Балабақша-бақыт мекені

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Балабақша-бақыт мекені

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балалардың балалық шағының жарқын болуы туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балабақша-бақыт мекені

Мен тәрбиеші мамандығын таңдағаныма шексіз қуаныштымын. Себебі: әр сәбидің сыңғырлаған күлкісі, мөлдіреген көздері, балдай тәтті сөздері қуаныш сезімге бөлеп, жүрегіңді елжіретеді. Оларды көрген әрбір сәт сайын өзімнің алаңсыз өткен балалық шағым есіме түсіп еріксіз оларды жақсы көремін.

Иә, сәбилік кезең балғын балалық шақ. Осы ретте балабақшаның алар орны ерекше. Ақ ниетті, апппақ  жүректі  балғындардың   жүрегін жол тауып, мейірімен қарсы алып, сүіспеншілікпен шығарып салу әр тәрбиешінің міндеті. 

Осы бір қасиетті мекен-бөлек бір әлем, гүлденген – көгал тәрізді. Онда қызмет еткен әр педагогтың жүрегіне ізгілік нұрын себеді. Сәбидің жүрегіндегі қамқорлық пен мейірімділікті, адамдық пен адалдықты, пәктікті үйретеді. Оларды аялауға, бағалауға, мейірбан болуға тәтті қылықтармен баурап алады. Балабақша кішкентай бүлдіршіннің жеке тұлға болып   қалыптасуындағы алғашқы баспалдағы. Осы   киелі  мекен ұзақ жылдар бойы келе жатқандығына қарамастан, әр кірпіші, әр бұрышы ешқашан ескірмейтін мейірім мен сүйіспеншілікке толы. Ал оның іші шынайы күлкісімен сүйіспеншілігінің арқасында өткен  сайын гүлденіп, көркейтіп жасара түсуде. Бұндағы ойын алаңы мен музыка залы балалардың күлкісінен қуат алып тұрғандай, әр күн сайын жайнай түседі. Қазіргі заман талабымен толық жабдықталып, жаңартылған білім нәрімен сусындап өсіп келеді. Балабақшадағы әр тәрбиеші бала жүрегіне жол тапқан құшағы мейірімге, жүрегі сүйіспеншілікке, дидары нұрын шашқан күнге ұқсаған – педагогтар. 

Әр педагогтың жаны ізгі, шығармашылығын сағат сайын шыңдаған, жаңашылдыққа құштар, ізденімпаз жандар,үсті-үстіне көбейіп келеді десем қателеспеймін. Заман талабына сай тұлға тәрбиелеуге жанын салып еңбек етуде. Жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерімен  жұмыс жасап, келешек ел тұтқасын ұстар, егемен елімізді көркейтуге үлес қосар ұрпақ тәрбиелеп шығаруға зор үлес қосып жүрген жандардың бірімін. 

Балабақша отбасы,ата-анадан кейінгі тәрбие мен білімнің бесігі. Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз білім мен тәрбие беру өзімнің басты мақсаттарымның бірі екенін қуана мақтанышпен айта аламын,және алға қойған мақсаттарыма жетудемін. 

Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт.Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай жүрегімен маған сеніп, өз құпияларын айтды. Сол сенімді ақтай білу менің парызым деп санаймын . Пәк көңілді,ешқандай арам ойдан алшақ бүлдіршіндермен қарым-қатынас жасау маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар маған қажеттігіне нық сенімдімін. Осы сенімнің болуы - әр тәрбиешінің бақыты. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен  айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан -тәнімен  сезіне білуі қажет. Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты. Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген  күндерімді ой елегінен өткізе отырып, балаларымның ыстық ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарымен, сәбилік шын жүректерімен айтқан сөздері есіме түскенде шаршағанымды ұмытып кетемін. Осы бір «Балалар әлемінің теңізіне бір бойласам, ешқашан өз мамандығымды өзгерткім келмейді. Өйткені, бала-пәк, бала тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты. Көзін ашып, тұнығына қану үшін тәрбиешіде жылы жүрек, аялы алақан және  тәрбиешіге  тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу сезімі болу керек екенін түсіндім.

Балалар –өмірдің гүлі,көңілдің нұры. Ал гүлдер ешқандай жасандылықсыз, шынайылықпен баптағанда ғана өседі. Осы гүлдерді шынайлықпен баптап өсіруге біз тәрбиешілер міндеттіміз..

 Бала – біздің болашағымыз, бала – көз қуанышымыз



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2025
114
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі