БАЛАБАҚШАДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Мектепке дейінгі жас – ерік -
жігер, әлеуметтік құзыреттілік қалыптасатын бірегей шешуші
кезең. Ойын түрінде оқыту қызықты, ерекше болуы тиіс, бірақ,
ойын-сауық емес. Мектепке дейінгі балаларды осындай тәсілмен
оқытуды жүзеге асыру үшін әзірленетін ойынның білім
беру технологиясы анық белгіленген және қадамдық
сипатталған жүйесі бар әр түрлі ойындар болуы қажет. Педагог осы
жүйені пайдалана отырып, нәтижесінде баланың сол немесе өзге
де заттық мазмұны бар деңгейді меңгеретініне сенімді болуы
қажет.
Әрине, баланың бұл жетістік
деңгейі диагностикалауды талап етеді, ал педагог
пайдаланылатын технология диагностикаға сәйкес
материалдарды қамтамасыз етуі тиіс.
Ұлы педагог А. С. Макаренко айтқандай баланың
өмірінде ойынның зор маңызы бар, үлкендер үшін жұмыстың, қызметтің
маңызды қандай болса, балалар үшін ойынның маңызы сондай болады.
Сондықтан болашақ қайраткерді баулу алдымен ойын үстінде
жүргізіледі. Ойынның барысында бала жан - жақты тәрбие алады,
табиғи әрекет, көптеген мағлұмат береді. Балалар қиялдау арқылы
түрлі ойын шығарады. Ойын арқылы балалардың шығармашылық ой -
қиялы, елестетуі шарықтайды. Тәрбиелейтін және дамытатын ойындарды
ұмытпаған жөн, бұл ойындар баланың өмірін сақтайды. Әдемі, ақылды,
дені сау баланы көру, қасында болу біздің әрқайсымыздың
арманымыз.
Педагогикалық ойын
технологиясы – педагогикалық процесті
әртүрлі педагогикалық ойындар түрінде ұйымдастыру. Бұл
педагог қызметінің дәйегі
бойынша:
- іріктеу, әзірлеу, ойындарды
дайындау;
- балаларды ойын қызметіне
қатыстыру;
- ойынды
қорытындылау.
Ойын технологиясының
тұжырымдамалық негіздері:
Балалармен бірлескен ойын
нысаны, ойын тәсілдері мен жағдайлары көмегімен, баланың қызметін
ынталандыру және қызығушылығын ояту негізінде
құрылады.
Педагогикалық ойындарды іске
асыру төмендегідей ретпен жүзеге
асырылады:
- дидактикалық мақсат ойын
міндеттерінің түріне қойылады, білім беру әрекеті ойын ережесіне
бағынады;
- оқу материалы оның құралдары
ретінде пайдаланылады;
-дидактикалық
тапсырмаларды табысты орындау ойын нәтижесіне
байланысты.
Ойын технологиясы білім беру
процесінің белгілі бір бөлігін, яғни біріктірілген жалпы мазмұнын,
сипатын қамтиды.
Ойын технологиясына білім беру
саласындағы интегративтік қасиеттерді қалыптастыратын дәйекті
ойындар мен жаттығулар жатады. Сондай-ақ, ойын материалы
білім беру үдерісі мен оқу материалын игеру тиімділігін арттыруы
қажет.
Ойын технологиясының
басты мақсаты – мектепке дейінгі және
балалардың даму деңгейін толыққанды мотивациялық негізін
қалыптастыру үшін, дағдылар мен қызмет шарттарына байланысты
жұмыс істеу.
Оның
міндеттері:
1.Білім мен дағдыны
меңгерудегі қажеттілікті түсінуде, баланың жеке
белсенділігінің жоғары деңгейге жетуі;
2.Баланың белсенділігі мен
қызметінің нәтижелілігін арттыратын құралдары
таңдау;
Бірақ, кез келген
педагогикалық технология сияқты, ойын технологиясы да мынадай
талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1.Технологиялық жүйе –
логикалық өзара байланысты функционалдық элементтердің
технологиялық процестің сипаттамасына
бөлінуі.
2.Ғылыми база – білім беру
мақсаттарына жету үшін, белгілі бір ғылыми тұжырымдамаға
сүйенуі.
3.Жүйелілік – технологияның
барлық бөліктерінің өзара байланысы, тұтастығы, логикасының
болуы.
4.Басқарылуы – құралдар мен
әдістерді түзету мақсатында, оқу процесін кезеңдік диагностикалау,
қайта жоспарлау мүмкіндігінің болжануы.
5.Тиімділігі – белгілі бір
стандартты оқытудың тиімді нәтижелері бойынша кепілдік
беруі.
6.Жаңадан өндірілуі – басқа
білім беру мекемелерінде қолданылуы.
Ойын технологиясы
балабақшаның тәрбие және білім беру тараптарымен оның негізгі
міндеттері шешімімен тығыз байланысты.
Ойын технологиясы
балаға:
-
өзіне аса маңызды әлеуметтік
рөлдерді “тәлімгерлер мүмкіндігін“;
- оқытылатын құбылысқа
қатысты (қанағаттандыруға бағдарланған танымдық қызығушылықтарын
және шығармашылық қуаныш);
- “шынайы өмір”
уақытында біраз өмір сүруді береді.
Ойын технологиясының
мәні: ойын-сауық және
демалыс ғана емес, егер дұрыс басшылық жасалатын болса, оқыту
тәсілі; шығармашылық қызметті іске асырушы; әдіспен емдеу; ең
бастысы баланың ортаға әлеуметтенуінің бірінші қадамы
болып табылады.
Ойынның тәрбиелік және
оқыту мағынасы мынаған тәуелді:
–
ойын қызметінің әдістемесін
білуіне;
–
ойын түрлерін
ұйымдастыру немесе басшылық жасау кезінде педагогтың
кәсіби шеберлігіне;
–
жас және жеке
мүмкіндіктеріне.
Қазіргі кезеңде ойын
қызметі өзіндік
технология ретінде
пайдаланылуы мүмкін:
- тақырыпты меңгеру үшін
немесе оқылатын материалдың мазмұны
ретінде;
- сабақ немесе оның бір бөлігі
(кіріспе, түсіндіру, бекіту, жаттығу, бақылау)
ретінде;
- МДМ қалыптасқан ұжымға
білім беру бағдарламасының бөлігі ретінде.
Ойын, әдетте, балалардың жеке
бастамасы, сондықтан педагогтың басшылығы ойын
технологиясын ұйымдастырудың талаптарына сәйкес болуы
тиіс: