Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балабақша екінші кіші топ (3–4 жас) педагогтеріне арналған "Қоршаған ортамен танысу. Экология негіздері" атты

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

1

Ф.К. Омарбекова, Т.В. Шумаева
МҮСІНДЕУ
Әдістемелік нұсқау

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
үлгілік оқу бағдарламасы бойынша бірінші кіші топ
(2–3 жас) педагогтеріне арналған

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігі ұсынған
Алматыкiтап баспасы – 2018


Page 2

2













Омарбекова Ф.К., Шумаева Т.В.
Мүсіндеу. Әдістемелік нұсқау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы
бойынша бірінші кіші топ (2–3 жас) педагогтеріне арналған / Ф.К. Омарбекова, Т.В. Шумаева. – Алматы:
Алматыкітап баспасы, 2018. – 26 бет.




© Омарбекова Ф.К., Шумаева Т.В., 2018
© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2018


Page 3

3

ТҮСІНІКТЕМЕ
«Мүсіндеу» оқу-әдістемелік кешені төмендегі нормативтік құжаттарға
сәйкес дайындалған.
1.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы
№ 292 қаулысымен бекітілген ). Аталған стандарт Қазақстан
Республикасының мектепке дейінгі және мектепалды даярлық білім
берудің жаңа методологиялық негізін анықтайды.
2.1 жастан 6 (7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 22 маусымдағы № 391
бұйрығымен бекітілген).
3.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы
(Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің
2016 ж. 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген). Мектепке
дейінгі білім берудің жаңартылған оқу бағдарламасындағы контекстің
5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.
ОӘК дайындаудың негізгі мақсаты – педагогтерге «Мүсіндеу»
ұйымдастырылған оқу қызметінде (бұдан әрі ҰОҚ ) жаңа педагогтік
тәсілдерін жан-жақты қолдану жөнінде бағыт-бағдар беру.
«Мүсіндеу» ОӘК-нің құрамына:
– Әдістемелік нұсқау;
– Балаларға арналған Үлестірмелі материалдар кіреді.
Әдістемелік нұсқауда бір жылға арналған перспективтік үлгі жоспары
және 9 ҰОҚ-не арналған үлгі жоспарлар берілген.
ҰОҚ-нің құрылымы төмендегі кезеңдерден тұрады:
• Бірінші кезең – ұйымдастыру кезеңі (жағымды эмоционалдық көңіл
күй қалыптастырып, оқу қызметіне ықыласын ояту, балаларға ұсынылып
отырған оқу қызметінің тақырыбын қуана қабылдауы үшін қажет);
• Екінші кезең – негізгі кезең, бұл кезеңде зерттеліп отырған мәселе
түсіндіріліп, балалардың бәрі сабаққа белсенді араласады;
• Үшінші кезең – рефлексия, бұл кезеңде жаңадан алған білім игеріліп,
реттеледі, баланың жеке білімдеріне айналады.
Педагогке көмек ретінде балалармен жұмыс істеуге арналған
үлестірмелі материалдар әзірленген. Бұл материалдар баланың білімін
жүйелендіруге, оқу қызметінің тақырыбы бойынша түсінігін нығайтуға
мүмкіндік береді. 2-3 жастағы балаларға арналған тапсырмалар оқу
бағдарламасына сәйкес жүйелендірілген және балаларды келесі кезеңдердегі
білім беру жүйесіне дайындауға көмектеседі.
Мүсіндеу – көркем өнердің бір түрі. Мүсіндеудің сызба мен


Page 4

4

кескіндемеден айырмашылығы – заттың барлық көлемін, пішінін анық
көрсетеді.
Бала үшін бейнелеу өнері – өзі жасаған бейнелер. Бұл бейнелер баланың
өзі сияқты дербестігімен, ашықтығымен ерекшеленеді. 2-3 жастағы балалар
бұрынғы іскерліктерін жетілдіре отырып, әртүрлі пішіндегі заттарды
жасайды.
2 жас пен 3 жас аралығында баланың сенсорлық үдерісінің – сезіну мен
қабылдау түрлері қалыптасады. Фонематикалық есту, түсті ажырату, көз
қырағылығы, заттардың пішінін ажырату қабілеттері жетіле түседі. Бірнеше
бөліктен тұратын заттарды мүсіндеу, дұрыс орналастыру, арақатынастарын
сақтау, бір-бірімен біріктіру тәсілдерін меңгереді.
Мүсіндеу жұмыстары бойынша 2-3 жастағы балалар 2–3 бөліктен
тұратын заттарды ғана мүсіндейді. Жасаған бейнелерді нүктелермен
безендіреді. Алдыңғы алған іскерліктері мен дағдыларын жетілдіре түседі.
Жыл басында ермексазды алақанына алып, алақан арасында домалатып
кішкентай шарлар жасау тәсілдерін меңгереді. Екінші кезеңде дөңгелек
пішінді жалпақ тәрелкелер, үлкен және жуан шұжықтар мүсіндеуді үйренеді.
Ал жылдың соңында бағдарламаға лайықты мүсіндеуде балалар
төмендегі нәтижелерді игеруі қажет:
– ермексазбен (сазбалшық) тәжірибе жасауды;
– ермексазды (сазбалшық) алақанына салуды, алақан арасында
домалатып кішкентай шарлар жасауды;
– жалпақ дөңгелек пішіндерді мүсіндей білуі тиіс.
Мүсіндеу оқу қызметі ойын түрінде өткізіледі. Негізгі жұмысқа кіріспес
бұрын затты қарау, тұтас және дербес бөліктерін бейнелеп көрсету
жұмыстары атқарылады. Егер доп, алма, тағы басқа домалақ пішіндер
жасайтын болса, алдын ала осыған ұқсас ойыншықтарды қарайды, бөліктерін
талдайды, жасалу жолдарымен танысады. Жаңа тәсілдерді міндетті түрде
нақты көрсету қажет. Мысалы: таяқшамен безендіру тәсілі. Жұмыс
барысында педагог балалардың жұмысына бақылау жасаумен бірге сұрақтар
қояды, қалай жасау керектігін көрсетеді, іс-әрекетке қызықтыруға тырысады.
Балалармен алдын ала жүргізілетін жұмыстар: көркем шығармаларды оқып
беру, шағын мүсіндерді, иллюстрацияларды қарау өте маңызды. Оқу
қызметінің соңын ойынға айналдыру өз іс-әрекетінің нәтижесін көруде тиімді
тәсіл. Жасаған жұмыстарын үлгі суреттердің артындағы мазмұнды
суреттерге қойып ойнайды. Мысалы: бауырсаққа түлкінің суретін көрсетіп,
түлкіге сыйлауды ұсынған кезде баланың көңіл күйін көтеріліп, қуанады,
эстетикалық әсер алады. Тапсырманы тиянақты дұрыс орындағандар
мадақталады, жұмыстың мазмұнына көңіл бөлінеді. Достарының сәтті


Page 5

5

шыққан жұмыстарына назарларын аудару қажет. Олардың еркін тақырыпта
мүсіндеуіне мән берген жөн. Мұнда баланың қиялының дамуы, өздері
меңгерген дағдыларды өз еркінше пайдалануы үшін үнемі жеке көркем өнер
бұрыштарында арнайы ойластырылған жұмыстар ұйымдастырылуы керек.
Бұл негізгі дағдыларды меңгерген соң өткізіледі, егер жұмыс жасауда балаға
қиындық кездесетін болса, көмектесу міндеті қойылады. Мүсіндеу кезінде
қажетті құрал-жабдықтармен ұқыпты жұмыс істеу арқылы оны дұрыс
пайдалана білуге үйренеді.
Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқауда оқу қызметі 9 сағатқа
жоспарланып жазылған. Оқу-әдістемелік кешеннің құрамында қосымша
балаларға арналған үлестірмелі материалдар бар.
Оқу құралы педагог мамандар мен ата-аналарға мүсіндеу іс-әрекетін
дұрыс ұйымдастыруда үлкен көмек бола алады.
«Мүсіндеу» бойынша білім беру саласы балалардың алғашқы білім алу
кезеңінде олардың жан-жақты дамуы мен оқу қызметін ұйымдастыруда
туындаған көптеген сұрақтардың шешуін табуға көмек болады деп сенеміз.

Сіздермен ынтымақтастықта жұмыс істейміз деген сенімдеміз.
Авторлар.























Page 6

6

Ұйымдастырылған оқу қызметінің перспективалық жоспары

Ай
атауы
Оқу қызметі-
нің тақыры-
бы

Мақсаты мен міндеттері
Сағат
саны
Қыр-
гүйек
Ермексаз
түйіртпегі
Мақсаты: ермексаз және оның қасиеті
туралы түсінік беру.
Міндеттері: ермексазды алақан арасына
салып, саусақтарымен ұсақтау тәсілдерін меңгерту.
Заттардың ұқсастығын таба білулерін
қалыптастыру, саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің
қозғалысын жетілдіру, қолдарын дымқыл
сүрткіштермен сүртуге баулу, сөйлеу тілін дамыту.
Мүсіндеуге деген қызығушылыққа тәрбиелеу.
1
Қазан

Доптар Мақсаты: ермексаз, мүсін, мүсіндеу әдістері
туралы түсінік беру.
Міндеттері: ермексазды алақан арасына
салып домалақтау тәсілдерін меңгерту. Сөздік
қорларын қалыптастыру. Сөйлеу тілдерін дамыту.
Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын
жетілдіру. Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға
тәрбиелеу.
1
Қараша Қуыршаққа
арналған
кәмпиттер
Мақсаты: ермексазды шымшып алуға және
домалақ, жұмыр мүсін жасауға жаттықтыру.
Міндеттері:домалақтау, илеу жолдарымен
мүсіндеу тәсілдерін үйрету. Қызығушылықтарын
арттыру, қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу тілін
дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің
қозғалысын жетілдіру. Қайырымдылыққа
тәрбиелеу.
1
Желтоқ-
сан
Құймақ Мақсаты: ермексаздың кесегін алақан
арасына салып илеуге үйрету.
Міндеттері: тағамдар туралы білімдерін
кеңейту. Ермексаздан әртүрлі пішіндер жасату
арқылы баланың саусақ қимылын жетілдіру,
қызығушылығын, шығармашылық қабілетін, есте
сақтауларын, сөйлеу тілін дамыту.
Қайырымдылыққа тәрбиелеу.
1
Қаңтар Әтешке
арналған
қоршау
Мақсаты: ермексазды домалақтап алып,
алақанның ортасына салып сопақшалап есу
арқылы қоршауға баған жасауға болатыны туралы
түсінік беру.
Міндеттері: ойын арқылы мүсіндеу
қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту,
байланыстырып сөйлеу тілін жаттықтыру. Есте
сақтауларын жаңғырту. Ойлауы мен зейінін
дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің
1


Page 7

7

қозғалысын жетілдіру. Үй құстарына қамқорлық
көрсетуге тәрбиелеу.

Ақпан Мақсаты: сазбалшықтың құрамымен
таныстыру.
Міндеттері: әртүрлі пішіндерді біріктіру
арқылы саңырауқұлақтарды мүсіндеу,
сазбалшықты домалақтап және сопақшалап илеуді
үйрету, алақан арасына дөңгелекті салып тегістеу,
балалардың сюжетті-ойын ойнау қабілетін дамыту;
сөйлеу тілдерін дамыту, саусақтың ұсақ бұлшық
еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ойын
кейіпкерлеріне деген мейірімді қарым-қатынасқа
тәрбиелеу.

1
Сәуле
саңырау-
құлақ
жинауда

Наурыз Қуыршаққа
арналған
білезік

Мақсаты: әшекейлерді мүсіндеу түсініктерін
қалыптастыру.
Міндеттері:ермексазды алақан арасына
және жазықтықта домалақтау арқылы
домалақ және сопақ пішіндерді жасау, білезікті
мүсіндеуді үйрету; бір-біріне мықтап басу арқылы
ұштарын біріктіру. Заттың түсін, пішінін сезіну,
көзмөлшерін, сөйлеу тілін дамыту; саусақтың ұсақ
бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру; тақырып
бойынша сөздігін белсендіру. Ермексазбен жұмыс
жасағанда ұқыптылыққа тәрбиелеу.
1

Сәуір Иттің
итаяғы
Мақсаты: балаларды ермексаздың
кесектерін дұрыс пайдалана отырып, домалақтар
жасауға үйрету.
Міндеттері: «Ит – жеті қазынаның бірі»
деген мақалдың мәнін түсіндіру. Шығармашылық,
таным ой-қабілеттерін дамыту. Сөйлеу тілдерін
дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің
қозғалысын жетілдіру. Балалардың жануарларға
деген қарым-қатынасын жақсарту және
жануарларға көмектесуге тәрбиелеу.
1

Мамыр Ойыншық
құламақ
Мақсаты: жеке бөліктерді бір-біріне бекітуді
үйрету.
Міндеттері: баланың домалақ пішін жайлы
танымын арттыру. Құламақтың денесінің
ерекшелігімен таныстыру, кеудесі, басы және аяқ-
қолдары домалақ пішіннен тұратынын түсіндіру.
Сөйлеу тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық
еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ойыншықтармен
ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.
1

Барлығы 9 сағат


Page 8

8

Ұйымдастырылған оқу қызметінің үлгі жоспарлары

№1 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру салалары: шығармашылық, таным.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы: Ермексаз түйіртпегі.
Мақсаты: ермексаз және оның қасиеті туралы мағлұмат беру.
Міндеттері: ермексазды алақан арасына салып, саусақтарымен ұсақтау
тәсілдерін меңгерту. Заттардың ұқсастығын таба білулерін қалыптастыру,
саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру, қолдарын дымқыл
сүрткіштермен сүртуге баулу, сөйлеу тілін дамыту. Мүсіндеуге деген
қызығушылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: ермексазды ұсақтайды, жасалынған заттарды атап,
ұқсастығын табады;
түсінеді: ермексаздан әртүрлі заттарды мүсіндеуге болатынын;
қолданады: ермексазды алақанға салып, саусақтарымен ұсақтау
дығдыларын.
Көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, әртүрлі түсте ермексаз
түйіртпектері, педагогтің жасаған үлгілері: құламайтын қуыршақ, доп,
бауырсақ, тақтайша, ермексаз кесуге арналған құрал.
Сөздік жұмыс: жұмсақ.
ҰОҚ-нің барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Ойын жағдайы.
Педагог:
- Біреу менің үстеліме ермексаз түйіртпегін әкеліп қойыпты. Мен
хат жазып отырғанмын, ал ермексаз түйіртпегі болса өздігінен
тыныш жатқан. Бөлмеде ешкім жоқ болатын. Кенеттен – біреудің
ыңырсығанын естідім: «Мені босатшы, босатшы мені!»
- Мен жан-жағыма қарадым, ешкім жоқ. «Шкафтың ішіне марғау
кіріп алып, шыға алмай жатқан шығар»,– деп ойладым. Есігін
ашып едім – ешкім жоқ!
- Қайтадан біреу ыңырсыды: «Мені босатшы, босатшы мені!»
- Ыңырсыған ермексаз түйіртпегі екенін, сонда ғана түсіндім. Мен
таңғалдым.
- Мен сені қалай босатамын?


Page 9

9

- Қайдан?
- Ал ол болса жауап берді:
- Мен жәй ғана ермексаз түйіртпегі болғым келмейді. Мен қандай
да бір зат бола аламын. Менен бір нәрсе жасашы. Мысалы:
бауырсақ жасауға болады - сонда мен домалап, домалап өлең
айтамын. Мүмкін құс жасайсың – сонда мен басқа құстарға ұшып
барамын, олармен танысамын, өзіме ұя жасаймын.
Мен ермексаз түйіртпегінің өтінішін орындадым. Педагог оқу
қызметі алдында жасалынған үлгілерді балаларға көрсетеді:
құламайтын қуыршақ, доп, бауырсақ.

2. Негізгі кезең.
Педагог ермексаз түйіртпегін көрсетеді: бұл ермексаз түйіртпегі. Ол әр-
түрлі түсте болады: қызыл, жасыл, сары. Ол жұмсақ, одан әдемі және
қызықты мүсіндер жасауға болады.
Алдымен алақандарыңа салып, оны жұмсартып көріндер, оның қандай
жұмсақ екенін сезініңдер.
Педагог ермексазды саусақтарымен қалай жұмсартуға, пішінін өзгерте
отырып, әртүрлі бағытта сығымдауға болатынын көрсетеді.
Балаларға өздігінен ермексаз түйіртпегінен жұмыс жасауға мүмкіншілік
береді.
Сөздік жұмыс: жұмсақ.
Сергіту сәті:
Екі қолды көтереміз,
Оны төмен түсіреміз,
Қолымызды кереміз,
Содан кейін,
Тез, тез,тез,
Алақанды соғамыз!
Педагог ермексаз қасиеттерімен таныстыруды жалғастырады.
–Қараңдаршы, ермексазды қалай бөлуге болтынын – ермексаз түйіртпегін
қолмен үзіп аламыз. Қазір мен бір түйіртпек содан соң тағы түйіртпек
жасаймын, енді сендер жасап көріңдерші.
Балалар педагогтің көрсеткенін қайталайды. Балаларға уақытында шектеусіз
ермексаз түйіртпегімен ойнауға мүмкіншілік беріледі. Бұл саусақтың ұсақ
бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіруге өте пайдалы. Балалардың
жұмыстарын бақылау арқылы, педагог олардың бейнелеу дағдыларының


Page 10

10

деңгейін белгілейді, нақты заттар мен өздерінің мүсіндеген пішіндерінің
ұқсастығын таба білген балаларды ынталандырады.
Педагог ережелерді сақтауға балалардың назарларын аударады: жұмыстың
соңынан қолдарын сүрту және өзінің жұмыс орынын тазалау.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды ынталандырады.
– Балалар, бәріміз бірге біздің қолөнерлерімізді көрмеге қойып
көрейікші. Міне, үлкен көрме болды! Жарайсыңдар, балалар, жақсы жұмыс
жасадыңдар.
Педагог ата-аналарға арналған көрмеге балалардың қолөнерлерін
орналастырады.

№2 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру салалары: шығармашылық, таным.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы: Доптар.
Мақсаты: ермексаз, мүсін, мүсіндеу әдістері туралы мағлұмат беру.
Міндеттері:ермексазды алақан арасына салып домалақтау тәсілдерін
меңгерту. Сөздік қорларын қалыптастыру. Сөйлеу тілдерін дамыту.
Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ойыншықтармен
ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: ермексаздан жұмырлап, домалақтап доп жасайды.
түсінеді: ермексазды әртүрлі пішінге келтіруге болатынын.
қолданады: ермексазды алақанға салып ырғақты домалатуды.
Көрнекіліктер: түрлі түсті доптардың суреттері, демонстрациялық
материалдар, қызыл, жасыл және көк ермексаз, тақтайша, ермексаз кесуге
арналған құрал, тұғырық, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс: домалақ.
ҰОҚ-нің барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері:«Доп».
Жұмсақ матадан жасалған домалақ пішінді, әдемі, түрлі түсті допты
ұстап тұрып:
Добым, добым, домалақ,
Қайда кеттің домалап.
Үстел үстін бүлдірдің,


Page 11

11

Тәрелкені сындырдың, – деп,
сұқ саусағымен допқа ренжіген сыңай байқатады.
2. Негізгі кезең.
Педагог:
–Бүгінгі оқу қызметінде біз күнде ойнап жүрген сүйікті ойыншығымыз –
допты мүсіндейміз.
Үлестірмелі материалдарға назар аударады.
– Осы көк, қызыл, жасыл түстерді пайдаланып, ермексазбен көлемі
үлкен допты жасаймыз.
Педагог жұмысты бастамас бұрын ұқыптылық ережелерін қайталатады:
мүсіндеу алдында жеңдерін түру, бөгет жасамай, ермексазды жақпай, арнайы
тақтайшаның үстінде таза жұмыс жасауды қадағалау т.б.
– Балалар, оң қолдарыңа ермексазды шымшып алып, сол қолдарыңмен
ермексазды жауып, алақанмен алақанды біріктіріп, ырғақпен домалатыңдар.
– Пішіні допқа ұқсады ма?
– Балалар, сендердің мүсіндеген доптарың мына «допқа» ұқсай ма?
– Әдемі болды ма?
-Кім қандай түстерді пайдаланды?
Сөздік жұмыс: домалақ.
Сергіту сәті:
Бала, бала, баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа,
Батамыз да қаламыз.
Балармен жеке жұмыс жүргізеді.
Балалар мүсіндеуге арналған көрнекіліктерге қарап, ермексаздың
өздеріне ұсынған түстерінен таңдап шымшу әдісімен бөліп алып алдымен
жұмырлау, одан кейін ырғақты домалату әдісімен допты әдемілеп, педагогтің
жасағанына ұқсатуға тырысып мүсіндейді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
– Доп қандай?
–Доп қатты ма, жұмсақ па?
Ата-аналарға арналған көрме ұйымдастырылады.

№3 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру салалары: шығармашылық, таным.


Page 12

12

Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы:Қуыршаққа арналған кәмпиттер.
Мақсаты: ермексазды шымшып алуға және домалақ, жұмыр мүсін
жасауға жаттықтыру.
Міндеттері: домалақтау, илеу жолдарымен мүсіндеу тәсілдерін үйрету.
Қызығушылықтарын арттыру, қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу тілін
дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.
Қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: мүсіндеудің домалақтау, илеу тәсілдерін, бастаған істі соңына
дейін жеткізу дағдысын және еңбекті ойынмен ұштастыруды;
түсінеді: өз ойыншықтарына көңіл бөлудің қажеттілігін, кәмпиттің
тәттілігімен бірге зияны да бар екендігін;
қолданады: ермексазды алақанға салып, ырғақты домалатуды.
Көрнекіліктер: дастарқанға қойылған кәмпиттердің суреті бар
демонстрациялық материал, қызыл, сары және ақ түсті ермексаз бөліктері,
тақтайша, ермексаз кесуге арналған құрал, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс: сыйлық.
ҰОҚ-нің барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Педагог балаларды шеңбер құрып тұруға шақырады.
– Біздің шеңберіміздің көлемі қандай болды?
– Ол неге ұқсайды?
– Ендеше, біз шар сияқты шеңберімізді үрлеп, үлкен шеңбер жасайық. –
Кәне, бәріміз бірдей үрлейік.
– Жақсы, енді «Деніміз сау болсын!» деп бір-бірімізге жақсы тілек
тілейік.
– Қайырлы таң, көздерім, сендер ояныңдар!
– Қайырлы таң, құлақтарым, сендер ояныңдар!
– Қайырлы таң, саусақтарым, сендер ояныңдар!
– Қайырлы күн, сен де ояндың ба? Тағы бір күн артта қалып, тағы
арайланып таң атты.
2. Негізгі кезең.
Ғажайып сәт. Қуыршақ Әсел қонаққа келіп тұр. Бүгін оның туған күні.
Туған күнде сыйлық сыйлау дәстүрге айналған.
– Ал біз қуыршаққа сыйлық ретінде өз қолымызбен кәмпит жасай
аламыз ба?
Педагог балаларға тақпақ оқиды.
Кәмпиттер бар көп бізде,


Page 13

13

Шоколадтан жасалған.
Сорғыш кәмпит, мұз кәмпит,
Чупа-чупс аталған.
Бор кәмпит пен мармелад,
Желе, ирис тағы бар.
Бәрі біздің Алматыда
«Рахатта» жасалған.
Ф.К. Омарбекова
Үлестірмелі материалға назар аударады.
Педагог балаларға қуыршаққа кәмпит жасау техникасын көрсетеді.
Ермексазды алақан арасына салып домалақтайды, кәмпиттің 3 түрін
жасайды.
Сөздік жұмыс: сыйлық.
Сергіту сәті:
Қуыршағым, келе ғой,
Менен кәмпит ала ғой.
Өкпелемей келе бер,
Өлең маған айта ғой.
Г. Бектұрова
Педагог жұмысты жалғастыруды ұсынады. Балалармен жеке жұмыс
жүргізеді. Дайын кәмпиттерді кәмпит салатын ыдысқа салуды ескертеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
– Бүгін кімнің туған күні?
– Қуыршаққа сыйлыққа не жасап бердіңдер?
– Балалар, енді жасаған тәтті кәмпиттерімізді сүйікті қуыршағымызға
берейік.

№4 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: шығармашылық, таным.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы: Құймақ.
Мақсаты: ермексаздың кесегін алақан арасына салып илеуге үйрету.
Міндеттері:тағамдар туралы білімдерін кеңейту. Ермексаздан әртүрлі
пішіндер жасату арқылы баланың саусақ қимылын жетілдіру,


Page 14

14

қызығушылығын, шығармашылық қабілетін , есте сақтауларын, сөйлеу тілін
дамыту. Қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: ермексаздан түрлі пішіндерді;
түсінеді: құймақтың дөңгелек пішінге ұқсайтынын;
қолданады: ермексазды алақанға салып ырғақты домалатуды, алақанда
жалпақтауды.
Көрнекіліктер: сары және қоңыр түсті ермексаз, тақтайша, ермексаз
кесуге арналған құрал, тұғыр, үлестірмелі материалдар, ермексаздың орташа
көлемдегі кішкене бөлігі, ермексазға арналған тақтайша.
Сөздік жұмыс: құймақ, қамыр илеу.

ҰОҚ-нің барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Ойын жағдаят.
Әже (педагог) киініп келеді:
– Амансыңдар ма, балаларым! Мен сендерге қазір пешке тәтті құймақ
пісіріп беремін.
– Балалар, бұл не?
– Табада не пісіп жатыр?
– Дұрыс айтасыңдар! Табада құймақ пісіп жатыр. Бұл үшін, алдымен,
сұйық қамыр дайындаймыз. Дайындаған сұйық қамырды табаға құямыз.
Табаны пештің үстіне қойып қыздырамыз. Міне, құймақ дайын. Өте дәмді,
әдемі.
2. Негізгі кезең.
Әже тақпақ айтып береді:
Алақай да, алақай!
Әжем құймақ пісірді!
Май құйды,
Балаларға берді.
Айшаға берді, Азатқа берді.
Данаға, Нұрланға берді.
Дәмді, тәтті құймақ,
Біздің сүйікті әжеміз пісірді.
Әже балаларға келесі сұрақтарды қояды:
– Әже не пісірді?
– Қандай ыдысқа пісірді?
– Құймаққа не қосты?
– Құймақты кімге берді?


Page 15

15

– Құймақ дәмді болды ма?
– Қазір сендерге құймақты қалай пісіруді үйретем. Үйренгілерің келе
ме?
Педагог балаларға ермексаздан шеңбер жасап көрсетеді. Сол шеңберді
құймақ пішініне келтіру үшін оны алақанына салып жалпақтайды.
– Міне құймақ жасадым, ұқсай ма?
Сөздік жұмыс: құймақ, қамыр илеу.
Сергіту сәті:
Секірейік, секірейік,
Ұзын құлақ қоянша.
Шаршағанды кетірейік,
Болар сонда тамаша.
Балалар педагогтің көрсеткен үлгісі бойынша құймақ жасайды. Педагог
балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
– Балалар қонаққа кім келді?
– Біз не жасадық?
Педагог ата-аналарға көрме ұйымдастырады.

№5 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру салалары: шығармашылық, таным.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы: Әтешке арналған қоршау.
Мақсаты: ермексазды домалақтап алып, алақанның ортасына салып
сопақшалап есу арқылы қоршауға баған жасауға болатыны туралы мағлұмат
беру.
Міндеттері:ойын арқылы мүсіндеу қабілеттерін дамыту. Сөздік
қорларын молайту, байланыстырып сөйлеу тілін жаттықтыру. Есте
сақтауларын жаңғырту. Ойлауы мен зейінін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық
еттерінің қозғалысын жетілдіру. Үй құстарына қамқорлық көрсетуге
тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: ермексаздан бағандарды биіктігі мен жуандығын бірдей етіп
жасайды;
түсінеді: әтешке қонақтап отыру үшін қоршаудың қажет екенін;


Page 16

16

қолданады: ермексазды алақанға салып есу тәсілін.
Көрнекіліктер: демонстрациялық көрнекіліктер, сары және қоңыр түсті
ермексаз, тақтайша, ермексаз кесуге арналған құрал, қоршауды бір-біріне
жалғау үшін қатырғықағаз, тұғырық, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс: қоршау, қораз, әтеш.

ҰОҚ-нің барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Педагог үлестірмелі материалдағы суретке балалардың көңілін
аударады.
Өлең жолдарын оқиды:
Таңертеңмен оянып,
Балаларды оятып.
Қоршауға қонып отырар,
«Тұрыңдар!» деп шақырар.
– Балалар, суретте әтеш ненің үстінде отыр?
– Дұрыс айтасыңдар, ол қоршаудың үстінде өзінің әнін шырқап отыр.
2. Негізгі кезең.
Педагог дайын көрнекілікті балаларға көрсетеді.
– Мына қоршауға не жетіспейді деп ойлайсыңдар?
– Әтешке мына қоршауға қонақтау ыңғайлы деп ойлайсыңдар ма?
– Сендерге мен осы қоршауға қажетті бағандар жасауды үйретейін.
Балалардың келісімімен педагог ермексазды алып, түсіндіре бастайды.
– Бірінші ермексаздың кішкене бөлігін шымшып алып, алақанға салып
әрі-бері есе бастаймыз.
Жасаған бағанын педагог дайын қор шаудың сұлбасына басып
жабыстырып, қоршаудың бағандарын жалғастырып жасайды.
– Балалар, қолдарыңнан келіп жатыр ма? Біз осылай әтештің
қонақтайтын қоршауының бағандарын жөндеп қалпына келтіреміз.
Сөздік жұмыс: қоршау, қораз, әтеш.
Сергіту сәті:
Қораз, қораз, қоқылдақ,
Жемді жейсің шоқып ап.
Қанатты кең жаясың,
Иығыңды көтеріп,
Мойынды тез-тез созасың.
Жан-жағыңа қарай сап,


Page 17

17

Шақырасың қоқ-қоқтап!
– Ку-ка-ре-ку!
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
– Жарайсыңдар, балалар, жұмысымызды жалғастырайық.
– Қолдарыңмен ермексазды есу арқылы бағанға қалай айналдыруға
болатынын көрсетіңдер.
– Дұрыс, алақанға салып әрі-бері есеміз.
Педагог балалардың қолдарының сыртын ан ұстап «есу» әдісін
пысықтайды.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балалар, сендер жасаған қоршау айдарлы
әтешке қатты ұнады. Педагог ата-аналарға көрме ұйымдастырады.

№ 6 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру салалары: шығармашылық, таным.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы: Сәуле саңырауқұлақ жинауда.
Мақсаты: сазбалшықтың құрамымен таныстыру.
Міндеттері: әртүрлі пішіндерді біріктіру арқылы саңырауқұлақтарды
мүсіндеу, домалақ және сопақшалау қозғалыстармен сазбалшықты илеуді
үйрету, алақан арасына дөңгелекті салып тегістеу, балалардың сюжетті-ойын
ойлау қабілетін дамыту; сөйлеу тілдерін дамыту, саусақтың ұсақ бұлшық
еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ойын кейіпкерлеріне деген мейірімді
қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: саңырауқұлақты бөліктерін біріктіру әдісі арқылы мүсіндеу;
түсінеді: шығармашылық құралы ретінде сазбалшықтың құрамын,
саңырауқұлақтар туралы және олар өсетін орындар туралы, орман туралы;
қолданады: сазбалшықты алақанға салып домалақтау қозғалыстарын
және бөліктерін бір-бірімен біріктіруді біледі.
Көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, сазбалшық, тақтайша, орман
бейнесі (декорациясы): шыршалар және саңырауқұлақтар.
Сөздік жұмыс: саңырауқұлақ.
ҰОҚ-нің барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.


Page 18

18

Балалар жартылай шеңбер жасап орындықтарында отырады, ал олардың
алдында орман және шырша астында бірнеше саңырауқұлақтар бейнеленген
үлестірмелі материал ілінген.
Топқа қуыршақ Сәуле кіріп, әңгімесін айтады:
- Мен орманда серуендеп, себетіме саңырауқұлақтар теріп салдым, бірақ
олар өте аз болып шықты. Менің көп саңырауқұлақтар тергім келеді.
Мен енді не істеймін?
- Педагог: Кәне, балалар, Сәулеге көмектесейік. Саңырауқұлақтарды
мүсіндейік.
2. Негізгі кезең.
- Бірақ қандай саңырауқұлақтарды біз мүсіндейміз?
Педагог балаларды сазбалшықпен таныстырады, сазбалшықтан да әртүрлі
заттарды мүсіндеуге болатындығын айтып түсіндіреді, илеу әдісін
көрсетеді.
Балаларға сазбалшықты ұстап, оны жұмсартып көруді ұсынады.
Мүсіндеу әдісін көрсетеді:
- Алдымен сазбалшықтан домалақтар жасаймыз, көрсетіңдерші,біз қалай
домалақтаймыз....
Балалар ауада алақандарын айландыра қозғалыстар жасап, көрсетеді.
- Ал енді домалақ пішін жасадық, оны біз алақанымызбен басып,
тегістеуіміз керек. Міне, осылай (түсіндіреді). Саңырауқұлақтың
қалпағын жасадық.
–Келесі сазбалшықтың түйіртпегін алып, тікелей қозғалыстармен
саңырауқұлақтың аяғын жасаймыз. Көрсетіңдерші, біз қалай илейміз.
Балалар ауада тігінен қозғалыстар жасап, көрсетеді.
- Қазір бізге саңырауқұлақтың қалпағымен аяғын аздап қысып, біріктіру
керек. Сәулеге дайын саңырауқұлақтарды себетке саламыз.
Сөздік жұмыс:саңырауқұлақ.
Сергіту сәті:
Дос болайық, көбелек.
Жайнап тұрған бақшамда.
Гүлдерімді тере кет.
Жаңбыр жаушы себелеп.
Тақияның астына
Тығыла ғой, көбелек.


Page 19

19

Балалар мүсіндеуді орындайды. Педагог мүсіндеу барысында балалармен
жеке-жеке жұмыс жүргізеді. Жұмыс соңында балаларға жұмыс орындарын
жинастырып, қолдарын сүрту керектігін ескертеді.
3. Рефлексия.
Сәуле балаларға көмектері үшін алғысын білдіреді.
–Міне, қандай көп саңырауқұлақтар болды.
Педагог қорытынды жасайды. Сендерге саңырауқұлақтарды мүсіндеу
ұнады ма?
Ата-аналарға арналған көрме ұйымдастырылады.


№ 7 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру салалары: шығармашылық, таным.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы: Қуыршаққа арналған білезік.
Мақсаты: әшекей бұйымдарды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:ермексазды алақан арасына және жазықтықта
домалақтау арқылы домалақ және сопақ пішіндерді жасау, білезікті
мүсіндеуді үйрету; бір-біріне мықтап басу арқылы ұштарын біріктіру.
Заттың түсін, пішінін сезіну, көзмөлшерін, сөйлеу тілін дамыту; саусақтың
ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ермексазбен жұмыс
жасағанда ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: білезікті мүсіндейді;
түсінеді: білезік әшекей екенін;
қолданады:ермексазды алақан арасына және жазықтықта
домалақтау арқылы домалақ және сопақ пішіндерді жасап, ұштарын
біріктіруді.
Көрнекіліктер: үлестірмелі материал «Білезік», білезіктер бейнеленген
көрнекіліктер, сары және қызыл ермексаз, тақтайша, қағаз және мата
сүрткіштер, қуыршақ Сәуле.
Сөздік жұмыс: білезік.
ҰОҚ-нің барысы
1. Ұйымдастырукезеңі.
Ойын жағдайы.
Топқа қуыршақ Сәуле кіріп келіп, оның анасының жақында
«Туған күні» екенін айтады. Анасы әшекейлер кигенді ұнатады.


Page 20

20

Сәуле анасына білезік сыйлағысы келетінін, балалардан оған
көмектесулерін сұрайды.
Қуыршақ Сәуле өзімен бірге әртүрлі білезіктер бейнеленген
көрнекіліктерді алып келді. Көрнекіліктерді көрсетеді.
- Міне, қандай түрлі түсті әдемі білезіктер. Білезіктің домалақ
пішініне назар аударады.
- Сәуле балалардан білезік жасауға көмектесулерін өтінеді.
- Педагог ермексаздан осындай білезіктерді мүсіндеуге көмектесуді
сұрайды.
2. Негізгі кезең.
Педагог жұмыс әдістерін түсіндіреді. Біз білетіндей ермексаз түйіртпегін үзіп
алып, созып еседі. Көрсетіңдерші, қалай жасағандарыңды? Содан соң
олардың ұштарын сақина тәрізді біріктіреміз. Педагог біріктіру әдісін
көрсетеді.
Сөздік жұмыс: білезік.
Сергіту сәті:
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Артқа қарай бір адым,
Алға қарай бір адым.
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Балалар өздігінен жұмыстарын бастайды. Педагог жеке жұмыс
жүргізеді. Балаларға дайын білезіктерді тағып көруге көмектеседі.
Жұмыстың соңынан балаларға жұмыс орнын жинастырып, қолдарын сүрту
керектігін ескертеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды ынталандырады.
– Қандай әдемі білезіктер.
Балалар білезіктерін көрмеге қойып, жасаған жұмыстарына деген
қуаныштарын білдіреді.
Қуыршақ Сәуле балаларға алғысын айтады, менің анама сыйлықтарың
ұнайтын болады.
Педагог ата-аналарға арналған көрмеге балалардың қолөнерлерін
орналастырады.



Page 21

21

№8 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру салалары: шығармашылық, таным.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы:Иттің итаяғы.
Мақсаты: балаларды ермексаздың кесектерін дұрыс пайдалана отырып,
домалақтар жасауға үйрету.
Міндеттері: «Ит – жеті қазынаның бірі» деген мақалдың мәнін
түсіндіру. Шығармашылық, таным ой-қабілеттерін дамыту. Сөйлеу тілдерін
дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.
Балалардың жануарларға деген қарым -қатынасын жақсарту және
жануарларға көмектесуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: ермексазды бас бармақпен басып шымшу әдісімен итаяқтың
шетін иіп келтіреді;
түсінеді: иттің адамның серігі екенін, оған қамқорлық жасау қажеттігін;
қолданады: ермексазбен жұмыс істеу дағдыларын.
Көрнекіліктер: тостақтың жасалу жолы көрсетілген сурет, қара, қоңыр
түсті ермексаз, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс: итаяқ.
ҰОҚ-нің барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларға иттің күшігін көрсетеді.
– Бұл – Сақұлақ, ол бізге қонаққа келді. Кәне, ол туралы Қадыр Мырза
Әли аталарың жазған өлеңді тыңдап көрейік:
Күшігім менің, күшігім,
Үй күзетер пысығым.
Үргені де шамалы,
Тамақ берсең болғаны.
Тақпақ оқылған соң педагог балаларға сұрақ қояды:
– Ит қалай үреді?
– Балалар, күшікті тамақтандырайық.
– Итті біз немен тамақтандырамыз?
– Біз итке тезірек итаяқ жасап беруіміз керек.
2. Негізгі кезең.
Педагог үлестірмелі материалға назар ауларады, мүсіндеу тәсілдерін
көрсетеді:
– Ең алдымен біз дөңгелек жасап аламыз, ал содан кейін саусағымызбен
ортасын шұңқырлаймыз және ыдыстың шетін иіп келтіреміз.
Сөздік жұмыс: итаяқ.


Page 22

22

Сергіту сәті:
Күнге қолды созамыз,
Күндей жарық боламыз.
Айға ұшып барамыз,
Айдан сәлем жолдаймыз!
Балалар жұмыстарын жалғастырады. Орындалған тапсырманы балалар
үлестірмелі материалда берілген иттің суретінің қасына орналастырады. Итке
ат қояды. Педагог кейбір жасай алмай отырған балаларға дөңгелектің ішін
шұңқырлауға көмектеседі.
3. Рефлексия.
Педагог қорытындылайды:
– Жарайсыңдар, балалар, ит сендерге үлкен рақметін айтып жатыр.
Педагог балалардың жасаған жұмыстарынан ата-аналарға арнап
көрме ұйымдастырады.

№9 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру салалары: шығармашылық, таным.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырып:Ойыншық құламақ.
Мақсаты: жеке бөліктерді бір-біріне бекітуді үйрету.
Міндеттері:баланың домалақ пішін жайлы танымын арттыру. Құламақтың
денесінің ерекшелігімен таныстыру, кеудесі, басы және аяқ-қолдары домалақ
пішіннен тұратынын түсіндіру. Сөйлеу тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ
бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға
тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: ермексаздан әртүрлі дөңгелек пішіндерді, ұсақ бөлшектерді;
түсінеді: ермексаздан әртүрлі пішінде дөңгелектер жасауға болатынын;
қолданады: алақан арасына салып, әртүрлі пішіндегі шарларды
домалақтауды.
Көрнекіліктер: әртүрлі құламақтар суреті, ермексаз, қағаз және мата
майлықтар; тақтайша, үлестірмелі материалдар, құламақ ойыншықтар.
Сөздік жұмыс: қуыршақ құламақ.

ҰОҚ-нің барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Педагог өлеңді оқиды.
Біз қандаймыз?
Қуыршақпыз-құламақпыз.
Бізді ақырын тербетсең,
Ұзақ уақыт тоқтамаймыз.


Page 23

23

Солға-оңға, оңға-солға,
Біз тік тұра алмаймыз.
– Балалар, қуыршақпен қалай ойнау керектігін білесіңдер ме? Маған
көрсетіңдерші?
2. Негізгі кезең.
– Балалар, қуыршақты неге «құламақ» деп атайды, білесіңдер ме?
– Дұрыс, бұл қуыршақты жатқыза алмайсың, ол бәрібір бойын тік
ұстайды. Ол туралы мынадай жұмбақ та бар.
Міне, қыңыр адам!
Жатқызуға көнбейді!
Сендерге осындай кездесе ме?
Мүлде ұйықтағысы келмейді,
Жатқызсам – қайтып тұрады,
Тұрады да, тербеледі,
Ол қалай аталады?
– Келіңдер, оны жақсылап қарайық.
– Қалай ойлайсыңдар, оның бөліктері неге ұқсайды (басы, денесі, қолы)?
Пішіні қандай?
– Қуыршақ-құламақ әртүрлі көлемдегі шарлардан жасалған. Ең үлкен
бөлігін көрсетіңдерші? Ал ең кішісі ше?
– Қараңдаршы, киімі неткен әдемі! Ол қандай түс?
– Құламақты басқа түстен жасауға бола ма?
– Міне, алдарыңда ермексаз тұр. Қалай ойлайсыңдар, онымен ойнау
қызықты болу үшін, қандай түсті ермексаз алуға болады?
– Дұрыс айтасыңдар, ашық түстерді алған дұрыс: ашық қызыл, сары т.б.
– Құламақты жасау үшін алдымен ермексазды бірнеше бөлікке бөлу
керек: бір үлкен, бір кішірек және екі кішкентай.
– Содан кейін дөңгелек жасау керек. Оны қалай жасаймыз?
– Үлкен дөңгелектен не жасаймыз?
– Әрине, кеудесін.
– Ал кішірек дөңгелекшеден ше?
– Дұрыс, басын. Ал ең кіші дөңгелекшеден қолдарын жасаймыз.
Педагог құламақ-қуыршақтың жасалу жолдарын көрсетеді.
– Қуыршақ дайын, бірақ мен бір нәрсе істеген жоқпын? Қалай
ойлайсыңдар, ол не?
– Дұрыс, құламаққа көз бен ауыз жасау керек, оны да жасап көрейік.


Page 24

24

– Қараңдар, менің қуыршағым дайын. Сендер де осындай құламақты
жасап көріңдер.
Сөздік жұмыс: қуыршақ құламақ.
Сергіту сәті:
Қуыршақпыз-құламақпыз,
Бізді ақырын тербетесің.
Ұзақ уақыт тоқтамаймыз,
Оңға-солға, оңға-солға.
Бұрыламыз, бұрыламыз.
Балалар қуыршақты жасайды.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
– Қараңдаршы, балалар, қанша құламақ жасадыңдар!
– Сендерге ұнады ма?
Педагог ата-аналарға арнап көрме ұйымдастырады.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕ ТТЕР

1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудын үлгілік оқу бағдарламасы.
Астана, 2016.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарты, Астана, 2001.
3. Нүсіпбекова М.И. Бейнелеу өнері. Әдістемелік нұсқау. –Алматы:
Аруна, 2009.
4. Губанова Л.П., Бахарева Л.Н. Бейнелеу өнері. Әдістемелік құрал.
–Алматы: Алматыкітап, 2011.
5. Еденбаева З.Д. Қазақ тілі. –Алматы: Алматыкітап, 2008.
6. Аубакирова Р., Абремская И.Б. Изобразительная деятельность.
Методическое пособие. –Алматы: Алматыкітап, 2008.
7. Ильшева К.С., Шалаханова А.Е. Изучаем казахский язык. –
Алматы: Алматыкітап, 2005.
8. Жұмабекова Ф.Н.Өнер көзі – халықта. Шығармашылық.Таным
саласы. –Астана, ББЖ КБА КДИ. 2011.
9. Ақылбекұлы Ө. Керек кітап. –Алматы: Алматыкітап, 2007.
10. Жыл он екі ай. –Алматы: «Толғанай» ЖШС, 2003.


Page 25

25


МАЗМҰНЫ
Түсініктеме ........................................................................................3
Ұйымдастырылған оқу қызметінің перспективалық жоспары.... 6
Ұйымдастырылған оқу қызметінің үлгі
жоспарлары.........................................................................................8
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................24




Page 26

26

Оқулық басылым Учебное издание

Ф.Қ. Омарбекова, Т.В. Шумаева


МҮСІНДЕУ
Әдістемелік нұсқау
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
үлгілік оқу бағдарламасы бойынша
бірінші кіші топ (2-3 жас) педагогтеріне арналған

Әдіскер Тажинова Б.С.
Редакторы Ахметова Л.С.

«Алматыкiтап баспасы» ЖШС,
050012, Алматы қаласы, Жамбыл көшесi, 111-үй,
тел. (727) 250 29 58, факс: (727) 292 81 10.
e-mail: alkitap@intelsoft.kz

ЛЕПКА
Методическое руководство
для педагогов первой младшей группы
(2–3 года) по Типовой учебной программе
дошкольного воспитания и обучения

Методист Тажинова Б.С.
Редактор Ахметова Л.С.

ТОО «Алматыкiтап баспасы»
050012, г. Алматы, ул. Жамбыла, 111,
тел. (727) 250 29 58; факс: (727) 292 81 10.
е-mail: alkitap@intelsoft.kz


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
12.11.2020
1413
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12