Материалдар / Балабақшада инновациялық технологияларды қолдану
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Балабақшада инновациялық технологияларды қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заманда алға қойылып отырған маңызды мәселердің бірі рухани ізденісі мол жас ұрпақ тәрбиелеу. Білім берудің алғашқы деңгейі балабақшадан басталады. Балабақша – балаға жан-жақты білімді, тәрбиені беретін, ақыл-ойын дамытатын, қызығушылығын оятатын баланың екінші отбасы.Тәрбиенің нәтижесі отбасы мен балабақша тығыз байланыста болса ғана мағыналы болып, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз. Осының негізінде біз тек баланы ғана емес, ата-ананы да жұмыстандырып, бірге тәрбиелеуіміз қажет. Әр топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу. Қазіргі білім беру үрдісі өзгерді, саналы білім беруде жаңа көзқарастар пайда болды және біздің алдымызға жаңа міндеттер жүктеп отыр.Осы міндеттердің бірі — білім берудің әдіс-тәсілдерін
Авторы:
15 Желтоқсан 2023
118
5 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘОЖ

Балабақшада инновациялық технологияларды қолдану


Бозымбай Айзере Сержанқызы, Ералы Назерке Бахытжанқызы Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университеті Алматы, Қазақстан

yeralynazerke@gmail.com, aizerebozymbai@gmail.com




Аңдатпа. Қазіргі заманда алға қойылып отырған маңызды мәселердің бірі рухани ізденісі мол жас ұрпақ тәрбиелеу. Білім берудің алғашқы деңгейі балабақшадан басталады. Балабақша – балаға жан-жақты білімді, тәрбиені беретін, ақыл-ойын дамытатын, қызығушылығын оятатын баланың екінші отбасы.Тәрбиенің нәтижесі отбасы мен балабақша тығыз байланыста болса ғана мағыналы болып, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз. Осының негізінде біз тек баланы ғана емес, ата-ананы да жұмыстандырып, бірге тәрбиелеуіміз қажет. Әр топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.

Қазіргі білім беру үрдісі өзгерді, саналы білім беруде жаңа көзқарастар пайда болды және біздің алдымызға жаңа міндеттер жүктеп отыр.Осы міндеттердің бірі — білім берудің әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, жетілдіріп отыру және жаңа инновациялық білім технологиясын меңгеру. Жаңа технология бойынша білімді үнемі бүгінгі жас ұрпақ тәрбиеленушілерге меңгертіп отырсақ, балалардың жаңаша көзқарас үрдісі дамиды.

Зерттеудің өзектілігі – Сұқбатты ұйымдастырудың негізгі бөлігі бала мен тәрбиеші әрекетіне бара-бар реакциясымен анықталады. Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары арқылы кері байланысты ұйымдастыру баланың әрекетіне бақылау мен түзету енгізуімен, әрі қарай жұмыс жасауға нұсқау беруімен, ақпаратты түсіндіретін анықтама алуға мүмкіндік беруімен анықталады.

Сонымен, интерактивті тақтаны пайдалану сабақтың негізгі тапсырмаларын білуді жеңілдетеді, заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды. Балалар өтетін тақырыппен жұмыс жасауға әуес, ынталы келеді. Сондықтан да интерактивті тақтамен жұмыс жасау балалардың белсенділігін дамытуға әсер етеді, олардың назарын белгілі бір бағытқа жұмылдырады. Білімді игеру үстінде баланың ақыл-ойын дамытуға, ғылыми білімді игертуге, деректерді есте сақтауға әрбір оқу іс-әрекеті үстінде интерактивті тақтаны пайдалану қажет-ақ. Өйткені, берілген тақырып бойынша жаңа оқу іс-әрекетті түсіндіру, өткен материалды қайталау не бекіту кезінде пайдалану әрбір оқу іс-әрекеттің әсерлігін және мазмұнын арттырып, балаға қызықты, жалықтырмай игеруге септігін тигізеді. Интерактивті технологияны қолдану арқылы тәрбиеші мен бала арасында екіжақты байланыс орнайды. Тәрбиеші өзінің көздеген мақсатына тиімді жолмен жетсе, бала тұлға болып қалыптасу жолындағы негізгі қасиеттерді бойына қалыптастырады.

Тірек сөздер: 1.Монтессори технологиясы

2. Жобалау технологиясы

3. ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы

4. Денсаулық сақтау технологиясы

1) Монтессори технологиясы. Негізін қалаған: М. Монтессори. Мақсаты: балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру. Сауалдар қою және оларға жауап іздеп табу. Монтессори әдісінің негізгі қағидасы – «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу. Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан, оқытуда ерекшеліктер бар. Сондай-ақ олар өз қателіктерін өздері көріп, соны өздері түзеп отырады. Монтессори бөлмесінде «Барлығымен еркін айналыс, бірақ басқаларға кедергі жасама» деген ереже үнемі сақталады.

2) Жобалау – «proicere» деген латын сөзі. Бұл сөз «жоспарлау, дайындау» сияқты мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді. Жобалау технологиясы ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған психолог, педагог, философ Джон Дьюи. Дьюидің ілімін жалғастырушы профессор Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау – бұл технологияның негізі.

3) ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясын өткен ғасырдың 70-жылдары Г.С.Альтшулер ойлап тапқан. Мектепке дейінгі балаларға бейімделген ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттіліктерді дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып шығармашылыққа баулиды.

4) XXI ғасырда өмір бізге көптеген жаңа мәселелерді айқындады, оның ішінде денсаулық сақтау, саламатты өмір салты (бұдан әрі – СӨС) әдеттерін тәрбиелеу – ең өзекті мәселе болып табылады. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, олардың жас ерекшеліктеріне сай келетін, артық жүктемелерді жоятын және мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын сақтайтын білім беру технологияларын таңдау – білім беру жүйесін жаңғыртудың жаңа кезеңінің басты міндеттерінің біріне айналды. Денсаулық сақтаушы педагогикалық технологиялар белгіленген міндеттерді шешу құралының бірі болып табылады.

Қорытынды

Бала өміріне немқұрайлы қарамай, балаға қазіргі заман талабына сай, мағыналы білім берсек қана, біздің бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқын болмақ. Бала отбасында дұрыс тәрбие алса,тәрбиелеудің нәтижесі жоғары болмақ. Атақты Б.Момышұлы атамыз айтқан екен: «Мен үш нәрседен қорқамын: Өзінің сәбиіне бесік жырын айтпаған анадан, немересіне ертегі айта алмаған ата мен әжеден,

өз тілін құрметтемеген адамнан». Міне, балаға отбасы тәрбиесінің маңызы зор. Біздің басты мақсатымыз – отбасымен ынтымақтастық орнатып, баланы жан-жақты тұлға ретінде тәрбиелеу.

Мектеп жасына дейінгі бүллдіршіндердің қызығушылығын қалыптастыруда ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын оқу үдерісіне енгізудің бірнеше себептері бар. Біріншіден, бұл әрекет құрылымын жоспарлау, ақпаратты іздеу, ақпараттық модельдер құру және әрекетті жабдықтау (сабақтың негізгі мазмұны жеңіл әрі тиімді түрде қабылданады) сияқты дағдылар мен біліктердің жиынтығы болатынын ескере отырып, ойлаудың операциялық стилінің қалыптасуы өз септігін тигізеді. Екіншіден, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің білімді интерактивті әдіс арқылы қабылдау дағдыларын меңгеріп, содан кейін ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын өзінің іс-әрекетінде басты құралы ретінде пайдаланады. Үшіншіден, сабақты ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдану арқылы өткізу ойынға оңай ұласады да, балаларда оқуға деген эмоционалдық жағымды қатынас пайда болады. Ескеретін жағдайлар: Зерттеулерді талдау негізінде оқыту үдерісіне аталған құралдарды, яғни интерактивті оқыту технологиясын сауатты жоспарлаған тәрбиеші педагогикалық үдерісте мектеп жасына дейінгі бүлдіршіннің жас ерекшелігіне сай, психикасы мен денсаулығына кері әсері болмайтындай қолдану керек. Сабақта ақпараттық технологияларды қолдану кезінде барлық қауіпсіздік ерекшеліктерін ескере отырып жүргізу тәрбиешіге жоғары жауапкершілікті жүктейді. Бұндай тұжырым балабақшадағы оқу үдерісінде бүлдіршіндердің ақпараттық қажеттілігін, қызығушылығын туғызатындай ұйымдастыруда аталған құралдарды қолданудың дидактикалық алғышарттарын құруды талап етеді. Ақпараттық-коммуникациялық технология құралы балабақшадағы оқу үдерісінде қолданылуы үшін басқа оқу құралдары тәрізді дидактикалық талаптарға сәйкес болуы тиіс. Келесідей дидактикалық қағидалар ұсынылды: – бейімділік қағидасы, балаларды құралдардың бейімдеу деңгейіне байланысты бірнеше кезеңдерін анықтауға болады. Біріншіден, балалардың оқу материалын меңгеру қарқынын таңдауы; екіншіден баланың жағдайын диагностикалауы; үшіншіден оның негізінде оқыту мазмұны мен технологиясын ұсынуымен сипатталады; – интерактивтілік принципі, аталған құралдар сұхбатты және кері байланыс жасауды қамтамасыз ететіндігімен ерекшеленеді. Интерактивтілік дегеніміз баламен аталған құралдардың арасындағы екіжақты сұхбатты жүргізу.

Пайдаланылған әдебиеттер

К.Ж.Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология./Оқулық/ -Тараз:ТарМУ, 2003.

«Бала мен балабақша» журналы № 11,2011жыл

http://bilimdiler.kz/balabaksha/15272-mektepke-deyingi-bilim-berude-innovaciyalyk-tehnologiyalardy-koldanu.html

Б.Бөрібаев, Е.Балапанов «Жаңа ақпараттық технологиялар».– Алматы,2001.

Эриксон Э. Детство и общество. –Санкт-Петербург, 2000.

Түменбаев Ж. Ауыл шетіндегі үй: хикаяттар. –Алматы: «Қазақстан» баспа үйі», 2009. –488б.

Мұқанғалиев Е. Тәуелсіздік және ұлттық сана // Жалын. –2011. –No11, қараша. –10- 13бб.

Солтанаева Е. Жұмабай Шаштайұлының бір әңгімесі жайында // https: malim.kz/article/culture/zhumabai-sastaiulynyn-bir-angimesi-zaiynda-18188

Нұрғалымұлы Ұ. Дайағашшы: эссе, әңгіме, мақалалар. –Астана: Фолиант, 2018. – 240б.

Әубәкір А. Дәстүрден арылу қазаққа не береді? // Жас қазақ үні. – No32 (353). – 12.08.2008. –4-5бб.

Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі. –Алматы: Раритет, 2013. –400б.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!