400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Балабақша бал күнім

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балабақша бал күнім
«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» - деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата - анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс - тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Балабақша – баланың жүйелі түрде білім – тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Балабақшаның балаға беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы , сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, ұстазға байланысты. 
Ұстаз – киелі мамандық. Ол ертеңгі болашақты , болашақ иесін – ұлтын тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу , оған ғылым негіздерінен мағлұмат беру, баланы өмір сүруге икемдеу, адами қылықтарды бойына дарыту – ол оңай шаруа емес. 
Тәрбиеші – суретші, әртіс, әдебиетші, ақылшы, дос және бала жанын бағамдар психолог.
Балабақшада балалармен әртүрлі қызықты ойындар ұйымдастырылады, коммуникативтік, шығармашылық, социум, денсаулық, айналамен таныстыру бағыттары бойынша сабақтар өтеді. Осы бүлдіршіндеріміз әр мерекелік іс-шараларға белсене ат салысып өз өнерлерін көрсетуге тырысады. Балалардың ішінде әнші, биші, бояушы, сызушы балаларды байқауға болады. 
Кішкентай балалар тәрбиеші көмегімен киініп, жуынып, сүртінеді, бір - біріне көмектеседі, «рахмет, кешір, өтінемін» сөздерін айтып отырады. Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым - қатынастарын қалыптастыру. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады немқұрайлықтың пайда болуына, құрбыларына, үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.
Тұрмыстық қызметте топтағы ойыншықтарды жинау, оларды күтіп ұстау, топты таза ұстау. Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіне қажет ермексаз, тақтайша, қылқалам т. б дайындауға көмектесуі. Осылайша біз бүлдіршіндерімізді қайырымдылыққа, кішіпейілділікке шақырып, жақын адамдарына қамқор болуға үйретеміз.

Бейбіт елдің ұланы,
Оттай лаулап жанамыз.
Бұл бақыттың ұраны,
Біз бақытты баламыз.
Айтқан тілді аламыз.
Үлкендерді сыйлаймыз,
Тентек бала болмаймыз.
Таңда ерте тұрамыз,
Беті қолды жуамыз.
Кір-қоңдарды қуамыз
Біз ұқыпты боламыз.
Кесте тоқып, сурет салып
Біз шебер де боламыз.
Тақпақ жаттап, ән айтып,
Біз өнерпаз боламыз.
Біз осындай боламыз!
Біз бақытты баламыз
Әрбір жасалынған істен кейін «Жарайсыңдар балалар! Тобымыз немесе ойын алаңымыз қандай сәнді болып қалды, бәрекелді!» деген сөздерді есту арқылы жасаған еңбектерінің дұрыс екеніне көз жеткізеді. Ұжым болып жұмыс жасай білуі, ұқыптылық, ізденімпаздық, аяушылық, қамқорлық, сезімдерін бойына сіңіруі аса маңызды.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
509
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі