Материалдар / Балабақшамен қоштасу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балабақшамен қоштасу

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2018
477
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

63 «Әсем -Ай» балабақшасы «Ақбұлақ» және «Алпамыс» шағын орталығы

тәрбиешісі:Сакеева Бакытжан Тлегеновна



«Балабақшамен қоштасу» ертеңгілігі

Музыка жетекшісі: Толқимыз толқып тұрсыз, баршаңызда,

Мұндай күй болған сірә,қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

Балдырған бүлдіршін түлектерді.

САхнаның сыртынан бір-бірлеп аттарын атап шақырылады.

1. Шешен де қамқоршы-Мұрат Абдулмалик

2,Зерек-Даниярқызы Альжана

3.Ақылыды-Асқарбек Алихан

4.Әнші-биші-Жақсылық Айару

5.Батыл да ойшыл-Армангелді Ален

6.Жан-жақты –Ерғали Береке

7.Елгезек-Рамазан Алдияр

8. Ерке-Серікбай Зере

9.Қамқоршы- Мәди Дамир

10. Ұшқыр ойлы-Боранбай Жанелья

11. Ақ көңіл-АвджиолгуЖан

12.Өнерпаз-Абдижабпарова Ақжүніс

13.Білімді-Серікжан Әлинұр

14.Нәзікте-елгезек-Каратаева Жібек

15. Өжет-Болатқан Абылай

16.Сыпайы-Даньярова Жасмина

17. Шебер де ақылды-Дәуітбек Алинур

Залға балалар музыка әуенімен кіріп, орындарына тұрады.

Барлығы :

Жақсылыққа құмармыз,

Жақсы адам болып шығамыз

Таза сәби жүректен,

Қабылдаңыз мың алғыс!

С.Алинур::Құрметті қонақтар армысыздар,

Бәрінізде есен- аман бармысыздар?

Таусылмайтын ағытып ой арманның

Ал, достарым ақ жол тілеп,сөз бастаған.

Ж.Айару: Ақ тілекті ақытып бір тастайық

Қоштасатын кешімізді біз бастайық

Жүздерінен көркем шаттық арайлы

Болсын солай әрбір күнің,әр айың.

Абдулмалик: Баулап, баптап өсірген,

Бұзықтық етсек кешірген,

Ұмытпаймыз өзіңді,

Ұмытпаймыз сөзіңді.

Балалар:

1Алинур:Бүгінгі қоштасу кешімізді бастайық, бірақ Бақытжан Тлегенқызы қайда?

2.Айару:Апайымыз бізді мактепке қимай толқып жүрген болар.

3.Абдулмалик:Ендеше не тұрыс барып тауып алып келейік.

4.Дамир:Жүр білім мен тәрбие нәрін сусындатқан апайымызды ортаға шақырайық.

Ортаға тәрбиеші өлең оқып шығады:

Жүргізуші: Сахнаның сыртынан бастап айтып келеді.

Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке,

Бір белестен өттіңдер.

Өсті ақыл ойларың,

Қуанышты бүгінгі

Құтты болсын тойларың.

Бәрекелді балалар менсіз тойларыңды бастапта кеткен екенсіздер.Жарайсыңдар сендер мектепке баруға асыққандарың дұрыс болды.

Қымбатты ата — аналар,балабақша қызметкерлері қонақтар, бүгін біздің мәпелеп,күтіп,тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! Кәнекей, кішкентай түлектерімізді тағы да бір қошеметтеп бір қол соғып қоялық.

Ән: Біздің балабақшамыз

Тәрбиеші:Балалар қараңдаршы қонақ келді.

Музыка әуені ойналады. Ханшайым кіреді.

Ханшайым: Мен бәрі бір мектепке бармаймын.Қайтемін мектеп деген пәлені. Әкетайым маған сыйға бәрін алып береді. Мына балалардың түрлерін қарашы.Ха-ха-ха.

Тәрбиеші:Ханшайым сен бізге қайдан келдің? Алдымен амандасып алу қажет. Сәлеметсіз бе. Балалар сәлем деп айтшы кәне.

Ханшайым: Аман, аман.

Тәрбиеші: Ханшайым сен бізге кіммен, қайдан келдің?

Ханшайым:Ертегілер әлемінен келе жатырмын, не сендер мені танымай тұрсыңдар ма?!

Тәрбиеші:Сен кіммен келдің, айтшы өзі.

Ханшайым:Хан әкеммен келдім. Әкетай, ау әкетай қайда жүрсің, қартайғанда жаман қартайдың ғой өзі, құлағыңда шала еститін болып тұр. Маған жақсы болды мұнысы. Мыналар мені танымай тұр, өздерінше мектепке барамыз деп қояды. Келіп сазайларын берші.

Хан кіреді.

Хан:Ай қызым ай сен қайда зырылдап кетіп қалдың? Амансыздар ма халайық. Ой жарайсыңдар балалар, айналып кетейін түрлеріңнен. Тегі мектепке даярланып отырған сияқтысыңдар ғой.

Тәрбиеші:Хан тақсыр әрине біздің балалар мектепке барады алдағы күзде.Біздің балалар мектепке дайын.Тапсырмаларды орындау қиын емес. Аздап ойлансаң,жауабы дайын болатынын біліп алған. Сенбесеңіз өзіңіз тексеріп көріңіз.

Хан: Қазір мен логикалық жұмбақтар оқимын. Ал сендер жауабын айтыңдар.

Жұмбақтар:

1.Төрт баланың неше қолы бар?

2.Көгалда 7 қоян отыр.Аңшы атқанда олар қашып кетті.Көгалда неше қоян қалды?

3. Бір мысықта 2 құлақ бар. Қақпаның арғы жағында 8 құлақ көрініп тұр.Неше мысық тығылған?

4. Екі аюдың неше аяғы бар?

5.Үш қоянның құлағы нешеу?

Тәрбиеші:Хан тақсыр көрдіңіз бе? Біздің балалар қандай ақылды.

Хан:Әрине сіздің балалардың дайындықтары мықты екен.

Хан: Менің қызым да алдағы күзде мектепке барады. Қызым айта қойшы: менде 10 қап алтын бар, сенде 10 қап алтын бар.Сонда барлығы қанша қап алтын болады?

Ханшайым: Менде 10 қап бар, қалғанын сараңданып маған бермей тұрған жоқсың ба. Әр кезде осылай сараңданып жүретін әдетің бар осы.ЕЕЕЕЕЕ жылайды бәрін бер маған . Менің конфет жегім келіп кетті. Кәмпит, кәмпит әкел тез ЕЕЕЕЕЕ.

Тәрбиеші: Ханшайым сен сияқты дардай үлкен қыз осыншама жыламайды. Үлкен адамды, әкетайын бақырып жұмсамайды. Жылауыңды қойда біздің балалардың жауабын тыңдап көр, қалай болар екен?

Хан: Ал білгіш балалар айтыңдаршы менде 10 қап алтын бар, ханшайымда 10 қап алтын бар.Сонда барлығы қанша қап алтын болады?

Балалар: 20 қап алтын бар.

Хан:Тамаша, бәрекелді осылай менің қызым қазынамды санап отырса, қандай керемет болар еді! Масқара ұят болды қызым- ау.Қызымды сендер үйретіңдерші, қалдырып кетейін осында.

Тәрбиеші: Қызыңыз қалсын осында біздің балалардан біраз үйренеді.

-Балалар сандардың ретімен және кері санауды білеміз бе?

Балалар: Білеміз.

-Балақай сен санай қойшы тура. 1ден 20ға дейін.

-Дұрыс ақылыңнан айналайын.

Ойын:

1.Сандарды ретімен қою ойынын ойнайық.10-нан 1-ге дейін. Сандар таратылады да музыка тоқтағанда ретімен тұра қалады.

2.Келесі ойын басқа 6 балалар шықса шашылған әріптерді алып айту керек (дауысты, дауыссыз) М Е К Т Е П ден сөзге дыбыстық талдау жасап сөз айтып, қатарға тұрады. (М- дауыссыз дыбыс, Май, мама, мамық)

Тәрбиеші: Ал еркетай ханшайым мектепке баруға әлі дайындалуға уақыт бар.

Ханшайым: Шынымен мен көп нәрсені білмейді екенмін, барып дайындалайын мектепке. Сау болыңдар балалар.

Қыздар биі:

Киінуге кетеді көрініске:Ақжүніс, Дамир, Алдияр,Ален,Алихан,Зере,Альжана,Жасмина,Жанелья

Жүргізуші: Олай болса ата аналарменде«Ия,ия» «Жоқ,жоқ» ойынын ойнайық.

1. Балаңызға әрқашан тірек сіз ба?

2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба?

3. Тамағын уақытылы бересіз бе?

4. Сериал көріп жатасыз ба?

5. Ұрып,нұқып үйретуге барасыз ба?

6. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?

7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?

8. Сен оқыт, мен оқыт, шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?

9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?

10. Бала үшін асулардан асасыз ба?

Жүргізуші: «Портфель» көрінісін тамашалаңыздар.

Көрініс «Портфель»

Портфелдің суреті салынған үйшік тұрады…..

Биік те емес, аласа

Бір портфель тұр жараса

Қызыққандар кіре алмай

Сыртында жүр таласа.

Сонда бұны кім алған,

Ішіне оның не салған

Құлпын ашып көрейік

Нелер барын білейік

Тук,тук,тук

Кіруіме бола ма?

Әлде біреу тұра ма,

Әрине, ешкім тұрмайды,

Тұрса үнсіз болмайды.

Әне пенал келеді

Сөзімді сол жалғайды…

Пенал-Алдияр: Пай,пай,пай

Түсім бе,әлде өңім бе?

Жай портфель емес тегінде

Болса болар тек қана

Ертегілер елінде

Жақынырақ барайын

Ішіне көз салайын

Кім тұрады бұл жерде

Жайын біліп алайын

Тук,тук,тук

Болар ма екен кіруге?

Кім тұратынын білуге

Жауапсыз қалды сұрағым

Онда өзім тұрамын

(ішіне кіріп кетеді)

Жүргізуші:Енді әліппе келеді

Портфельді олда көреді.

Әліппе-Ален:Ашық екен есігі

Ішіне жайлап кірейін

Кімдер барын білейін

Жақсы достар болса егер

Бірге өмір сүрейін

Жүргізуші: Есікті ашып осы сәт

Пенал шықты ақылды

Әліппені өзімен

Бір тұруға шақырдыДиас

Пенал-Алдияр: Кір әліппе бас қосайық

Бірге тұрып достасайық.

Жүргізуші: Жүгіріп дәптер келді де

Кіргісі келіп ішіне

Қарайды олда телміре

Дәптер-Дамир: Жазу жазар болса кім

Онда менде керекпін

Кіргізіңдер мені де

Бір тұрайық демекпін

Жүргізуші :Әліппеде жөн көрген

Адал досты

Қатарына дәптерді

Жедел қосты

Әліппе-Ален: Кел дәптерім келіңіз

Портфельме кіріңіз

Оқушы үшін әрқашан

Керекпін деп жүріңіз

Жүргізуші:Түрлендірген бір- бірін

Достарды күтіп алыңдар

Келіп жетті жүгіріп

Түрлі- түсті қаламдар.

Қызыл қалам-Жасмин:

Әрине,әрине

Керексіңдер бәріңде

Көңіл сиса сиямыз

Тар болса да ұямыз

Көк қалам-Жанелья:

Тәртібінен сабақтан

«4», «5» алып жарыссын

Кіріңдер жақсы бағалар

Оқушылар танысын

Жүргізуші : Пайда болды «5»- ік те

Көп ұзамай «4»-тік те

Айтып жатты жарасып

Өз ойларын естірте.

5 тік -Альжана: Оқушының бәрі де

Мені жақсы көреді

Портфельдің дәл төрінен

Маған орын береді.

4-тік Зере:Жақсы оқитын балалар

«4»- пен «5»-ті алады

Ұқыпты, өзі ынталы

Тәрбиелі болады.

Жүргізуші :Міне осылай портфельдің

Лезде іші толып кетті

Арттарынан жүгіріп

«2»-лікте келіп жетті

2-лік-А.Алихан: Портфелім мені қалдырмай

Кіргізіп ал ішіне

Жалқауларға жайлымын

Жалынбаймын үшіңе

Жүргізуші: Сұрланып босағадан

Пенал шықты

Ұрысып «2»-ні

Жерге тықты

Пенал-Алдияр: Сөздеріңді жөн көретін

Бізді аңқау деп едің

Балалардың досы мықты

Сендерсіз-ақ күн көретін.

Еңбек етпей ерінсе

Ол оқушы болама?

Достарымыз «4»пен «5»

Кет , бізге жолама!

Жүргізуші: Кіргізбей екіні

Сарт етіп есік жабылды.

Оқушы екен иесі,

Міне, өзі табылды.

(оқушы қыз жүгіріп шығады)

Оқушы қыз-Ақжүніс:

Мен іздеген портфель

Іздеп жүрсем алыстан

Шыға келдім алдымнан

Ант беремін,уәде айтып.

Жақсы оқушы боламын

Кілең бестік аламын

Тәрбиелі, үлгілі

Қазақстан азаматы боламын

Жүргізуші:Оқушы қарап түсінді,

Портфелінің мән жайын.

Міне осылайша мектепке дайын бала

Жүгіруге тұр дап дайын.

Жүргізуші: Олай болса менде ойынмен жалғастырғым келіп тұр «Ия,ия» «Жоқ,жоқ» ойынын ойнайық.

1. Мектепке бізбарамыз ба?

2. Кілең бестік аламыз ба?

3. Айтқан тілді аламыз ба?

4. Нан жеймін деп жылаймыз ба?

5. Ақылды бала боламыз ба?

6. Ертеңгісін тұрамыз ба?

7. Сабақта отырып ұйықтамаймыз ба?

8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?

9. Екі алғанда жылаймыз ба?

10. Оқушы біз боламыз ба?

Ата-ана апай сіздерге бір кісі сыйлық әкеліп тұр.

Жүргізуші: Сыйлық кім жіберді екен? Кәне бері жіберіңіз көрейік. Балалар тамаша болды ғой мына сыйлық әдемі екен. Ішінде не барын ашып көрсек қайтеді?

Хат: Саламатсыздар ма, балалар! Мен гүлдер ханшайымымын. Мен сендердің балабақшамен қоштасу кешімен құттықтаймын. Сендерге ақ жол, мықты денсаулық, сабақта тәртіпті, тек бестік баға алуларыңа тілектеспін. Сендерге сыйқырлы гүлімді қоштасу кешіне тарту етемін.

Жүргізуші: балалар тамаша болды ғой. Тойымыздың ортасына дәл жіберіпті.

Балалар: Сау болыңыз.

Жүргізуші: Қандай ерекше гүл, солай ма балалар? Кәне гүлшесін жұлып көрейікші, тілегіміз орындала ма екен. Кәне, балалар.

Бірінші гүлшесін ата - аналарға жұлдыртуға береміз кәне не жасырынғанын көрейік. Ұлдар биі биленсін.

Ұлдар биі

Екінші гүлшені Балабақшамыздың меңгерушісі Аида Жұмановна тілегін тілесін:

Альжана: Орын берген бақшадан,

Меңгеруші-жақсы адам

Сондықтан да біз үшін,

Артық өзі басқадан

Жеткіземіз біз ертен,

Болашаққа даңқынды

Меңгеруші апайым

Аида Жұманқызына

Бар баланың алғысы.

Үшінші гүлшені орыс тілі мұғалімі жұлып тілегін оқиды. Орысша тақпақтар айтсын

Жибек:Незаметно пролетели

В мини - центре года,

И за ручку приводили

Наши мамы нас сюда.

Не забудем годы эти.

Мини центр наш, не грусти.

Пожелай своим ты детям

В школу доброго пути!

Береке:До свиданья, наш любимый,

Добрый-мини центр!

Были мы с тобою вместе

Много лет подряд!

А теперь мы расстаемся

В школу нам идти,

Но тебя мы не забудем

В жизненном пути!

Д.Алинур: Орыс тілін үйреткен

Әр жүрекке гүл еккен,

Рахмет ,Сауле Карибжанқызына

Сәбилік біздің жүректен.

Төртінші гүлшені ағылшын мұғалімі ағылшынша тақпақтар және ән айтсын

Ағылшынша тақпақтар:С.Алинур, Зере, Жибек, Альжана

Ән ағылшынша.

С.Алинур: Ағылшынша үйреткен,

Ән салдырып,билеткен,

Таныстырған ең алғаш

Ағылшынша сойлеткен

Тәрбиеші тәтеміз, Сания Тулендеевна

Таза сәби жүректен,

Қабылдаңыз мың алғыс.

Абылай, Жасмина,Жан,Ақжүніс

Абылай:Көрсе егер баланы

Мейірлене күледі,

Сондықтан Мадина тәтені

Балалар жақсы көреді.

Жасмина:Денсаулыққа болаттай,

Ауруларды жолатпай.

Күнде болған әбдігер,

Қамқоршымыз дәрігер

Дәргер апайға мың рахмет

Жан: Дене тәрбиесінің нұсқаушысы-

Шынығамыз, ойнаймыз

Бір сәт барсақ тынбаймыз

Өйткені --Нұрмағанбет------------ағайымыз,

Сабақты қызықты өткізді

Сізге де біз айтамыз,

Шын жүректен мың алғыс!

Ақжүніс:Тамылжытып ән салдыртып үйреткен,

Жүгіріп,жүріп талай билер үйреткен

--------------------------, сізге алғыс айтамыз

Мың қайтара сәби бала жүректен.

Береке:

Жазу жазып үйреткен,

Әріптерді оқытқан.

Санамақты жаттатып,

Санауды бізге үйреткен.

Жақсы болсақ қуанған,

Қате болсақ кешірген.

Тәрбиеші апайымыз Бақытжан Тлегенқызы

Айтамыз біз мың алғыс.

Ән:Біз мектепке барамыз

Ал мына алтыншы гүлшені балабақшамыздың әдіскерлері Румхан Балғабайқызы :Тілектерін айтып бітіруші түлек лентасын, винеткалары мен дипломдары табыс етсін..

Жибек:Жақсылыққа құштармыз,

Жақсы адам боп шығармыз

Қабылданыз мың алғыс.

Әдіскер апай- Румхан Балғабайқызы .

7-Мына гүлше әдіскеріміз Калия Есиркепқызына. Қоштасу вальсі биленсін.

Зере:Жайдары жүз,ай қабақ,

Жүреді бізді аймалап.

Тобымызға жиі кеп,

Білгеніңді сұрайтын.

Ақыл айтып тұратын әдіскеріміз,

Калия Есіркепқызына көп рахмет.

Қоштасу вальсі биленсін

Тәрбиеші:Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын.

Білімдерін ары қарай дамытатын

Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын!

-Құрметті ата-аналар, қонақтар осымен балабақшамен қоштасу ертеңгіліг өз мәресіне жетті. Келіп тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет! Сау болыңыздар.

Құттықтау сөзін ------------------ беріледі.

Ата - аналардың құттықтау сөзі:

Естелікке суретке түсу.

Тілектерін айтып шарларын далаға ұшыру.

Қош сау болыңдар!

































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!