Материалдар / Балабақшадағы балалардың психологиясы бойынша кеңестер

Балабақшадағы балалардың психологиясы бойынша кеңестер

Материал туралы қысқаша түсінік
1.Балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу және қысқаша тарихына шолу жасай келе, болашақта Қазақстанды өркендетуге білімді жастар керек екендігін түсіндіру. 2.Топпен жұмыс істеу, ой қозғау, сипаттау, баяндау дағдыларын дамыту. 3.Ана тілін, отанын сүюге, елін, жерін қорғауға, қастерлеуге тәрбиелеу. Көрнекілік: Қ.Р рәміздері, Қ.Р конституциясы, компьютерлік слайдтар, қанатты сөздер.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2021
329
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КМҚК «№ 147 БӨБЕКЖАЙ – БАЛАБАҚША»

ТАҚЫРЫБЫ: «Туған елім менің – Қазақстаным!»

Мақсаты:

1.Балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу және қысқаша тарихына шолу жасай келе, болашақта Қазақстанды өркендетуге білімді жастар керек екендігін түсіндіру.

2.Топпен жұмыс істеу, ой қозғау, сипаттау, баяндау дағдыларын дамыту.

3.Ана тілін, отанын сүюге, елін, жерін қорғауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Қ.Р рәміздері, Қ.Р конституциясы, компьютерлік слайдтар, қанатты сөздер.


1.«Шаттық шеңбер»

Армысыздар, аса қадірменді қонақтары! 

Тәуелсіздік таңын сүйем,
Таңмен бірге келді өлең.
Көк туына басымды ием,
Көгімізде желбіреген.
Әнді алысқа жеткіземіз
Жылда той қып өткіземіз.


2.Ой шолу.

1.Отан дегенді қалай түсінесіз?

2.Сен қайда тұрасың,өз елің үшін не істей алар едіңіз?

3. «Өзге елдің сұлтаны болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дегенді қалай түсінесіз?

Қосымша:

Біздің Отанымыз - байтақ та, бай ел. Аумағы ұшқан құстың қанаты, жер танабын қуырған тұлпар тұяғының дүбірімен өлшенген кең де келісті өлкені мекендеген қазақ деген елміз. Басымызға қонған бағымыз бен досымызға ақ пейіл, дарқан көңіліміз.

Қазіргі қазақстан көп ұлтты, демократиялы, зайырлы, тәуелсіз мемлекет.

Өзінің халқы, жері, шекарасы, бекітілген заңдары бар. Жаңа Қазақстан жалпы адамдық құндылықтарды жариялай отырып, өзінде тұратын барлық халықтардың достығын нығайтты, саяси тұрақтылық орнатты. Осы саясаттың туын көтеруші, оның іске асуына жағдай жасаушы, ел Президенті - Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.

3.Кім көп біледі?

Ойланайық азырақ,

уақытты үнемдеп.

Кім шығады, жауабын

мен білемін деп!

/сұрақтарға тез жауап беру керек/

  1. Еліміздің жүрегі қай қала?

  2. Қазақстанның астанасы болған қалалар? (Орынбор, Қызылорда, Алматы,

Нұр Сұлтан)

  1. Қазақстан қай мемлекеттермен шектеседі? (Ресей, Қытай, Өзбекістан, Түркменістан)

  2. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды (16 желтоқсан 1991ж.)

  3. Қ.Р. президенті кім? (Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың)


Біз тілімізді ұрпақтан ұрпаққа қастерлеп, жеткізетін қасиетті мұрамыз. Ұрпағымыздың асыл арманы, қуанышы мен қызығына қызымет етеміз. Ең әуелі ана тілін үйреніп, жаттықпаған бала басқа тілді де жақсы меңгермейді. Күмбірлеген күй, көкректен жарып шыққан өткір өлең, асқақтата салған әнмен біздің ата-бабамыз, өзінің жан дүниесінің мұң-шерін, асқақ арманын тілі арқылы жеткізген.

Тіл - байлығымыз, тіл - тарихымыз, тіл - мәдинетіміз, тіл - әдебиетіміз, тіл біздің ұрпақтық намысымыз, арымыз, қорытып айтсақ, барымыз, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» демекпіз.

4. «Мақал сөздің мәйегі» дегендей, Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдерді жалғастырып көриік:

  1. Отан ...... басталады (отбасынан)

  2. Найзағайсыз ел болмайды,......ел болмайды (таңбасыз)

  3. Отансыз адам.........бұлбұл (ормансыз)

  4. Оқусыз білім жоқ,............күнің жоқ (білімсіз)

  5. Жері байдың ............бай (елі)

  6. Отан үшін ....күймейсің (Отқа түс)

  7. Батыр туса ел ырысы .....жауса жер ырысы(жаңбыр)

  8. Еңбектің наны тәтті ....жаны тәтті (Жалқаудың)

  9. Оқу- .... құдық қазғандай (инемен)

  10. Ер жігіт елі үшін туады,....үшін өледі (ел)


«Адамдық борышың» ( Шәкәрім Құдайбердіұлы)

Адамдық борышың,

Халқыңа еңбек қыл.

Ар жолдан айнымай,

Ар сақта, оны біл.

Талаптан да білім мен өнер үйрен,

Білімсіз, өнерсіз, болады ақыл тұл.

5. Болашақтағы арманым. (Сурет жарысы)

/Арманын суреттеу/ талқылау.

Қорытынды: Отансүйгіштік «патриотизм» - ақыл ой-сананың, табанды тәрбиенің жемісі. 2030 – стратегиялық даму бағдарламасында Елбасы Н.Ә. Назарбаев «…біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» - деді. Қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет тәуелсіз мемлекетіміздің уығы болып қадалатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке азаматтық тұрғыда тәрбиелеп, тиянақты білім беру арқылы отансүйгіштік сезімін қалыптастыру. Азаматтық сапаны қалыптастыру кез келген мемлекет үшін барлық уақытта көкейтесті міндет, бұл тәрбие жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады. Дүние жүзінің көптеген ел азаматтарының отансүйгіштік сезімдері ерекше дамып,елжандылық мінез - құлық бейнесінде, әдебиет пен өнердің әр алуан жанырларында, ән шығармашылығында көрінетін мемлекеттік рәміздер - Туға, Елтаңбаға, Әнұранға, ұлттық мерекелерге құрметпен қарау салтанат құрған. Отансүйгіштікке тәрбиелеу тетігі кез келген мемлекетте бар және ол ішкі және сыртқы проблемаларын шешуде соған сүйенеді. Отансүйгіштік жалпы алғанда ұлттық мәдениеттің және ішінара алғанда саяси мәдениеттің элементінің бірі.

Кері байланыс:

«Екі жұлдыз, бір тілек»






Бәріңізге көп - көп рахмет!









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ