жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Балабақшадағы ата-анамен жүмыс.
Балабақшадағы ата – аналармен жұмыс.
Қазіргі заман талабы, қоғам жан- жақты үйлесімді жетілген жаңа адамды тәрбиелеуді талап етіп отыр. Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен балабақша қызметкерлерінің бірден бір парызы.
Ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2007жылдың 18-ақпанындағы Қазақстан халқына Жолдауында “Біздің сратегиямыздың маңызды мәселесі- қоғамның ең бір әлсіз қорғалған мүшелерінің; балалардың, олардың аналарының және аға ұрпақтың өмірін лайықты қамтамасыз ету”, - деген болатын.
Оқу – тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда ата-аналармен жұмыстың орны орасан. Сондықтан біздің балабақшада ата-аналармен жұыстардың алуан түрлері іске асырылуда. Атап айтар болсақ, дәстүрлі ата-аналар жиналыстарымен бірге түрлі семинарлар, ашық есік күндері, психологиялық тренингтер, топсеруендер, ойын-сауық кештері және басқа да шаралар ұйымдастырылып отырылады.
Өзім еңбек етіп жүрген “Бозторғай” ересектер тобында ата-аналардың жас ерекшелілігі де, ұлы да, әдет-ғұрпы да, тұрмыстық-материалдық жағыдайы да әр алуан. Әр ата-ананың балабақшадағы болып жатқан іс-шараларғадеген қызығушылық білдіруі де әр қалай. Біздің балабақша қаладағы үлгілі бақшалардың қатарында үлкен жетістіктерге жетіп, баспалардан көрініп жүргенімен қазргі таңда ата-аналармен жұмыс істеу барлық оқу-тәрбие жұмысындағы ең күрделі мәселе. Барлық ата-ананың көңілінен толық шыға қою оңай емес. Қиындыққа қарамастан, ата-аналармен ортақ тіл табысып, шығармашылықпен жұмыс істеу керек.
Оқу жылының басында жұмыс жоспарын жасау кезінде, оның әртүрлілігін, халықтық салт-дәстрүмен сабақтастығын, ата-аналардың көзқарасы мен ұсыныстарын ескеремін. Ата- аналармен жұмыстың жоспарын ең бірінші жалпы жиналыста сауалнама жүргізіп, сонда айтылған ой-пікірлермен санаса отырып толықтырамын.
Ата-аналарға ойын жаттығулардың және әр түрлі байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорын дамытуға арналған тапсырмалардың жазбаларын үйде баласымен қайталау үшін ұсынамын. Олар:”Қане, сөз іздесейік“, “Сөзді кішірейтіп айт”,”Сөзге не қосылған” ,”Сөз тіркестерін қысқартып айт” ойындары. Мысалы: “Сөзге не қосылған?” ойынын бос уақытта баласымен былай ойнатады: тігін-тігінші, ән-әнші, дәрі-дәрігер.”Сөзді кішірейтіп айт “ойыны бала-бал, ала-ал. “Қане, сөз іздесеік” ойыны:суретте берілген заттардың атауын тауып, жазғызу. “Сөз тіркестерін қысқартып айт” ойыны: сөз тікесінің бір сыңарын алып тастау, мысалы, ақылды қария-ақылды; жақсыдан үйрен-жақсыдан т.б. Осы ойындарды ойната отырып ата- ана өзін балаша сезінгенін айтады.
Ата-аналармен жүргізілген әңгіме-кеңіс, ойын-сауық тақырыптары сан алуан. Мысалы: “Қиқарлық қайдан шығады?” атты әңгіме- кеңесте ата-анамен бірлесе отырып, бала мінезіндегі өрескел қылықтарының шығу себептері анықтадық. “Отбасындағы тәрбие” атты әңгіме-кеңесте бала тәрбиесі мәселесінде ата-ананың жауапкершілігі зор екендігі, баланың отбасында адам баласына тән қасиеттерге дағдыланып, ұяда көргенін өнеге алатындығы сөз болады. “Ата сөзі – асыл мұра” атты әңгіме-кеңесте ата-бабаыздан қалған өсиет сөздер, олардың бала тәрбиесінде атқаратын ролі туралы сөз болды. “Әжелер сайысында”әжелер ой-өрісінің тереңдігі, өнер жағынан сынға түсіп, балаларына үлкен тәрбие береді деп ойлаймын.
“Шынықсаң шымыр боларсың”сайысында әр түрлі спорттық ойындар, жарыстар өткізіледі. “Көңілділер, тапқырлар клубы ” сайысында ата-аналар жан-жақтылығын көрсетті. “Айтыңыз құтты болсын!”мерекелік кешінде ата-аналар сал-тдәстүрімізді көрсетсе, ал балалар ән айтып, би биледі. “Өнер алды – қызыл тіл”, “Аппақ менің ақ әжем” атты ойын – сауықтарда да ата-аналар белсенділік танытты.
“Имандылық тәрбие адамгешілік бастауының тақырыбымен өткізілген дөңгелек үстел кезінде бірнеше түрлі педагогикалық ситуациялар шешілді.
Топтағы балаларды қабылдау бқлмесінде ата-аналар бұрышы жасалған”. Онда “Қысқа кеңестер”, “Кел жаттайық!”
“Денсаулық шаралары”, “Мен остім”, “Бірге үйренейік” атты мүйістер, мақал-мәтетдер кітапшалары бар.
Балабақшада ата-аналар , басқа да мамандармен кездесіп, пікірлесіп отырады. Ата-аналар тәрбиешінің басты көмекшісі деуге болады. Тобымда “Менің жанұям” атты отбасы туралы фотосуреттерін жинап, көрме ұйымдастыруға, сабақтарға қажетті көрнекіліктерді жасауға көмектеседі. Сәбилер мен ата-аналар қолынан жасалған жұмыстардан және өзімнің шығалмашылық еңбектерімнен көрмелер ұйымдастырып тұрамын.
Өтілетін пікір–сайыстарға алдын –ала анкеталық сұрақтар таратуды жоспарлаймын. Сабақтастықтың мұндай түрлері ата-аналарға балабақшаның жұмысын көрсетуге, тәрбиелеудің балабақшада пайдаланылатын әдістерін отбасында да іске асыруға болатынын үйретуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар біз ата-ананың, бала тәрбиесінде үлкен жауапкершілікте екеін, тәрбиенің ұсақ түйегі болмайтынын сезіндіре отырып, әр баланың өзіндік ерекшеліктерін дамытуымыз қажет.
Отбасы мен балабақша қызметкерлерінің бірлестігі оқыту және тәрбиелеу жұмыстарының дұрыс жолға қойылуына ықпал етеді. Бала тұлғасының қалыптасуы отбасындағы ғана іс емес, баршаның ісі. Бұл біздің негізгі мақсатымыз. Сондықтан, отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбие өзара тығыз бірлікте. Халықтық педагогикадан бастау алып, ғылымда дәлелденген нәтижелерге сүйене отырып, тәрбие құралдары мен әдістері дұрыс таңдалып жүргізіле, ізгілікті тәрбиенің негізі қаланбақ.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген