400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Балабақшадағы баланың тілін дамытуда инновациялық технологияны қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
материал тәрбиешілерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалады. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың негізгі міндеті: әдіс -тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу, жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Мектепке дейінгі білім беру орындарында, педагогикалық технологиялар мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыруға бағытталған.

«Технология» сөзі – гректің «шеберлік, өнер» және «заң, ғылым» сөздерінен шыққан – бұл шеберлік туралы ғылым. Инновация - Ағылшын тілінен аударғанда жүйе ішіндегі өзгерістер деген мағынаны білдіреді. Құрал мен үрдіс ретінде инновация қандай да бір жаңалық енгізу деген мағынаны білдіреді. Педагогикалық үрдіске қатысты инновацияны оның мақсатына, мазмұнына , оқыту әдістері мен формаларына, мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекетін ұйымдастыруға жаңалық енгізу деп анықтауға болады.

Инновациялық технологиялар – тәрбиелеу мен оқытуға қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған заманауи әдістер мен ұтымды тәсілдердің, тәрбиелеу мен оқытудың дәстүрлі емес әдістерінің, жаңа оқыту құралдарының жүйесі. Инновациялық технология – алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқудың әдіс-құрал және түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолы болып табылады. Инновациялық технологияда мазмұн, әдіс және құралдардың өзара байланысы десек, ал аталған озық әдістемені қажетінше педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу педагогтың педагогикалық шеберлігіне байланысты. Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологиялар аз емес және олар оң нәтижелерге жеткізуде.

Қазіргі таңдағы білім беру технологиясының қатарына жататындар

  1. Дамыта оқыту технологиясы

  2. Ойын технологиясы

  3. Ынтымақтастық технологиясы

  4. ТРИЗ

  5. Ақпараттық коммуникативтік

  6. Денсаулық

  7. Проблемалық

  8. Жобалау

Дамыта оқыту технологиясы - баланы оқыта отырып, дамыту. Бала бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік т.б. қасиеттер дамыту

Ойын технологиясы . Технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.
Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады. 

Ынтымақтастық технологиясы –дегеніміз тәрбиеленуші мен тәрбиеші арасындағы қарым-қатынастың тең дәрежеде жүзеге асуы ,бірлік одақта қызмет етуі, тәрбиеші мен тәрбиеленушіге басымдылық көрсетпеуі.

Ынтымақтастық- бір мақсатқа жетуге бағытталған, бірлескен іс-әрекет .

Ынтымақтастық технологияның негізгі идеясы:

1.Тәрбиеленушінің шығармашылық, атқарушылық қабілетін дамыту

2.Тәрбиеленушінің өзін-өзі құрметтеуі

3.Тәрбиленушілер бір-бірін құрметтеу.

ТРИЗ — дің мақсаты — тек қана балалардың қиялын ғана емес, сонымен қатар шынайылықты түсініп жүйелі ойлауға, өзін — өзі тануға, қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын қиындықтарын шешуге баулу болып табылады.

Тризшылардың ұраны — “Барлығын айтуға болады!” Балалық шақтағы ТРИЗ-баланың ойлау процесімен, тілі, қиялы, есте сақтау қабілеті, зейінінің белсенді және бірлесіп дамуды тұспалдайтын ТРИЗ элементтерін және шығармашылық қиялды дамыту әдістері мен компьютерлік үйрету бағдарламаларын қолдану арқылы қоршаған орта туралы білімдерін кеңейтетін, игерген біліммен білікті өзіндік әрекет кезінде, көркем әдебиет, тілдік, ойын зерттеу, қатынас т.б әрекетте қолданатын адамның ойлауын дамытып тәрбиелеудің белгілі бір жүйесі.

ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясын өткен ғасырдың 70 жылдары Г.С.Альтшулер ойлап тапқан. Мектепке дейінгі балаларға бейімделген ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттіліктерді дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып шығармашылыққа баулиды.

Ақпараттық технология – термині ақпарат және технология деген екі ұғыммен байланысты .Технология грек тілінен аударғанда өнер, шеберлік,біліктілік деген мағынаны білдіреді.Ақпараттық технология есептеуші техника құралдарын пайдалана отырып ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу талдау және ұсыну қызметтерін жүзеге асыру әрекеттерінің реті.

     Денсаулық сақтау технологиясының негізгі мақсаты :

Баланың денсаулығын нығайтуға, білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасуына үлкен үлес қосады. Қазіргі таңда адамдардың даму жағдайында оның денсаулығын қалыптастыруда реттік жүйесіз мүмкін емес.

Проблемалық оқыту технологиясы

Проблемалық оқыту – ойлау операциялары логикасы талдау, қорытындылау және т.б балалардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және т.б. ескере отырып оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдердің қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Проблемалық оқыту шығармашылық жұмыстарды жүргізудің ең өнімді жолы болып табылады.Проблемалық оқытуда балалар бейтаныс, белгілі емес мәселелерді өз беттерінше шешуге жұмсайды

Жобалы-іс шығармашылық технологиясы

Балабақшада баламен педагог бірлесіп жүргізеді.

Яғни баланы тәрбиешімен бірге ізденуге,проблемелық іс-әрекетті жасай білуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балалардың белсенділігін арттыру, оқу материалына  баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім мүшелері  арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады. Жобалар бөлінеді:

Қорыта айтқанда, инновациялық технологиялар – заманауи әлеуметтік-мәдени жағдайда баланың тұлғалық дамуында динамикалық өзгерістер есебінен позитивті нәтижеге жетуге бағытталған тәрбиелеу құралдарының, оқыту тәсілдері мен әдістерінің жүйесі. Педагогикалық инновациялар тәрбие мен оқыту үдерісін өзгертуі немесе жетілдіруі мүмкін.

Инновациялық технологиялар педагогикалық іс-әрекет үдерісінде өзінің тиімділігін дәлелдеген білім берудің прогрессивті технологиялар мен стереотиптік элементтерін үйлестіреді. Оқу-әдістемелік кешен мазмұны білім беру жүйесін жаңғыртудың ақпараттық-құқықтық негіздеріне, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласындағы мектеп жасына дейінгі балаларды 12-жылдық оқытуға көшуге дайындауға бағдарланған.

Модельдеу, жобалық-зерттеу, интеллектуалдық-ойын тәсілдері негізінде құрылған интеллектуалдық технологиялар айрықша қызығушылық тудырады. Олар интеллектуалды балаларды математикаға, мәдениетке, тілдерге, логикаға жан-жақты дамытуға бағытталған. Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру әрбір баланың интеллектуалдық сұраныстарын барынша тиімді шешуге мүмкіндік береді.

ХХІ ғасырда білім берудің ұлттық жүйесін дамытудың негізгі бағыттары тәрбие мен оқытуда инновациялық қағидаттар мен тәсілдерді қолдану, білім беруді ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін тереңдету, материалдық-техникалық базаны жаңарту және кеңейту, білім беру бағдарламалары мен қызметтерінің кең таңдауын қамтамасыз ету, білім беруді ақпараттандыру болып табылады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
1024
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі