жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Балабақшада балалардың денсаулығын нығайту формасы"
Балабақшада балалардың денсаулығын нығайту формасы
Жас
ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік
тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да
тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың
шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы
қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті
қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі
мол жұмыс.Ұлы Абай: «Адам ата-анадан
туғанда есті болмайды: естіп, көріп,
ұстап, татып ескерсе дүниедегі
жақсы-жаманды таниды. Содан білгені,
көргені көп болған адам білімді болады»,
-десе, француз педагогы Жан Жак Руссо:
«Бала туғанда ақ қағаздай болып туады,
оның үстінде шимайды қалай салсаң, қағаз
бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол
сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай
тәрбиеленеді»,- деген екен. Адамның
дамуы дене, психикалық және әлеуметтік
жетілу, пісу процесі болып табылады да,
туа біткен және бойға сіңген қасиеттердің,
сандық және сапалық өзгерістерінің
бәрін қамтиды. Дене дамуы бойдың,
салмақтың өзгеруімен, бұлшықеттер
күшінің артуымен, сезім мүшелерінің
жетілуімен, қимылдардың үйлесімділігімен
т.б. байланысты. Психикалық даму процесінде
танымдық, еріктік, эмоциялық процестерде,
жеке адамның психикалық сипаттары мен
белгілерінің қалыптасуында елеулі
өзгерістер болады. Даму барысында
баланың биологиялық индивид ретінде
адамға, жеке адам ретінде адамзат
қоғамының мүшесіне айналуы жүзеге
асады. Адамның дамуы дегеніміз – оның
тегінде бар және туа біткен белгілердің
жайғана сандық көрінісі емес. Даму –
бұл ең алдымен айналадағы болмыстың
ықпал жасауымен ағза мен психикада
болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның
дамуы мен оның жеке басының қалыптасуы
біртұтас процесс. Балаларды оқыту мен
тәрбиелеудің төрт міндеті
қарастырылады.
Бірінші
міндет: әлеуметтік дамуда баланың
үлкендермен қарым-қатынасы және өз
құрбы-құрдастар мен баланың ой-өрісінің
қалыптасу мүмкіндіктері көзделеді, өз
отанына, отбасына халқының салт-дәстүріне
көңіл бөлу жолдары қарастырылады.
Екінші
міндеті: танымдық даму барысында мына
міндеттер ерекшеленеді: айнала қоршаған
өмір мен таныстыру мәселелерін түйіндеу,
оның тәсілдері мен қасиетін сезіну. Үшінші
міндеті: әсемдік даму эстетикалық
барысында өмірге деген құштарлық
пен көркемдік танымды қалыптастырады.
Төртінші
міндеті: дене тәрбиесі дамуында салауатты
өмір салтын қалыптастыру, дене мәдениетінің
жан-жақты күтімі мен дұрыс дамуы, өзін
қоршаған орта мен байланысы, өз
денсаулығына, ауру-сырқау т.б. қауіп
қатерден сақтану қарастырылады.
Кез
келген отбасы үшін баланың қуанышынан
артық ешнәрсе жоқ екені анық. Бүгінгі
таңдағы біздің бар мақсатымыз, іс
жоспарларымыздың барлығы балабақшадағы
тәрбиеленушілерге жан-жақты жағдай
жасау, солардың Қазақстан Республикасының
болашақ азаматы ретінде тәрбиеленіп
өсуі үшін күні бүгіннен бастап негізінің
берік қалануына бас назар аудару. Әрбір
ісімізді балалардың болашағы үшін арнап
отыруды өзімізге басты міндет санаймыз.
Тәрбие мен баланың алғашқы дені-
мектепке дейінгі тәрбие ошағында
беріледі. Бала
бойындағы жаңа қасиеттер мен мүмкіндіктерді
ашып, олардың өнегелі болып тәрбиеленуіне
балабақша ошағының маңызы зор екені
белгілі. Мектепке дейінгі білім беру
саласы қызметкерлерінің алдына қойған
басты мақсат- баланың жас ерекшелігіне
қарай ұлттық тәрбиені салт –дәстүрді
бойына сіңіріп жеке тұлға ретінде
жан-жақты қалыптасуына ықпал ету.
Халқымыздың әдептілік, инабаттылық,
мейірімділік, қарапайымдылық, ізеттілік,
қонақжайлық қасиеттерін жас ұрпақтың
бойына сіңіру үшін әрбір тәрбиеші, ұстаз
халық педагогикасын, салт дәстүрін ,
әдеп -ғұрыптарды жақсы меңгерген рухани
дүниесі бай, жаны таза адал жан болуы
керек.
Тәрбиеші
саналы көзқарастарын таныта алатын,
білімі мен тәжірибиесін жан-жақты
дамытып байыта алатын сәт мектепке
дейінгі мекеме қабырғасынан басталады.
Балабақшаның тәрбие мен оқытудағы
негізгі мақсаттары: Денсаулық сақтау
мен нығайту және деңгейін көтеруде өз
ағзаларындағы қорларын қолдану, баланың
дамуында жеке үйлесімділікті қамтамасыз
ету, ата- аналарды салауатты өмір салтына
араластыру.
Балабақшадағы
әрбір тәрбиеші –педагог оқу-тәрбие
жоспарын тиімді әрі нәтижелі етіп
ұйымдастыру үшін өздерінің бағдарлық
біліктіліктерімен, қабілеттіліктерімен
қатар, педагогикалық жаңа технологиялар
негіздерін жетік меңгеруі тиіс. Яғни
бүгінгі тәрбиешінің басты міндеті
әлемдік өркениеттілікке ұмтылып, әлемге
танылып отырған Тәуелсіз Қазақстанның
болашағын құрайтын жас бүлдіршіндерді
саналы азамат етіп тәрбиелеу.
Тәрбиенің
негізі бірінші кезекте әрбір отбасында
қаланатынын ескере отырып, «Ұяда не
көрсе, ұшқанда соны іледі» деген қазақ
халқының даналық қағидасын ұстанып,
көптеген ұйымдастырылған іс- шаралар
ата-аналардың қатысуымен өткізіледі.
Өйткені,
жеке тұлғаның қалыптасуы ең алдымен
отбасындағы үлгі-өнеге мен тәлім-тәрбиеге
байланысты екенінде дау жоқ. Сондықтан
да балабақша ұжымы ата-аналардың
балабақшада өткізілетін түрлі іс-
шаралар мен тәрбие ісіне қатысты
тренингтер мен ертеңгіліктер, сондай-ақ
пікірталас сағаттарына қатысуларын
қамтамасыз етіп отырады. Бұл бала
тәрбиесіне байланысты ортақ мәселелерді
бірлесе отырып шешуге айтарлықтай
мүмкіндік береді.
Мектепке
дейінгі білім беру стандарты « негізгі
үштік» яғни ата-ана , бала, тәрбиеші
арасындағы тығыз байланысты орнатуға
мүмкіндік беріп отыр. Ата- аналардың
қатысуымен өткізіліетін ойындар мен
эстафеталық жарыстардың мақсаты баланың
денсаулығын жақсарту, спорттық ойынға
деген қызығушылығын ояту, балалардың
бір-бірімен қарым –қатынасын нығайтып
азамат болуға тәрбиелеу, дене, аяқ- қол
бұлшық еттерін шынықтыру, спортты сүюге
тәрбиелеу.
Балабақша
ұжымы ата-аналарды ұйымдастырып,
балаларының балабақшадағы өмірінің
тәрбиесіне белсене қатысуларына арналған
іс- шаралар жиі өткізіліп тұрады.
Ата-аналар оқу әрекетіне қатыса отырып,
өз балаларын жан-жақты зерттеп танып,
не толғандырып жүргенін, не қажет екенін
біле алады.
Балаға тіл мәдениетін игерту, баланың
сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп
жетілетін процесс. Тіл
дамыту жұмысын тек балабақшада дамытып
қоймай, отбасында жүйелі жүргізу үшін
ата –аналарға баланың тілін түрлі
дидактикалық ойындар арқылы дамытатын
жинақ кітапшаларын тараттық. «Қажетті
суретті тап», «Формасы ұқсас заттарды
тап», «Нені қайдан алуға болады», «Жұмбақ
ойындар» атты дидактикалық ойындарды
күнделікті өмірде, отбасында, тілі жаңа
шыққан баланы сөйлете білу, сөздік
қорының көбейтуге қолдана білді. Бала,
ата-ана, педагог ынтымақтастығы нығайған
сайын түсінісу де жеңіл, пікірлесу де
оңай, ең бастысы балаға тиімді екенін
байқадық.
Тәрбиешінің басты міндеті- бойында
ұлттық санасы қалыптасқан, дені сау,
жан дүниесі бай жан- жақты азамат
тәрбиелеп өсіру. «Ел боламын десең,
бесігіңді түзе», - деп дана халқымыз
айтқандай тәрбиелі, білімді ұрпақ
әрқашан ұлт мақтанышы, беделі болатыны
анық.
Қорытып
айтқанда ұлы педагог Макаренко: «Тәрбие
ішінде ешбір ұсақ- түйек деуге нәрсе
жоқ. Еш нәрсені ұсақ- түйек деуге, ұмытуға
хақымыз жоқ. Өз өмірімізде немесе
балаңыздың өмірінде бір нәрсені ерекше
деп бөлек алып, соған қатты зер салып,
қалғандарын елемей қалдырсаңыз
қателіктің ең зоры сол болып шығады.
Ұсақ- түйектер үздіксіз, күнбе-күн, сағат
сайын кездесіп отырады және өмірдің
өзі сол ұсақ-түйектен
құралады, өмірдің бұл жағына басшылық
көрсету және оны ұйымдастыру сіздің
және біздің ең жауапты міндетіміз»
-деген.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген