Денен шынықтыру.Тақырыбы: "Қозғалыс -денсаулық кепілі".

Тақырып бойынша 12 материал табылды

Денен шынықтыру.Тақырыбы: "Қозғалыс -денсаулық кепілі".

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Қозғалыс арқылы денсаулықты нығайту,төзімділік пен икемділікті, тепе-теңдікті сақтауды дамыту.Қос аяқпен секіру арқылы үйлесімділікті жетілдіру. 20 см биіктіктен секіруді дұрыс орындау арқылы аяқ бұлшықеттерінің күшін арттыру.Жаттығулар арқылы дене белсенділігіне қызығушылықты қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

54 «Айгүл»бөбекжай-бақшасы





Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет:

«Денсаулық сақтау технологиясы арқылы мектепке дейінгі ұйымның оқу-процесінде салауатты өмір салтын қалыптастыру»

атты №3 педогогикалық кеңесіне арналған

ашық ұйымдастырылған іс-әрекет


Тақырыбы: «Қозғалыс-денсаулық кепілі».




















Дайындаған: Ересек топ тәрбиешісі:Туралиева Г.Д











Атырау 2024-2025 жыл



Мақсаты:

Қозғалыс арқылы денсаулықты нығайту,төзімділік пен икемділікті, тепе-теңдікті сақтауды дамыту.Қос аяқпен секіру арқылы үйлесімділікті жетілдіру.

20 см биіктіктен секіруді дұрыс орындау арқылы аяқ бұлшықеттерінің күшін арттыру.Жаттығулар арқылы дене белсенділігіне қызығушылықты қалыптастыру.

Әдіс-тәсілі:көрсету,түсіндіру

Керекті құралдар:Гантель бала санына. Гимнастикалық скамейка, денсаулық кілемшесі. 20 см биіктік.Үлкен 1 шт доп.

Саппен жүру.Амандасады

Кіріспе:

I бөлім.

Сапта бірінің артынан бірі жүру,қолды белге ұстап аяқтың ұшы,қолды жоғары көтеріп өкшемен жүру.

Қол жанда,аяқтың сыртқы қырымен жүреміз. Қолды белге оң бағытқа және сол бағытқа айналып жүреміз.Қолды желкеге ұстап жүру.Тізені бүгіп,қолды тізеге қойып,жартылай отырып жүру.Саппен жүреміз.

Шашырап жүру,жүгіру. «Сапта өз орныңды тап!».


II бөлім.Гантельдермен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.

Үш тізбекке бөлінеміз.

1.Б.қ.:аяқ сәл алшақ,иық деңгейінде гантельді ұстап,алға,жоғарға,екі жаққа,төмен түсіру. 5-6 рет.

2.Б.қ.:аяқ сәл алшақ, иық деңгейінде гантельді ұстап,қолды алға-артқа сермеу.5-6 рет

3.Б.қ.: аяқ сәл алшақ, иық деңгейінде гантельді ұстап,екі қолды иыққа қойып алға айналдыру.5-6 рет. Гантельді ұстап,екі қолды иыққа қойып артқа айналдыру.5-6 рет.

4.Б.қ.: Гантельді ұстап,шалқасынан жатып,қолды созу және осы қалыпта етпетінен бұрылып жату.

Етпетінен жатқан қалыпта иықтарын,басын,қолдарын алға созып көтеру. 5-6 рет.

5.Б.қ.: аяқ сәл алшақ, иық деңгейінде гантельді ұстап,тізені бүкпей ,иіліп екі қолды аяққа тигізу.5-6 рет.

6.Жүреміз.Дем шығару жаттығуы


Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары.

Гимнастикалық скамейканың үстінен тепе-теңдікті сақтап,қолды екі жаққа созып жүру,алға ұмтылып қос аяқпен секіру. Денсаулық кілемшесінен оңға,солға секіріп өту.

20 см көтерілген биіктікте екі қолды белге қойып,қос аяқпен секіру.




Қимылдық ойын: «Доптан қаш»

Мақсаты:Балалардың және қимыл-қозғалыс жылдамдығын,шапшаңдығын ептілігін дамыту.Ойын арқылы баланың дене белсенділігін арттыру.

Ойын барысы:Тәрбиеші допты кезек-кезек балаларға қарай лақтырады.Балалар доптан қашады.Егер доп бір балаға тиген болса,ол бала ойыннан шығып,шетке шығу керек.Қалған балалармен ойын жалғаса береді.Тәрбиеші допты барлық балаға тигізуге тырысады

Аз қимылды ойын: «Тыныш қимылда»

Мақсаты:Балалардың зейінін шоғырландыру,қозғалыс дәлдігін дамыту.Денені тыныш күйде ұстап,қимылдарды баяу орындауға үйрету.

Жүру барысы:Балалар шеңбер бойымен тұрады.Тәрбиеші балаларға баяу қимыл тапсырмалар береді.

«Екі қолды жоғары көтеріңдер және тыныш қалпында баяу төмен түсіріңдер».

«Оң аяқпен алға бір қадам жаса да,артқа қайт».

«Қолдарыңды алға созып,жайлап айналыңдар».Қателескен немесе қимылды тездеткен бала ойыннан шығып,бақылаушы болады.


Релаксация

«Жұлдызшалар»жаттығуы

Балалар шалқасынан жатады,қолдары мен аяқтарын екі жаққа жайып,жұлдыз сияқты пішін жасап,денелерін бос ұстайды.Тәрбиеші: «Сендер аспандағы жұлдыздар сияқты жарқырап тұрсыңдар.Жел жоқ,тыныштық.Жұлдыздар баяу жанып,қайта өшеді.»

Балалар баяу терең тыныс алып,дем шығаруға назар аударады.

III бөлім.

Қорытынды:



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2025
138
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі