Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Балабақша – болашақ білімді ұрпақтың кепілі

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге материал
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қарақия аудандық білім

беру бөлімінің мектепке

дейінгі тәрбие мен

оқыту орталығы







Қарақия ауданы әкімдігінің «Құлыншақ» балабақшасы

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны






Аудандақ мектепке дейінгі ұйым педагогтары арасында «Балабақша – болашақ білімді ұрпақтың кепілі» педагогикалық оқу


Баяндама

Тақырыбы: «Балабақша – болашақ білімді ұрпақтың кепілі»







Дайындаған: Қаржаубаева Маржан Бактыгалиевна












Құрық ауылы


Жоспар:



І. Кіріспе бөлім.

1. Қазақ халқының ерте заманда жасаған мұрасының бірі халық ауыз әдебиеті.


ІІ. Негізгі бөлім.

1. Ауыз әдебиеттінің үлгілерін үйрету.

2. ТРИЗ технологиясының дамуы

3. Балалардың тілін ТРИЗ технологиясының әдісін

қолдана отырып дамыту.



ІІІ. Қорытынды бөлім.


IV. Пайдаланылған әдебиеттер



























«Халық ауыз әдебиетін білмейінше,

еңбекші халықтың нағыз тарихын

білу мүмкін емес». М.Горький.

Кіріспе

Триз технологиясының мақсаты: баланың тілін дамыту, шығармашылық қиялын дамыту болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда негізгі мақсат қарастырылған.

1.Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту. Айналадағы дүниені табиғатты бақылау, таныту арқылы сөз қорын жаңа сөздермен байыту, баланың ауызша сөйлеген сөздерін тыңдап, өзіне қойылған сұраққа жауап беруге үйрету: Заттың атын (ойыншық, гүл, жапырақ т.б) заттың сынын, сапасын, түр түсін , пішінін білдіретін сөздерді меңгерту. Заттың іс -әрекетін білдіретін (жүрді,жүгірді,келді,келеді,епті т.б) сөздерді әрі қарай меңгерту. Үстеу сөздерді (қасында, үстінде, осында, жоғарыда, төменде) қосып айтуға үйрету.

2 Сөз дыбыстарын дұрыс айту. Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем шығара білуге үйрете отырып, дауыссыз қатаң, ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс, анық айтуға үйрету, 3 4 сөзден тұратын сөйлем құрату.

3. Байланыстырып сөйлеуін дамыту. Күнделікті сабақта естіген, білгенін, ойын, серуен кезінде көрген түйгенін , сурет және оқылған ертегілер мазмұнын ұнатқан ойыншықтары жайында ауызша сұрақ қоя отырып, әңгімелей отырып, қысқа ертегілердің кейіптендіре білуге үйрету.

Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының ерте заманда жасаған мұрасының бірі халық ауыз әдебиеті. Жазу-сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсіюі, қуанышы мен күйініші. Дүниетанудағы көзқарасы жайында неше түрлі өлең-жырлар, ертегі-әңгімелер, мақал-мәтелдер, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі күйінде тудырған. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады.

Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді.

Қазақ ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз.

Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын – бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі.

Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады.

Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлар жыры, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы – мақал-мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ жаңылтпаштар – бәрі де балалар бақшасында кең пайдаланылатын дүниелер.

Қазақ халқының тұрмыс-салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі – ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан – ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді.

Халық ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілер де адам баласының еңбекке, тұрмыс-тіршілік жағдайына байланысты туған.

Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатынын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған.

Қазақ ауыз әдебиеті нұсқалары жас бөбектердің ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке,тапқырлыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.


Негізгі бөлім

Балабақшамызда тәрбиеленушілерге ауыз әдебиеттінің үлгілерін үйретуге баса назар аудардық. Онда ертегілер оқу, әңгіме мазмұнын жүйелі байланыстырып, әңгімелеуге үйрету, ертегі-әңгімеде кездескен кейіпкерлердің іс-әрекетіне сай образды сөздер мен диологтарды, кейбір өлең шумақтарын бұлжытпай жатқа айта білу, екі адамның диалогында кездесетін сұрақ, талап-тілектерді білдіретін сөздерге дауыс екпінін дұрыс қою, мәнерлі айта білуге тәрбиелеу талап етілді.

Сәбилердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиеті үлгілері – ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, халық ойындары арқылы жүзеге асырылуда.

Ауыз әдебиетінің асыл үлгілеріндегі өзекті идея өз ұрпақтарын Отанын, елін, жерін жаудан қорғауға, бостандықты, азаттық үшін күресе білуге, париотизмге баулу болды. Халық тәрбиесін құндақта жатқан күннен бастап, ат жалын тартып азамат болғанға дейін естіп өскен есті ұрпақ бабалар өсиетін ғасырлар бойы мүлтіксіз іске асыратын болады.


ТРИЗ технологиясының дамуы

1946 жылы Г.С Альтшуллер шығармашылық әдіснама бойынша жұмысын бастады. ТРИЗ атауы кейінірек 70 ж пайда болады. ТРИЗ технологиясын Г.С.Альтшулер ойлап тапқан. Шығармашылық тапсырмаларды орындау теориясы адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың жаңа әдістемесі үшін негіз болып табылады. Шығармашылық мүмкіндіктердің көріне бастауынығ себебі- балалық кездегі елестету деңгейінің жоғарлығымен , балалардың ойлауын танымдық бағытынығ дамуымен түсіндіріледі.

Мектепке дейінгі балалық шаққа бейімделген ТРИЗ технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауды үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттілікті дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып, шығармашылыққа жүйелі түрде жетелеуге мүмкіндік береді.

ТРИЗ және оның принциптері тек техникалық қана емес, сонымен қатар басқа да шығармашыл ық тапсырмаларды шешуге қолайлы.

ТРИЗ күшті ойлаудың жалпы теориясына жетудің жолындағы бір кезең.Күшті талантты ойлау-бұл ең алдымен жүйелі ойлау: жүйенің өзі-осы шақ, үстілік жүйе- келер шақ, астылық жүйе - өткен шақ.

Халық ауыз әдебиеті арқылы балалардың тілін ТРИЗ технологиясының әдісін қолдана отырып дамыту.


Балабақшадағы балаға берілетін бүгінгі тәрбиенің ең өзек алатын жері – ол ата-бабадан қалған асыл мұра. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеп, тілдерін дамыту мақсатында халық ауыз әдебиетінің асыл-мұралары – жұмбақтар, ғажайып ертегілер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, тәрбие әліппесі, аңыз әңгімелер, жырларды қолданудың маңызы зор тиімді тәсіл екені белгілі.

Мен баланың тілін дамытуда ауыз әдебиетінің жұмбақ түріне негізделіп жүргізген өзімнің жұмыс тәжірибем туралы сіздермен бөліскім келеді. Жұмбақтар тіл мәдениетін тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Жұмбақтар баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа, баулып, ой-қиялын ұштастыра көр әсер етеді. Жұмбақ баланың ойлау қабілетін дамытады.

Тәжірибемде жұмбақтарды балаға үйрету барысында «ТРИЗ» технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдандым. Осы технологияның жұмбақпен жұмысты үш әдіс арқылы айтып кетейін.


DrawObject4 DrawObject2 DrawObject3 DrawObject1

DrawObject6 DrawObject5

DrawObject7

DrawObject8

DrawObject9

DrawObject12 DrawObject10 DrawObject11

DrawObject13






Осы әдістерді


қолдана отырып түрлі жүйеде жұмбақтар шешіліп шығарылады.

Жүйелілік жақындау әдісінің құндылығы:

1. Тақырып таңдап алынады. 2. Ойдың жалпыдан жекеге, дербеске ауысуы.

3. Объектінің әр түрлі қасиеттері мен белгілерін айқындау арқылы абстракты- жалпыдан дербеске ауысуы. Мысалы өсімдіктерге байланысты жұмбақтар алатын болсақ,

тақырып тандалып алынады Мысалы: Ағаш

Жаз

Күз

Қыс

Көктем

Жасыл

Сары

Суарады су қажет етеді


Жазда жап- жасыл, күзде сап-сары деп айтамыз. Жазда жапырақпен, қыста жалаңаш. Көктемде бүршік жарады, күзде түсіп қалады. Бұнда біз жүйелеп көрсетіп тұрмыз. Бала өз ойын ұшқырлап шығара алады.

Топтастыру әдісінің құндылығы:

1.Тақырып алу.

2.Тақырыпты ести отыра бір ойға келу.

3.Айтылған зат немесе құбылыспен байланысты сөздерді қасиеттерді атау.

4. Тақырыпқа байланысты сөздер топтасады.

5. Келесі кезең айтылған топтастыру әдісіне негізделіп жұмбақ шығарылады.

Тақырып тандап алынады Мысалы: Ағаш


Ағаш

Бүршік

Гүл

Жеміс

Тамыр

Жапырақ


Ағаш өміріне байланысты болып топтасады

Мысалы: Бүршік жапырақ жаяды, гүлімен жеміс береді, тамырымен қоректенеді, биік болып өседі. Бұл не? (Ағаш)

Миға шабуыл әдісінің құндылығы:

  1. Тақырып таңдап алынады.

  2. Бір затты алып сипаттау

  3. Айтылған заттың ерекшелігін әрі қарай жалғастыру.

МDrawObject14 ысалы: алма

DrawObject16 DrawObject15

DrawObject22 DrawObject21 DrawObject19 DrawObject23 DrawObject24 DrawObject20 DrawObject18 DrawObject17



DrawObject25


DrawObject26






Мысалы: Өзі дөңгелек, қызыл, тәтті, түсі әр-түрлі ағашта өседі тағы басқа сипаттау.

Бала тілін дамытуға халық ауыз әдебиетін орынды, жүйелі пайдалана білген әрбір тәрбиеші баланың санасын арттыра отарып, түсінігін кеңейтіп ұғымын байытады. Сонымен қатар баланың ойлау белсенділігі артады, өз бетімен жұмыс түрі дамиды, сөз топтарын меңгереді, өз ойын еркін жеткізе алады.


Қорытынды


Жалпы мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ой-өрісін, санасына туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялатып, қиялдарын қанаттандыру, ұлттық рухты бойларына сіңіру, ана тілі мен Отанына, тарихы мен мәдениетіне деген сезімдерін қалыптастыруда қазақ халқының ауыз әдебиетінің орны ерекше. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың ауыз әдебиеті – мектепке дейінгі жастағы балалардың ой өрістерін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға тигізетін пайдасы ұшан-теңіз…

Халық ауыз әдебиеті – халық шежіресі. М.Горький «Халық ауыз әдебиетін білмейінше, еңбекші халықтың нағыз тарихын білу мүмкін емес» деген. Ауыз әдебиеті де, жазба әдебиеті де көркем туынды.

Сәбилердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиет үлгілері – ертегілер, жұмбақ, жаңылтпаштардың, халық ойындарының тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Әрине, ауыз әдебиеті үлгілерімен балаларды таныстыру үшін алдымен оқытылатын материалдың көлемін, мазмұнын анықтап алу керек. Материал мәтіннің мазмұны балаларды қызықтыратындай, жалықтырып жібермейтіндей шағын болу керек.

Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекет өткір сықақ-мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып жақсылыққа құмартады. Ертегінің әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала санасына лайықтай жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне тікелей байланысты.

Бақшада ертегі оқу сабақта және сабақтан тыс уақыттарда өтіледі. Оқу жұмысы баланың жас ерекшелігіне орай жоспарланады. Сәбилер тобында ауызша әңгімелеп беру тәсілі қолданылады.

Сәбилер тобында оқығанды тыңдату және әңгімелеп беру қатар жүргізіледі. Мұндай мақсат – ертегіні ауызекі әңгімелеуге төсілдіре отырып оқылғанды шыдамдылықпен тыңдай білуге үйрету.

Өз тәжірибемде тәрбишілерге ТРИЗ технологиясын ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттеріне үнемі пайдалануды ұсындым. Нәтижесінде балалардың тілі, ой-өрісін, санасына туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялатып, қиялдарын қанаттандыру, ұлттық рухты бойларына сіңіру,айтарлықтай дамыды.


DrawObject27



















Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Сөйлеп үйренемін (тәрбиешілерге арналған әдістемелік құрал). – Алматы «Просвещение-Қазақстан», 2008.


2. «Ана тілім - айбыным» хрестоматия. – Алматы «Просвещение-Қазақстан», 2009.


3. Организация театрализованной деятельности в детском саду: Учебно-методическое пособие Автор: Мигунова Е.В.

Издательство: Великий Новгород: НовГУ им. Ярослава Мудрого

Год выпуска: 2006


4. «Отбасы және балабақша»


5. «Дошкольное воспитание»


6.Қазақ ұлттық энциклопедиясы


7.Ғабдуллин М., Қазақ халқының ауыз әдебиеті, А., 1972


























9


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.02.2019
533
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12