400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Балабақша - мейірімділік пен сүйіспеншілік ордасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Балабақша - мейірімділік пен сүйіспеншілік ордасы"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Нурсаланова Назгуль Абдрахмановна

Алматы қаласы

Алатау ауданы

ЖШС "Нұр-Раян-1" балабақшасының тәрбиешісі


«Балабақша- мейірімділік пен сүйіспеншілік ордасы»


Сабақтың мақсаты: Балабақша жайында түсінікті кеңейту, балабақшаға деген құрмет пен махаббат сезімдерін тәрбиелеу; Ұжымдық қарым- қатынас дағдыларын, құрдастарымен достық қатынас жасауды қалыптастыру.

Әдістер: сұхбат, әңгімелесу, ойын, ұжымдық жұмыс, өлең.

Құрал- жабдықтар: «Балабақша» суреті, балалардың фотосуреттері, балабақша туралы бейне көріністер;

Шаттық шеңбері

Қол алысып, кәне біз,

Достасайық бәріміз

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!


Тәрбиеші: Балалар, сендер кездескенде бірге ойнап жүргенде бір-біріңе қарап күлімсірейсіңдер?

Оның себебі не?

Балалар: Себебі бір- бірімізді көргенде қуанамыз, ризамыз, сағынамыз, бір- бірімізбен доспыз, жылы лебіздер, тілектер сыйлаймыз.

Балалар: Себебі біз кездескенде шаттанамыз, жақсы көңіл күйімізді бөлісеміз, сүйіспеншілік сыйлаймыз, мейірім білдіреміз, ықылас көрсетеміз, түсіністікке, татулыққа шақырамыз.

Тәрбиеші: Сендерді тағы не қуантуы мүмкін? Қай кезде қуанышқа бөлінесіңдер?

Балалар:

  • Анам маған жаңа ойыншық алып берсе

  • Мадақтағанда

  • Анамның көңілді жүзі, күлімдеген көзі

  • Отбасына деген махаббатымыз

  • Компьютермен ойнағанда

  • Балабақшаға керемет, әдемі машинамен келгенде

  • Балбақшаға келгеніме қуанамын , себебі онда мені тәтелер, достарым қарсы алады

  • Сабақ оқыған ұнайды, онда біз білімге, оқуға, жазуға үйренеміз

Балалар: - Анам маған күлімсіреп қараса

  • Әкем мені еркелетсе

  • Атама, әжеме қонаққа барсам

  • Достарыммен демалыс паркіне бірге барсам

  • Қызықты мультфильм көргенде

Тәрбиеші: Балабақшаның фотосуретін қояды.

Балалар: Бұл біздің «Арман»балабақшамыз .

Тәрбиеші : Балабақша несімен ұнайды?

Балалар:

  • балабақша- онда көп достар, балалар бар.

  • балабақшада уақытында тамақ ішеміз, тәтті де, дәмді сусындар бар.

  • Балабақша- біздің екінші үйіміз

  • Бәрі де бар бақшада, ойын бөлме, асхана

  • Ақыл- ойға арналған ойындар көп

Балалар: балабақшада көп достар болады, олармен сырласуға, ақылдасып сөйлесуге болады.

Тәрбиеші: Қалай сендер сырласасыңдар, құпия айтасыңдар?

Балалар: Диванның үстіне жайғасып отырып аламыз да, бір-бірлерімізге сырларымызды айтамыз. Өзіміздің қуанышымыз бен бөлісеміз.

Тәрбиеші: Бейнетаспаны көрсетеді.

Балалар: Бұл біздің балабақшадағы өтіліп жатқан сабақтар.

-дене тәрбиесі сабағында денемізді шынықтырамыз, жаттығулар жасаймыз, ойын ойнаймыз.

- логопед бөлмесінде тілімізді жетілдіруге, дыбыстарды дұрыс айтуға, әдемілеп сөйлеуге жаттықтырады.

- психологпен зейінімізді, қиялымызды дамыту үшін ойындар ойнаймыз.

Тәрбиеші: Иә, дұрыс айтасыңдар. Бұл біздің балабақшамыз. Онда көп достарымыз, жолдастарымыз бар.

Тақпақ:

1 бала: Мынау мен.

Балабақша есігін

Үшке тола ашқанбыз.

Балапандай өсіріп,

Мәпелейді бақшамыз./ 3 жастағы фотосуретін іледі./

2 бала: Біздің топтың балалары

Бұл -екінші үйіміз

Бір туғанбыз бәріміз.

Біз – осы үйдің гүліміз,

Біз – осы үйдің сәніміз /топпен түскен фотосуретін іледі/

3 бала: Менің досымның аты Адия.

Бұл- құшағы тым ыстық

Мектебіміз бастапқы!

Мұнда жақын туыстық,

Мұнда тұңғыш дос таптық! / досының фотосуретін қояды/ , сосын оны құшақтайды.

Тәрбиеші : Балалар бір-бірін құшақтайды да, менің досым Алихан деп айту керек.

Енді сендермен «Достық» дәмін жасайық

Онда біз не саламыз?/айта отырып жасайды/

Тоқашты микроволновка пешіне пісіруге қояйық.

Тәрбиеші: Тоқашымыз піскенше , біз сендермен армандайық. / Музыка/ Ризамын.

1,2,3 Көздеріңді жұмыңдар

Астанаға барғанды, әдемі ойыншықпен ойнауды,

Үлкен әдемі ғимаратты балабақша болуын, балабақша айнадан, әдемі, жылтыраған болса деп армандаймын.

Тәрбиеші: Ал, суретші қандай балабақшаны суреттепті? Бұнда бір нәрсе жетіспейді? Қалай ойлайсыңдар? Әлде сендерге осылай ұнай ма?

Балалар:-мен күлімдеп шыққан күннің көзін қосар едім

  • мен –бәйтеректі қосып, оған ертедегі самұрық құсын салар едім

  • ал мына балабақшада ешкім жоқ, балаларды тұрғызар едім

  • балабақша да көп ойыншықтар, компьютер болса

Балалар жетіспегенді қосады- жапсырады.

Тәрбиеші: Балабақша қандай болды? / әдемі, әсем, көңілді, жарық/

Біздің де көңіліміз қандай болды? / қуанышты, мейірімді, жарқын жүзді/

Енді әсем , әдемі балабақша туралы өлең айтып берейік.

Өлең: Балабақша «Арманым»

Жүректен жүрекке шеңбері:

Отаным, саған ризамын,

Біздерге бақша сыйладың!

Тәрбиеші: Балалар, тоқашымызда пісіп те қалыпты, топқа барғасын, бәріміз бірігіп дәмін татып көреміз.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
831
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі