жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бала тілін дамыту
Тіл - қоғамдағы адамдардың бір - бірімен пікір алысып, қарым - қатынас жасайтын құралы.Таза мәнерлі тіл – бұл ойлау жемісі. Баланы ана тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету арқылыолардың бойындағы тілдік мәдениетті қалыптастырамыз. Олай болса тіл адам баласықоғамымен бірге туып, өмір сүріп, ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып келе жатқан мұра. Баланытілдік мәдениетке тәрбиелеуде отбасының, бала - бақшаның қажырлы еңбегі орасан. Бала -бақшада тәрбие жұмыстарының басты мақсаттарының бірі - баланың тілін ұстартып, жақсысөйлей білуге үйрету.
Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ы. Алтынсарин атамызда балаларды оқу және оқыту,
тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті шығармаларының маңызды орын алатындығын айта келіп:
«Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай - қай тілде болса да, еркін,жүйелі сөйлеу мүмкін емес» - деген болатын. Мектеп жасына дейінгі баланың тағы біререкшелігі – олардың еліктеу, қиялдау қабілетінің басым болуы. Сол себепті әрбір ата - ана,тәрбиеші баланың қойған сұрақтарына үнемі, дұрыс жауап берулері керек. Баланың тіліндамытуда мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады.
1. Айналадағы бар, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген заттарды (киім - кешек, ыдыс - аяқ,тағам, үй жиһаздарын ) көрсетіп, атын сұрап айтқызу.
2. Осы заттардың қайдан, неден (ағаштан, шыныдан, жүннен, темірден жасалғандығын)түсіндіру.
3. Ойыншықтары жайында, жақсы көретін ертегісі туралы әңгімелесу.
Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, сақталып келе жатқан наным - сенімдерін, дәстүрін, жол - жоралғыларын, әдеп - ғұрыптарын өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойынасіңіру мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытуға баға жетпес нәтиже береді. Балаларғаосы халқымыздың игі дәстүрлерін: бесікке салу, ат қою, тұсау кесу, қонақ күту, ас қайыру т. с. Балаларға жасына қарай көркем әдебиетшығармаларын мазмұнын айтқызу, мақал - мәтел айту, жұмбақтар жасыру сияқтыжұмыстарды да жүргізуге болады. Жұмбақ жаттау кезінде балалар өзінің білім дәрежесін байқап, көп білуге талпынады, ынта – жігері артып, жауапкершілікті сезінеді.
Мысалы: Қараңғыны түреді,
Ылғи жалғыз жүреді.
(ай)
Домалап кетеді,
Қайта домалап жетеді.
(доп)
Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама.
(кітап )
Мақал - мәтелдің де бала тәрбиелеуде орны ерекше.
Мысалы: Жақсы болсаң, жақын көп.
Тіл - буынсыз, ой - түпсіз.
Ағаш тамырымен мықты,
Адам жолдасымен мықты.
Жаңылтпаштар айту баланың тілін дамытуда маңызды рөл атқарады.
Шілікті шаптым,
Жілікті астым.
Шілікті жақтым,
Жілікті шақтым.
Қаштым қатты - ақ
Ұшты қалпақ,
Балақ сатпақ,
Аяқ батпақ.
Балаларды жан-жақты дамыту, олардың барлық кемістіктерін жөндеу,мектепке дайындаудағы балабақша алдындағы басты мақсат. Сөйлеу -бас мидың бірнеше бөлігінің бірігіп жұмыс істеу нәтижесі. Артикуляция мүшелері тек мидан келген бұйрықты орындаушылар. Балалардың тілін дамытуда келесі кедергілердің бары ешкімге де құпия емес, -сөздік қорының кемдігі;
-сөйлемдегі сөз тіркестерін дұрыс таба алмауы;
-дыбыстау кемшілігі;
-берілген тақырыпқа сюжеттік немесе сипаттау әңгіме құра алмауы;
-өз ойын дұрыс жеткізе алмауы.
Бұл себепте балаға қалай көмек беруге болады? Өз ойын жеткілікті айтуға, байланысты, ретімен, грамматикалық дұрыс сөйлеуге қалай көмек береміз?
Мнемотехника – дегеніміз не? Мнемотехника - тіл дамытуда тиімді есте сақтау,оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану өзекті болып тұр. Бұл мақсатты іске асыру үшін, баланың тілін дамытуға әртүрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану қажет. Қойылған мақсатты нәтижелі етуге қолданылатын тәсілдер:
- Көрнекіліктер, дидактикалық ойындар; суреттер; буындық кестелер; тірек-сызба; үлгілер т.б/
- «ЖИНАҚТАУШЫ»-сөйлеу материалдарын безендіру.
- жаңылтпаштар, тақпақтар, жұмбақтар, саусақ гимнастикасы, тыныс алу жаттығулары, т.б/-.
Балабақша жасында көрнекілік-бейнелік есте сақтау және есту , суретін көру арқылы баланың есінде нақты қалады. Соның бірі мнемотехника. Мнемотехника - балалардың қоршаған орта, табиғат туралы білімін кеңейтуге, әнгіменің барысын тиімді есте сақтауға, әнгімені айтып беруге және тіл дамытудағы іс-әрекеттерінің жүйесі.
Мнемотехника - оңай жолдан қиынына қарай құрылады. Жұмысты ең оңай мнемоквадраттан бастап, жай ғана мнеможолдарға өтіп, сосын мнемокестеге өту қажет. Мнемокестенің мазмұны - ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерінің бейнесінің, табиғат құбылысының кейбір іс-әрекетінің, басты мазмұнды әнгіменің сюжеті . Ең бастысы – көрнекілік, тірек-сызба, бейнелеген суретіміз балаға түсінікті болуды жеткізу.
Схема - мнемокесте балалардың тілін дамытудағы дидактикалық құрал болып табылады.
Оны біз қолданатын кезіміз:
Сөздік қорын байыту үшін
Әнгіме құруға ұйретуге
Көркем әдебиетті мазмұндауда
Жұмбақ жасыру және шешуде
Өлең жаттауда
Құрылған схема балаларға өз бетінше заттың ерекшеліктерің байқауға, олардың айтылу кезегін белгілеуге көмектеседі. Балалардың сөздік қорын байытады.
Мнемокестені қолдану 3 этаптан тұрады:
Кестені қарап, онда не бейнеленгенін бақылау.
Мәліметтерді кодтандыру, белгі /символды/бір бейнемен сәйкестендіру.
Колдандырылғаннан кейін әңгіме немесе ертегіні әңгімелеуге көшеді.
Бұл суреттерді салу үшін суретші қабілетін білу керек емес: әрбір тәрбиеші
символдық бейнелеуді жасай алады. Өз тәжірибем бойынша көп қиындыққа кезіктім. Әңгіме мазмұны көбінде бірдей болатын. Айырмашылығы тек сөйлем санында немесе толықтығында. Бірінші әңгімелер тек қана сөз тіркестерден тұратын: бастауыш-баяндауыш болып. /мысық жатыр,басқасы ұйықтап жатыр/,қайталау сөздерден /сосын, кейін/, сөйлем арасындағы ұзақ үзілістерден. Бастысы - бала өзі әңгіме құрамайды, алдындағы әңгімені қайталайды. Жалығып отырған балаларға жиі ескерту беріп отырдым. Ол тек 30-40 секундқа жететін. 4-5 баланы ғана сұрап үлгеретінмін, қалғандары немқұрайлы тыңдаушы болатын. Айтарым, бұданда қызықсыз сабақ менде болмаған. Бірақ , осындай сабақ жүргізілуі және оң нәтиже беруі тиіс. Өйткені, бала мектепте сурет бойынша әңгімелей алу керек. Сурет бойынша әңгіме құру үшін сөз байлығын кеңейту керек. Жұмысты бірінші мнемоквадраттан құраймыз ,сосын мнеможолға көшеміз , мнемокестеде не бейнелеуге болады? Негізі, мнемокесте - ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерлерінің немесе табиғат құбылысының суреті,болмаса өзіне белгілі заттың бейнесі. Кіші және орта балабақша жасындағы балаларға түрлі-түсті мнемокесте беру керек, өйткені балалардың есінде тек бөлшек бейнелер ғана есте қалады: шырша-жасыл, жидек- қызыл. Кейіннен суретті кішкене қиындатып немесе басқа суретпен ауыстырылады.
Мысалы: түлкі-тоқсары геометриалық пішіннен тұрады.
(үшбұрыш,шеңбер) аю - үлкен қоңыр шеңбер, т.б.
«Күз» тақырыбына бейнелеген суреттер :
Ересектер тобының балаларына схеманы бір түсті етіп жасаған дұрыс, өйткені зейінің символикалық бейненің түсіне бөлмеу үшін. Дайын модельдік схемалар барлық кезде мазмұнына сай болмайды, сондықтан оны балалармен толтырып отырамыз.
Балалармен бірге ""Қыс", "Жаз", "Күз", "Көктем" блогтары бойынша мнемокесте жасадық.
Осы схемалар монолог құрудағы көрнекілік жоспар болып табылады. Әңгіме барысын, Әңгіменің айтылу кезеңін. Әңгіменің лексико-грамматикалық толықтауын құруға көмектеседі. Модель жасау тәсілін қолдану- есте сақтау процессін және мазмұнын ұғынуға көмектеседі. Бұл салада көру, есту анализаторлары жұмыс істейді. Балалар суретті тез еске түсіріп, сонынан сөздерін еске түсіреді. Мнемокесте қолданылған дамыту сабақтардың нәтижесінде, балалар әңгіме, ертегі, тақпақтарды оңай құрастырып, жаттап алады.
Мнемотехника тиымдылығын сабақ барысында көрсетейін:
Тақырып: Көктемгі күнге саяхат.
Мақсаты:
1. Созылмалы түрде «ү» дыбысын айту.
2. Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыруды жалғастыру.
3. Тіл байлығын дамыту.
4. Бояу түстері туралы білімін бекіту.
Дидактикалық құралдар: мнемокесте «Көктем», үстел- кеме жіберуге.
Кемелер-оригами тәсілімен.
Сабақ барысы:
Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз көктемгі күнге саяхатқа барамыз. Тез жиналып, вагондарға отырыңдар. Уақыт болды, пойыз жылжыды!
Балаларды бір- біріне тіркестіріп жүргізе , «чух-чух-чух,ү-ү-ү,ш-ш-ш» дыбыстауын қадағалаймын.
Тәрбиеші: Міне, келдік. Балалар, біздің күнімізді бұлт басыпты,қане, бәріміз сиқырлы кестемізге қарайық. Орындыққа жайғасыңдар.
-Қазір қай жыл мезгілі?
-Сендер қайдан білдіңдер көктем екенің?
Балалар:
-күн ысыйды.-қар ериды
-кішкентай шалшықтар пайда болады, онда қағаз кеме жіберуге болады.
-құстар жылы жақтан ұшып келеді.
-шөп шығады.
-гүлдер шығады.
Ал, балалар, мен жұмбақ жасырам, шешімін табыңдаршы.
Қар ,су еріп,
Жапырақ шығып,
Жылғалардан су ағып,
Құстар кайтатын
Қай мезгіл?
Балалар:
Көктем.
Тәрбиеші:
Дұрыс, балалар. Бұл көктем.
Ал, қазір, балалар, тек қана көктемге қатысты суреттерді таңдаймыз.
Балалардан сұраймын , қандай сиқырлы карточка таңдағаның. Неліктен?
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үлкен болып өседі.
Осы кезде тышқан- теңізші жүгіріп келіп қағаз кемелер беріп қашып
кетеді.
Тәрбиеші:
Балалар, маған жақын келіңдер. Қазір біз кемелерді суға жібереміз.
/балалар кемелерді суға жібереді./
Нәтиже: Көктемде шалшықтарға қағаз кеме жіберіп ойнаймыз.
Көктемдегі киім өзгерістерін айтыңдаршы.
-жұқа киінеміз.
-тоң кимейміз.т.б.
д/о «көктемде неше ай бар? атаңдар»
келесі ойын ,балалар, « Сөз ойлап тап»
/көктем,көк, көкшіл,көктемгі/
Тағы бір ойын «Сөйлемді дұрыс жайғастыр»
1. Ысыйды күн көктемде.
2. Шығады ағашта жапырақтар.
3. Ағады жылғалардан су.
4. Жер ашады , гүлдер көгереді.Байланыстырылған сөйлем құру. /сурет бойынша/
Көктем келді. Күн жылынды. Қар еріп,шалшықтарға жиналды. Жылғалардан су ағып, біз қағаз кемелер жібердік. Жаңбыр жауса да, күн жылы. Ағаштар бүршік атып, жерге шөп шығады. Гүлдер шыға бастайды. Жәндіктер жылынып, шыға бастайды. Құстар жылы жақтан ұшып келеді. Біз оларға жемсалғыш ілеміз. Көктем қандай тамаша! Есік қағылып қонаққа қарға келеді.:
-сәлеметсіңдер ме ,балалар? Мен, аспанда ұшып жүріп , сендерді көріп, қонаққа келдім. Сендер менің бауырларым туралы не білесіңдер? /балалардың жауабы, қыстайтын және ұшып кететін құстар туралы./
Бірінші тапсырма: « Қарға сияқты қарқылдай аласыңдар ма?»
Фонетикалық жаттығу:
-бала қарға бәсен дауыспен: қарқ-қарқ-қарқ.
-ана қарға орташа дауыспен : қарқ-қарқ-қарқ.
-әке қарға қатты дауыспен: қарқ-қарқ-қарқ.
Екінші тапсырма: саусақ гимнастикасы: « Қарға,қарға,қарғалар»
Қарға, қарға,қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Олар тамақ пісірді,
Су әкелді,
Ағаш жарды,
Балаларға тамақ берді.
Енді , балалар,мен құстар туралы жұмбақ жасырам, сендер жауабын
тауып, олардың ішінен ұшып келетін құстарды бөліңдер.
Келесі тапсырма «көктем сөзінде неше буын, неше дыбыс бар?»
Сергіту сәті:
Кәне, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Қарлығаш боп ұшайық,
Торғай болып қонайық.
Сауысқан боп секіріп,
Тоқылдақ боп шоқиық.
Қарға: Мен, күн жарықта бауырларыма жетіп алайын, сендерге көп
рахмет. Көптеген қызық көрдім. Оны бауырларыма айтып барамын. /
балалар қоштасады./
д\о «Көктем:жақсы -жаман»
жақсы: жаман:
күн жылынады шалшықтар пайда болады
гүл өседі ауа райы белгісіз жағдайда болады
табиғат құлпырады
Ал, балалар, біз бүгін көктем туралы көп әңгімелестік, енді мен сендерге көктем туралы әңгіме оқып берейін./рефлексия/Эмоция арқылы әңгімені талқылау. Мнемокесте арқылы әңгіме құру. Бірақ, жалғыз мнемокестемен шектелуге болмайды. Бұл тек, басты тиымды жұмыс, өйткені мнемокестені қолдану балалардың көру, есту, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Мнемокесте қолдана отырып, үстел ойындары, сөздік ойындарды пайдалану керек. Сонда ғана баланың тілі дұрыс және жеткілікті дамиды.
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде өзіндік ақыл парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуг тырысып бағады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше дараланған тұлға. Адамдар тұлға болып бірден дүниеге келмейді. Әрбір адамды қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Тұлға дегеніміз- адамның мінез-құлқындағы, іс әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы. Адамдардың қоршаған табиғи ортадағы құбылыстарды қабылдап түсінуі әртүрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялық ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Тұлғаны дамыту – күрделі процесс. Оның үш маңызды аспектісі бар:
1.Әлеуметтік-психологиялық аспектісі. Ол өз кезегінде екі факторға байланысты болады:
а) баланың танымы мен мінез-құлқына қажетті белгілі қондырғылар, бағалы құндылықтар,
түсініктер мен ұстанымдардың мақсаты, қоғамдық әсері.
б) адамның өмір жағдайын, оның іс-әрекеттегі жеке стилін, тұлға аралық қарым-қатынасты
анықтайтын тұлғаның дамуы.
2. Психологиялық аспектісі тұлғаның танымдық үрдістерінің жеке ерекшеліктерін қамтиды: есте
сақтау, ойлау мен сөйлеу тағы сол сияқты мінез-құлықтарын қарастырады.
3. Аспект тұлғаның ерекшеліктері мен қабілетінің психофизио- логиялық дәрежесі негізінде
нақтыланады. Тұлғаның даму процесі екінші және үшінші аспектілердің көмегімен іске асырылады.
Сонымен, “тұлға” дегеніміз адамның мінез-құлқын, іс-әрекетін бір сөзбен айтқанда өз бейнесін жасаушы. Әр адамның тұлға болып қалыптасуы сыртқы күшке, табиғатқа және әлеуметтік жағдайға
байланысты. Тұлға дамуының теориялық негізін қарастыра келе тәжірибелік тұрғыда С.А.Назарбаеваның рухани
- адамгершілік білім беру жобасы негізіндегі «Өзін-өзі тану» пәнінің оқу процесінде студент тұлғасының жетіліп өзгеруін байқадық. «Өзін-өзі тану» пәнін жүргізудің келесі жалпы мақсаттары ұстанылды: өзіндік рухани дүниені саналы түсінуге жақындату, өз көзқарастарын қорғауға және дәлелдеуге үйрету (өз көзқарасын логикаға сәйкес ешкімді ренжітпей ұсынуға, басқаның көзқарасын тындауға, түсінуге үйрету), әртүрлі көзқарастар орын алған жағдайда қарым-қатынас жасау дағдысын дамыту болып табылады. «Өзін-өзі тану» пәнін жүргізу барысында студенттеркелесі өзіндік бақылау әдістерін қолданды. Мысалы, сабақтар бойынша әр тапсырманы талдау жасалынып отырды. «Өзін-өзі тану» сабақтары студенттердің білімдерін, дағдыларын, құндылықтар
жүйесін дамытуда өте тиімді. Жалпы барлық сабақтарда дискуссиялық сұхбат тәсілі қолданылды. Ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім берудібасты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының оқу-тәрбие үрдісіне енгізілуі жақсы бастама десек қателеспейміз. Бұл пәннің негізгі мақсаты – адамның қоршаған ортаны танып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, өзін-өзі танунегізінде, адамгершілік–рухани әлеуетін көтеру, баланың өзіндік «Менін» қалыптастыру.
- Қазіргі қоғам жастардың бойына адами құндылықтарды-мейірімділікті, сүйіспеншілікті,
қайырымдылықты, әділтікті, қамқорлықты бойына сіңіріп тәрбиелеуді талап етеді.
Рухани-адамгершілік тәрбие ерте балалық шақтан бастау ала отырып, адамның өмірінің әр
кезеңдерінде жүйелі дами келе, тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыру нәтижесінде, рухани бай, дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуге өріс ашады.
«Өзін-өзі тану» пәні баланы жастайынан отан сүйгіштікке, әдептілікке, достыққа, тазалыққа,ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретеді. Адам бойына кішіпейілдік, сыпайылық, рақымшылық, жанашарлық, сыйластық, тілектестік сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей, тыңдай білу, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуды үйрету де «Өзін-өзі тану» пәнінің үлесінде. Жас ұрпаққа- адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Тақырыбы: Дос болайық бәріміз.
Мақсаты: «Достық» құндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру. Өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру. Өзара сыйластық қарым‒қатынастарын дамыту Бір бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.
Әдісі: Әңгіме, жағдаяттарды талдау. Шығармашылық жұмыс. Ертегіні сахналау.
Көрнекілігі: Слайд, стикерлер, журекше, гул бейнелері, қайшы түрлі түсті қарындаштар.
Қос тілділік: Дос - друг. Достық - Дружба.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің сабағымызға қонақтар келді. Бүгін қандай керемет күн. Бұл күнді жақсы, қуанышты көңіл күймен өткізу үшінсендерді «Дос болайық бәріміз» аттыашық оқу іс әрекетінің «Шаттық шеңберіне» шақырамын.
Армысың досым,
Кел маған қосыл.
1Шеңберге бірге тұрайық
Жер шарын айналып,
Әлемге жарық ұқсайық
Қолымызды көтеріп,
Күннің нұрын алайық
Ортамызда күн нұры,
Құшаққа оны алайық.
1. Өткен сабақты пысықтап кету.(слайдтан өткен сабақтағы суреттерді көрсетіп естеріне
түсіру)
Тыныштық сәті.
Балалар денелерің түзу, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді
түгел жұмыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар, денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сендерді аялап қоршап, қамқорлап жатыр. Ал, енді тұла бойларыңжақсылыққа, махабатқа толды деп есептеймін.
2. Жаңа сабақ.
Әңгімелесу.
Балалар, сендер достық, татулық дегенді қалай түсінесіңдер?
Достарыңды ренжітіп алсаңдар, қалай татуласар едіңдер?
(Балалардың достық туралы пікірлерін тыңдау)
‒Өз досың туралы айтып берші?
‒Балалар, сендерге жалғыз ойнаған немесе серуендеген ұнай ма? Ойлап көріңдерші?
Түйін:
Дұрыс айтасыңдар, балалар. Жалғыз ойнасақ, жалғыз серуендесек, жалғыз тамақтансақ
көңілсіз екен. Сондықтан біз жалғыз қалмау үшін біздерге дос жолдас керек екен.
Достық‒адамдардың бір‒біріне деген адалдығы, өзара сыйластығы, татулығы, сүйіспеншілігі, жанашырлығы, қамқорлығының белгісі.
Дәйексөз: Балалар енді «достық» құндылығының мәнін аша түсу үшін дәйексөздің мағынасын түсіндіреді.
«Татулық‒достық кепілі» деген халық мақалының мәнін ашу.
Мақал‒мәтелдер.
Балалар енді достық туралы қандай мақал мәтелдер білесіңдер?
«Екі дос» ертегісін сахналау.
Балалар ертегіні мұқият зейін қойып тыңдаңдар.
‒Балалар қалай ойлайсыңдар, бұл достықты адал достыққа жатқыза аламыз ба?
Жаңа ақпарат
Досы уәдесіне берік болса, қандай жағдай да досымен бірге болса, қолынан келген көмегін
аямаса, оның көңілін көтеріп жабырқағанда қасынан табылса, ол әрине айнымас дос. Балалар достықтың екі түрі болады екен. Біріншісі‒адал достық, екіншісі айнымалы алдамшы достық. Біздер сол екі достықтың қайсысын таңдаймыз. Олай болса балалар бір‒бірімізге адал дос болайық.
Ұжымдық жұмыс.
Балалар екі топқа бөлініп ұжымдық жұмыс жасайды.
‒Балалар ұжымдасып келесі топтағы достарына жасаған жұмыстарын сыйлайды.
«Достық» туралы білетін тақпақтарымызды айтайық.
Бибізайнаб:
Екі деген‒екі дос,
Бірін‒бірі сыйлайтын.
Артық кемді етпей сөз,
Бірін бірі сыйлайтын.
Әсемай:
Досыңа бол адал жан,
Бірдей бөліс сынақты.
Бір нүктеге қадалған екі көзің сияқты.
Самира:
Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашан да, қайда деп
Достар бір біріне сенімді боламыз.
Нұрдәулет:
Достар бірге жүреміз.
Бірге ойнаймыз күлеміз.
Бірге балық аулаймыз.
Міне біздер қандаймыз.
Азамат:
Адал дос барлық жерде керек екен.Өмірде достың орны бөлек екен
Жақсы дос жадыратса, жан дүниеңді.
Жаман достан жамандық келеді екен.
1. Жағдаятты талдау.
Сырым мен Дина дос болатын. Бірде Сырымның лақтырған добы Динаның басына барып
тиді. Сырым добын домалатын теуіп ала жөнелді.
Сұрақтар:
• Сырым мен Динаны жан достар деп айтуға бола ма?
• Неліктен?
• Олардың достықтары қалай жалғасады деп ойлайсыңдар?
2. Жағдаятты талдау. Суретегі балалардың көңіл күйі туралы айтып беріндер.
«Ғажайып сөздер»
Балалар, бүгінгі сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтайықшы.
‒Дос болайық бәріміз.
‒Достық татулықтан басталады.
‒Досыңның басына іс түскенде көмектес.
– «Дос болайық бәріміз» әнін айту.
Әні: Х. Талғаров
Сөзі: И. Нүсіпбаев
Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер,
Ту ғып ұстап бірлікті
Еңбекті сүйіңдер
Қ - сы
Дос болайық, бәріміз
Жарасып тұр әніміз
Тыныштықты сақтаймыз, сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз
Қорытынды.
‒Балалар, бүгінгі сабағымызда жүрегімізге, жанымызға жақын, жақсы көретін достарымызтуралы әңгімелестік. Досымыз туралы ең жақсы, тамаша сөздерді айттық. Достар бір біріне әрқашан көмектесу керектігі түсіндік.
Қарым-қатынас – адамдар арасында ақпарат алмасудағы, сондай-ақ серіктесімен бірін-бірі ұғынудағы және түсінудегі әрекеттің күрделі процесі. Педагогикалық процестің ерекшелігі түрлі әлеуметтік-рөлдік және оның субъектісінің функционалдық позициясына негізделген. Қарым-қатынас стилі мен жетекшілік өмір сүру аясында оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігімен, сондай-ақ тұлғаны дамыту ерекшелігімен және оқу тобынд тұлғаралық қарым-қатынасты қалыптастырумен анықталады. Педагог – қоғамдық тіршілік иесі, өмірінің көп бөлігін ол адамдар арасында өткізед және соған байланысты оның адамдармен қарым- қатынасы, оның жетістігі, көңіл- күйі, денсаулығы қаланады. Ол қандай болуы тиіс?
Қарым–қатынас – адамдар арасында ақпарат алмасудағы, сондай- ақ серіктесімен бірін- бірі ұғынудағы және түсінудегі әрекеттің күрделі процесі. Қарым-қатынассубъектісі тірі тіршілік, яғни адамдар болып табылады. Негізінде қарым-қатынас кез келген тірі нәрсеге тән, алайда адам деңгейіндегі қарым- қатынас процесі вербальды және бейвербальды актілермен байланысты саналы түрде құрылады. Бүгінгі күні өнімді ұйымдастырылған педагогикалық қарым- қатынас педагог пен бала арасында туындауы тиіс педагогикалық қызметтегі нақты психологиялық жанасуды қамтамасыз етуге негізделген. Оларды қарым- қатынас субъектісіне айналдыру, өзара әрекеттесу процесінде туындаған түрлі психологиялық кедергілерді жоюға көмектесу, балаларды үйреншікті ұстанымынанәріптестік ұстанымға ауыстыру және оларды
педагогикалық шығармашылық субъектісіне айналдыру керек. Бұндай жағдайд педагогикалық қарым – қатынас толықтай педагогикалық қызметтің әлеуметтік-психологиялық құрылымын түзеді. Педагогикалық қарым-қатынас оқыту мен тәрбие беруде білім алушының тұлғасына әсер ететін құрал ретінде қызмет етеді.
А.А.Бодалевтың зерттеуінде педагогикалық қарым-қатынас педагог пен тәрбиеленуші арасындағы шектеулі әлеуметтік- психологиялық жүйе ретінде көрсетіледі. Оның мазмұны ақпарат алмасу, тәрбиелік әрекет көрсету, коммуникативтік құралдар көмегімен өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру болып табылады [1;190б.].
В .А.Сухомлинский бұл туралы былай деп жазды: «Мектеп қабырғасында айтылған әрбір сөз ойланып айтылған, дана, толықтай салмағы бар сөз болуы тиіс, бұл нақты тірадамға айтуда ерекше маңызды, сөз қадірін ұмытпауымыз керек, керісінше сөздің құны үнемі өсіп, артып отыруы тиіс» [2; 340б.]. Педагогикалық процестің ерекшелігі тәрбие процесін әлеуметтік- психологиялық қамтамасыз ету қызметінен келіп туындайды. Педагогтың тәрбиеленушімен қарым-қатынасын ұйымдастыру функциясы оқу тапсырмасын шешу құралы ретінде қарастырылады.
Педагог алдында тұратын неғұрлым күрделі тапсырма санына коммуникативтік біліктілікті дамытудың жоғары деңгейіне жататын өнімді қарым- қатынасты ұйымдастыру кіреді. Бұл қайталанбайтын процесс болуы үшін балалармен қарым-қатынасты ұйымдастыру қажет. Бұл жерде қарым-қатынас стилі маңызды роль атқарады. Педагогикалық процестің ерекшелігі түрлі әлеуметтік-рөлдік және оның субъектісінің функционалдық ұстанымына негізделген. Педагогикалық қарым-қатынас процесінде мұғалім өзінің әлеуметтік-рөлдік және функционалдық міндетін оқу және тәрбие процесін басқаруда тікелей немесе жанама түрде жүзеге асырады. Қарым-қатынас стилі мен жетекшілік өмір сүру аясында оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігімен, сондай-ақ тұлғаны дамыту ерекшелігімен және оқу тобында тұлғаралық қарым-қатынасты қалыптастырумен анықталады.
«Мектеп оқушыларының қарым-қатынасы пайдалы, әлеуметтік құнды болуы үшін мұғалім ең аз дегенде үш проблеманы шешуі керек: ұжымда жеке мазмұнды қарым- қатынас жасауға мүмкіндік туғызу; баланы сөйлесуге үйрету; мектеп оқушыларымен сенімді жанасуды орнату» [3,141б.]. Педагогтың сабағында барлық педагогикалық процесс коммуникативтік құрылымда меңгерілуі тиіс, үнемі педагогикалық әрекетте таңдалған әдісті аталмыш кезеңде қарым-қатынас ерекшелігімен сәйкестеп отыру қажет. 1938 жылы неміс психологы К.Левин бірінші болып қарым-қатынас стилін экспериментальды зерттеді. Бүгінгі күні педагогикалық қарым-қатынастың көптеген стилі белгілі, бірақ негізгілеріне тоқталайық.
Авторитарлы стильде өзіне тән үрдісті қатал басқаруда және барлық көлемдік бақылауда оқытушы көбінесе өз әріптестеріне тез ескерту жасайды. Көзге түсетіні – бір топ мүшесіне әдепсіздік танытып, ал басқаны дерексіз мақтау. Авторитарлы оқытушы жұмыстың жалпы мақсатын түсініп қана қоймай, сонымен бірге тапсырманы қалай орындайтынын көрсетеді, кім кіммен жұмыс жасайтынын бірден анықтайды және т.б. Тапсырма мен оны орындау тәсілін оқытушы рет-ретімен береді. Адам неғұрлым өзініңорындап отырған жұмысының мақсатын, аталмыш кезеңнің функциясын және алда некүтетінін білмесе бұндай тәсіл қызметтік дағдыны төмендетеді. Тағы да байқауға болатыннәрсе, ол әлеуметтік қарым-қатынаста тұлғааралық орнатылым жоспарында қызметтің рет ретімен жүруі және оны қатал бақылау мұғалім тарапынан білім алушының жеке мүмкіндігіне сенімсіздік танытуы екендігін куәландырады. Барлық жағдайда оның көз алдында білім алушы жауапкершіліктің төмен деңгейінде және ең қатал қадағалауды талап ететін болып көрінеді. Бұл үшін авторитарлы оқытушы үшін кез келген бастама қажетсіз еріктіліктің туындауы ретінде қарастырылады. Зерттеулер дәлелдегендейжетекшінің өзін өзі ұстауы дегеніміз өзінің жеткіліксіз құзіреттілігін және беделін жойып алудан сақтануымен түсіндіріледі. «Егер кімде кім жұмысын басқа жағынан жақсартаалмаса, оның ешнәрсені қарамағанын көрсетеді». Бұдан басқа авторитарлы көшбасш ереже ретінде өзінің қамқорлығындағылардың жетістігін субъективті түрде бағалайды, ескертулер тек жұмыс бабына қатысты ғана емес, орындаушының тұлғасына да қатысты болады. Білім алушыларға өз көзқарастарын білдіруге, бастама көтеруге, өздеріне қатысты мәселелерді шешуге атсалысуына мүмкіндік бермейді. Мұғалім оқушыларға талап етумен бірге олардың орындағандарына қатаң бақылау жүргізуді жүзеге асырады. Авторитарлы стильде басшылық негізгі бағытты автократикалық жүйеден алады. Ең соңында барлық шешімді өзінің орнатқан тәртібіне сай мұғалім өзі қабылдайды. Басшылықтың либеральды стилінің негізгі ерекшелігі істің барысы бойынша оқу-өндірістік процестен жетекшінің босатылуы және болған оқиға үшін өзін жауапкершіліктен босатуы болып табылады. Оның апробациялану нәтижесі – орындалған жұмыс көлемінің неғұрлым аз болуымен және оның сапасының төмендеуінен көрінеді. Бұндай топтағы оқушылар өздеріне ешқандай жауапкершілік жүктелмегенін біле тұра жұмыстарына қанағаттанбайтындығын атаған маңызды.
Басшылықтың либеральдықстилінде мұғалім оқушылардың өмір сүру негіздеріне мүмкіндігінше араласпауды көздейді, басшылықтан олар алыстап, әкімшілік нұсқаулары мен міндеттерін формалды түрде атқарады. Бұндай стилдегі басшылықта мұғалім өзінің эмоциялық жағдайын жүзеге асыра алады.
Демократиялық стильде бірінші орында тұлға емес, дерек (факт) бағаланады. Демократиялық стильдің ерекшелігі топ өз ұйымының алдында тұрған жұмыстардың жүруіне белсене қатысады. Нәтижесінде оқушылардың өзіне деген сенімділігі артып, өзін өзі басқаруға белсенділігі пайда болады. Онымен қоса бастаманың көбеюінен тұлғалық қарым-қатынаста сенімділік пен достық нығая түседі. Егер авторитарлы стильде топ мүшелерінің арасында жауластық үстем болса, демократиялық басқаруда оқушылардың жұмысқа деген қызығушылығы пайда болып қана қоймайды, сонымен бірге өзара тұлғалық қарым-қатынасы дами түседі. Басшылықтың демократиялық стилінде мұғалім ұжымға арқа сүйейді, білім алушылардың өздеріне сенімділігін арттыра түседі. Ұжым қызметін ұйымдастыруда мұғалім «теңі арасында бірінші» болу позициясын алуға ұмтылады. Мұғалім оқушылардың жеке проблемалары мен істеріне үңіле бастайды. Оқушылар ұжымдық өмірдің мәселелерін талқылап, таңдау жасайды, алайда соңғы шешімді мұғалім шығарады. Бұл стильдің негізінде педагогтың биік кәсіби бірлігі мен оның этикалық белгісі жатыр. Оқушылармен біріккен шығармашылық ізденушіліктің ұлғаюы – мұғалімнің коммуникативтік қызметі ғана емес, сонымен бірге оның педагогикалық қызметке қатысының толықтай жоғары деңгейде болуында. Театр педагогы М.О.Кнебельпедагогикалық сезімнің «сені жастарға қарай қуып, оларға жол табуға итермелейтінін...» байқайды [4; 290б]. Мұндай қатысым стилін В.А.Сухомлинский өз қызметінде байқайды. Осы негізде В.Ф.Шаталов балалармен өзара қатынаста өз жүйесін қалыптастырады. Бұл қатынас стилін сәтті бірлескен оқу-тәрбие қызметі ретінде қарауға болады. Педагогтың тәрбиеленушілермен қарым-қатынас жүйесі туралы А.С.Макаренко мұғалім бір жағынан аға жолдар жәненұсқаушы болуы тиіс, ал басқа жағынан бірлескен қызметтің қатысушысы болуы керектігін айтады. Педагогтың ұжыммен қарым-қатынасында белгілі бір бояу ретінде достықты қалыптастыруы өте қажет [5; 24б.]. Педагог пен бала арасындағы қатынас нұсқалары туралы ойлай келе А.С.Макаренко былай дейді: «Ешқашан педагог пен басшылық өз тарапынан тілге ерік берулеріне болмайды. Екінші жағынан, педагог пен басшылық тәрбиеленушілер алдында айқайшы, ашуланшақ болуына жол жоқ» [5; 27б.]. Педагогта қажетті қарым-қатынас тәсілдерінің болмауы, қарым-қатынас технологиясын білмеуі нақты бір рөл ойнайды. Педагогта кәсіби қарым-қатынас дағдысының болмауы мұғалімнің жеке шығармашылығының және оның тиімділігініңтөмендеуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Көптеген зерттеулер мен эксперименттернәтижесінде педагогтар мен психологтар мұғалімге коммуникативтік қабілетті дамыту үшін келесі құралдарды қолдануды кеңес етеді:
- Мектеп-қоғамның бөлшегі, педагогтың балаға қарым-қатынасы – қоғамдық талаптардың көрінісі. Осыны ұғыну керек.
- Мұғалім педагогикалық позициясын ашық жариялауға міндетті емес. Бала үшін педагогтың сөзі мен іс-қимылы тек міндетті орындау ретінде ғана емес, оның жеке сенімін ояту ретінде ұғынылуы керек.
Педагогтың шыншылдығы - тәрбиеленушімен байланыс жасаудың берік кепілі.
- Жеке тұлғаны адекваттық бағалау. Өзіңді тану, өзіңді басқару әрбір мұғалімнің үнемі жұмысы болуы керек. Негізгі назар аударатын нәрсе өзінің эмоциялық жағдайын басқару біліктілігін талап ету: тәрбие процесінде ызалы дауыс көтеру, айқай т.б.
- Педагогикалық мақсатты түрдегі қатынас мұғалім мен оқушы арасындағы өзара сыйластыққа құрылады. Әрбір оқушыны тұлға ретінде сыйлау, құрдастары алдында өзіне сенуіне жағдай жасау, тұлғаның жағымды жақтарын дамытуға қолдау көрсету қажет.
- Педагогқа баланың өз күшін, кең эрудициясын көрсетуге қамқорлық жасау керек.
- Қырағылықты дамыту, эмоциялық жағдайларды түсіну, жағдаяттарға қорытынды шығаруда шығармашылық жол табу, оқушылар, ұжымдастар, ата-аналар алдында білімділікпен шешім қабылдау қажет.
- Мұғалімнің сөйлеу қызметінің азаюы есебінен оқушының сөйлеу қызметінің артуы – мұғалімнің қарым-қатынас шеберлігінің маңызды көрсеткіші. - Жетістігі маңызды емес оқушы алдында да мақтау айтуға жомарт болған дұрыс. Басқалар алдында мақтау керек, ал оңашада ескертуге болады. Бұл үшін мұғалімнің сөйлеу шеберлігі дұрыс болуы керек. Егер сіздің дауыс ырғағыңыз қойылмаған болса, көзқарасыңыз, қимылыңыз дұрыс болуы тиіс.
- Педагогикалық мақсатта өз оқушыларының ата-аналарын одақтас етуге болады.
- Екі жақтан да әңгіме мазмұны қызықты болғаны дұрыс [6; 249б].
Осылайша педагогикалық атмосфера стильге байланысты орнығады, барлық педагогикалық процеске қатыстыларға эмоциянальды игілікті тілей отырып, біз егер педагог жоғарыда келтірілген кеңестерге көңіл аударса, онда қарым-қатынас процесіндегі көптеген қиыншылықтар мен проблемалардан айығуға болады деп ойлаймыз.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала — біздің болашағымыз. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол – үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.
Еліміздің 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшуіне байланысты жаңа мемлекеттік стандартты енгізу, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық үдерістерін жаңа бағдарламалармен, оны жүргізудің тиімді әдістерімен қамтамасыз ету қажеттілігі туды. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды (5-6 жас) тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаларын дайындау — уақыт сұранысына айналды. Ұсынылып отырған «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы мектепке дейінгі 5-6 жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудың психологиялық-педагогикалық және мазмұндық аспектілерін ашады және негізгі құзіреттіліктерді қалыптастырудың міндеттерін жүзеге асырады.
Бағдарламаның мазмұны баланың жеке жас ерекшелігінің мүмкіншіліктерін ашуға, бала тұлғасын жан-жақты дамытуға, жалпыадамдық, ұлттық құндылықтарға негізделген білім жүйесін қалыптастыруға, әлеуметтік ортада оң қатынастарға қабілетті шығармашыл тұлғаны дайындауға бағытталған мектепке дейінгі ересек жас балаларын тәрбиелеу мен оқытудың мақсаттарын шешуді көздейді.
Негізгі міндеттері:
- бала бойында маңызды, шешуші құзыреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын қолайлы пәндік-даму ортасын құру;
- тәжірибелік, танымдық, шығармашылық іскерлігі мен басқа да бала әрекеті түрлерін қалыптастыру;
- ұлтжандылық пен халқымыздың мәдени-тарихи дәстүрлері негізінде тәрбиелеу арқылы бала бойына жалпыадамдық, мәдени және адамгершілік құндылықтарды дарыту;
- полиэтникалық және полимәдени мегаполисте ұлтаралық қатынастардың үйлесімділігін сақтауға негіз болатын ұлтаралық қатынас мәдениеті негіздерін қалыптастыру;
- баланы дүниежүзілік және жалпыұлттық құндылықтар рухында тәрбиелеу мақсатында отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның бірлескен мүмкіншіліктерін пайдалану;
- әр баланың тұлғалық қасиеті және оны ауыспалы өмір жағдайында әрі қарай сәтті дамыту мақсатында өзін-өзі тану, өз ойын еркін білдіру және оны іске асыру дағдыларын жетілдіру;
- салауатты өмір салты негіздерін қалыптастыру мақсатында баланың толыққанды физиологиялық дамуын қамтамасыз ету үшін қолайлы кеңістік құру;
- әр баланың интеллектуалдық қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамыту;
- мектепте білім алуға жан-жақты дайындау.
Мектепке дейінгі 5-6 жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру мынадай негізгі педагогикалық ұстанымдарға сүйенеді:
- мәдени сәйкестілік ұстанымы – аймақтық, ұлттық және әлемдік мәдени құндылықтарды пайдалану арқылы балалар ұйымының жұмысын мәдени орталық қатынас жасау арқылы ұйымдастыру;
- тәрбиелей отырып оқыту – баланың нақты ақыл-ойы мен тәжірибелік әрекетін іске асыра отырып, оның бойына ұйымшылдық, тәртіптілік, ұқыптылық, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру;
- жас ерекшелігі мен жеке ерекшеліктеріне байланысты қатынас жасау – балалардың жасы мен субъективті тәжірибесіне сәйкес тақырып мазмұны мен жұмыс тәсілдерін таңдау;
- жүйелілік – оқу материалын таңдау мен оны дұрыс жеткізу, оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын байыту;
- түйсіну мен белсенділік ұстанымы – балалардың оқу материалын дұрыс түсінуі, қабылдауы мен ақыл-ойының, танымдық үдерісінің даму мәселелерін қарастырады;
- қызметтік қатынас ұстанымы – оқыту мен тәрбиелеу үдерісін бала әрекетін ұйымдастырудың түрлері мен формаларына танымдық компоненттерді кірістіре отырып жүргізуді көздейді;
- адамгершілік ұстанымы – педагогтің бала пікірімен санасып, оның сезімі мен көңіл күйін ескеріп, өзіне тең құқылы серіктес ретінде қабылдай отырып, бойына жоғары адами құндылықтар – отаншылдық, туған жерге деген махаббат сезімін дарыту;
- көрнекілік ұстанымы – оқытудың эмоционалдық және көрнекілік технологияларын үйлесімді қолдану арқылы қоршаған әлемді қабылдау мен тануға мүмкіншілік туғызу;
- креативтілік ұстанымы – мектепке дейінгі балалардың бойында бұрын қалыптасқан дағдыларын өзіндік іс-әрекет жағдайларында қолдану мүмкіндіктерін арттыру арқылы шығармашылыққа тәрбиелеу. Сол арқылы қалыптан тыс міндеттер мен проблемалық жағдайлардың шешімін өздігінен таба білу қажеттіліктерін қолдап, одан әрі жетілдіруге ынталандыру.
Мектепке дейінгі ересек жастағы баланы тәрбиелеу мен дамытудың қорытынды нәтижесі - үлкендермен және құрдастарымен қалыпты қарым-қатынаста бола алатын, негізгі құзыреттілікті және дене тәрбиесі, салауатты өмір салты негіздерін меңгерген, мектепте оқуға дайын тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Бағдарлама бес білім беру саласын қамтиды және мектепте білім алуға бағытталған баланың әлеуеттік мүмкіндігін ашуды көздейді.
Әр саланың мазмұны төмендегідей құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған:
- денсаулық сақтау;
- коммуникативтік-тілдік;
- танымдық;
- шығармашылық;
- әлеуметтік.
Бағдарламаның мазмұнын іске асыру – белгілі бір мақсатқа бағытталған, бір-бірімен тығыз байланысты дербес бөлімдерден тұратын білім беру салаларының жұмысын жүргізу болып табылады.
«Денсаулық» білім беру саласында балалардың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтының ережелерін саналы түрде сақтауын қалыптастыруға, бала ағзасы мен маңызды қозғалыс дағдыларының функционалды мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталған педагогикалық жұмыстардың шарттары мен мазмұны, міндеттері белгіленген.
«Қатынас» білім беру саласында байланыстырып сөйлеуін, мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тілдік әрекетке жеке қабілеттерін, мазмұнды диалог пен монолог құра білу іскерлігін, сауат ашу және жазуды меңгеруге дайындау мақсатында тілдік шығармашылығын көрсетуге бағытталған жұмыстардың мазмұны мен міндеттері қарастырылады.
«Таным» білім беру саласында баланың қоршаған ортада бағдарын кеңейтіп, толықтыру, салыстыру, талдау, жалпылау, байқау, үлгілеу, қарапайым іздеу әрекеттерін меңгеру, табиғатты қорғау тәсілдерін меңгеруі, түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық жұмыстардың міндеттерін, мазмұны мен шарттарын айқындап көрсетеді.
«Шығармашылық» білім беру саласында баланың әлемге деген эстетикалық қатынасы мен ұлттық, классикалық және заманауи көркем құралдарының дамуымен бірге қалыптасуы қарастырылады. Балалар шығармашылығы мен әрекеттерін біріктіру арқылы балалардың көркемдік қабілеттерін қалыптастырады.
«Әлеуметтік» білім беру саласында - әлеуметтендіруді қоғамдық қатынастар жүйесіне енуге қажетті балалардың әлеуметтік-мәдени тәжірибелерінің дамуы ретінде қарастырып, еңбек және білім-білік дағдыларын, қағидалар, құндылықтар, салт-дәстүрлер, ережелер, тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін қалыптастыру мәселелері қарастырылады.
Сонымен қатар, бұл сала кіріктірілген сипатта жұмыс атқарып, төрт білім беру саласының мазмұнын іске асырады. Балалардың әрекеттерін түрлендіруді ұйымдастыру негізінде олардың үлкендермен, құрбыларымен қарым-қатынас жасауда қарапайым өзін-өзі бақылау мен реттеу дағдыларын қалыптастырады.
Бағдарламада балалардың мәдени дағдылары, білімділігі, тұлғаның әлеуметтік қасиеттерінің дамуы және бірлесіп жұмыс жасау, қоршаған ортаға қамқорлық, бәсекелестік және ынталылық, дербестік пен тәуелсіздік, әлеуметтік ортаға бейімделушілік, ашықтық, икемділік сияқты мінез-құлық негіздерінің төселуіне ерекше көңіл бөлінген.
5-6 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК МҮМКІНДІГІНЕ
СИПАТТАМА
Бес-алты жасқа қараған балалардың дамуында елеулі өзгерістер болады. Баланың денесінің салмағы шамамен айына 200 г, бойының ұзындығы 0,5 см артады. 5-6 жасында баланың бойы - 116 см, денесінің самағы - 21,5 кг жетіп, кеуде қуысының көлемі 67 см жетеді.
Баланың мінез-құлық әрекетін реттеуде ми қабының рөлі артады. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі жетіледі. Балалардың қимыл белсенділігі артып, негізгі қимыл әрекеттерін жетік меңгереді. 5-6 жастағы балалардың қозғалысы көбіне жігерлі, әрі нақты болып, әсемдік пен жеңілдікке ие болады. Балалар жүгіріп келіп биіктік пен ұзындыққа тоқтамай секіруді, заттарды кезеніп жігерлі лақтыруды беріліп орындайды. Олар допты бір қолымен қағып ала алады, бір орында тұрып, аяқтарын кезектестіріп секіре алады.
Бес-алты жасында саусақтарының жетілгені соншалық, бала өз бетімен қағаздан түрлі пішіндерді (дөңгелек, сопақша, тіктөртбұрыш, т.б.) қиып ала алады, адам мен жануарлар мүсіндерін жасап, қарындашпен, бояумен еркін сурет сала алады.
Бұл кезең баланың психикалық дамуында елеулі өзгерістермен ерекшеленеді. Сондықтан, баланың психологиялық даму жағдайы күрделеніп, қарым-қатынас жасау әдістері де өзіндік сипатқа ие болады. Мысалы: дамудың әлеуметтік жағдайы 5-6 жастағы баланың үлкендермен қалыпты жағдайдан тыс - тұлғалық қарым-қатынас жасау түрінің пайда болуымен ерекшеленеді.
Бес жасар бала үшін үлкен адам тек білімнің көзі ғана емес, сонымен қатар айнала қоршаған әлемнің қыр-сырын білетін, әлеуметтік қатынастардың үлгісі, адами әрекеттердің қағидалары мен білімдерінің көзі болып табылады. Бала үшін өзін мазалаған мәселелерімен, қызықтырған сұрақтарымен, пікірімен үлкендермен бөлісу өте маңызды. Сондықтан ол адами қарым-қатынастар мен адамгершілік қағидалар туралы сұрақтарды көп қоя бастайды. Мұның себебі баланың күнделікті өмірде кездесетін жағдайлардан туындаған алаңдаушылығымен байланысты.
Бұл кезеңде баланың айналаны танып-білуге құштарлығы артқаны соншалық, ол үлкендерге қоршаған әлем туралы өзін қызықтырған сан алуан сұрақтар қоя алады.
Егер 4-5 жастағы балалар үлкендермен жан-жануарлар, машиналар, табиғат құбылыстары жайлы әңгімелессе, ал мектепке дейінгі ересек жастағы балалар өзін-өзі ұстау ережелері, өзі және ата-аналары жайлы әңгімелескісі келеді.
Бес-алты жастағы бала мектеп жасына дейінгі балалардың (бұл әсіресе балабақшаға баратын балаларға тән) құрдастарына бағытталған барлық құбылыстарының «ошағы» болып табылады. Өзінің тартымдылығымен құрдастары үлкендерді басып озып бала өмірінде ерекше орынға ие болады. Қарым-қатынастың негізгі мазмұны — іскерлік ынтымақтастығы мен біріккен ойын әрекеті арқылы ашылады. Балалардың қарым-қатынасы әсіресе, сабақ және ойын әрекеті үстінде айқын көрінеді. Бала құрдастарының әрекетіне сынай қарап, іштей қызғанады, оларды өзінше бағалайды және үлкендердің бағалауын өзіндік әсермен қабылдайды. Кейбір жағдайда құрдасының сәтсіздіктеріне онымен бірге қамығады. Бірақ мұндай қатынас тұрақты бола бермейді. Ол өз мүмкіншіліктері мен жетістігіне мақтанып, өзін басқадан биік ұстайды, өзгені қызғанады, оны өзіне бәсекелес санайды. Қарым-қатынасында жиі жанжалдасып қалу сипат алады. Ызақорлық пен қымсыну сезімінің пайда болуы әсерінен қарым-қатынас шиеленісе түседі. Әрдайым өзінің артықшылығын дәлелдеу мақсатында басқа балаларды өзімен салыстырып отырады. Қарым-қатынаста үлкендердің де, құрдастарының да оның пікірімен санасқанын, өзіне сыйластықпен қарағанын қалайды. Сонымен қатар, өзара қарым-қатынасында түсініспеушілік пен жанжалдарды болдырмаудың жолын табуды меңгеру арқылы баланың қатынас құзіреттілігі қалыптасады.
5-6 жаста сюжеттік-рөлдік ойындар ойнату арқылы тәрбиелеу мен оқыту одан әрі жетіле түседі. Балалар сомдауы арқылы жасалған адамдар арасындағы қарым-қатынас ойынның негізгі мазмұнын құрайды. Балалар 3-4 адамнан құралған тұрақты ойын бірлестігін құрады. Рөлдік ойындарда бала сомдап тұрған кейіпкерінің атынан басқа кейіпкерлермен сөйлеседі. Осылайша баланың мазмұнды сөйлеу тілі қалыптасады, рөлдік қарым-қатынастардың мәні ашылады. Қойылымда көрсетілетін әрекеттер ықшамдалып, баланы жалықтырмайтындай қысқа, рет-ретімен, орынды қойылып, сюжеттің мазмұны ашылатындай болуы керек.
Осы кезеңде баланың жаңа дағдылары мен білімдері, қалыптасқан тәртіп ережелері мен психикалық үдерістері, қиялы, қарым-қатынас жасау дағдылары мектепке дейінгі жастағы жетекші іс-әрекет — сюжеттік рөлдік ойындар арқылы қалыптасып, дамиды. Басқа әрекет үстіндегі баланың мінез-құлқы бұл әрекет кезінде мүлдем басқаша болады. Қойылым кезінде бала өз-өзін тез жинап, өзін байсалды ұстайды, сюжеттің мазмұнын есінде тез сақтап қалады. Ойын үстінде басқалардың пікірімен санаса отырып, өз талаптарын да орындата алады. Осылайша түсініспеушіліктерді шешіп, бірлесіп жұмыс жасайды. Басқаша айтқанда, қарым-қатынас іскерлігіне үйренеді.
Осы кезеңдегі маңызды құрылымдардың бірі — өзін-өзі ұстау ережелері болып табылады. Бала бұрын өзінің эмоцианалдық көңіл күйін кез келген ортада еркін көрсетсе, енді өзінің іс-әрекетінде тәртіп нормалары мен қағидаларын сақтайды. Дегенмен де, бұл кезеңде өзін-өзі ұстай білу дағдысы енді қалыптасу сатысында болады. Алғаш рет өзін қалай ұстау керек деген сұрақ туады. Бала санасында өз әрекетін реттеп отыратын өзін-өзі ұстау тәртібінің үлгісі құрылады. Сол үлгі арқылы бала өз әрекетін реттеп отырады. Өз мүмкіншіліктерін, нені істей алатындығы мен істей алмайтындығын сезеді, өзгелермен қарым-қатынаста өз орнын біледі, өз әрекетін ғана емес, ішкі жан күйінің тербелістерін (қуаныш, реніш, қобалжу, толқу, т.б.) де сезінеді, үлкендердің талаптарын түсініп, өз пікіріне сай келсе саналы түрде орындай алады. Психологтердің пайымдауынша, бес жастан кейін олармен «келісуге», тапсырмалар беруге, жаңа іспен қызықтыруға болады.
Дәл осы кезеңде өзін-өзі ұстау еркіндігі — бала психикасының дамуы мен жан дүниесінің қалыптасуының көзі болып табылады. Бала нені қаласа, соған жетуге тырысады. Оның өзін-өзі ұстауы айналасындағы жағдайға байланысты емес, өз шешіміне қарай болады. Осы құбылыстар бала дамуының бар саласында көрініс табады және бекітіледі.
Дүниетанымдық түсініктері. 5-6 жастағы балалар қоршаған әлем мен өзі туралы тұрмыстық түсініктерді біледі. Тұрмыстық түсініктер бұл күнделікті сөйлеу тілімен байланысты ұғымдар. Осыған орай мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың түрлі дүниетанымдық мәселелер туралы өзіндік түсініктері бар. Жағдайдан тыс-тұлғалық қарым-қатынас пен сюжеттік-рөлдік ойындардың нәтижесінде баланың үлкендердің өзара қарым-қатынасы мен әлеуметтік жағдайы туралы түсініктері қарқынды дамиды. Сөздік-қисынды ойлау қабілеттерінің дамуы кейбір түсініктердің нақты-бейнелі мазмұнының абстрактілі, ерікті салыстырмалы түрін жасайды. Өзін ерекше бағалап, өзінің «мен»-ін жақындарынан да, достарынан да оқшау қояды.
Бұл кезеңде бала жаны тез жараланғыш келеді. Сонымен қатар көптеген балаларда ашуланшақтық, ұялшақтық, ызақорлық, өзін-өзі көрсетуге құмарлық сияқты қасиеттер пайда болады. Үлкендер бұл өзгерістерді дер кезінде байқап, тиісті шаралар қолданбаса, ол бала бойында өмір бойы сақталып қалуы мүмкін.
Баланың ойлау қабілеті. Ішкі психологиялық өмірі мен өзін-өзі реттеуінің қалыптасуы – танымдық салада бірқатар жаңа құрылымдардың пайда болуымен байланысты. Ең алдымен, бала ортақ түсініктер бойынша әрекет ету қабілетін меңгереді, оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарлық қарым-қатынасын құра алады.
Бұл кезеңде баланың қоршаған әлемді түсінуге талпынысы артады және әлем туралы алғашқы түсінігінің кескіні пайда болады. Алайда, бұл қисынды түсінік емес, небары көрнекі-бейнелі ойлау ғана.
Көрнекі-бейнелік ойлау — ойлау қабілетінің кең тараған түрі. Ол тікелей затқа емес, сол заттың бейнесі мен баланың зат туралы түсінігіне бағытталған. Ойлау қабілетінің бұл түрінің маңызды шарттарының бірі — ойын. Ойын арқылы балада бір затты екінші заттан айыра білу дағдысы қалыптасады. Жаңа бейне жасау мүмкіншілігі туады. Бұл мақсатты осы кезеңнің маңызды құрылымдарының бірі — елестету арқылы іске асырады.
5-6 жаста сөздік-қисынды ойлау қабілетінің күрт дамуы байқалады. Сол арқылы балада көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты түсіну қабілеті қалыптасады. Осылайша, өзі қолымен ұстап, көруге болмайтын заттар мен құбылыстардың байланысын бақылауына, түсінуіне мүмкіншілік береді. Нақты бейнелі ойлауға бағытталған түсініктен, қисынды шешім шығарып, оны сөз арқылы бейнелеуді меңгереді, оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарлық қатынасын белгілей алады.
Ең бастысы, бұл кезеңде бала психикасы қалыптасу мен даму үстінде екендігін естен шығармауымыз керек.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген