Көңілді ертеңгіліктер
Әдістемелік нұсқау
«Көңілді ертеңгіліктер»
Балалар балабақшасында мерекелер – балаларды жан-жақты тәрбиелеу құралдарының бірі. Олар көңілді, әдемі әнімен, биімен, ойындарымен көп уақыт есте қалады, олардан алынған әсерлер балалардың ойындары мен суреттерінен орын табады. Мейрам күндері – балалар үшін жан тебірентер ән мен күйдің, әсем бидің, көз қуантар көріністердің қызғылықты әлемі.
Сондықтан да мерекелік сәттерді әрбір сәби, әсіресе балабақша тәрбиеленушісі асыға күтеді, өз өнерін жолдастарына және ата-аналарына көрсетуге әуес.
Ертеңгіліктердің тәрбиелік мәні ерекше. Үлкендер сезінетін жоғары азаматтық сезімдер балалар үшін шаттық, қуаныш болып келеді. Оларда мерекелік хошы пайда болып, біздің дәстүрлерімізбен қауышады. Мереке алдындағы жағдай елде, балабақшада, әрбір отбасында болатын салтанаттар осы оқиғаны баланың қуанышпен күтуін тудырады. Мерекелік ерекше шабыт балалардың сезімдерін ұштайды, орындалатын өлеңдердің, тақпақтардың, билердің мазмұнын әдеттегі іс-әрекеттерге қарағанда ерекше түсінеді. Сондықтан да мерекелік ертеңгіліктерде балалардың эстетикалық және адамгершілік тәрбиесі бірге орындалады.
Балалармен «Білім күні», «Алтын күз » «Тәуелсіздік күні», «Жаңа жыл», «8-наурыз», «22- наурыз», «Жеңіс күні», «Балаларды қорғау күні», «Балаларды мектепке шығарып салу» т.б. тақырыпты ертеңгіліктер өтеді.
Ертеңгіліктерге әзірлік кезінде балаларды өз еркінімен ойын-сауық бөлмесін безендіруге үйрету, бұл жағдай балаларға үлкен әсер етеді.
Балабақшада айына 2-3 рет сауықтар ұйымдастыруға болады: қуыршақ және көлеңке театры /шағын ертеңгіліктер мен әңгімелер бойынша инсценировка/, концерттер, музыкалық ойындар, жұмбақ кештері және т.б. Концерттер мен сауықтардың мазмұны мен орындалу дәрежесі эстетикалық тәрбие міндеттеріне сай болуы керек: адамдардың шынайы сезімдерін ояту, еңбектің ұлылығын бағалау, бәрімізге – туған елге ең қымбат халық өмірін, әдебиеті мен музыкасын сүйе білуге тәрбиелеу, жақсы талғамға маңызды және күлкілі нәрселерді қабылдай білу қабілетіне тәрбиелеу.
Барлық ертеңгіліктер мен сауықтар балаларға қуаныш әкелуі, олардың көңілін көтеріп, балалық бастамалары мен дербестігін дамытып, адамдарға мейірімділік пен қамқорлық жасау сияқты жақсы мінез –құлықты тәрбиелеуі, баланың көркем талғамын қалыптастыруы қажет.
Бірлескен ұжымдық ойындарды ұйымдастыру іскерлігін, жанжалды әділ шешуге ұмтылуды қалыптастыру.
Тың сюжеттер мен рольдер таңдауда белсенділік көрсету және өзіндік өзбеттілігін көрсете білуді дамытады. Ойын барысында басқалардың пікірімен санаса білу іскерлігін арттырады.. Ойынды ырықтылықты тәрбиелеуге бағыттайды. Танымдық іс-әрекеттің ырықтылығын үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынаста ерікті болуын дамыту қажет.
Бұл жинақта балабақшаларда қолданылатын сценарийлар құрастырылған.
Мазмұны
Алғы сөз 3
Жайдарлы күз, алтын күз6
Күзгі орманда (IIiкіші тобы) 6
Күн мен бұлт (ортаңғы топ) 12
Күзгі жапырақтар (ересек топ) 22
Бақташы (ересек топ) 28
Тәуелсіздік күні 35
Туған өлкем мақтанышым менің (ортаңғы топ) 36
Отаным – Қазақстан (ересек топ) 40
Жаңа жылда жаңа жыр 45
Қолғап (II кіші тобы)41
Қонақтарды қарсы алайық (II кіші тобы) 54
Жаңа жыл Спанч бобпен (ортаңғы топ) 59
Қоянның үйі (ортаңғы топ) 68
Ғажайып қарлы жидек (ересек топ)75
Жаңа жыл Хоттаб атамен (ересек топ) 87
Аяз Атаға саяхат (ересек топ) 95
Көктем 105
Мысығайлар мен балалпандар (IIкіші тобы) 105
Асыл анам (ортаңғы топ) 111
Теледидар (ересек топ) 118
Наурыз келді, алақай 127
Наурыз келді сағынтып (ортаңғы топ) 128
Наурыз – жыл басы (ересек топ) 134
Қош бол, сәбилік шақ 141
Болашақты қиялдайық 142
Біз оқушы боламыз 150
Фильм, фильм, фильм... 164
Әдебиет 176
Жайдарлы күз, алтын күз

Күзгі орманда
II кіші тобы
Музыка залы күз мезгіліне сай әсем безендірілген.
Балалар музыка әуенімен залға кіреді.
Жүргізуші:
Қараңдаршы, қандай әдемі күздің күні!
Алтын сары, қызыл, көк
Алуан, алуан жапырақ,
Күн шуаққа маужырап
Жатыр еді атырап
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ!
Аяп тұрмын аңдарды,
Қалай екен қалдары?
Күзден кейін себебі,
Ызғарлы қыс келеді.
-Балалар, жүріңдер, орманға барып, аңдардың қысқа дайындығын көріп келейік.
Музыкалық-ырғақтық жаттығу «Біз орманда қыдырдық»
Біз орманда қыдырдық,
Сұр қоянға кездестік.
Қорқақ қоян секіріп,
Қаша кетті жөнеліп.
Қояндар тәрізді секіреді
Біз орманда қыдырдық
Қонжыққа да кездестік
Қонжық өзі маймақ,
Түсі қоңыр сабалақ
Қонжықтың жүрісін салып жүреді
Біз орманда қыдырдық,
Қасқырға да кездестік.
Өзіміз қорыққаннан
Жылдам қашып құтылдық.
Балалар жүгіріп барып орындықтарына отырады
Жүргізуші:Балалар, қараңдаршы, бір үй тұр. Сендер отыра тұрыңдар , мен байқап келейін, ішінде кім тұрады екен?
Үйдің терезесін қағады.
Қарға әр жерден көрініп, жүргізушімен ойнайды.
Жүргізуші: Қарға, сен ойнағанды жақсы көреді екенсің.
Қарға: Иә, мен керемет жақсы көрем ойнағанды!
Жүргізуші: Онда сені біздің балалар ұнатады, саған тақпақ айтып береді.
1 бала:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
2бала:
Құстар қайтты ән салып
Бұлт шарлады аспанды
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды
3 бала:
Ой, алақай , тамаша
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші алаша
Аунар ма еді жатып ап
4 бала:
Қуандырып біздерді ,
Берекелі күз келді.
Кел ,жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз
5 бала:
Көктемде егін егетін
Күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала
6 бала:
Күздің қазан айында
Алма ,алмұрт піседі
Ағаштардан жапырақ
Сыбдыр-сыбдыр түседі
Қарға:-Рахмет, балалар, мен бүгін орманда қыдырып, әр түсті жапырақтар жинадым, Қараңдаршы менде қандай түсті жапырақтар бар?
Балаларға екіден таратады
«Жапырақтар биі»
Жапырақпен балалар
Көңілденіп билейді,
Жүріп күлімсірейді,
Бар ынтасын салады.
Жапырақты көтереміз
Тербелтеміз бәріміз.
Солға, оңға тербелтіп
Дөңгеленіп билейміз.
Жапырақты тығайық.
Желден біз жасырып,
Серіппені жасайық,
Көңілденіп билейік.
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ
Ой,алақай, тамаша!
Шашу шашты жапырақ.
Қарға: қандай керемет би, жақсы биледіңдер!
Балалар орындарына отырады
Ойын «Жапырақтарды кім көп жинайды?»
Аю (шығып):
Менің орманымда кім шулап жүр екен? Неге мазамды аласыңдар?
Жүргізуші: Сәлеметсің бе,Аю? Біз шулаған жоқпыз, қарғаға жапырақтарды жинауға көмектестік.
Аю:
Сапарларың орманда
Болу үшін көңілді,
Ән салайық, келіңдер,
Жаңартып бар өңірді
Жүргізуші: -Балалар аю мен қосылып ән шырқайық
Ән «Қонжық»
Аю: Тамаша! Ойынға қалай қарайсыңдар?
Балалар: Ұнатамыз!
Аю: Онда бәріміз екі-екіден қолымыздан ұстап серуенге шығайық
Ойын «Күн мен жаңбыр»
Аю: Қандай көңілді балалар едіңдер, керемет ойнадыңдар, менің де көңілімді бір көтеріп тастадыңдар.
Менің қысқа жинаған азығым бар еді, содан сендерге берейін.
Қарға, кел, сен де маған көмектес, балаларға сыйлық берейік.
Сыйлықтар таратады.
Балалар рахметтерін айтып қоштасады.
Күн мен бұлт
Ортаңғы топ
Балалар қолдарына жапырақ ұстап залға кіреді, би қимылдарын жасайды.
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар! Балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер!
Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі күз құтты болсын. Сары
алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін
сыйлайды.
Күз дегенің ақындардың дастаны.
Қандай ғажап, бейбіт күннің аспаны
Бізбен бірге болыңыздар бәріңіз,
Алтын күздің той думаны басталды
1 бала:
Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз
2 бала:
Жайдарлы күз, жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқар күз
3бала:
Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
4 бала:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді,
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
5 бала:
Бүгін мейрам, бүгін той,
Қуанышты күн, біліп қой.
Күзгі бақтай сыңғырлап,
Алақанды соғып қой!
Ән «Күз келгенде»
Жүргізуші:
Шат көңілмен балалар
Шаршағанды білмейді.
Алтын күздің құрметіне
Балаларымыз билейді.
«Жұптар биі»
Балалар орындарына отырады
Жүргізуші:
Күзді мақтап,
Айтамыз тақпақ
Шырқатып әнге де саламыз.
1 бала:
Астық жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды,
Ардақты күз мың алғыс,
Алдық өнім сыйыңды.
2 бала:
Сары алтындай сары күз
Қамбадағы дәніміз
Шелек-шелек балымыз
Ағыл тегіл дәніміз,
3 бала:
Күзім ау, күзім ау
Мінезің қызық ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық ау
4 бала:
Ел егінді жинайды
Қырманға дән сыймайды,
Біздің дала- бай дала,
Алтын астық айнала.
5 бала:
Түсті алтын жапырақ,
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Балабақшаға арналған сценарилер жиынтығы

шағым қалдыра аласыз