400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Балабақшадағы «Балабақшадағы ертеңгілік жаттығулардың заманауи түрлері және оның жүргізілу жолдары»»

Материал туралы қысқаша түсінік
дене тәрбиесінен сабақ беретін тәрбиешілер, ұстаздар ертеңгілік жаттығулардың заманауи түрлері және оның жүргізілу жолдарымен қосымша таныса алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Тараз қаласы, №17 бөбекжай - бақшасы дене шынықтыру пәні нұсқаушысы

Тақырыбы: «Балабақшадағы ертеңгілік жаттығулардың заманауи түрлері және оның жүргізілу жолдары»



Жас ұрпақты жан–жақты дамыған, ой-өрісі биік, тұлғасы сымбатты азамат етіп өсіру үшін тәрбие жүйесінде дене тәрбиесінің алар орны орасан зор. Ал оны неғұрлым ерте кезінен бастап, дұрыс жолға қойып жүргізсе, соғұрлым нәтижесі жемісті болатыны анық. Өйткені, болашақ азаматтың денсаулығы мықты, мүсін тұлғасы дұрыс қалыптасқан, жігерлі де қайратты болып өсуіне, көпшілдік дағдыларын бойына терең сіңіруіне нақ осы мектепке дейінгі кезеңде тереңірек көңіл бөлінсе, дұрыс негіз қаланады.



Бүлдіршіндер ағзасының қызметін жетілдіру, денсаулығын жақсарту, жүйкенің жұмысын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, икемді, сымбатты етіп өсіру, міне, осының барлығын ғылыми негізде тәрбиенің басқа түрлерімен ұштастыра жүргізу – балабақшалардың негізгі мақсаты мен алға қойған үлкен міндеттердің бірі. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектеп жасына дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл міндеттердің маңыздылығы мынада; ағзаның қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан сүйектің, буынның дұрыс әрі өз мерзімінде жетілуіне, бел омыртқаның физиологиялық иіндерінің қалыптасуына, табан дөңістерінің дұрыс жетілуіне, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығы, тыныс алуды қозғалыспен үйлестіруге мүмкіндік жасап, үнемі ықпал ету қажет. Балаларды мектепке даярлау кезеңінде олардың денсаулығын жақсарту мәселесі бойынша өсу тенденциясына қазіргі таңда ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұл тұрғыда денсаулығын нығайту үшін комплексті әдістерге айрықша мән беріледі. Дені сау баланың ақыл-ойы айқын, өз-өзіне сенімді, жан-жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Дене шынықтыру тәрбиесі дегеніміз - адам денсаулығын сақтау мен нығайту және дененің дұрыс дамып қалыптасуына жеткізу. Дене шынықтыру тәрбиесінін мақсаты-салауатты өмір сүру негіздерін білу және ұстану, өз еркімен дене шынықтыру және спортпен шұғылдану дағдыларын қалыптастыру.



Танертеңгі жаттығудың мазмұнына алдын-ала ұйымдастырылған оқу қызметтерінде балаларға үйретілеген жаттығулар мен ұзақ уақыт үйретуді талап етпейтін жеңіл жаттығулар енгізіледі. Таңертеңгі жаттығуда балалар қозғалыстармен жаттығады. Бірақ жаттығулар балаларға ойдағыдай әсер ету үшін орындалған қозғалыстың анықтығына, дәлдігіне, олардың жеткілікті интенсивтілігіне жету керек. таңертеңгі жаттығулар белгілі бір тәртіппен орналастырылады, яғни олар бұлшықеттердің әртүрлі топтарына кезекпен әсер ететіндей болуы тиіс. Әдеттегідей, жаттығу шамалы жүруден және жеңіл жүгіруден басталады, содан кейін барып балалар жалпы жетілдіруші жаттығулар орындау үшін қатарға тұрады. Жалпы жетілдіруші жаттығулар кешені үшін мынадай ретпен іріктелінеді: қол мен иықтық белдеудің бұлшықеттеріне арналған жаттығу, одан кейін тұлға мен аяқтың (еңкеюлер, бұрылулар, отырып-тұрулар, аяқты ілгері кейін жан-жаққа сермеулер және т.б.) бұлшық еттерін қатайтатын жаттығулар. Бұл жаттығулар ертеңгілік жаттығудың алғашқы кезінде негізінен түрегеліп тұрып орындалады. Негізгі қалыптағыдан басқа жаттығулар балаларға (отырып, жатып, тізерлеп тұрып) тік тұратын жаттығуларды орындағаннан кейін беріледі. Жалпы жетілдіруші жаттығулардан бірқалыпты ақырын жүгіріс немесе бір орында секіру орындалады. Олар балаларға жақсы таныс, жеңіл қимылды ойындармен алмастырылуы мүмкін. Таңертеңгі жаттығу шамалы жүрумен аяқталады. Ондай кезде марштық сипаттағы әндер қойылуы мүмкін. Таңертеңгілік жаттығу балалардың қозғалысының зор белсенділігіне қол жеткізуі мүмкін. Белгілі бір тәртіппен іріктелінген дене жаттығуларының үйлесуі кешен деп аталады. Бір ғана жаттығулар кешені 2 апта бойы қайталанады. Егер жаттығулар кешені жекелеген жаттығулары ойдағыдай нәтижелерге жеткізбесе, тым қарапайым болса, балаларды қызықтырмаса немесе жалықтырса, онда ол нұсқаушының қалауына қарай өзге бір тектес типтермен алмастырылуы немесе бастапқы қалыптардың есебінен күрделенуі мүмкін. Кешен ішіндегі жаттығулардың екпінін өзгертуге және қайталаулардың санын көбейтуге де болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың дәрігердің рұқсаты бойынша дәлелді себептермен босатылғандардан басқа барлығы таңертеңгілік жаттығумен айналысады. Таңертеңгі жаттығудың ұзақтығы сипаты, мазмұны, жаттығулардың шамасы жас ерекшелігіне байланысты әр түрлі.



Бірініші кіші топтағы таңертеңгі жаттығу



Бұл жас ерекшелік тобында таңертеңгі жаттығу топ бөлмесінде жасалады. Таңертеңгі жаттығуға топ балалары түгел қатысуына жағдай жасалуы керек. Жаттығудың ұзақтығы 4-5 минут. Жаттығу мазмұны жалпы дамытатын 3-4 жаттығудан, жүруден, жүгіруден және секірулерден тұрады. Жаттығу 20-30 секунд бойына жүруге ауысатын аздап жүруден және топтың сапқа тұруынан басталады. Бұл жаста шеңбер жасап тұру қолайырақ.



Екінші кіші топтағы таңертеңгі жаттығу



Таңертеңгілік жаттығулар кешені жалпы шынықтыру сипатындағы 4-5 жаттығулардан құрылады. Олардың мазмұнына жүру, бір орында тұрып секіру, жүгіру міндетті түрде кірістіріледі. Таңертеңгі жаттығудың алдында аз уақытқа әртүрлі тәсілдермен жүру (бағытты ауыстыру, аяқтың ұшымен жүру, өкшемен, қырымен жүру) беріледі. Ұзақтығы 5-6 минут. Жаттығулар шамамаен 5-6 рет қайталанады. Таңертеңгі жаттығулар кешені ерекше өзгерістерсіз қатарынан 1-2 апта бойы қайталанады.



Ортаңғы топтағы таңертеңгі жаттығу



Ортаңғы топтан бастап таңертеңгілік жаттығу арнайы дене шынықтыру залында жасалуы керек. Бұл жас ерекшелік тобында балалар жаттығуға өз бетімен дайындалады және оған қатысуда анағұрлым белсенділік көрсетеді. Жаттығудың ұзақтығы 6-8 минут. Таңертеңгілік жаттығу кешені жалпы шынықтыру сипатындағы 4-5 жаттығудан құралады және 4-6 рет қайталанады. Олардың мазмұнына жүру, жүгіру, бір орында тұрып секіру, жүгіру, иық пен қолдың, мойынның, аяқтың іш пен арқанның бұлшық еттеріне арналған жаттығулар міндетті түрде кірістіріледі. Жаттығуларды орындау үшін жылдың басында балалар шеңберге тұрады. Жылдың екінші жартысында қатарға бөлініп тұрады. Ортаңғы топта жаттығу барысында бастапқы қалыптың барлық түрі сақталады. Таңертеңгілік жаттығудың әрбір кешені 1-2 апта қайталанады. Кейбір жаттығуларды дене шынықтыру нұсқаушысы өзі ауыстыруға болады.



Ересек топтағы таңертеңгі жаттығу



Бұл жас ерекшелік топтарында балалар таңертеңгі жаттығуға өз бетінше дайындалуы керек. Жүру, жүгіру жаттығулары әр түрлі болуға тиіс. Жүру қарқынды, бағытты өзгертуде, аяқтың ұшымен, өкшесімен, табанның сыртқы қырымен, тізені жоғары көтеріп жүру, кедергілерден аттауда және де басқа зейін қою жаттығулары кең қолданылады. Жаттығулардың ұзақтығы 8-10минут. Жаттығулар кешеніне жалпы 5-6 жетілдіру жаттығулары пайдалынылады. Оларды орындау үшін бәрінен қолайлысы қатар бойымен түзеу тұру. Таңертеңгілік жаттығудың әрбір кешені 1-2 апта қайталанады. Кейбір жаттығуларды дене шынықтыру нұсқаушысы өзі ауыстыруға болады.



Балабақшада жаттығу күн тәртібінің бір сәті болып табылады және балалардың эмоционалдық тонусын көтеру құралы. Балаларды таңертеңгі жаттығуға қызығушылығын арттырып, қозғалыс белсенділігін дамыту үшін оның әртүрлі формаларын өзгертіп өткіземін.



Жаттығуларды заманауи бағытта өткізу формалары



Ритімдік жаттығу

Сюжеттік жаттығу

Дәстүрден тыс жаттығу

Фитнес жаттығу

Құралдармен жасалатын жаттығу

Ритмдік жаттығу. Музыканың сүйемелдеуімен қимылдау-балалардың сүйікті жаттығулары. Кейіпкерлері анық нақтыланған, балаларға таныс және түсінікті музыканы таңдаған жөн. Билеу ритмикасы балалардың жалпы дамуына пайдалы, балаларды қозғалуды жақсы көруге тәрбиелейді, эмоцияларды дамытып, пластика көрнекілігін, негізгі қозғалыс дағдыларын (жүру,жүгіру, серіппелі қимылдар) дамытады және кеңістікті дұрыс бағдарлауға (шеңбер бойымен, топ болып, жұп болып жүру) үйретеді. Атрибутика ритмиканың әсерін күшейтіп, балалардың ұсақ моторикасын дамытатын маңызды толықтыру болып табылады.



Сюжеттік жаттығу.



Музыкалық сүйемелдеумен ойын кейіпті белсенді қимыл қозғалыс жақсы эмоциялар шақырып, ағзадағы барлық физиологиялық үдерістерді күшейтіп, барлық ағзалар мен жүйелердің жұмысын жақсартады. Ойын сюжетіне қызыққан балалар шаршағандықтарын байқамай, бір қимылды жалықпай қайталап, қызығушылықпен жаттығуларды орындайды. Мұнда балалар белгілі бір кейіпкерлердің қимыл-қозғалысын жаттығулар арқылы көрсетеді. Ересек топтағы балалар өздері ұнатқан ойындарды таңдап, жүргізулерін мүмкін. Мысалға, «Әтеш пен тауық», «Көбелектер», «Орманда», «Бақалар» т.б.



Дәстүрден тыс жаттығулар. Баланың денсаулығын нығайтып және оларды толық физикалық дамуын қамтамасыз етеді. Таңертеңгілік жаттығуға қызығушылығын тудырады. Сонымен қатар, әрбір балаға оң эмоционалды көзқарас қалыптасады. Дәстүрлі емес нысанда таңертеңгі жаттығулар дайындау және өткізу кезінде есепке дәстүрлі таңертеңгілік жаттығулар құрылымы алынуы керек.



Фитнес жаттығулары. Қазіргі таңда бүкіл әлемде, сонымен қоса біздің елде де фитнес бағдарламалар танымал болып келеді. Фитнес - аэробика сауықтыру және спорттық аэробикасының теориясы мен тәжірибесінен барлық оңтайлы әрі қолайлы жақтарын сұрыптап алған. Бұл адам денсаулығына пайдалы, мамандардың тәжірибесі тарапынан уақытпен сыналған гимнастикалық және би қимылдары.



Құралдармен жасалатын жаттығулар. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста құралдармен жаттығу жасау кеңінен тараған. Дене шынықтыру құралдарының ішінде көлемі әртүрлі доптар, шеңберлер, секіргіш жіптер, таяқшалар, жалаушалар, текшелер және т.б көбірек тараған. Жаттығуларды құралдармен орындау ыңғайлы, әрі жаттығуды нақтылайды. Олардың орындауына ұсынылатын талаптарды неғұрлым көрнекі етеді.



Қорыта айтқанда балалар бақшасындағы таңертеңгілік жаттығулардың заманауи бағытта жүргізілу ерекшелігі- балаларды дұрыс қимылдауға үйретеді. Бұл жағдайдағы балаларда кеңістіктегі орнын бағдарлай білуі, қимылды айқын, дәл, нұсқаушы ұсынған екпінде, ырғақта, бағытта орындауы, әр баланың, қимылы бүкіл ұжымның қозғалысы мен үйлесуі пісіп, жетіледі. Сондықтан мектепке дейінгі мекемелердің негізгі міндеттері: балалардың дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру. Мектепке дейінгі жаста алынған дұрыс денсаулық, адамның жалпы дамуының негізгі фундаменті болып табылады.



Пайдаланған әдебиеттер:



[1] Аммарин Б. А. «Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі» М. 1999ж.



[2] Ашмарин Б.А. Дене тәрбиесіндегі педагогикалық ізденістің ілімі мен әдістемесі. — М., ФиС, 1978ж.



[3] С.Г. Батибаева Дене тәрбиесі әдістемелік құрал Алматыкітап баспасы 2014ж.



[4] Кузмина С. Бахарева Л.Н. Данашева А.И. Қасымбекова Р.Ә. Дене тәрбиесі әдістемелік құрал. Алматыкітап 2006ж.



[5] Шакимашрип Ыбыраев «Соқыр теке» Алматы «өнер» 1990ж.



[6] Ұ.Б. Мұхамеджанова «Дене тәрбиесі пәнінің әдістемесі» Астана 2004ж.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 тамыз
585
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі