БАЛАБАҚШАДА СӨЙЛЕУДІ ДАМЫТУ ҮШІН ЖАҒДАЙ ЖАСАУ
Баланың сөйлеу әрекеті ойын аймағының құрылуына, оның ойыншықтармен жабдықталуына және олардың орналасуына, дербес әрекет үшін қол жетімділігіне байланысты. Үйде балалар үшін орын бөлу әрдайым мүмкін болмайды, бірақ, бөлме кеңістігі баланың шағын болса да, жеке ойын бұрышы болатындай етіп ұйымдастырылуы тиіс. Ерте жастағы балалар қоршаған ортаны сезім мүшелерінің көмегімен зерттеп, таниды. Сондықтан баланың сөйлеуі, ойнауы, сенсорлық дамуы және қимыл әрекеті үшін кеңістік болуы қажет.
Ойын кеңістігін ұйымдастыруда баланың барлық қажеттіліктері, мінез-құлық, темперамент ерекшеліктері, қалауы мен сұраныстары ескерілуі тиіс. Өте ширақ балалар үшін қимылды ойындарға көбірек орын босатылуы, ал сабырлы балаларға өздері жеке болуы үшін оңаша орын қажет. Ойын кеңістігін жалпы бөлмеден шымылдықпен, пердемен, егер бөлменің көлемі мүмкіндік берсе, киім-кешек шкафымен де бөлуге болады. Шымылдықты жинауға және қажет болған жағдайда қоюға болатындықтан, ол ыңғайлы болып келеді.
Шымылдықты жинағанда бөлменің іші кеңейеді, шымылдықты қойғанда баланың ойнауы үшін бұрыш пайда болады. Шағын биіктікте тартылған перде – қажетті заттың бірі. Ол балалар бұрышын бөліп қана қоймайды, сондай-ақ қуыршақ театры үшін шымылдық болуы мүмкін. Ойын аймағында сөрелерге ойындар мен ойыншықтар, түрлі «дамытушы ойындар», шығармашылыққа арналған материалдар, таныс тақпақтар мен ертегілердің кейіпкерлері, жиналмалы-кітаптар, суретті кітапшалар орналастырылған бұрыш ерекше орын алады. Мұнда үстел үсті ойындары, қуыршақ және саусақ театрын орналастыруға болады, осының барлығы бірден балалардың назарын өзіне тартады.
Балалар бөлмесіндегі қажетті орындардың бірі – қимылды және басқа ойындарға арналған кеңістік, әдетте, бұл бөлменің орталығы. Бұл жерге жиһаз қойылмайды, сондықтан баланың текшелерден үй салып және машинаны жүргізуіне қауіпсіз орын болып табылады. Ойын аймағына балаға ыңғайлы және еденде отырғанда суық болмауы үшін суреттері бар балалар кілемшесі төселуі қажет.
Саусақ ойындары жағымды эмоционалдық көңіл-күй тудырады, балалардың ересектерге еліктеуін дамытады, сөзді тыңдауға және оның мағынасын түсінуге үйретеді. Жаттығуларды және ырғақты қимылдарды саусақтармен орындау сөйлеуді дамытуға ынталандырады. Барлық жаттығуларды меңгеру нәтижесінде қол буындары мен саусақтардың күші артады, олардың қимылдары мен икемділігі жақсарады, бұл келешекте жазу дағдыларын меңгеруді жеңілдетеді.
Балаларға арналған орын терезеге жақын орналастырылуы керек, онда балалар үстелі мен орындықтар қойылуы мүмкін. Бұл қарапайым, бірақ бала үшін қажетті құрылғы. Бала үстел басында отырып, ұсақ ойыншықтармен, баулармен ойнайды, пазлдар мен мозаикаларды жинайды, кітапшаларды қарастырады, дәптерлерде тапсырмаларды орындайды, мүсіндейді, сурет салады және кез келген шығармашылық жұмыспен айналыса алады…
Ерте жастағы балалар үшін сенсомоторлық, сөйлеу және ойлау қабілеттерін дамытатын «Сиқырлы кілемше» ойын құралының болуы пайдасын тигізеді. Бұл құрал: дамытушы, диагностикалық, коммуникативтік, ойын терапиясы, ойын-сауық қызметін атқарады.
• Балалардың ойындары үшін мынадай ойыншықтар болуы қажет:
• - 4-5 сақинадан тұратын конустық негіздегі пирамидалар;
• - қосымша пішіндер; «Лего» конструкторлары»;
• - құрастыру-бөлшектеу ойыншықтары; ірі және ұсақ мозаикалар;
• -дыбыс шығаратын ойыншықтар (ысқырықтар, бубендер, барабандар, сылдырмақтар және т. б.);
• - лото, пазлдар, кесілген суреттері бар жиналмалы текшелер;
• -суреттер жиынтығы: жануарлар, жануарлар төлдерімен, құстар, көкөністер, жемістер, киімдер, ыдыс-аяқ, жиһаз, көлік, тұрмыстық заттар.
Ерте жастағы балалардың сөйлеуін дамыту әдістері
• көрнекілік: тірі нысандарды бақылау (мысық, ит, құс және т.б.), табиғатты бақылау, аулаға, баққа экскурсия, ойыншықтарды, заттар мен суреттерді қарастыру, өнімді әрекет түрлері (мүсіндеу, сурет салу);
• практикалық: дидактикалық ойындар мен жаттығулар, дамытушы ойындар, драматизация ойындары, ойын-тосын сый, саусақ ойындары;
• сөздік: көрнекілік қолданып, тақпақтар, өлеңдер, ертегілер оқу; әңгіме оқу және мазмұндап беру, тақпақ жаттау.
Сөздік қорды дамытуға арналған ойындар
• «Ертегілер елінде», «Сурет бойынша әңгімелеп беру», «Ертегіні жалғастыр» және т.б.
• Ерте жастағы балалардың сөйлеуін дамытудың мақсаты: белсенді сөйлеуді меңгерту; сұрақтар мен өтініштерді қолдана білуге, ересектердің сөзін түсінуге үйрету, айналасындағы заттар мен ойыншықтардың атауларын үйрету; ересектермен қарым-қатынас жасауға және оларға еліктеуге ынталандыру.
Жетісай ауданының білім бөлімінің
«Зувайда-ана» бөбекжай бақшасы ЖШС-нің
Тәрбиешісі Козибаева Шохида Фарходқызы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз