Жарболова
Құралай Сагатбековна
«Алтын
бесік» жекеменшік бөбекжай балабақшасы
Сарқан
ауданы, Қойлық ауылы
«Балабақша
- бақыт баспалдағы»
«Болашақ
ұрпағымызды тәрбиелегенде,
оларға
жастайынан жақсы қасиеттерді сіңіре
білсек,
сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған,
Отанның
гүлденуіне өз үлесін қоса алатын
азамат
өсіре аламыз»
Н.Ә.Назарбаев
Қазіргі
таңда үздіксіз білім беру еліміздің
ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың
білімінің тереңдігімен өлшенеді.
Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ –
ұлтымыздың баға жетпес қазынасы.
Білім
беру балабақша табалдырығынан
басталады десек ешқашан қателеспейміз.
Барлық білімнің бастауы – балабақшада.
Мектепке дейінгі мекемелерде
тәрбие мен білім саласында заманауи
педагогикалық технологиялар
қаншалықты маңызды болса, мектеп
жасына дейінгі балаларды оқыту мен
тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар
ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымның
біріне айналды. Ендеше мектепке
дейінгі білім беру саласының басты
міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты
оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи
әдістерін енгізу. Әрине бұл
үшін мектепке дейінгі білім беру
мекемелерінде балалардың жеке басының
қалыптасуы мен дамуына педагогтардың
заманауи инновациялық технологияларды
қолдана білу сауаттылығына да байланысты.
Тәрбие мен білім – егіз. Мектеп жасына
дейінгі балаларды дамыту мәселесі
мемлекеттік саясаттың ажырамас
бөлігі болып отыр. Егемен еліміздің
талабына сай мектепке дейінгі тәрбие
мен білім беру, қазіргі заманға сай
білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу
– білімді, жан-жақты тәрбиешілердің
еншісінде. Заман өзгерген сайын
әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып,
толығып жатыр. Балалардың тілін
дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа
әдістер мен технологияларды өз
тәжірибемізде қолдануға ізденеміз.
Жаңа технологияны, әдіс-тәсілдерді
тиімді қолдану үздіксіз тәрбие беру
мен білім сапасын арттырады. Жаңа
заман баласы – ертеңгі еліміздің
болашағы. Жаңа заман баласын
қалыптастырып, дамыту үшін тұлғаның
ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап,
мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына
жағдай жасау қажет. Біздің
балабақшамызда балаларға
үздіксіз білім беруде барлық жағдай
қарастырылған. Балабақшада
балалардың жеке басының қалыптасуы мен
дамуына педагогтардың педагогикалық
технологияларды қолдана білу сауаттылығы
өте жоғары. Осы уақытқа дейін тәрбиеші
ретінде балаларға үздіксіз тәрбие
мен білім беруде жаңартылған педагогикалық
технологияларды кеңінен қолдануға
тырысамын. Себебі қазіргі заман
балаларының берілген ақпаратты
тез қабылдауынан, есте сақтау қабілеттері
жоғары дамығандығын байқауға болады.
Егемен
еліміздің мәңгілік болып, қазақ елінің
мәңгі жасауы және «қазақ» атауының
ешқашан өз тұғырынан түспеуі болашақ
ұрпақтың қолында. Ал болашақ ұрпақты
талапқа сай елжанды, ел мақтанышы етіп
тәрбиелеуде-бақша өмірінің рөлі зор.