Астана қаласы
№62 «Нұрсәуле» балабақшасы
Тәрбиеші:
Нурмаханбетова Гулбану Багдатовна

Сюжетті-рөлді ойын
Тақырыбы: «Дәрігер»

Мақсаты: Баланың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Бір - біріне деген жағымды қарым – қатынас, көңіл - күй сезімдерін, ой - қиялын одан әрі дамыту; ойын арқылы балаларға қоршаған өмір жайлы кең білім қолдана отырып, тәрбиелеу. Ойын барысында ақ халатты абзал жандардың игілікті еңбегіне деген балалардың сүйіспеншілігін арттыру. Дәрігердің сезімталдығы мен кішіпейілдігі, қамқорлығы сияқты жақсы қасиеттерін жеткізе білу және тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтары: Ақ халат, ойыншықтар, түрлі сюжеттегі плакаттар, медициналық ойыншық құрал - жабдықтар. Алдын - ала жұмыстар: топтың іші ауруханадағыдай безендірілген, түрлі сала бойынша кабинеттер жасалған, (тіс дәрігері, терапевт, дәріхана) макеттер қойылған.
Барысы: Балалармен бірге шаттық шеңберін құру:
Аспанымыз ашық болсын,
Еліміз тыныш болсын.
Деніміз сау болсын,
Достарымыз аман болсын!
- Тәрбиеші: Біз тісіміз, ішіміз ауырса қайда барамыз?
- Тәрбиеші: Дәрігер қайда жұмыс жасайды?
- Балалар: Ауруханада, емханада.
- Тәрбиеші: Олай болса, бүгін біз сендермен бірге «Емханадағы» «Дәрігер» ойынын ойнаймыз. Қане, балалар өздерің орындарыңа барып жайғаса қойыңдар. Балалар өздерінің орындарына барып жайғасады.(Алдын ала рөлдерге бөлінген балалар дәрігерлік сала бойынша «Емхана кабинеттерінде» отырады). Алғаш болып, балалар дәрігеріне бір ана қызымен келеді.
- Ата – ана: ( Арай) Сәлеметсіз бе, менің қызымның іші ауырып тұр, тамаққа тәбеті жоқ.

-Дәрігер: (Аяла) Саламатсыз бе, қане қызыңызды тексерейін. Аузыңды аша ғой, кеше қандай тамақ жедің?
- Ата - ана: Кеше кешкісін көкөністерді көп жеп қойған.
- Дәрігер: (тексеріп көреді де, қағазға рецепт жазып береді). Мына дәрілерді алып, күніне 2 мезгіл беріңіз.
- Ата - ана: Рахмет дәрігер. Сау болыңыз!
(Келесі кабинетте тіс дәрігері (Стоматолог) отырады.
(Ата - ана (Айлин, Аяла)баласымен кіреді).
-Ата - ана: Саламатсыз бе, дәрігер.
- Тіс дәрігері: (Айсана) - Саламатсыз бе, келіңіз.
- Ата - ана: - Менің баламның тісі түнімен ауырып шықты. Көріп жіберіңізші.
- Дәрігер: Қане, аузыңды аша ғой. (Тексеріп көреді). Тісіңді құрт жеп қойыпты. Тәтті нәрсені көп жеме. Күніне 2 мезгіл тісін тазалау керек. (Баланың тісін емдейді.)


- Ата - ана: Рахмет сізге, дәрігер! Дәрігер: - 2 сағаттай еш нәрсе жемеңіздер, сау болыңыз!
(Ортада «Дәріхана» (Аптека) болады.) - Ата - ана:- Саламатсыз бе!
- Дәріханашы: (Раяна)– Саламатсыз бе!
Ата – ана (Арай):- Мына дәрілерді маған беріңізші.
Дәріханашы: (Рецепт бойынша дәрілерді тауып береді).
-Мінекей алыңыз. Ауырмаңыздар, сау болыңыз!
Тәрбиеші: Балалар, жарайсыңдар. Рахмет сендерге! Осымен бүгінгі «Аурухана» ойынымыз аяқталды. Ауырмайық, деніміз сау болсын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Балабақшаға сюжетті рөлді ойын
Балабақшаға сюжетті рөлді ойын
Астана қаласы
№62 «Нұрсәуле» балабақшасы
Тәрбиеші:
Нурмаханбетова Гулбану Багдатовна

Сюжетті-рөлді ойын
Тақырыбы: «Дәрігер»

Мақсаты: Баланың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Бір - біріне деген жағымды қарым – қатынас, көңіл - күй сезімдерін, ой - қиялын одан әрі дамыту; ойын арқылы балаларға қоршаған өмір жайлы кең білім қолдана отырып, тәрбиелеу. Ойын барысында ақ халатты абзал жандардың игілікті еңбегіне деген балалардың сүйіспеншілігін арттыру. Дәрігердің сезімталдығы мен кішіпейілдігі, қамқорлығы сияқты жақсы қасиеттерін жеткізе білу және тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтары: Ақ халат, ойыншықтар, түрлі сюжеттегі плакаттар, медициналық ойыншық құрал - жабдықтар. Алдын - ала жұмыстар: топтың іші ауруханадағыдай безендірілген, түрлі сала бойынша кабинеттер жасалған, (тіс дәрігері, терапевт, дәріхана) макеттер қойылған.
Барысы: Балалармен бірге шаттық шеңберін құру:
Аспанымыз ашық болсын,
Еліміз тыныш болсын.
Деніміз сау болсын,
Достарымыз аман болсын!
- Тәрбиеші: Біз тісіміз, ішіміз ауырса қайда барамыз?
- Тәрбиеші: Дәрігер қайда жұмыс жасайды?
- Балалар: Ауруханада, емханада.
- Тәрбиеші: Олай болса, бүгін біз сендермен бірге «Емханадағы» «Дәрігер» ойынын ойнаймыз. Қане, балалар өздерің орындарыңа барып жайғаса қойыңдар. Балалар өздерінің орындарына барып жайғасады.(Алдын ала рөлдерге бөлінген балалар дәрігерлік сала бойынша «Емхана кабинеттерінде» отырады). Алғаш болып, балалар дәрігеріне бір ана қызымен келеді.
- Ата – ана: ( Арай) Сәлеметсіз бе, менің қызымның іші ауырып тұр, тамаққа тәбеті жоқ.

-Дәрігер: (Аяла) Саламатсыз бе, қане қызыңызды тексерейін. Аузыңды аша ғой, кеше қандай тамақ жедің?
- Ата - ана: Кеше кешкісін көкөністерді көп жеп қойған.
- Дәрігер: (тексеріп көреді де, қағазға рецепт жазып береді). Мына дәрілерді алып, күніне 2 мезгіл беріңіз.
- Ата - ана: Рахмет дәрігер. Сау болыңыз!
(Келесі кабинетте тіс дәрігері (Стоматолог) отырады.
(Ата - ана (Айлин, Аяла)баласымен кіреді).
-Ата - ана: Саламатсыз бе, дәрігер.
- Тіс дәрігері: (Айсана) - Саламатсыз бе, келіңіз.
- Ата - ана: - Менің баламның тісі түнімен ауырып шықты. Көріп жіберіңізші.
- Дәрігер: Қане, аузыңды аша ғой. (Тексеріп көреді). Тісіңді құрт жеп қойыпты. Тәтті нәрсені көп жеме. Күніне 2 мезгіл тісін тазалау керек. (Баланың тісін емдейді.)


- Ата - ана: Рахмет сізге, дәрігер! Дәрігер: - 2 сағаттай еш нәрсе жемеңіздер, сау болыңыз!
(Ортада «Дәріхана» (Аптека) болады.) - Ата - ана:- Саламатсыз бе!
- Дәріханашы: (Раяна)– Саламатсыз бе!
Ата – ана (Арай):- Мына дәрілерді маған беріңізші.
Дәріханашы: (Рецепт бойынша дәрілерді тауып береді).
-Мінекей алыңыз. Ауырмаңыздар, сау болыңыз!
Тәрбиеші: Балалар, жарайсыңдар. Рахмет сендерге! Осымен бүгінгі «Аурухана» ойынымыз аяқталды. Ауырмайық, деніміз сау болсын!
шағым қалдыра аласыз













