БАЛАБАҚША МЕН ОТБАСЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ
Раймкулова Г.
Қарағанды Bolashaq жоғарғы колледжі
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 4 курс студенті
Аннотация. Балаларды тербиелеу мен оқытуды мемлекеттік стандартында ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды топтардың педагогикалық процесіне тарту мақсатында балабақша мен отбасының өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету қажеттілігі ұсынылады. Бұл қарым қатынасты жанашылдығы, ынтымақтастығы және өзара қарым- катынас деген түсініктермен анықталады.
Түйін сөздер: балабақша, отбасы, психолог, бала, ата-ана
Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат мұраттарының ең бастысы – өзінің өмірін, тәжірибесін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, ұрпақ тәрбиесі келешегін берік ететін басты фактор болып саналады.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттердің бірі. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында Бала тұлғасы, оның қызығушылығы, дамуы, тумалық әлеуетін ашу педагог пен отбасы арасындағы қатынас стратегиясының орталығы болып табылады делінген.
Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің мақсаты - баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялыкқ процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міңдеттерді шешеді.
-
Отбасында баланың өсуіне, деңсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру.
-
Еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне – өзі қызмет етуге үйрету.
-
Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дүрыс қарым - қатынас жасауға, үлкенге кұрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету .
-
Әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу. Бұл міңдеттер жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен бастап отбасында, коғамдық орындарда, мектепте тәлім - тәрбие беріледі.
Ұлы педагог А. С. Макаренко : Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата - ана жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан, бала санасын рухани өктемдік жасап тәрбиелейтін ата - ана баршылық. Бұл беделді болудың қандай жолы? Мұндай жолмен келген тәрбие баланың санасы жетілгенде өздігінен жойылады деген.
Мектепке дейінгі балалық шақта бала айналасындағы ересек адамдарға тәуелді. Мысалы, ата- анасына, балабақша тәрбиешісіне, т.б. Осы жаста дұрыс көрсетілмеген күтім, берілмеген тәрбие келешекте үлкен проблемаларға соқтырады.
Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады. Ата - ана бірінші педагог болып табылады. Осыған сәйкес мектепке дейінгі мекеменің отбасымен жумыс жасаудағы ұстанымы өзгеруі керек. Балабақшалар балаға тәрбие беріп қана қоймай, ата- аналарға тәрбие жөнінде кеңестер де беріп отыруы қажет. Ал ата-аналар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарына жәрдем көрсeтуге міндетті.
Мектепке дейінгі мекеменің міңдеттері:
• салауатты өмір сүру салтының кұндылығына балаларды қатыстыру;
• эмоционалдық аман-саулығын камтамасыз ету, әр түрлі көркемдік іс-әрекет түріне
жағдай жасау;
• талабын, білуге құмарлығын, еркіндігін дамыту;
• айналадағы әлем жайында білімін қалыптастыру;
Сабақтастық - бұл адам іс - әрекетінің жемісі. Ол қоғам дамуы негізіндегі адам жетістігін
қамтамасыз ету және оны сақтаудың негізгі әлеуметтік зандылығының бірі болып табылады. Сабақтастық қоғамдағы өмір сферасының әр түрлі саласында белгілі бір ұғымға сәйкес кең түрде қолданылады.
Сабақтастық-этникалық тәрбиенің негізгі идеяларының, формаларының, кұралдарының сабақтастығын қамтамасыз ететін этнопедагогиканың ерекше белгісі. Отбасылық сабақтастық адамгершілік аясынан орын алады. Сондықтан ата-аналар балалардың бақытты болуына көмектеседі.
Отбасымен педагогикалық сабақтастық баланың қанағаттану деңгейі мен тәрбиешінің жұмысының сапасын арттырады және ол төменгі жағдайларға негізделеді: өзара сапалы қарым-қатынас, өзара сыйластық, бір біріне деген серіктестік барлық тәрбиеге қатысушыларға жағымды әсер ететіндей болуы тиіс, сонда ғана білім беру мен тәрбие сапалы нәтижеге жетеді.
Баланың тәрбие үрдісіне қатысатындар, балабақша басшылары, тәрбиеші, ата-аналар. Ата-аналардың мақсаты тәрбиешілермен тығыз қатынаста болып солардың ақыл-кеңестерін тындап балаға тиянақты білім, жақсы тәрбие беруге өз үлестерін қосу, тікелей ат салысу. Ата- ана немесе жанұя-қоғамның негізі. Қоғам жанұядан басталады. Әрбір жанұя болашақ қоғам мүшелерін дұрыс тәрбиелесе қоғам мықты болады. Бұл қағида ғасырлар бойы қалыптасып келеді. Себебі бала өмірі жаңұядан басталады, ол бала үшін ең жақын орта. Бала жанұяда ата- тегін біліп жанұяның, әулеттің жағымды өнегелерінен мұраларынан сусындап өседі. Жанұяда басты мәселердің бірі- баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн тәртібі, міндеттері, қойылатын талаптар: оның үй еңбегіне қатысуы, оқу іс-әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру жатады.
Психологтың жұмыс барысында ата-аналармен әрекет етуінің табыстылығы төмендегі міндеттердің шешілуіне тәуелді:
1. Тұлғаны қалыптастырудағы жанұяның рөліне педагогтар мен ата-аналардың психологиялық бағыттылықтарын өзгерту. Баланы жанұяға үй академиясының рөлін, ал ата- аналарға – басты тәрбиешілердің қызметін бекіту қажет;
2. Жанұяны, жанұялық тәрбие жағдайларын және ата-аналардың қажеттіліктерін ғылыми түрде зерттеу. Ол қарапайым психодиагностикалық сауалнамалардан басталып, тәрбиелеуші институт ретіндегі жанұяның толыққанды портретін кұрастырумен аяқталады;
3. Психологиялық-педагогикалық дайындыққа деген ата-аналардың дәстүрлі жағымсыздыктарын жағымды арнаға бұру: бақытты жанұя өмірін үгіттеу;
4. Ата-аналардың педагогикалық мүмкіндіктерін кең түрде қолдану. Психолог ата- аналармен жұмыс істегенде жанұяның қызығулары мен мүмкіндіктерін ескеруі қажет, олардың қоғамдық ойларын қалыптастыруы керек. Қазіргі ата-аналар балабақшаның міндеттерін түсініп қана коймайды, сонымен қатар оның жоспарын, жақын және алыс мақсаттарын біледі. Оларға педагогикалық әрекеттің кең таралған түр пішіндерінің технологиясын меңгертіп, өз құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беру қажет;
5. Жанұяға алғашкы психологиялық-педагогикалық көмекті ұйымдастыру. Ата-аналар бала тәрбиесіне қатысты аландататын сұрактарына нақты жауап алулары тиіс, бұл жанұялық кеңес беру, сенім телефоны арқылы жүзеге асырылады;
6. Ата-аналармен жұмысқа өміршен, тәжірибелік сипат беру. Көптеген ата-аналардың балаларын бұрыс тәрбиелеуі - олардың сауатсыздықтарының салдарынан емес, не істеу керектігін және қалай істеу керектігін білмейтіндіктерінің нәтижесі, бұл мәселені шешу үшін жұмыстың белсенді түрпішіндерін қолдану қажет, олар жанұялық қарым-қатынастың тәжірибелік педагогикалық іскерліктері мен дағдыларын, ата-аналардың психологиялық- педагогикалық көрегендіктерін дамытуды көздейді.
Ата-аналармен жұмыс формаларын мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіне ғылыми тұрғыда негізделген жұмыс арқылы өндіруге болады. Мектепке дейінгі ұйым практикасында негізгі рөл ата- аналармен жұмыс түрі болғандықтан олармен қарым-қатынас жалпы және топтық жиналыстар арқылы жүзеге асырады. Олардың тақырыбы балалардың мектепке дейінгі ұйымға келуінің барлық кезеніне кұрылады.
Ата-аналармен жұмыстың кең тараған формасы-жиналыс. Ата - аналар жиналысы балабақша өміріндегі қажетті атрибуттардың бірі. Оны қызықты және тиімді өткізу әсіресе, енді жұмыс бастаған жас тәрбиешіге ең пайдалы кеңес болары сөзсіз.
Ата-аналар жиналысының басты мақсаты - бүкіл ата-аналар ұжымымен бір уақыт ішіндегі байланыстың зор нәтижелі формасы және тәрбиешінің ата - аналар жүрегіне жол таба алу әдісі болып есептеледі.
Ата-аналар жиналысына дайындалу және өткізудің әртүрлі тиімді әдіс - тәсілдері бар:
1. Ата - аналар жиналысын өткізу үшін барынша ыңғайлы күнді және уақытты тандаған жөн.
2. Ата - аналарды жиналысқа шақырудың тиімді әдістерінің бірі - шақыру қағаздарын даярлау. Шақыру қағаздарын түрліше безендіруге болады. Ең бастысы, бұл шақыру қағаздары ата – ана қолына алдын ала жеткізілуі тиіс. Шақыру қағаздарына жиналыстың нақты тақырыбы, күн тәртібіне қойылған мәселелер, байланысу үшін тәрбиешінің, ата-аналар комитеті терагасының ( терайымы) телефон нөмері жазылғаны жөн.
3. Әсіресе бөлмеде ата - аналардың отыру қалпына мән берілуі керек. Ата - аналар жиналысына катысушылардың бір - бірін жақсы кере алуы және естуі үшін үстел мен орындықтар дөңгелек түрінде орналастырылғаны жөн.
4. Ата - аналармен жиналыс қатысушылырына арналған қандай да бір ережелердің болуы.
5. Жиналысқа шақырылгандардың жұмыс уақытына назар аудару. Осы мақсатпен уақыт тәртібін ( регламент ) орнату және оның сақталуын қатал қадағалау;
6. Жиналыс барысында ата - аналардың өзара қарым - қатынаста болу үшін ойындар, әңгіме, пікірталас ұйымдастыру.
7. Жиналыс қорытындысы
Осы әдіс - тәсілдер арқылы педагогтар:
а) ата - аналардын мәдениеттілігін қалытастыруға;
а) педагогика мен психологиянын түрлі проблемаларына қызығушылығын арттыруға;
б) бала тәрбиелеу барысында түрлі жағдаяттарда шешім жолдарын таба алуға көмектеседі.
Ата-аналардын балабақшадағы балалардын өмірін мейілінше қызықты етіп өткізуіне үлес қосу үшін үйірмелер ұйымдастыру өте маңызды болып табылады. Балаларды қол өнердің кейбір түрлеріне, кесте тігуге үйрете, кейбір ата-аналар ертенгіліктерге бірігіп декорация жасауға, киімдер тігу, атрибуттар дайындау сияқты жұмыстарға атсалысады.
Ата-аналармен, балалардың шығармашылықтарын шыңдай түсу мақсатында түрлі сайыстар өткізуге де болады. Онда отбасылар өз өнерлерін көрсету, қол өнер шеберліктерін, тест тапсырмаларын орындау сияқты сайыс кезеңдерінен өтіп тез бағаларын алады.
Баланың дамуы мәселесі бойынша балабақша мен отбасы жұмысның үлгісі:
1. Психологиялық кеңес беру жұмысы. Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық білім жүйесін меңгеруіне, балалардың әлеуметтік ортадағы міңез-құоқын білуіне қарай ағартушылық көмек көрсету.
2. Ақпараттық-әдістемелік жұмыс. Ата-аналарға тәрбие мәселелері бойынша әдістемелік көмек беру. Ақпарат куралдарына балабакша емірі, отбасы торбиесі меселелеріне байтанысты макалаларды жариялау, ата-аналар кауымына арналган акпараттык жоне здісгемелік жарнамалар шыгару.
3. Диагностикалык талдау жумыстары. Ата-аналармен өзара іс-әрекеттің ең қызықты әрі жауапты бағыты. Тәрбиеші өз тобының ата-аналарын жан жақты зерттеп, олардың педагогикалық білім дәрежелерін, отбасындағы қарым атынас денгейін анықтау арқылы жыл бойы атқарылуға тиісті жұмысты тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.
4.Бұқаралық мәдени жұмыс. Ата-аналарды балабақшаішілік топтың дәстүрлі шараларына абрынша көбірек қатыстыруға бағыттау. Ата-ананы ынтымақтастық, серіктестікке шақыра отырып, балабақшадағы әр-түрлі іс шараларды ұйымдастыруға ата- аналарды тарту.
Осылайша, ата аналармен бірлескен жұмыстар ұйымдастырудан мынадай нәтижелер алынуы мүмкін:
1. Ата-ана өзін мазалап жүрген сұрқтарына тәрбиешімен бірге жауап таба біледі;
2. Балаларды психологиялық ерекшеліктерін теренінең түсіне біледі;
3. Балабақшаға деген педагогикалық сенім күшейе түседі;
4. Тікелей балабақша жұмысына араласуы арқылы ата-ананың педагогикалық- психологиялық тақырыпқа қызығушылығы оянады.
Ата-аналармен тығыз байланыста болу үшін біріккен іс- шараларды жиі өткізу, ата- аналарды МДҰ өміріне белсенді араластыру мақсатында баланың жеке тұлғасын бірігіп зерттеу және қалытастыру, баспасөз құралын шығару өте кажетті болып табылады.
Ата - аналар клубы балабақшадағы, отбасындағы, топтағы кездесетін қайшылықты жағдайларды шешуге арналады.
Тақырытық кеңес - ата- аналарды психологиялық педагогикалық білім
Және тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, кеңес беру, ой-қозғау, ой қорыту. Педагогикалық семинар – отбасылық тәрбиенің әдіс – тәсілдеріне
арналады. Семинарға тәрбиешілер де, ата - аналар да жан жақты дайындықпен қатысуы қажет. Шығармашылық кештер балабақшаішілік және топішілік болып, озық қабілетті, танымал ата - аналарды үлгі тұту, насихаттау мақсатында ұйымдастырылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Отбасы және балабақша No5-2012// Қ.Ә. Исаева «Ата-аналармен жұмыс жүргізуде жаңа әдістер».
2.Бала мен балабақша No2-2011// А.Қабдолла «Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі және балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру» .
3. Алимбаева А. Педагогикалық шарттар ұғымы жөнінде. // 2011. - 3.
4. Бала мен балабақша No5-2011// Ж.Шокенова «Балабақша мен отбасы ынтымақтастығын құру».
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Балабақша мен отбасы жұмысының сабақтастығы

шағым қалдыра аласыз