Кітап
бұрышын ұйымдастыру және онымен жұмыс
істеу әдістемесі.
Балалар
кітап қалай дүниеге келеді, ол оқырманға
жету үшін қаншама адамдар еңбектене
ететіні жөнінде тереңірек білім алады.
Сондай – ақ, тәрбиеші иллюстрацияларды
көрсете отырып, жазушылар мен суретшілер,
арнайы машиналардың көмегімен кітаптарды
басып және оларды қатты мұқабалармен
қаптайтын баспахана жұмысшылары жөнінде
әңгімелейді. Кітаптарды жасау процесімен
танысқаннан кейін, балалар
кітаптарды сақтау және оған ұқыпты
қарау керектігін, бұл көптеген адамдардың
еңбегі екендігін түсіне бастайды.Мектеп
кітапханасында ұйымдастырылған саяхаттар
балаларға өте ұнайды. Тәрбиеші балалардың
көңілін бұнда әр түрлі қызықты кітаптардың
көптігіне, оларды үйге алып оқуына
болатынына көңіл аударады. Сондай –
ақ, балалардың көркем шығармаларды
жыртпай, дұрыс ұстау керектігін, өйткені
оны басқа балалар да пайдалана алатындай
етіп, ұқыптылықпен сақтайтынын атап
көрсетті.
Балабақшадағы мектепалды даярлық
тобында кітаптар мүйісін ұйымдастырудың
да маңызы ерекше екендігіне көңіл
бөлінеді. Мұнда мынандай кітаптар
орналасады: «Балбөбек» бағдарламасында
көрсетілген кітаптар; Мазмұнды ертегілер,
әдеби шығармалар, мультфильмдердің
тақырыптарына байланысты суреттер
жинағы; Балалардың тілін дамытатын
ойындар: «Ертегіні аяқта», «Кейіпкерді
таны», «Суреттерді лайықтап жина»;Жазушылар
мен ақындардың суреттері; Сүйікті
шығармалар мазмұнынан сәйкес балалардың
салған суреттері;
Тәрбиеші балалармен
әңгімелерді иллюстрациялар көрсету,
қайталап оқу, ойын – драматизациялар
ұйымдастырумен үйлестірген жөн. Бұрынғы
оқылған кітаптарға қайтып оралған
пайдалы, себебі балалар жасы өскен сайын
оларды өзгеше қабылдап, саналы түсінеді.
Кітаптардағы
кейіпкерлер балалардың суреттерінде,
илеулерінде жанданады. Жақсы суреттерден
альбомдар жасап, кітап мүйісінде «қол
өнері» көрмесін жасаудың білімдік,
тәрбиелік, эстетикалық мәні бар.
Жоғарыда
жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде
балалардың «кітапхана» сюжеттік –
рөлдік ойынына қызығушылығы артады.
Кітапханашы ролі кітаптардың мазмұнын,
авторларын жақсы білетін, қызықты
кітапты таңдай алатын балаға
жүктеледі.
Сонымен қатар, балалар
арасында «Кейіпкерді таны», «Досыңды
тап», «Авторы кім?» дидактикалық ойындарды
ұйымдастыруға болады. Балаларды
ұқыптылыққа тәрбиелеуде топта кітап
жөнінде шеберханаларының үлкен мәні
бар. Қажетті материалдарды (қағаздар –
қалыңдығына, түріне, түсіне қарай; желім)
балалар өздері даярлайды. Біріккен
еңбек барысында кітаптардың мазмұнын
еске түсіріп, кейіпкерлері туралы пікір
алысады.