400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Балабақша- балалардың екінші үйі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы ата-ананың ризалығын алған қандай жақсы .... тәрбиешілерге де соны тілеймін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балабақша екінші үйлері



Үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы- ол балабақша. Қазақ халқы қай уақытта болмасын ұрпақ тәрбиесін- ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген.

Науалы ауылындағы «Балбөбек» балабақшасының ұжымына және топ тәрбиешілеріне үлкен рахметімізді айта кеткіміз келіп отыр. Тәрбиешілер тиімді әдіс-тәсілдерді қарастырып оны тәжірибе жүзінде қолданып, іске асырып балаларымызға жан-жақты өздерінің білімімен сусындатып жақсы тәрбие беруде.

1 маусым балалар күніне арнап, балаларға сыйлық ретінде өз күштерін салып, ата-аналарды қатыстыра отырып әдемі ойын алаңдарын жасады. Ойын алаңын жасауда әр топтың өздерінің ерекшеліктері байқалады. Оның ішінде атап айтсақ,кіре бергенде ең көзге түсетін ересектер «Балдырған » тобы тәрбиешілері Сейсембинова Нұрбала, Қалиева Эльмира, Өсербаева Лаура, Рузиева Ғалия және тәрбиеші көмекшісі Икласова Қаныша жасаған балаларымыздың денсаулығына керекті табан жаттығуына қажетті (шөппен, құммен, таспен, сумен)жаздық сауықтыру шараларына арналған бұрыш, одан кейін африка жануарлары, көл айдынында қалықтаған киелі құсымыз қос аққу, табиғат аясында демалуға арналған дастархан, балаларды дәлдікке үйрететін тақта осының бәрін тәрбиешілердің іскерлігі мен тапқырлығының арқасы. «Балапан» тобының тәрбиешілері Сағатпекова Жанылхан, Ашимбаева Назира, Салқымбаева Назигүл, тәрбиеші көмекшісі Азизова Гүлмира «Ертегілер әлемі тақырыбын ашса, ал « Жауқазын» тобының тәрбиешілері Райымжанова Гүлайым, Құрмашева Құралай,Дангылбаева Алия, Бекбосынова Асия, тәрбиеші көмекшісі Абылханова Нұргүл «Көліктер әлемін» керемет ойластырып жасаған.

Барлықтарыңыздың дендеріңізге саулық,отбасыларыңызға амандық тілеп , осындай игі істер жалғаса берсін деп, рахметімізді айтамыз.



Науалы ауылының тұрғыны Б. Мындыбаева,А. Ахметкаримова және балабақша ата-аналары.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.03.2019
429
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі