Балабақшада сауықтыру және шынықтыру шараларын ұйымдастыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балабақшада сауықтыру және шынықтыру шараларын ұйымдастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне балабақшада балалармен сауықтыру және шынықтыру шараларын ұйымдастыру жөнінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балабақшада балаларды сауықтыру және шынықтыру шараларының ұйымдастырылуы.

Исахова Несібелі Есеркеповна Түркістан облысы Жетісай ауданы Жетісай қаласы «Алпамыс батыр» бөбекжай балабақшасының жоғары санатты тәрбиешісі


«Денсаулығы сәбидің, қуанышы әр үйдің» - деп халық бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады. Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс жетілуінің, жоғары жұмыс қабілетінің негізі нақ осы шақта қаланады.

Өмірді қорғау мен денсаулықты нығайту, бала организмінің функцияларын жетілдіру, оның денені дұрыс жетілдірудегі ықпалы, жұмыс қабілетін арттыру, дене шынықтырудағы ең басты міндет болып табылады.

Әр түрлі дене жаттығулары бала организмінің физиологиялық функцияларына қолайлы әсер етеді,оның сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына қалыптасуына көмек береді, бала тәжірибесін жаңа қозғалыстармен байытады. Дене жаттығуы дене шынықтырудағы жетекші құрал болып табылады. Бірақ оларды тек, табиғаттың сауықтырушы күштерімен және гигиеналық факторлармен үйлестіріп, комплексті түрде пайдаланғанда ғана сауықтыру мен тәрбиелеудегі ең жоғары тиімділікке жетуге болады.

Мектепке дейінгі жастағы дене шынықтыру,ол «сезім, зейін, ерік, сұлулық,

Мәдениетті мінез-құлықтың бүкіл мәдениеті»-деп есептеген көрнекті педагог және педиатр Е.А.Аркин өзінің «Мектепке дейінгі жас» деген кітабында.

Дене шынықтыру

Үш жасқа аяқ басқан баланың алғашқы екі жылдығы өсімтал қарқынына қарағанда дене күшінің жетілуі біраз баяулайды, бірақ бүкіл ағзасы қатайып, өседі, нерв жүйесі дамиды, моторикасы өсіп жетіледі.

Баланың бұл жаста белсенділігі дамиды, өз бетімен әрекет етуге тырысады. Заттармен әрекеттер жасауға тырысушылығы сақталады.

Баланың еркін қимылдар жасауы әлі де қалыптаспаған, олардың алған бағыттары мақсатсыз, үнемі кездейсоқ болып келеді. Дегенмен бұл жаста қимыл үлгісімен кейбір ұқсастықты анықтауға болады. Еліктеу бойынша қимылдар жасай отырып, бала қимылдың берілген түрін дәл сақтай алмайды. Бала төңірегіндегі үлкендермен қарым-қатынасын бұрынғыдан да күшейтіп, өзі қатарлы балалармен ойнауға ерекше мән бере бастайды.

Баланың қозғалыс қуаты артқан сайын, ойлау қабілеті күшейе бастайды.

Балалардың денсаулығын нығайту және қорғау жөнінде қамқорлық жасауды, әрбір баланың денесінің жан-жақты дамуы, оның дұрыс эмоциялық көңіл-күйінің, белсенді мінез-құлқының дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Балаларды тапсырылған бағытта қимыл жасауды қадағалауға, тәрбиешінің нұсқауына сай қимылдың бағыты мен сипатын өзгертуге бірте-бірте үйретеді. Бұл жаста әрекеттерді келісіп істеуге, қимылдарды бір уақытта бастауға және аяқтауға, қимылды ойындарды бірлесіп ойнауға, үлкен адамның ауызша айтуы және көрсетуіне сәйкес жаттығуларды орындауға балаларды үйрету маңызды.Сондай-ақ тәрбиеші балалардың сымбатының қалыптасуына, табан, қол мен саусақ бұлшық еттерінің жетіліп, қалыптасуына жағдай жасайды.

Балалардың денсаулығын сақтау мен шынықтыру.

Гигиеналық күтімді жақсарту, денсаулықты нығайту, шынықтыру шараларын қолдану. Өмірін қауіпсіздендіруді қамтамасыз ету және нерв жүйесін қорғау шараларын іске асыру. Шаршау, жалықтыру мен жарақаттанудан алдын-ала сақтандару.

Мәдени-гигиеналық әдеттер мен өзіне-қызмет ету машықтарын қалыптастыру, балалардың дене күшінің үйлесімді дамуына ықпал ету.


Шынықтыру шаралары. Балалардың күнделікті өмірін гигиеналық талаптарға сай ұйымдастыру. Шынықтыру жолдарын-күннің көзін, суды, ауаны пайдалану арқылы комплексті түрде өткізуге болады, бірақ медицина қызметкерінің жетекшілігімен бөлмедегі ауаны үнемі тазарта отырып, әрқашан 20-22 С* ұстау керек.

Күндізгі ұйқыны ауасы таза, желдетілген бөлмеде ұйымдастыру керек. Ауа ваннасы бала күніне бірнеше рет киінгенде, массаж жасағанда бөлмедегі қалыпты ауа температурасының барысында жүргізіледі, ұзақтығы 2-3 минуттан 6-10 минутқа дейін. Ұйқыдан балаларды біртіндеп ояту, жалпылама жаттығулар өткізіледі. Күнделікті шынықтырудың бір түрі-суды ағызып, қолын шынтаққа дейін жуу. Сумен шынықтыру бөлме температурасы +22*С болғанда жалпы немесе жергілікті шаралар түрінде жүргізіледі. Содан –соң 1-2 апта құрғақ ысқылау жүргізіледі-таза фланель матамен аяқ-қол, дене мүшелерін қызарғанша ысқылау орындалады. Содан соң ылғалды ысқылауға көшеді. Ылғалды ысқылау 1-2 минутқа созылады. Судың температурасын +36*С бастап +26*С жеткенге дейін біртіндеп төмендету (4-5 күн сайын 2 градусқа төмен).

Рига әдісі: тұзды, түймелі жолдармен жүргізу, нүктелі массаж, тыныс алу жаттығулары да бала ағзасын шынықтыруда пайдасы көп. Тұзды жолдар-1кг тұзға 1л су құйып матаны сол суға батырып сығып жерге төсейді, балалар сол жол үстімен жүріп өтеді де таза суға малынып сығылған мата үстімен жүріп өтеді.

Түймелі жолдар-қатты матаға тігілген түймелер немесе желім бөтелкелердің қақапақтары. Бұл жолдар баланың аяқ бұлшық еттерінің дамуына, жалпақтабандылыққа қарсы көмектеседі.

Шынықтырудың тиімді шараларының бірі жалаң аяқ жүру, ыстық күндері басталады. 2-3 мин. 10-12 минутқа дейін бірте-бірте ұзартылады.Содан соң топ бөлмесінде жалаң аяқ жүргізу керек. Жазғы мезгілде ертеңгілік жаттығу, дене шынықтыру сабақтары, спорттық жарыстар мерекелер барлығы да аулада өткізіледі.

Кіші топ балаларына көбіне сауықтыру жаттығулары ұсынылады. Сауықтыру жаттығулары кейбір жекелеген қимылдарды дамытуды білдіреді, олар көбіне иық белдеулеріне (мойын, иық, қол, білек, шынтақ, шынашақ, саусақ), денеге (арқа, іш, көкірек), бөксе белдеулеріне (аяқ, сан, буын, тізе, өкше, табан, тобық) арналады.

Сауықтыру міндеттері:

1.Қимыл-қозғалыс қабілеттерін арттыру;

2.Баланың жай-күйі мен дамуының деңгейін ескеріп, оның денсаулығын сақтау мен күшейту;

3.Дене қимылдарын дұрыс орындау мүмкіндігін арттыру.

Шынықтыру міндеттері:

1. Ойын арқылы қимыл-қозғалыс жаттығуларын дұрыс орындай білу;

2. Қимыл түріне арналған негізгі жаттығуларды орындаудың тиімді тәсілдерін меңгеру;

3. Шапшаңдық, жылдамдық сияқты физикалық қабілеттерді арттыруға жағдай жасау;

4. Қимыл-қозғалыстарды дұрыс орындау біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру.

Күн режимін қалай ұйымдастыру керек? Ертеңгілік баланы балабақшаға әкелу уақытының да маңызы бар, ата-ана баланы ертемен оятып, жақсы көңіл күймен келген бала мен ұйқысын қандырмай, кешіктіріп, өзінің де баланың көңіл-күйі жоқ жағдайда келген баланың арасында айырмашылық болады. Ертеңгілік жаттығулардың пайдасы бәрімізге де белгілі, ертеңгі қимыл қозғалыстың үйлесімділігін баланың физикалық дамуына әсер ететін көптеген табиғи факторлар бар. Солардың бірі - серуен. Ауада серуендеу баланың денсаулығы үшін өте маңызды. Бала таза ауада көп болса оның ағзасы оттегіні жай жүргендегіге қарағанда көп сіңіреді. Ширақ қозғалыста болады, адымдай жүреді, аласа бұтақтан секіреді, сөйлегенде, жүгіргенде қол мен аяқтың қимылын қатар алып икемделеді. Ол үшін қимылды ойындар жақсы. Бала үшін серуенді қызықты ұйымдастыру керек. Жай ғана денсаулықты күшейтіп қоймайды, айналадағы құбылыстарды бақылап, көзқарасы қалыптасады. Ойынды таңдай отырып, жыл мезгілін, ауа райын да ескеруіміз керек. Қыс мезгіліндегі ойындар өте пайдалы, соның өзінде ойын қозғалыстарымен, жаттығулары демалыспен кезектесуі керек. Ыссы ауа- райында ойындар жай қозғалыста болғаны жөн

Балаларды ертеңгілік жаттығу кезінде 4-5 минут бойы ойын түрінде берілген жаттығуларды орындай білуге үйрету. Бұл ойын түріндегі жаттығулар тәрбиешіге еліктеу арқылы жасалынатын 3-4 жаттығудан тұрады, әр жаттығу 4-5 рет қайталанады.

Үш жасқа аяқ басқан көптеген балалардың тәрбиешінің ұйымдастырған іс-әрекетіне бірден кірісіп кете алмайтынын ескерсек,олар берілген тапсырманы тиісті уақытында орындай алмайды, мұндай жағдайда тәрбиеші әр балаға жеке, өте нәзік қатынас жасағаны жөн. Әрбір баланың таңертеңгі гимнастикаға қалайда қатысуға көндіруге тырыспауы керек. Егер балалардың ішінен біреуі бірден жаттығуларды орындап кете алмаса,оның сөкеттігі жоқ. Мұны баланың өзі еркімен істесе және өзінің жеке қалауы бойынша жасаса ғана маңызды болмақ.

Таңертеңгі гимнастиканы орындағанда бұл жастағы балаларға белгіленіп алынған аяқталған қалыптың аз болуы тән. Барлық дерлік қимылдар жүйелілікпен жасалады. Мұның өзінен тәрбиешінің түсіндіру мен жаттығуларды көрсету ерекшеліктері анықталады, тәрбиеші дамып келе жатқан ойын сюжетіне қатысушының бірі болып табылады.

Мысалы: «Әтеш пен тауық» деген таңертеңгілік гимнастика топтамасын өткізу методикасы мынадай: әтешті, тауықты бейнелейтін суреттер алдын ала көрсетіліп алынады, тәрбиеші олар жөнінде әңгімелеп береді. Содан кейін топтаманы орындаған кезде тәрбиеші әтешті, балалар тауықты бейнелейді. Жаттығуларды орындау үшін, кіші топ балаларын шеңбер бойына тұрғызу қолайлырақ. Орындалатын әр жаттығуды 4-5 рет қайталауға болады. Жаттығуларды орындау алдында балалардың балалардың денесінің икемділігін дайындау үшін, шеңбер бойлап түрлі қалыпта жүру, жүгіру жаттығулары орындалады.

Сонымен қатар балабақшада балалардың тамақтануы да қадағалауда болады. Ас мәзірінің құнарлылығы, сапасы мен әртүрлілігі басты назарда ұсталады. Жыл мезгіліне қарай берілетін ас мәзірі өзгертіліп бекітіледі. Дұрыс отыру, тағамдарды ретімен жеу, үстел үстінде өзін дұрыс ұстай білуді үйренеді. Мәдени-гигиеналық дағдылары қалыптасады.

«Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ, дені сау, жан-жақты дамыған салауатты ұрпақ». Сондықтан, ұрпағымыздың болашағы жарқын да кемел болуына ат салысып, дені сау, шыныққан бүлдіршіндер тәрбиелей берейік.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.02.2021
5870
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі