, көп жағдайда бала тілінің уақытында шығуы тікелей ата-анаға байланысты екенін ескертеді. Алайда ата-аналардың бала тілін қызық көріп олардың қате дыбыстаған сөздерін қайталауы дұрыс емес, керісінше бала ата-анасының сөйлегеніне қарап сөзін түзеуі үшін, ата-ана әр сөзді анық дыбыстап айтқаны жөн дейді.

Баланың сөйлеу тіл бұзылыстарына сыртқы немес ішкі зиянды факторлар әсер етеді. Бала тілінің кеш шығуының негізгі себептері:

1. Тұқым қуалаушылық фактор;

2. Болашақ ананың дұрыс емес өмір салты, көңіл-күйінің дұрыс болмауы, күйзелісте болуы және жаман әдеттер (шылым шегу, ішімдікке құмар болу);

3. Жүктілік кезіндегі анасының созылмалы аурулары (тұмау, қызамық, эндокринді бұзылыстары, бүйрек және жүрек аурулары, т.б.);

4. Болашақ ананың жүктілік кезіндегі жағымсыз кәсіби жағдайлар (ауыр физикалық жұмыс немесе түнгі ауысымда жұмыс істеу!

5. Таңдайда не ерінде жырықтардың болуы;

6. Бас жарақаттары, ми шайқалуы;

7. Бас миының асқыну аурулары (менингит, менингоэнцефалит);

8. Есту мүшесіндегі асқынулар немесе  үлдем естімей қалуына себеп болатын аяғына дейін емделмеген ортаңғы және ішкі құлағының асқыну аурулары;

9. Дыбыс шығару жүйесінің жұмыс істемеуі;

10. Ауыз қуысы бұлшықеттерінің дұрыс жұмыс істемеуі, тіс және жақ сүйектерінің ауытқулары;

11. Баламен сөйлеспеу, бала сұрағына толық жауап бермеу (ересектердің балаға жеткілікті көңіл бөлмеуі немесе айналасындағы адамдардың сөйлеу тіліндегі ақаулары);

12.Баланың сөйлеуін дамытатын ортасының болмауы (достары, балабақшаға бармауы)

13. Қатты қорқып қалудан болған тұтығу;

13. Өзге аурулардың немесе қолданған дәрі-дәрмектердің әсері.

Сөйлеу тілінің дамуындағы әртүрлі ақауларды ерте жастан диагностикалық мекемеге көрсетудің маңызы зор. Баланы уақытында маманға көрсетсеңіз сөйлеу тіліндегі ақаулықтарын алдын аласыз. Яғни балаңыз жасына сәйкес сөйлемей жатса, ең алдымен өзіңіздің жергілікті педиатырыңызға алып барыңыз. Ол сізді қажетті маманға жібереді. Екіншіден, невропатологқа көрсетіңіз. Дәрігер сөйлеудің кешеуілдеу себебін анықтап, себебін тапса, дәрігер қажетті және қолайлы ем тағайындайды. Сонымен қатар логопед-дефектолог маманға баруды да кейінге қалдырмаңыз. Балаңызды балабақшаға, дамыту орталықтарына апаруды да ертерек қолға алыңыз, себебі бала ойын арқылы, ұйымдастырылған іс-әрекеттер арқылы және әлеуметтік орта арқылы қоммуникативтік дағлыдары дамиды. Уақытылы қабылданған шаралар мен жүйелі сабақтар балаға құрдастарын қуып жетіп, болашаққа жақсы сөйлеуіне көмектеседі. Баланың дамуынан кішкене ақау көрсеңіз, тез арада алдын алыңыз. Ерте және уақытылы басталған жұмыс әрқашан оң нәтижесін береді. Балаларымыздың ой-өрісі кең, сөздік қоры мол болсын!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
27.09.2023
260
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі