жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Балабақшада заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру
Балабақшада заттық -дамытушы ортаны ұйымдастыру
Койшыгулова Амангуль Жуманбековна
Темір ауданы Шұбарқұдық
«Балақай» бөбекжай балабақшасы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде баланың дамуына қолайлы жағдай жасау – басты міндеттердің бірі. Осы міндетті іске асыруда балабақшада заттық-дамытушы ортаны дұрыс ұйымдастыру ерекше рөл атқарады. Себебі бала қоршаған ортадан ақпарат алып, соның әсерінен дамиды. Балабақшадағы заттық-дамытушы орта – бұл балалардың физикалық, танымдық, әлеуметтік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған арнайы ұйымдастырылған кеңістік.
Бала дүниеге келген сәттен бастап қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, сол арқылы заттар мен құбылыстарды зерттеп, дамиды. Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдарда оқу мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыруда баланың дамуына ықпал ететін ортаны құру аса маңызды. Дұрыс ұйымдастырылған орта балалардың өз бетінше әрекет етуіне, танымдық белсенділігін арттыруға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі.
Заттық-дамытушы орта – тек жиһаз бен ойыншықтардан тұратын кеңістік емес, ол балаларды зерттеуге, қиялдауға, ойнауға, өз бетімен әрекет етуге ынталандыратын жағдай жасауы керек.
Балабақшадағы заттық-дамытушы ортаны құруда оның мазмұны баланың жасына, қызығушылығына және даму деңгейіне сәйкес келуі тиіс.
Заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру қағидалары:
Жас ерекшеліктеріне сәйкестік – орта балалардың жас ерекшеліктеріне сай болуы керек.
Қауіпсіздік – ойыншықтар мен жиһаздар балаларға қауіпсіз материалдардан жасалуы қажет.
Қолжетімділік – барлық ойыншықтар мен оқу құралдары балалар үшін оңай қолжетімді болуы тиіс.
Көпфункционалдылық – заттар әртүрлі мақсатта қолдануға ыңғайлы болуы керек.
Эстетикалық талаптарға сай болуы – балабақшадағы заттық орта баланың көңіл-күйіне оң әсер етуі қажет.
Заттық дамытушы ортадағы ойындардың басты мақсаты — баланы қоршаған ортаға бейімдеу, ойын арқылы танымдық қабілеттерін, шығармашылығын, ұсақ моторикасын және дербестігін дамыту. Бұл орта баланы әлеуметтендіруге және өмірлік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.
Негізгі мақсаттары мен міндеттері:
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру. Баланың заттық әлеммен қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастырып, қоғамдағы өз орнын түсінуіне көмектесу.
Танымдық қабілеттерді дамыту: Заттардың қасиеттерін (түсі, пішіні, көлемі, материалы) зерттеу арқылы логиканы, зейінді және есте сақтауды жетілдіру.
Коммуникативтік дағдыларды дамыту.
Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыруды, өмірде түрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын меңгертуді, қолдың ұсақ моторикасын және командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуды қарастырады.
Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту Шығармашылық дағдыларды, зерттеушілік қабілеттерді дамыту үшін шығармашылық қиялды, эмоционалды-сезімдік саланы, дүниетанымды, ойлауды, көркем-эстетикалық талғамды дамыту, тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ұлттық мәдениетке баулу арқылы патриотизмді тәрбиелеу үшін жағдай жасалады.
Физикалық дамыту.
Физикалық дамыту физикалық дені сау баланы тәрбиелеуді, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды қарастырады.
Физикалық дамыту балалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және дене шынықтыру (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған бейімделген дене шынықтыру), жүзу (жүзу бассейні болған кезде) ұйымдастырылған іс-әрекеттерінде жүзеге асырылады.
Заттық-дамытушы ортаны құрған жағдайда келесі ережелерді есте сақтау қажет:
1. Орта білім беру, дамытушы, тәрбиелеуші, ынталандырушы, ұйымдастырушы, коммуникативтік функциясын атқаруы тиіс. Заттық-дамытушы ортаның топтасуы балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуі қажет, білім беру үдерісінің біртұтастылық қағидатына сай келуі тиіс;
2. Кеңістікті икемді және вариативті қолдану қажет. Орта баланың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналуы тиіс;
3. Заттардың формасы мен дизайны балалардың қауіпсіздігіне және жасына бағдарлануы тиіс;
4. Декор элементтері оңай ауысуы тиіс;
5. Әрбір топта балалардың эксперименттік іс-әрекеттеріне арналған орынды қарастыруы қажет;
6. Топтық кеңістікте заттық ортаны ұйымдастыра отырып, психикалық даму заңдылықтарын, олардың денсаулық көрсеткіштерін, психофизиологиялық және коммуникативтік ерекшеліктерін, жалпы және сөйлеуінің даму деңгейін, сонымен қатар, эмоционалдық-қажеттілік саласының көрсеткіштерін ескеру қажет;
7. Түс палитрасы жылы, пастельді түстерде болуы тиіс;
8. Топтық бөлмеде дамытушы кеңістікті құру кезінде ойынның басты рөлін ескеру қажет;
9. Топтың заттық-дамытушы ортасы балалардың жас ерекшеліктерін, оқу кезеңі мен білім беру бағдарламасына байланысты ауысуы тиіс.
Балалардың өз бетімен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру үшін төмендегілердің болуын қарастыратын дамытушы-заттық ортаны құру қажет.
• ойын зонасы;
• оқшаулану зонасы;
• заманауи ойыншықтар;
• дамытушы ойындар;
• дидактикалық және көрнекі материалдар;
• өнімді іс-әрекеттерге арналған материал;
• шығармашылық іс-әрекет үшін атрибуттар;
• эксперимент жасау бұрышы;
• табиғат бұрышы;
• логопедиялық бұрыш;
• фонотека, видеотека;
• спорт құралдары мен жабдықтары және т.б.
Топтық кеңістік шартты түрде үш зонаға бөлінеді: - тыныш: оқу, «оқшаулану», кітап бұрышы; - орташа қарқынды: театрланған, музыка, құрастыру зонасы; - қарқынды қозғалыс зонасы: спорт бұрышы.
Балабақшада заттық дамытушы ортаны құру мектеп жасына дейінгі балаларда қуаныш сезімін оятып, балабақшаға деген жағымды эмоционалдық қатынасты, оған бару ниетін тудырады, жаңа әсерлері мен білімдерін байытады, белсенді шығармашылық қызметке шақырады, балалардың зияткерлік дамуына көмектеседі.
Василий Сухомлинский: «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес» Баланы қоршаған дамытушы ортада бала да өзінің заттық әлемінде шығармашыл бола алатындай мүмкіндік туғызу керек, сонда ғана ересектермен, құрдастармен өзара әрекеттестік үдерісінде өзінің жеке басының тұлғалық-дамытушы шығармашылығы қалыптасады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
ҚР Білім және Ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы
Балаларды ерте жастан дамытуға арналған заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыным
Астана 2015

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген