Түркістан облысы, Кентау
қаласы.
МКҚК «Дәуір» бөбекжай -
балабақашасы
Паримбетова Айсулу
Досмахамбетовна
«Балабақша - тәрбиенің
алтын бесігі».
«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» - деп қазақ халқы бекер
айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке
тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата - анасының,
тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс - тұрысынан, сөйлеген
сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Балабақша – баланың
жүйелі түрде білім – тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы.
Балабақшаның балаға беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты
болуы , сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға,
нақтырақ айтар болсақ, ұстазға байланысты.
Ұстаз – киелі мамандық. Ол ертеңгі болашақты , болашақ иесін –
ұлтын тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу , оған ғылым негіздерінен
мағлұмат беру, баланы өмір сүруге икемдеу, адами қылықтарды бойына
дарыту – ол оңай шаруа емес. Тәрбиеші – суретші, әртіс,
әдебиетші, ақылшы, дос және бала жанын бағамдар психолог.
«Тәрбиеші адам – тағалы атпен тең» деп халық даналығында
көрсеткендей тағамның беріктігінен «Дәуір» балабақшасында тәрбиеші
болып 1996 жылдан бастадым,кәзіргі таңда әдіскер қызметін
атқарудамын. «Дәуір» балабақшасында 280 бала тәрбиеленуде. Мұнда
әртүрлі ұлттың балалары тәрбиеленеді. Олардың жас шамасы үш жастан
бес жасқа дейінгі балалар. Балабақшада балалармен әртүрлі қызықты
ойындар ұйымдастырылады, коммуникативтік, шығармашылық, әлеуметтік,
денсаулық, айналамен таныстыру бағыттары бойынша оқу қызметтері
өтеді. Осы бүлдіршіндеріміз әр мерекелік іс-шараларға белсене ат
салысып өз өнерлерін көрсетуге тырысады. Балалардың ішінде әнші,
биші, бояушы, сызушы балаларды байқауға болады.
Кішкентай балалар тәрбиеші көмегімен киініп, жуынып, сүртінеді, бір
- біріне көмектеседі, «рахмет, кешір, өтінемін» сөздерін айтып
отырады. Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым -
қатынастарын қалыптастыру. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады
немқұрайлықтың пайда болуына, құрбыларына, үлкендерге қалай болса
солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.
Тұрмыстық қызметте топтағы ойыншықтарды жинау, оларды күтіп ұстау,
топты таза ұстау. Ұйымдастырылған оқу қызметіне қажет ермексаз,
тақтайша, қылқалам т. б дайындауға көмектесуі. Осылайша біз
бүлдіршіндерімізді қайырымдылыққа, кішіпейілділікке шақырып, жақын
адамдарына қамқор болуға үйретеміз.
Әрбір жасалынған істен кейін «Жарайсыңдар балалар! Тобымыз немесе
ойын алаңымыз қандай сәнді болып қалды, бәрекелді!» деген сөздерді
есту арқылы жасаған еңбектерінің дұрыс екеніне көз жеткізеді. Ұжым
болып жұмыс жасай білуі, ұқыптылық, ізденімпаздық, аяушылық,
қамқорлық, сезімдерін бойына сіңіруі аса
маңызды.
2018 – 2019 оқу жылының жылдық
жоспарына сәйкес балабақшада ашық ұйымдастырылған оқу
қызметтері,қалалық семинар,озық педагогикалық тәжірибемен алмасу
мақсатында семинар – практикум,тәрбиешілер арасында балабақшада
жүргізілетін технологиялар бойынша байқау
өткізілді.
Қалалық білім бөлімінің
әдіскері Мақұлбекова Айгул Амангелдіқызының тапсырмасы бойынша
балабақшада «Өзін – өзі тану – өмірді тану» тақырыбында қалалық
тәжірибе алмасу семинары өткізілді.
Семинардың
мақсаты: 1.Балаларды
рухани-адамгершілік құндылықтарға баулу;
2. «Өзін-өзі тану» пәнінің
құндылықтарын өмірде дұрыс қолдана білуге
үйрету;
3. Жас мамандарға әдістемелік
көмек беру, кәсіби қолдау көрсету;
4. «Өзін – өзі тану» пәнінің
мәртебесін көтеру.
«Дәуір» бөбекжай –
балабақшасының педагог – психологы Жақсыбай Жамиля - «Нұрға бөлену»
тренингін қалалық семинарға қатысушылармен өткізді. Семинарға
қатысушылар өте жақсы көңіл – күймен нұрға бөленіп және жақсы
сезімде болды.
«Буратино» ересек топ
тәрбиешісі Таджибаева Дилфуза Тахировна
«Путешествие в страну Самопознания! Страна
Доброты!»
тақырыбында, «Қызғалдақ»
ересек топ тәрбиешісі Сырбекова Оразкул Жексенбиевна
«Мейірімділікке толы жүрек», «Ласточка» ересек топ тәрбиешісі
Утемисова Алия Тулегеновна «Мой любимый детский сад» тақырыптарында
ашық ұйымдастырылған оқу қызметтерін өте жоғары деңгейде
көрсетті.
Қараша айынша «Заманауи
тәрбиеші» тақырыбында тәрбиешілер арасында байқау
өткізілді.
Байқаудың мақсаты – жас
мамандарды қызметке бейімдей отырып,кәсіби біліктіліктерін арттыру,
шығармашылық қабілеттерін жетілдіру,ұжымда ауызбіршілікті нығайтуға
бағытталған. Байқау екі кезеңнен
өткізілді.
Абай атамыз айтқандай –
«Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады!» дегендей,ең алдымен
жақсы ұстаз бола білу керек.