400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балабақшадағы білім беру процесінде АКТ қолдану тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектепке дейінгі білім беруде ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану тиімділігі

Ғылым мен техниканың жылдан жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы, білімнің негізі болып табылатыны – балабақшаларға да өз әсерін тигізуде. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Осы орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «Оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек.

Бүгінгі күн талабы – баланың ақыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. Балабақшада компьютерлік сауаттылыққа үйрету өткізілетін пәндермен кіріктірілген бағытта қолдаушы пән ретінде жүреді.

Компьютерлік сауаттылыққа үйрету пәні балабақшаларға енгізілгенмен, оны әртүрлі әдістермен оқытып, осы пәнге деген бала қызығушылығын арттыратын түрлі оқыту бағдарламалары, әсіресе қазақ балабақшалары үшін өте тапшы. Сол себептен мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік сауатылық оқу іс- әрекетінін жүргізудің тиімді жолдарын қарастырып, оны нақты материалдармен теориялық және практикалық жағынан байыта түсу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Отандық және шет елдік зерттеулермен таныса отырып, алдымен теориялық материалдарды жинап, кейін осы жиналған материалдарға қатысты мектеп жасына дейінгі балаларға арнап бағдарлама жасақтадым осы бағдарламаға сәйкес жазылған әрбір тақырыпқа тереңнен талдау жасалып.Сол бағдарламаға негізделіп ересек топтарына арналған жұмыс дәптері жинақталды.

Мектеп жасына дейінгі балалардың өміріне компьютерді енгізудегі ең басты мақсат - олардың ақпараттық технологияларға толы қоғамдық өмірге психологиялық дайындығын қалыптастыру. Компьютерлік ойын бағдарламаларының өрістеуі себепті, компьютерлік ойындар бала өмірінде кеңінен қолданыс табуда.

«Компьютерлік сауаттылыққа үйрету пәнінің» бағдарламасына баланың қоршаған орта турасында танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған ойындар кіреді. Осындай ойындар әсерінен баланың оқуға аса қажетті ойлау, жады, қабылдау, таным белсенділігі психикалық процестері тез дамиды. Себебі, бұл мазмұндас ойындарға баладан ойлау белсенділігі, байқағыштық, тапқырлық, талқылай білу тәрізді шығармашылық қасиеттерді талап етер сипаттар тән. Ойын арқылы оқыту бағдарламасы баланың аталған зейінге тән қасиеттерді ойын көмегімен дамытуына мүмкіндік береді, бұл оның оқу үрдісінде барынша ынталы да бейімді болуына жағдай жасайды. Оның үстіне балада жадының образды, эмоционалды, көру, есту, логикалық түрлері әрекет ететіні белгілі. Ал бала жадын жақсартудың негізгі жолдарының бірі – қайталау жұмыстары. Балалар бір ойынға өте қызықса, оны бірнеше мәрте қайталап ойнары анық. Міне, осылайша олар ойнап қана қоймай, өздігінен жадыларын да жаттықтыра алады. Әр оқу іс әрекеті

9

баладан түрлі тапсырмалар арқылы ақыл мен білімді көп қажет ете бастайды. Сөйтіп, ойын барысында балада оқуға деген қызығушылық қалыптаса бастайды.

Компьютерде ойын ойнау арқылы бала компьютер құрылғыларымен жұмыс істеп үйренеді, саусақтары жетіледі. Мұнымен қоса, балаларды жазуға үйретудегі маңызды жайттың бірі көру және орындау бірлескен әрекетін қалыптастыру және дамыту болып табылады, бұл көбінесе компьютермен өткізілген оқу іс-әрекеті нәтижелі болады.

Балаларда жаңа информацияға қол жеткізу мен оны пайдаланудың тез де белсенді мүмкіндіктеріне жол ашылады, біртіндеп техниканың жаңа түрлеріне, жалпы жаңа заттарға деген өзіндік көзқарас қалыптасады.

Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста компьютерді, интерактивтік тақтаны қолдану әдістемесін пайдалана отырып, баланы мектепке даярлау барысында кездесіп жататын көптеген мәселелерді шешуге болады.

Бағдарламаның мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылыққа үйрете отырып, логикалық, интеллектуалдық және танымдық қабілеттерін дамыту.

Қолданылатын әдістер:


- сұхбат оқу іс-әрекеттер;


- дидактикалық материалдармен жұмыс (сандар белгіленген текшелер, суреттер, құрастыруға арналған түрлі заттар және т.б.);


- белсенді топтық оқу әдістері: ойындар, жарыс-оқу іс әрекеті(шахмат, шашка), пікірталас және т.б.


- сарамандық ( практикалық) оқу іс-әрекеті.
Балабақшаларда компьютерлік сауаттылыққа үйрету ұйымдастырылған оқу іс әрекеттеріне арналған бөлме мынадай міндеттерді орындай алады:


- балаларды жаңа білім беру технологияларының көмегімен оқыту;


- көңіл көтеру және ойын орталығы қызметін атқару;
- онда білім беру және көңіл көтеру міндеттерінің барынша кең шеңбері орындала алады;
- балалар үшін де, оқытушылар үшін де жұмыстың барынша қолайлылығын

жасау;


- балаларды компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерімен және

дағдыларымен таныстыру. Негізгі міндеттері:

- бала бойында танымдық, ақпараттық құзыреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын қолайлы пәндік-даму ортасын құру;

- тәжірибелік, танымдық, шығармашылық іскерлігі мен басқа да бала әрекеті түрлерін қалыптастыру;

- балалардың көру жадыларын, есте сақтау қабілетін берілген тапсырмалар арқылы дамыту;

- әр баланың тұлғалық қасиеті және оны ауыспалы өмір жағдайында әрі қарай сәтті дамыту мақсатында өзін-өзі тану, өз ойын еркін білдіру және оны іске асыру дағдыларын жетілдіру;

- балалардың логикалық ойлау қабілетінің дамыту;

-Күнделікті өмірде қарапайым өзіне қажетті техникалық құралдарды қолдана білуге үйрету

- әр баланың интеллектуалдық қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамыту;

- мектепте білім алуға жан-жақты дайындау. 10

Күтілетін нәтижелерге сипаттама:
Балалар білуге тиіс:
- компьютер құрамына енетін негізгі құрылғылардың сипаттамасын: жүйелік блок, монитор, перне тақта, тінтуір;
- компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу ережесін;
- тінтуірмен жұмыс істеуді;
- монитордан курсор мен тінтуірдің бағыттағышын айыруды;


- тінтуірдің көмегі арқылы экраннан қажетті объектіні таңдай білуді

(тінтуірдің бағыттағышын анықтап, сол жақ түймесін басу );


- тінтуірдің сол жақ түймесін басу арқылы экранға қоршау салуды;
- тінтуірдің сол жақ түймесін басу арқылы қажетті объектіні орналастыруды;
- перне тақтаны қолдануды: әріптер мен сандарды енгізуді; « Enter» клавишін

қолдануды;


- тінтуірді түрту арқылы сұрау алаңынан «тізім» типтес (басты мәзір, мәзір

деңгейі) қажетті жолды таңдауды;
- тінтуірдің көмегі арқылы экранда жұмыс істеуді;


- бейнелер жолына терезені енгізуді; «BackSpacе» клавишінің

бейнелерді жоюды.


- Заттарды қасиеттеріне қарай топтастыру


- класстарды белгілеуді (біркелкі заттардың топтары, мысалы:

жемістер, көкөністер, оқу құралдар т.б);


- суреттен белгілі мазмұнды бейне құрастыра алады, оны түсіндіреді

- компьютерде жұмыс істеудің санитарлы-гигиеналық талаптарын;


- қазіргі заманғы ақпарат көздерінен хабардар болады.


- санитарлы-гигиеналық талаптардың бұзылу қызметіндегі көрсетіп және түзей алады;
- ақпараттар, берілгендердің ұқсастығын таба алады және таниды;

- алдыға қойылған мақсатты шешуде ақпаратты ұйымдастыру

көмегімен көліктер,

түсінеді;


- компьютерді қолданудағы іс-әрекетті жоспарлау тәсілдерін түсінеді. Көрнекілік:
Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытуда көбіне-көп көрнекі қимыл мен көрнекі образды ойлау басты орында болу себепті, ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде көрнекіліктің қолданылуы өте маңызды.

Олар:

- балаларды оқу іс-әрекетінің барысында ынталандыру үшін және тапсырмаларды түсіндіруде қолданылатын суреттер;

- жұмыс дәптері;
Оқытудың техникалық құрал-жабдығы: - Дербес компьютер
-Сканер
- Принтер
-Интерактивті тақта
- Дыбыс ұлғайытқыш
- Микрофон
Оқу құралы:

-Электронды оқулықтар -Презентациялар, слайдтар -Бейне-фильмдер

қателіктерді тәсілдерін

-Тестілеу бағдарламалары
-Аудио
-Пернетактаның тренажер ойындары

Жеке жұмыс түрлері:

Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс мектеп жасындағы оқушыларды оқытудан әлдеқайда күрделі. Бұл тек жас айырмашылығына байланысты ғана сөз емес. Балалар әлі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбына сай «Жұмыс істеп, оқи алмайды». Оның үстіне, мектеп жасына дейінгі балалардың даму деңгейі түрліше болады. Сол себепті, оқу бағдарламасында жеке жұмыс түрлеріне де көп көңіл бөлінеді.

Тіпті жұмыс топтасқан түрде ұйымдастырылғанның өзінде (бір топтың құрамы үш баладан аспаған дұрыс ), мұғалімнің ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің барысында әр балаға арнайы көңіл бөлуге, жекелеген тапсырма беруге, тапсырманың орындалуын қадағалауға мүмкіндігі болуы керек.

Сонымен, жеке жұмыс түрлері мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда кеңінен қолданылады.

Бағдарламаның оқу іс әрекетінде қамтылуы
Оқу іс әрекетінің жүргізілу жүйесі:
Техникалық сұрақтар (5 минут). Техника жайында сөз қозғағанда, техниканың

қауіпсіздік ережелерінен айналып өту мүмкін емес. Тек әңгіменің бала түсінігіне сай келуін басты назарда ұстаған жөн. Осы орайда компьютер құрамы, тінтуірдің жұмысы, диск пен принтердің маңызы жайында қайталай кеткеннің тіпті де артықтығы жоқ.

Сергіту сәттері (3 минут). Сергіту сәттеріне сурет салу, ойын жаттығулары, көзге және саусақ, қолға арналған жаттығулар қолданылады.

Оқу іс әрекетінің тақырыбына сәйкес – (7-8 минут)
компьютерлік бағдарламалармен жұмыс ( 5-7 минут ).
Қорытынды (2-3 минут)
Бағдарламаның оқу-тақырыптық жоспары негізгі үш бөлімді қамтиды: «Компьютерлік әліпби»,

«Компьютерде жұмыс істеп үйренеміз»,
«Компьютермен бірге дамимыз».
«Компьютерлік әліпби» бөлімін оқытуда компьютерді қолдану тәсілдері

туралы видеоматериалдар; компьютермен жұмыс істеу ережелері, компьютер құрылғылары, компьютерді дұрыс айыру мен қосу, компьютерге қосуға болатын қосымша құрылғылар туралы баяндайтын видеороликтер, слайдтар пайдаланылад ы.

Соңынан видеоматериалдар мен видеороликтерді көру барысында туындаған сұрақтар талқыланатын болады.

Балалардың жаңа түсініктері естерінде жақсы қалу үшін, компьютерлік терминдерге баса көңіл бөлінеді.

«Компьютерде жұмыс істеп үйренеміз» бөлімін оқуда бала өзіне түсінікті түрде компьютермен жұмыс істеудегі негізгі дағдыларға үйренеді.

Әр ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің қарапайымнан күрделіге ауысып отырады. Сондықтан да, балалар дайындық деңгейінің түрлілігіне қарамастан, оқу барысында пайдалы да қажетті нәрсе ала алатын болады.

Бала материалды өзіне қолайлы қарқында қабылдау үшін ойнатқыш оқу роликтерін қолдана алады. Роликтер арқылы оқытуды кез-келген жерден тоқтатып, қажетті тұстан бастап тыңдауға болады.

«Компьютермен бірге дамимыз» бөлімін оқытуда баланың жадын, зейінін, логикалық, образды және жүйелі ойлауын, түстер мен геометриялық фигураларды тану, санау мен оқу, өз бетімен жұмыс істеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту мүмкіндіктеріне ие ойындар мен тапсырмалар қолданылады.

Оқу жылының соңында оқу бағдарламасының деңгейін анықтау үшін диагностика жүргізіледі. Талдау жасау үшін оқытуға және дамытуға арналған компьютерлік ойындар пайдаланылады.

І деңгей – бала өзінің білетінін қолданады, яғни бала берілген тапсырманы мақсатты түрде орындап, мұғалімнің көмегінсіз келесі кезеңнің тапсырмаларын орындайды.

ІІ деңгей – бала не істейтінін түсінеді, яғни бала тапсырманы орындау барысында алға мақсат қоя біледі, және оны шешу жолдарын іздестіреді.

ІІІ деңгей – бала осы не басқа іс-әрекетті жасайды, яғни мұғалімнің айтуы бойынша компьютерлік тапсырмаларды орындай алады.

Аталған бағдарламаны, оған арналып жасақталған жұмыс дәптерін үздіксіз қолданса, онда ол бүлдіршіндерді компьютерде өз бетімен жұмыстану деңгейіне жеткізуге мүмкіндік береді.

Ойымды қорыта келе, бұл білім бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтауға арналған диагностикалық талдаулардың балаларға оқу барысында кезігетін сан алуан проблемалардың алдын-алуда және мамандар назарын осы жайттарға аудара отырып, бірлесе шешу жолдарын табуда алар орны орасан зор. Түрлі формадағы іс- шаралар балалардың күнделікті оқу іс-әрекетінде байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады. Олар бір-бірімен барлық жағынан жақсы қарым-қатынаста болады.Түрлі шаралар ұйымдастырып балаларды сол шараларда мараппаттап көңіл күйлерін артырамыз. Сонымен қатар ата-аналарды күн тәртібі бойынша жүргізілетін тәрбиелік шараларға, тестік байқалуарға, ойын сауықтарға, т.с.с. басқа шараларға тек бақылаушы ретінде ғана емес, білімдік, танымдық жұмыстарда үлес қоса отырып, балаларына білікті көмек көрсете алатындай жағдай тудырамыз. Олай болса бағдардаманы мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндерді ақпараттық құрылғыларды қолдануға үйретуде алар орыны бөлек.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандарты

2. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б.Б. Ақпараттық мәдениет негіздері. Әдістемелік нұсқау. Алматы, 2005.

3. Бүлдіршіндерге арналған компьютерлік сауат ашу бағдарламасы.-Алматы 2005.

4. Выготский Л.С. «Педагогическая психология» / Издательство АСТ, Астрель, Люкс, 2005.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
2333
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі