жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
БАЛАБАҚШАДА СЮЖЕТТІ – РӨЛДІК ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ (БАЯНДАМА)
БАЛАБАҚШАДА СЮЖЕТТІ – РӨЛДІК ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
|
Ойын - мектепке дейінгі кезеңдегі іс-әрекеттің негізгі түрі. Балалардың ойын іс - әрекетінің бір түрі - сюжеттік - рөлдік ойындар. Олар мектеп жасына дейінгі балаларға тән ойындардың негізгі қорын құрайды. Психолог Д.Б.Эльконин сюжеттік-ойындарға мынадай анықтама берді: «Рөлдік немесе мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылық ойыны дамыған түрде балалар өздеріне үлкендердің рөлін алатын және жалпы түрде арнайы жасалған ойын жағдайында үлкендердің әрекетін және олардың арасындағы қарым-қатынасты қайталау әрекеті» деп көрсетті. Сюжеттік рөлдік ойындардың көзі - балаларды қоршаған әлемдегі заттар, адамдар, табиғат, өздері мен үлкендердің өмірі мен әрекеттері. Ол мектеп жасына дейінгі бала үшін ең қызық ойын, ойында бала іштей еркіндіктің сезімін, өзіне бағынышты заттарды, амалдарды, қатынастарды басынан өткізеді. Бала үлкендердің кез келген ісін табысты істей алады, кез-келген ситуацияға кіре де алады, қалаған оқиғасын бастан өткізеді. Бұл мүмкіндіктер баланың практикалық әлемін кеңейтеді, дамуына жағымды эмоциналды рең береді. Сюжетті - рөлді ойындардың құрылымы: сюжет, мазмұн, рөлдер, ойын амалдары. Ойын сюжеттері әр түрлі: тұрмыстық ойындар, балабақша, жанұя,т.б. Сюжеттік рөлдік ойындардың негізгі мазмұны: үлкендердің әр түрлі жағдайда көрініс беретін қоғамдық өмірі. Қазіргі заманның психологиялық –педогогикалық зерттеулерде сюжетті ойын - адамның кез келген іс-әрекеті сияқты - балада өз бетімен пайда болмайды, оны меңгерген, «ойнай алатын» өзге адамдар арқылы қалыптасатыны туралы көрсетілген. Сюжетті ойын тақырыбынан тыс өзінің ең қарапайым түрінде заттармен шартты әрекеттер тізбегі ретінде құрылуы мүмкін, күрделі түрінде - әр түрлі оқиғалардың бірізділігі ретінде құрылуы мүмкін. Көптеген зерттеулер негізінде 3-5 жастағы бала ойнайтын рөлдеріне еніп, оларды біртіндеп алмастыра білу керек екендігі, заттармен әрекет ету және рөлі бойынша сөйлеу арқылы жүзеге асырылуы тиіс, құрдас-серіктеспен рөлдік қарым-қатынас құру тиіс екендігін көрсетті. Есейе келе, бала ойын барысында әр түрлі оқиғалардың бірізділігін өрістету тиіс, оларды өзінің және 2-3 құрдас серіктестің ойластырғанына сәйкес ұластыруы тиіс, сюжетті оқиғаларды рөлдік ара қатынас арқылы және заттармен әрекет ету арқылы жүзеге асыру тиіс. Балаларды ойынға тартып, олармен бірге ойнау үшін тәрбиешінің өзі белгілі бір түрде құрылған сюжетті «тірідей» ойын процесінде балаларды қызықтыратын тақырыпқа сүйеніп, еркін өрістетуге үйрету керек. Адам іс-әрекетінің ерекше түрінің бірі -ойынның пайда болуы туралы зерттеушілердің көпшілігі өз еңбектерінде ойын - өнер мен көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіріледі. Балалар ойын барысында: 1.Өзін еркін сезінеді. 2.Ізденімпаздық тапқырлық әрекет байқатады. 3.Сезіну,қабылдау,ойлау,қиялдау секілді түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді. Сюжетті ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті рөлді ойындардың ерекшелігі сол, оны балалар өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық пен шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін. Сюждетті рөлді ойынды бейнелеу құралы рөл мен ойын әрекеттері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Ойын кезінде балалар арасында өзара ынтымақтастықтың белгілі бір түрлері пайда болады. Бірлескен ойында балалар қарым-қатынас жасау тілін, өз әрекетін, басқалардың іс-әрекетімен үйлестіреді, өзара түсінісуді, өзара көмектесуді үйренеді. Ойын үстінде балалар тәжірибе алмасу пайда болады, ересектерден көмек сұрайды. Нәтижесінде ойын қызықты сан алуан болады. Ойынға деген қызығу, оған қатысуға деген тілек балалардың өзара келісімге келтіреді. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді,ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Сюжетті рөлді ойындар өмірден алынады, бұл өмір айнасы. Бұл ойын балалардың өз өнерпаздығы. Тәрбиеші балаларға көбінесе сюжетті – рөлді ойындарды ойнатқаны дұрыс. Себебі балалар ойын барысында өздеріне берілген рөлді аса жауапкершілікпен қабылдап, өздерін бір уақыт ересектер санатына қосып, ойлау қабілеттері дамиды. |
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген