Балабақшада ертегі терапиясын қолдану ерекшеліктері

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Балабақшада ертегі терапиясын қолдану ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшада ертегі терапиясын қолдану ерекшеліктері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балабақшада ертегі терапиясын қолдану ерекшеліктері

Ертегі терапиясы дегеніміз не?

Бірінші басымызға келетін нәрсе - ертегі мен емдеу деген ой. Бірақ, ертегі мен ертегі терапиясы шатыстыруға болмайды. Ертегі терапиясы – бұл кез-келген басқа да психотерапия сияқты, жан дүниені тану және емдеудің түрі басқаша айтақанда дамыту.

Ертегі терапиясы – бұл кез - келген басқа да психотерапия сияқты, жан – дүниені тану және емдеудің түрі. Ол ертегілерді психикалық процестердің өту және көріну формасы ретінде зерттейді, психикаға жағымды әсер ететін ертегілерді тудырады. Онда психикалық процестердің желілігіне, басқаша айтқанда, адамның жан дүниесінде болып жатқан құбылыстарға көңіл аударады. Әдетте, олар мәдениет пен уақытқа тәуелсіз, адамдар үшін әмбебап болып келеді. Ертегі терапиясы адамда санасыздықтың дамуы мен нақты кескін бойынша өзін көрсете алады. Ертегі кейіпкерлері бір мезгілде екі психологиялық деңгейге – сана және сана астылық деңгейлерге айналады. Мұның өзі коммуникациядағы күрделі эмоциялық қарым – қатынастың тиімді әрі әсерлі жағдайын құру қажет болғанда, түзету жұмысы үшін аса маңызды, ерекше мүмкіндіктер тудырады.

Ертегі терапиясында емнің қандай қатысы бар?

Ертегі терапиясы психодиагностиканың түзетудің жәңе даму принциптері гуманистік, позитивтік терапияның принциптеріне жақын болып келеді. Ертегі терапия мінез-құлықтың негативтік формаларын директивті өзгертеді. Яғни, жақсы нәрсеге үмтылуға көптеген үлгілер ұсынылады. Бала өзін кейіпкерге санасыз түрде салыстырып болашақта болдырмауға мүмкіндік алады. Ертегі баланы дұрыс өмір сүруге үйрете алмайды. Бірақ, ойландырады.

Ертегі терапиясы – психотерапияның құрамдас бөлігі. Баланың ертегі сюжетіне әсерленуі, кейіпкердің қиыншылықтарына алаңдауы оның келешекте өз алдында пайда болатын кедергілерден қиналмай өтуіне іштей дайындығын туындатады. Бүгінгі таңда ертегі терапиясы бұл жаңа, әрі өте жас және психологиядағы дербес бағыт. Баланың жақсылық пен жамандықты айыруына, мінез-құлықтық стереотиптерді тануына көмектесіп, адамдардың өмірде алдынан шығатын сан түрлі қиыншылықты ең соңында жеңе аларына деген сенімін нығайтады.

Ертегі терапиямен әсер ету ертегінің 4 түрінің көмегімен жүзеге асады:

  1. Көркемдік ертегілер – халық ертегілеріне қарағанда нәзік келді. Адамның өміріндегі жеке өмірінен мағлұмат береді.

  2. Халық ертегілер – оқу материалын түсіндіру үшін

қолданылады.

  1. Авторлық ертегілер – баланы ертегіге қызықтыру, зейінді

дамыту.

  1. Психокоррекциялық ертегілер – баланың іс-әрекетіне

жаймен түзету үшін қолданылады.

Ертегі терапияның жетістіктері:

  • Баланың сөйлеуін дамытады, сөздік қорын байытады, дұрыс диалог құруға көмектеседі, байланысты логикалық сөйлеуі, сұрақтар қоя білу шеберлігі дамиды;

  • Баланың эмоцияларын дамытады, бала ертегі кейіпкерлерін елестете отырып, кейіпкерлердің ішкі дүниесін ұғынуды, оларға жанашырлық танытуды үйренеді;

  • Мінез-құлық пен қарым-қатынастың негіздерін жасайды, бала жақсылықтың күшіне сенуге үйренеді;

  • Баланың қиялы, шығармашылық қабілеті артады;

  • Балаға жағымды эмоционалдық көңіл-күй сыйлайды;

  • Баланың мінез-құлқын түзетеді және жақсартады, қалыптасып келе жатқан тұлғаның жағымсыз жақтарын жеңуге көмек береді;

  • Баланың ертегі кітапқа деген сүйіспеншілігі оянып, әртістік қабілеті артады.


Ертегімен жұмысты ұйымдастырған кезде келесі ережелерді сақтау керек:

  • әр түрлі тапсырмалардың кезектесуі;

  • қатарынан бірнеше рет бір ойын ойнамау;

  • бала үшін тапсырмаларды орындамау;

  • қарапайым тапсырмалардан бастаңыз;

  • сол жаттығудың нұсқаларын ойлаңыз.

Ертегі терапиясы әдісі, басқа әдіс сияқты, негізгі кезеңдерді қамтиды:

  • «Эмоционалды көңіл-күй» кезеңі (жұмысқа кіріспес бұрын, барлық қатысушылар оң көзқарасқа ие болуы керек).

  • «Ертегіге кіру рәсімі» кезеңі (бұл кезеңде қатысушылар ертегі атмосферасына еніп, ертегі кейіпкерлеріне айналады).

  • «Ертегіні сахналау» кезеңі (Педагог жүргізушінің рөлін алады және балаларға ертегінің басталуын айтады).

  • «Ертегінің міндеті» кезеңі (бұл кезеңде қатысушыларға шешім қабылдауға және жағдайдан шығудың жолын, ертегінің жалғасын табады).

  • «Алған тәжірибені жинақтау» кезеңі (педагогтің сұрақтарына жауап береді)

  • «Ертегіден шығу рәсімі» кезеңі (ертегі кейіпкерлерінен қарапайым адамдарға айналу).

7. «Рефлексия» кезеңі (эмоциялармен алмасу).

Практикалық бөлім:

Құрметті әріптестер! Енді мен іс жүзінде ертегі терапиясының ертегімен жұмыс істеудің бір түрімен таныстырамын. Бұл - ойлап табылған ертегіні сахналау.

Мақсаты: жағымды эмоциялар алу, шығармашылық қабілеттерін көрсету, тапқырлық, белсенділік таныту.

Міндеттері:

1.Педагогтарды іс жүзінде ертегімен жұмыс істеу формаларының бірімен таныстыру (ойлап тапқан ертегіні сахналау).

2.Педагогтарды ертегілерді құрастыру схемасымен таныстыру.

3.Ертегімен жұмыс жасау процесінде жағымды эмоционалды тәжірибені актуализациялау.

Жұмысты бастау үшін біз ертегімен жұмыс істеудің негізгі кезеңдеріне оралуымыз керек, бұлар:

«Эмоционалды көңіл-күй» кезеңінің бейнеролик ұсанамын (видео)

  • Алақандарыңызды дайындаңыздар, саусақтарыңызды бір - біріңізге тигізіп көріңіз. Біз дыбысты естиміз, бірақ ол әлсіз. Екі саусақтарыңызбен соғуға тырысайық. Бірақ әлі де дыбыс әлсіз. Енді толық алақандарыңызбен шапалақтаңыз. Дыбыс естілді. Біз барлығымыз біргеміз, біз командамыз және бізде бәрі болады!

  • Бүгін, біз дайын ойлап тапқан ертегіні сахналаймыз. Мен оны өзім ойлап таппадым, ертегі терапиясы кітабынан алдым. Бірақ ертегі сіздерге ұнайды және сіздер осы ертегіден жағымды эмоциялар аласыздар, деп үміттенемін. Ол үшін бізге жасампаздық, әртістік, белсенділік таныту керек.

  • Шебер-сыныптың басында, мен сіздерге сары және көгілдір түсті фишкалар ұсынғанмын. Көгілдір түсті фишкалар бар қатысушылар – көрермендер болады, сары түсті фишкалар бар қатысушылар - біздің ертегіміздің басты кейіпкерлері болады.

15 слайд

  • Ертегі қойылымына кіріспес бұрын, біз сюжетпен танысып, ертегі кейіпкерлерімен танысуымыз керек. Сіздердің назарларыңызға біздің кейіпкерлеріміздің басты сипаттамаларын ұсынамын:

1. Түймедақ гүлі – өзі тыныш, баяу, қорқақ, бірақ өте әдемі;

2. Көбелек – өзі әдемі, үлкен қанаттары бар, позитивті, күлімсіреген;

3. Қоян – өзі кішкентай, қорқақ, бір аяғы ақсақ;

4. Қасқыр - өзі әрқашанда жаман көңіл-күйде жүреді, достары жоқ екеніне

ренжулі;

5. Қызыл телпек – өзі сондай көңілді, өзіне сенімді, табиғатты жақсы көреді.

Содан кейін біз кейіпкерлерді проблемамен, қиындықпен кездестіреміз (достар бәрін ренжітетін қасқырмен кездеседі).

Кейіпкерлердің жағдайларын сипаттаймыз:

Түймедақ – қорықаннан солып қалады; Қоян – көбелектің қанаттарының астына тығылып қалады; Көбелек сасқалақтап, қайда барарын білмейді; Қызыл телпек – өз-өзіне сенімді , жақсы көңіл – күйде; Қасқыр- зұлым көзқараспен қарайды, қолдары жұдырыққа түйіледі).

6. Әрі қарай біздің кейіпкерлеріміз жағдайды жеңіп, дұрыс шешім табуы керек. (Қызыл телпек – қасқырға әлсіздерді ренжітуге болмайтынын түсіндіреді, дос болуды үйрену керек екенін айтады).

7. Соңғы қадам - ертегіден шығу: (Қасқыр – барлық кейіпкерлермен татуласады; Қызыл телпек , Түймедақ, Көбелек және Қоян – Қасқырмен дос болады, алаңқайда бірге ойнауды жалғастырады).

Сонымен, біз ертегінің сюжетімен, Ертегі терапиясы әдісінің кезеңдерімен, ертегіні құрастыру схемасымен таныстық. Енді біз практикалық бөлігіне өтіп, ертегіні сахналайық.

2. «Ертегіге кіру рәсімі» сюжетін ұсынамын (видео)

Енді, біз көзімізді жұмып, кілем-ұшағымен ұшамыз. Бұлттардың үстінен жоғары көтерілеміз, деп елестетеміз. Біздің астымызда егістіктер мен ормандар, ауылдар мен қалалар бар. Айналамыз аппақ бұлт , қоңыр күздің салқынына қарамастан, біздің көңіліміз ақ жарқын! Міне, таңғажайып бұлттардың арасынан, біз ертегі орманын көреміз. Ол орманда үлкен әдемі алаңқай бар. Біз ертегі әлеміне келдік. Құрметті ұстаздар, енді көзімізді ашамыз.

3. «Ертегіні сахналау» бейнеролигін тамашалаңыздар (Видео)

Жасыл әдемі шалғындағы орманда сүйкімді хош иісті Түймедақ гүлі өсіпті. Ол өте мейірімді, көңілді және желде билегенді жақсы көреді. Түймедақ билеп жатқанда, шалғынға өте әдемі Көбелек ұшып келеді. Көбелек Түймедақтың жанына шөпке қонады. Түймедақ Көбелекті көргеніне өте қуанышты болды. Олар бір-біріне күлімсіреп қарайды. Бір кезде мамық жүнді Қоян өтіп бара жатып, Түймедақ пен Көбелекті көріп қалады. Қоян аздап ренжулі болады, өйткені оның аяғы ауырып, ақсандап қалған екен. Мұны көрген Түймедақ гүлдің көңілі босап қалды, бірақ ол Қоянды көруге өте қуанышты болды. Ал Көбелек қоянға ұшып келіп, аурған аяғына қанаттарымен серпей бастады. Қоянның аяғы тез сауығып кетті. Түймедақ, Көбелек және Қоян бұған өте қуанышты болды. Олар бірге қол ұстасып билеуді бастады.

Осы кезде алаңқайға қорқынышты Қасқыр келеді. Оның қолдары жұдырығымен түйілген. Қоян қорықанынан Көбелектің қанаттарының артына тығыла бастады, Көбелек те қатты қорқып, қорқыныштан көздерін жұмды, ал Түймедақ қорықанынан солып қалды. Бұл уақытта олардың бақытына қарай, әжесіне бәліш апара жатқан Қызыл телпек көңілді ән айтып, алаңқайға келіп қалды.

Қасқыр Қызыл телпекті көріп, күтіп тұрады. Қызыл телпек Түймедақ гүлін көріп, жұпар иісін иіскеп, жапырақтарын құшып, Көбелектің қанаттарын түзеп, Қоянды жұбатты. Содан кейін ғана Қасқырды көріп қалды. Қасқыр оларды көріп, қатты ызаға булықты. Қызыл телпек достарын қорғауға кірісті. Қасқырға достарын қорқытуға қажеті жоқ екенін ескертті, әлсіздерді ренжітуге болмайтынын айтты. Содан кейін Қызыл телпек Қасқырға жақындап, оған қолын созады. Қасқыр ойланып, Қызыл телпекке жымиып, қолын созады. Барлығы бір-бірлеріне жымиып, қол ұстасып, бірге ойнай бастады және ешқашан бір-бірін ренжітпеуге келіседі. Міне, ертегімізде аяқталды, кім тыңдады – мадақтау алды!

4. «Ертегіден шығу рәсімі» сюжетін ұсынамын (Видео)

Сізге ертегі ұнады ма? Маған өте қатты ұнады. Ал, енді біз Ертегі әлемінен кететін кез келді. Біз көзімізді жұмып, сиқырлы кілем-ұшаққа отырамыз. (Баяу музыка). Біз балабақшаға оралдық! Бірақ, бұл ертегі біздің есімізде қалады.

- Айтыңызшы, сіз осы ертегідегі кейіпкерлердің рөлінде өзіңізді қалай сезіндіңіз?

- Бұл рөлдерді ойнау оңай болды ма?

- Олар сіздің мінезіңізге жақын ба?

- Бұл ертегіде қандай мәселе көтерілді деп ойлайсыз?

- Бұл әдісті қандай жағдайларда қолдануға болады?


Қорытындылай келе, ертегі терапиясы әдісі мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді, ұжымда психологиялық жайлылықты орнатуға көмектеседі. Балалардың ертегімен аналитикалық және шығармашылық жұмыс істеу қабілеті дамиды.

Ертегі терапиясы әдісінің көмегімен мектеп жасына дейінгі балалардың жеке қасиеттерін қалыптастыру жүреді: Тәуелсіздік; белсенділік; көркемдік іс-әрекеттегі бастаманың көрінісі; жарқын тұлғаға ие болу; мейірімділік, жанашырлық сезімі; қоршаған әлемге ұқыпты қарау позициясы; қарым-қатынас дағдылары.

Ертегі терапиясы - полифункционалды психотехника. Оқытудың мазмұнына байланысты, ертегі келесі даму түрлеріне жағымды әсер етеді. Ертегі терапиясы сабағын ұйымдастыруда жұмыстың мақсатын анықтаған өте маңызды: Не жоспарланып отыр? Қандай нәтижеге жетеді? Бала қандай қасиетке ие болды? Балалардың өмірінде болатын нақты қиындықтар көрсетілген «ерекше» ертегіні таңдау керек. Біреуге тәуелді болу, тіл табыса алмау, үрейлік, қорқақтық, қоршаған ортаға жағымсыздық, өзіне деген бағасы төмен, қайшылықтық. Ертегі терапиясы сабағын белгілі бір ритуалдан бастап, сонымен аяқтау маңызды. Балалар «сиқырлы» нәрселерді бар ынтасын салып орындайды. Бұл ритуалдарды орындау балаларға қуаныш әкеледі.

Ертегілер құдіретті нәрсе: ұйқыға батқызады, қызықтырады, тыныштандырады, көңілдендіреді, қолдайды, үйретеді, сендіреді. Ертегі терапиясы - педагогикалық және психологиялық тапсырмаларды саны мен сапасы жағынан тіпті ең инновациялық технологиялардан кем қалмайтын ғажап психотехника.

Назарларыңызға көп рахмет!

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Зинкевич-Евстегнеева Т.Д. Путь к волшебству. Теория и практика сказкотерапии СПб.:»Златоуст», 1998.

  2. Зинкевич-Евстегнеева Т.Д.Основы сказкотерапии.

  3. «Ертегі елінде» ҚРМәдениет министрілігінің Тіл комитеті «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша шығарылды.

  4. «Хайуанаттар туралы ертегілер» сериясы Iiтом Алматы 2014

  5. Қазақ ертегілері Алматы «Балауса» баспасы 2014.

  6. Менің алғашқы кітапшам Алматы «Атамұра» 2005.

  7. «Балақай» топтамасы 2000.

  8. Вачков И.В. Сказкотерапия. Развитие самосознания через психологическую сказку. – М.: Ось- 89, 2007.

  9. Гребенщикова Л.Г. Основы куклотерапии. Галерея кукол. – СПб.: Речь, 2007. Зинкевич-Евстигнеева Т. Д. , Грабенко Т. М. Г75 Коррекционные, развивающие адаптирующие игры.— СПб.: «ДЕТСТВО-ПРЕСС», 2001.

  10. Зинкевич-Евстигнеева Т. Д. Формы и методы работы со сказками. - СПб.: Речь, 2008.

  11. Зинкевич-Евстигнеева Т. Д. Основы сказкотерапии.

  12. Киселёва М.В. Арт-терапия в работе с детьми: Руководство для детских психологов, педагогов, врачей и специалистов, работающих с детьми. – СПб.: Речь, 2008.

  13. Лэндрет Г.Л. Игровая терапия: искусство отношений: Пер. с англ./Предисл. А. Я. Варга. — М.: Международная педагогическая академия, 1994.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.02.2023
362
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі