Балабақшадағы сауықтыру шаралары, ауа ваннасы, ұйқыдан кейінгі гимнастикасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балабақшадағы сауықтыру шаралары, ауа ваннасы, ұйқыдан кейінгі гимнастикасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйымдар денсаулықсақтау дағдыларының тәрбиелеу, дамыту, сауықтыру-профилактикалық міндеттерін тиімді және оңтайлы шешу қажет. Денсаулықсақтау компоненттері ретінде балалардың денсаулығын сақтауда төмендегі арнайы шаралар іске асырылады: - оңтайлы қозғалыс тәртібі; - ақыл-ой мен қозғалыс жүктемені орынды алмастыру; - балалардың ойын және оқу іс-әрекеттерін өткізу уақыттарының сәйкестігі; - алуан түрлі іс-әрекеттердің алмасуы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балабақшадағы сауықтыру шаралары, ауа ваннасы, ұйқыдан кейінгі гимнастикасы


Мектепке дейінгі ұйымдар денсаулықсақтау дағдыларының тәрбиелеу, дамыту, сауықтыру-профилактикалық міндеттерін тиімді және оңтайлы шешу қажет. Денсаулықсақтау компоненттері ретінде балалардың денсаулығын сақтауда төмендегі арнайы шаралар іске асырылады:

- оңтайлы қозғалыс тәртібі; - ақыл-ой мен қозғалыс жүктемені орынды алмастыру;

- балалардың ойын және оқу іс-әрекеттерін өткізу уақыттарының сәйкестігі;

- алуан түрлі іс-әрекеттердің алмасуы. Мектепке дейінгі ұйымдардың жазғы сауықтыру кезеңінің бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) материал мазмұнын, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері көлемінің талаптары мен жоспарлаудың ерекшеліктерін нақтылау мақсатында Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде әзірленді. Балабақша мен отбасы жағдайында сауықтыру шараларын өткізуде тиімді технологияларды енгізу жаз мезгілінде балалардың денсаулығын нығайтуды, ерте және мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық, қатынастық, шығармашылық қабілеттерін дамытуды, педагогтар мен ата- аналардың ақпараттық құзыреттіліктерін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

Ауа ваннасы - ересек дені сау адамдар, балалар, қарт адамдар, сонымен қатар қандайда болмасын аурумен ауыратын адамдар да қолдана алатын сауықтыру эдісі. Оларды шынығудың алдынғы процедуралары ретінде қолдануға болады.

Ауа ваннасы - температурасы, ауа ылғалдылығы, жылдамдығы анықталға, химиялық қүрамы есепке алынатын комплексті әдіс.

Тері температурасы мен ауа температурасының арасындағы айырмашылық жоғары болған сайын, ауа ваннасының тиімділігі арта түспек. Ауа ылғалдылығы тері бетінен терінің булануына эсер етеді: ылғалдылық жоғарлаған сайын булану қарқындылығы да, салқындату эффектісі де төмен, ал ылғалдылығы жоғары жерде ауа тар және ыстық болады.

Ауа жылдамдығының алатын орны зор: дене тез желмен желденетін болса, тер буланып, тері тез салқындайды.

1. Ауа. Температура бірте-бірте төмендеуі мүмкін, негізгі шарт оның тазалалығы. Шыршалы орман, су жағасы болса өте жақсы.

2. Су. Табиғи су көзі, ол болмаса ағынды қүбырдағы суды қолдануға болады.

3. Күн сәулесі. Күн ваннасы күшті шынықтыру тэсілі, бірақ мөлшерін қатаң бақылап және сақтану қажет.

4.Бөлменің   тиімді   микроклиматы.    Температурасы   белгілі   бір
шамада ауыспалы   болатын   динамикалық   немесе   тіршілікті   микроклимат
болғаны дұрыс. Бұл тербеліс ересектерде  8 градус. Балаларда 5  градусты
қүраса, сауықтыру тиімділігі арта түседі.

5. Ортадағы ауа температурасының киімнің жылуды үстау қасиетіне сәйкестігі. Жеңіл киінуге де, ал шамалы жылы күндері орануға да болмайды. Ағзаны әсер етуші факторлардың тез және баяу, күшті және әлсіз өзгерістеріне үйренуге   жаттықтыру   керек.   Шынықтыру   жаттығулары   мен   физикалық жүктемелерді қатар қолданса, оның тиімділігі арта түседі.

Ауамен шынығу.

Ауа ваннасының әртүрлі әсері бар, бірақ негізгісі мыналар:

1. Жүйке жүйесінің тонусы жоғарлайды.

2. Ішкі секреция бездерінің қызметі жоғарылайды.

3. Асқорыту процесі жақсарады.

4. Жүрек тамыр жүйесінің қызметі шынығады.

5. Тыныс алу жүйесінің қызметі артады.

6.  Қанда гемоглобин мен эритроцит мөлшері артады.

7.  Сергектік, жеңілдеу сезімі пайда болады.

8.   Эмоционалды фон теңеседі.

9.   Тыныштандыратын әсер байқалады.

Ауа ваннасымен қатар таза ауада серуендеу де шынықтырушы әсер береді. Жазда ауа ваннасын кабылдамай-ақ артық киімді кимеуге тыру,жалаң аяқ жүру.

Түскі ұйқыдан кейін баланың сергек болуы тәрбиешінің ерекше назар аударуын талап етеді. Түскі ұйқыдан кейін баланы сергіту гимнастикасы оның дене бітіміне жайлылық және психологиялық жағымды әсер береді. Ұйқыдан ояну кезі келгенде ақырын, ырғақты әуен қоямыз, оянудың міндетті шарттарын сақтай отырып баланың оянуына мүмкіндік береміз – бастапқы күйде – арқасынан жатады, қолы денесінің бойымен ұзыннан созылып, денені еркін ұстап, тыныштықта болады. Гимнастика кешені тұрақты. Ай барысында әуен ауыстырылмайды, ал жаттығулар ойын түрінде жүргізіледі, жатығуларды 1-2 айдан кейін ауыстырып отырамыз. Түскі ұйқыдан әрбір бала жеке оятылады. Біздің топта ұқсастықтары бойынша ең жеңіл, қарапайым жаттығулар жүргізіледі.

 

Ұйқыдан кейінгі жаттығуларды жүргізудің бағдаржолы:

 

1. Музыка әуені 1-1,5 мин.

 

2. Балаларды ақырын дауыспен оята бастаймын, арқасынан жатуларын сұраймын, қолдарын денесінің бойымен созып, көздерін жұмып көз алдарына елестетеді (релаксация)

 

3. Жаттығулар кешені

Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайту, дене бітімін жақсарту, балалардың арқасындағы, қолындағы, табанындағы нүктелерді оятуға арналған. Ұйқы ашар жаттығуларын жасауға қызығушылығын арттыру, қимылдың іскерліктерін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және дәл орындай білуге үйрету.

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, көрсету.

Көрнекіліктер: ілгекті жолдар, тастар, денсаулық кілемшілері, табандар, әтеш киімі.

Музыка әуенімен әтеш бейнесіне еніп тәрбиеші кіреді.

Тәрбиеші: Ку - ка - ри - ку, ку - ка - ри - ку, ку - ка - ри - ку. Балапандарым кәне ұйқыдан тұрайық.
Тәрбиеші: Түс мезгілі, түс мезгілі.
Балапандар ұйқыға кірісті.
Балапандар көреді түсті,
Ғажайып сиқырлы әлемді.
Балалар ұйқыдан оянады.
Тәрбиеші: Көзімізді ашайық,
Бойымызды жазайық.
Қолымызды созайық,
Жаттығулар жасайық.

Жалпы жетілдіру жаттығуы:
1. Балалар төсекте жатып, бастарын оңға, солға бұрады.
2. Балалар төсекте жатып, қолды екі жаққа созу, жұдырықтап жұму.
3. Балалар төсекте жатып, велосипед тебу.
4. Қолтырауын болып, бір қырынан төсек үстінде аяқ - қолды созу.
5. Балалар төсекте отырып, бір - біріне қарап сәлемдесу.
Тәрбиеші: Балалар кәне шеңбер құрайық.

Тыныс алу жаттығуы:
Ку - ка – ри-ку, ку - ка - ри – ку, ку - ка - ри - ку.

Табанды шынықтыру массаждары:

1.«Балапандар серуенге шықты» шиқ - шиқ - шиқ.

2. Табанға арналған денсаулық кілемшелерімен жүру.

3. Ілгекті жолмен жүру.

4. Тастардың үстерімен жүру.

5. Кірпі тікенектеріне ұқсас төсеніштермен жүру.

6. Табандар арқылы жүру.

Тәрбиеші: Балалар енді беті - қолымызды жылы сумен жуып, сүлгімен сүртінейік.
Тәрбиеші: Балалар кәне жарты шеңберге тұрайық.

Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау - саламат болайық.




Жетісай ауданының білім бөлімінің

«Зувайда-ана» бөбекжай бақшасының

тәрбиешісі Мамбетова Акмарал Ермаханбетовна

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
01.12.2025
17
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі