Балабақшада қолданылатын
жаңаша оқытудың
әдіс-тәсілдері.
Ұрпағы білімді халықтың,
болашағы
бұлыңғыр
болмайды.
(Халық
даналығы)
Қазіргі заманда алға қойылып
отырған маңызды мәселердің бірі – жан – жақты дамыған өнегелі,
рухани ізденісі мол жас ұрпақ
тәрбиелеу.
Қазіргі білім беру үрдісі
өзгерді, саналы білім беруде жаңа көзқарастар пайда болды, және
біздің алдымызға жаңа міндеттер жүктеп отыр.Осы міндеттердің бірі-
білім берудің әдіс- тәсілдерін түрлендіріп,жетілдіріп отыру және
жаңа иннавациялық білім технологиясын меңгеру.Ал иннавациялық білім
технологиясын дегеніміз білім,біліктілік,интелектуалдық кәсіптік
әдіс -тәсілдерді қолдану.Жаңа технология бойынша білімді үнемі
бүгінгі жас ұрпақ тәрбиеленушілерге меңгертіп отырсақ,балалардың
жаңаша көзқарас үрдісі
дамиды.Балбақшада келер ұрпаққа қоғам
талабына сай тәрбие беруде тәрбиешілердің инновациялық
іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі-маңызды
мәселелердің бірі. Мектепке дейінгі білім беру жүйесіне жаңашыл
орта құру үшін инновациялық технологияларды енгізу болып
табылады. «Бала тәрбиесін, оқытуын жақсы
білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерді өзі жақсы
білуі керек»- деп ұлтымыздың ұлы ұстазы А.Байтұрсынов айтқандай,
қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдерді іс-тәжірибиеге енгізбес
тұрын тәрбиеші сол әдіс-тәсілдерін өзі жетік меңгеруі
тиіс.Сондықтан жаңа технологияларды
іс-тәжірибиеге енгізу төмендегідей кезеңдер арқылы
іске асырылуы керек:
1кезең–оқып үйрену;
2кезең – меңгеру;
3кезең - тәжірибеге енгізу;
4кезең – дамыту.
Мектеп жасына дейінгі балалрға
жаңа технологияны арқылы білім беруді де кезеңдерге бөліп енгізуді
ұсынамыз:
1 кезең-
таныстыру;
2 кезең-
көрсету;
3
кезең-қолдану;
Өзінің 2 жылдық
іс-тәжірибесінен біздің балабақшамызда осындай жаңа
технологиялардың элементтерін оқу қызметіне енгізіп қолданып
келеді.1және2 кезеңдерді жас педагогтарымыз оқып үйреніп,меңгеріп
өз іс-тәжірибиелерінде көрсетті.Сонымен қатар орта, ересек
топтарында декупаж, пластилинография, эбру техникаларын қолданып
балалардың қызығушылығын арттыратын қызықты оқу іс-әрекетін өткізіп
келеді.
Ұйымдастырылған оқу қызметінде
қолданып жүрген технология ТРИЗ технологиясы элементтері.Осы
технологияның элементтерін қолдану арқылы балалардың қиялын ғана
емес, сонымен қатар шынайылықты түсініп жүйелі ойлауға, өзін - өзі
тануға, қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын
қиындықтарын шешуге баулу болып табылады.
Бұл жаңа технологияларды
қолданумен қатар балабақшаларда
мультимедиялық оқулықтарды да
пайдалануға болады. Тәжірибе жүзінде,
балалар материалды ауызша мазмұндау барысында минутына
ақпараттың мың бірлігін қабылдап қорытатыны, ал оған көру
мүмшелерін қосса жүз мыңға дейін ақпарат бірлігін қабылдау
мүмкіндігі бар екені дәлелденген. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу
іс-әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмай уақытты
тиімді және ұтымды пайдаланар еді. Балабақша баласына
мультимедиялық оқулықтар біріншіден, балалардың қызығушылығын
арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін
қайта көруге мүмкіндік алады. Мультимедиялық оқулықтар балабақшада
балаларға арналған таптырмас құрал болып табылады. Өйткені,
балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге, ойыншықтарға, әдемі
суреттерге, әсемдікке әуес болады. Бұл электронды оқулықтар бала
үшін де, тәрбиеші үшін де күнде дамытылып отыратын анық түрдегі
әдістемелік жүйе болып табылады.Осындай заманауи мультимедиялық
оқулықтар еліміздің барлық балабақшаларында енгізілетін болса нұр
үстіне нұр болар еді.
Қорытындылай
келе, біздің қоғамымыз дамудың жаңа
кезеңі-ақпараттық кезеңге толықтай көшіп келеді, бұл кезең,
компютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық
коммуникациялық технологиялар педагог қызметінің барлық саласына
кірігіп,оның табиғи ортасына айналып отыр. Қазіргі кезде білім
кеңістігін заманғы сай ақпараттық технологияларсыз елесте тумүмкін
емес. Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалану;білім
мазмұнының заман талабына сай болуына, балалардың болашақта қажетті
білімді, толығымен алуына өздігімен меңгеруіне, өзін-өзі бағалай
алуына, өз күшіне сенімділіктің болуына
бағыттайды.. .Қазақ әдебиетінің
көрнекті өкілі,ақын М.Жұмабаев атамыз айтқандай:
«Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер
болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Бала
тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі, бала
сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жанды болса, бала айыпты
емес, тәрбиеші жазалы.»- деген екен,
ендеше балаға қазіргі заман талабына
сай, мағыналы білім беріп, ұшқыр ойлы,сұлулықтан ләззат
ала білетін, қазіргі заман талабына сай болашақ ұрпақ тәрбиелейік
құрметті әріптестер.