Ата-аналарға арналған тренинг: «Бала тілін
дамытамыз»
Тақырыбы: Бала тілін дамытудың тиімді
жолдары.
Мақсаты:
-
Баланың сөйлеу дағдысын дамытуда ата-ананың
белсенді рөлін арттыру;
-
Отбасындағы тілдік ортаның маңызын
түсіндіру;
-
Ата-аналарға қарапайым әрі тиімді сөйлеу
ойындарын үйрету.
Тренинг барысы
1. Танысу жаттығуы: «Сөйлеммен
танысайық»
Мақсаты: Қатысушыларды жақындастыру, жағымды қарым-қатынас
орнату.
Өткізілуі: Әр
ата-ана өз есімін, баласының есімін атап, былай
дейді:
«Мен – Айгүл, анасы Нұрбектің. Нұрбек – өте
тілалғыш әрі әңгімешіл бала».
Бұл жаттығу арқылы ата-аналар баласының сөйлеу қабілетіне назар
аударады.
2. Жаттығу: «Менің балам сөйлеуді үйреніп
жатыр»
Мақсаты: Тіл
дамуына жағдай жасайтын ата-ана әрекеттерін
көрсету.
Шарты: Ата-аналарға баласының сөйлеу барысындағы бір
қиын сәтті елестету ұсынылады. Мысалы: бала сөзді дұрыс айтпайды
немесе сөйлем құра алмайды. Осы сәтте ата-ана қалай көмек көрсетер
еді? Әр қатысушы өз тәсілін айтып береді.
3. «Сөйлемді аяқта»
әдістемесі
Мақсаты: Баламен тілдік қарым-қатынасты дамыту, сөйлеу
белсенділігін арттыру.
Сөйлемдер:
-
«Мен баламмен сөйлескенде өзімді...
сезінемін.»
-
«Баламның ең жақсы айтатын сөзі –
...»
-
«Кешке баламмен бірге ... туралы
сөйлесеміз.»
-
«Тіл дамыту үшін біз үйде ...
жасаймыз.»
-
«Балама тіл үйренуге көмектесетін сүйікті ойыны –
...»
4. Қимылды ойын: «Қимылды
қайтала»
Мақсаты: Тіл
мен қимылды байланыстыра отырып, сөздік қорды
дамыту.
Шарты: Жүргізуші белгілі бір қимыл көрсетіп, оны сөзбен
атайды (мысалы, «секір», «ұш», «отыру»). Ата-аналар бұл әрекетті
қайталап, баламен бірге үйде қалай ойнауға болатынын
түсінеді.
5. «Гүлдің ашылуы» тыныштық сәті
(музыкамен)
Мақсаты: Ішкі тыныштық, баламен байланысты терең
сезіну.
«Көзіңізді жұмыңыз... Жүрегіңізде гүл пайда
болды. Бұл – балаңыздың тілі. Ол гүл әлі кішкентай... Сіздің жылы
сөзіңіз, ертегіңіз, әніңіз – ол гүлдің суы мен жарығы... Қазір бұл
гүл жайнап ашыла бастады... Оның әр күлтесі – айтқан сөзі,
құрастырған сөйлемі...»
Осы ойша көріністі ата-аналар гүл суреті арқылы
бейнелейді. Гүлдің жапырақтарына баласының сөйлеген алғашқы
сөздері, сүйікті тақырыптары жазылады.
6. «Тілек шамы» –
Қорытынды
Ата-аналар бір-біріне немесе өз баласына арналған
тілектерін айтып, «тілек шамын» қолдарына алып, бір-біріне
ұсынады:
«Мен баламның тілі анық, сөзі әсерлі болуын
тілеймін».
«Баламмен сөйлесуге әрдайым уақыт табуға
тырысамын».
Қорытынды сөз:
Құрметті ата-аналар! Баланың тілі – оның ойының
көрінісі. Сөйлеу – қарым-қатынас, таным, сезім. Сол себепті
балаңызбен жиі сөйлесіңіздер, ертегі оқыңыздар, бірге ойнаңыздар.
Сіздердің махаббаттарыңыз – баланың тіл дамуының басты
кілті!
Маңғыстау
облысының
Білім
басқармасының
Қарақия ауданы
бойынша
Білім бөлімінің «Еркемай
бөбекжайы»
Жедел басқару
құқығындағы
МКҚК әдіскері
_________Каирхожаева О.Б
_________________________
«_____»__________2025ж
Ата-аналарға арналған
тренинг: «Бала тілін дамытамыз»
Тәрбиеші:Түселбай .
М
Бисенбаева.
Э
2024-2025ж