Балабақшада қолдануға тиімді арт-терапияның түрлері.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балабақшада қолдануға тиімді арт-терапияның түрлері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогикалық іс-әрекетке жаңашыл технологияларды қолдану: жаңа мақсат, міндеттерді талап етеді, оқыту және тәрбиелеудің мән-мағынасын өзгертіп, оқытушы мен оқушының бірлескен ұжымдық әрекетін көздейді. Осы тұрғыда бүлдіршіндерімізді жан-жақты дамыту үшін арт-терапияның ең тиімді түрлері: құм тераписы, музыкалық терапия, қозғалмалы би терапиясы, драма терапиясы, ертегі терапиясы, ойын терапиясы, қуыршақ терапиясы, гүл терапиясы, фото терапия, оригами, этнотерпия, киндер-сюрприз, қамыр, коллаж, түйме, артсинтез терапиясы, библиотерапиясы, маска терапиясы т.б.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балабақшада қолдануға тиімді арт-терапияның түрлері.

Педагогикадағы жаңашылдық-бұл жаңаша әдіс-тәсілдерді қолданудың үрдісі болып табылады. Жаңашылдық қай сала мамандарына болса да қажет, сондықтан оған дайындықпен қараған дұрыс. Жаңашылдық жайдан-жай туындамайды, ол қандай да болмасын ізденістің белгісі, педагогикалық ұжымның, жеке педагогтардың іс-тәжірибесі. Педагогикалық іс-әрекетке жаңашыл технологияларды қолдану: жаңа мақсат, міндеттерді талап етеді, оқыту және тәрбиелеудің мән-мағынасын өзгертіп, оқытушы мен оқушының бірлескен ұжымдық әрекетін көздейді. Осы тұрғыда бүлдіршіндерімізді жан-жақты дамыту үшін арт-терапияның ең тиімді түрлері: құм тераписы, музыкалық терапия, қозғалмалы би терапиясы, драма терапиясы, ертегі терапиясы, ойын терапиясы, қуыршақ терапиясы, гүл терапиясы, фото терапия, оригами, этнотерпия, киндер-сюрприз, қамыр, коллаж, түйме, артсинтез терапиясы, библиотерапиясы, маска терапиясы т.б. Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Сондықтан бұл терапия қарқынды даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып табылады. Терапияның бұл түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие екендігі белгілі. Арт-терапия – балалармен психологиялық жұмыс жүргізуде орны баға жетпес әрі өте тиімді әдіс.Көптеген кіші мектеп жасындағы балалар өзінің ойын, қобалжуын сөзбен жеткізуге киналады. Олар үшін өз ойын жеткізудің оңай жолдары ойын барысында, бейнелеу  өнері немесе шығармашылық белсенділіктің басқа да фомаларымен байқалады.

Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Сондықтан бұл терапия қарқынды даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып табылады. Терапияның бұл түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие екендігі белгілі. Арт-терапия – балалармен психологиялық жұмыс жүргізуде орны баға жетпес әрі өте тиімді әдіс.

Арт терапия – бұл бейнелеу өнерімен емдеу дегенді білдіреді. “Арт терапия”– терминi (art – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу). Арт терапия - бұл емдеу ғана емес, сонымен қатар креативтің дамуы, тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі, кез-келген жағдайды шешуге көмек көрсету.

Балабақшаларда тұлғаны үйлесімді жан-жақты дамыту үшін арт-терапияның мынадай бағыттарымен жұмыс жүргізудің маңызы зор:

Құм терапиясы - адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін тануға, өзіне өте маңызды, жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі.  
Құм терапиясы - клиенттің немесе емделушінің мәселелерін жөндеуге және проблемаларды оған қауіпсіз түрдегі рольдік қимыл-әрекеттің түрі, бейнелеме (символика) арқылы әлемге айтарын жолдауды қолдану арқылы анықтауға көмек көрсетеді. Құм терапиясы - балаларға үлкен мүмкіндік, баланың уайымдау немесе қайғыру сәтін ашып көрсете алады. Сәби құммен ойнап отырып, өзінің бойындағы ауыр сезімді ұмыта бастайды. Құммен ойнағанда бала қателесуден қорықпайды. Қарапайым ойнау әдісін іске асырады. 
  

Музыканың терапиялық әсері бұрынғы заманнан бері белгілі. Музыка терапиясының негізгі механизмдерінің әсері әдістің әр адамға ыңғайлы әрі қолайлылығын көрсетеді. 

- біріншіден, ырғақ сақталған музыка мидың бөліктеріне әсер ету арқылы оның жұмыс істеуіне көмектеседі. 

- екіншіден, әр музыканың өзіндік белгілері бар. Адамның белгілі бір жағдайы мен көңіл күйімен байланыса отырып, адам бойында белгілі бір эмоцияның пайда болуына әсер етеді. 

Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты - баланың немесе ересек адамның қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады. 
Ойын терапиясы - арт-терапияның бір түріне жатады. Бұл терапияның жүргізу үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатысса, емдеу әсерлі болады. Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға, оның қоғаммен қарым-қатынасын анықтауға көмектеседі, ересек өмірге дайындайды.

Арт-терапия:

Топта жағымды эмоционалды көңіл күй құруға септігін тигізеді.

Өз қатараластарымен, ата-анасымен, педагогтармен және т.б. қарым-қатынас процесін жеңілдетеді. Шығармашылық әрекетке бірге қатысу балаларды бірін-бірі  оң қабылдауға  үйретеді.

Бала бақшаларда, әсіресе, көп ұлтты топтарда тілдік барьерді жеңуге көмектеседі.

Тәрбиешілерге бала дыбыстап тілімен жеткізуге, талқылауға қиналатын мәселелерге көңіл аударуға мүмкіндік туғызады.

Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады.

Арт-терапияны қолдану, топтың психологиялық өзгешеліктерін, ерекшеліктерін зерттеп танып-білуге көп мүмкіндік береді

Сонымен қатар, оқыту процесінде  осы терапияны қолдану  мынадай мүмкіндіктерге  қол  жеткізуге  септігін  тигізеді:

- Танымдық үрдісін дамыту; 

- Өзінің ішкі әлемін түсіну қабілетін дамыту;

- Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту;

- Зердесін дамыту;

- Эмоциясы мен сезімдерін дамыту;

- Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту;

- Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту 

- Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту 

- Ой өрісін дамыту

- Ойлауды дамыту.

Арт терапия арқылы тұлға бойындағы қабілетін көрсетіп, шығармашылығын шыңдайды. Ал шығармашылық қабілеттер қиялдың байлығымен, ойлаудың ерекшелігімен, заттарға деген сындарлы көзқараспен жаңа шешім және идеяларды ұсыну мүмкіндігімен, өз білімін, икемділігі мен дағдысын іске асыру барысында өмірлік белсенді ұстаным көрсете білуімен сипатталады. Демек тұлға шығармашылығын дамытуда арт терапиялық әдістемелерді қолдану маңызды.





«Зувайда-ана» бөбекжай бақшасы

ЖШС-ның Джайнарова Насиба Пулатовна

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
28.11.2025
13
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі