жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Балабақшамен қоштасу сенарый
Тәрбиеші: Қымбатты қонақтар, ата-аналар, балабақша қызметкерлері! Бүгін бізде үлкен мереке. Яғни, бұл мереке-қуанышы мен қызығы мол балалардың «Балабақшамен қоштасу» мерекесі. Олай болса, бүгінгі кешімізді бастаймыз.
Бала-біздің болашағымыз. Ал әр бала ол-болашақ жарық жұлдыз. Бүгін біздің балабақшамыздан ұшқалы отырған бүлдіршіндер де болашақта еліміздің мақтанышына айналатын жарқын жұлдыздар болатынына сенеміз. Олай болса, болашақ жұлдыздарымызды қарсы алыңыздар.
Балаларды
таныстыруы:
Алғыр,биязы
жігіт Серік
Абай мен ерке де пысық
ару Берікбай
Аяулым
Әдепті де, салмақты
жігіт Қалтай
Баймурат
пен
Қайсар,жайсаң
жігіт Маратұлы
Алдажар Мейірімді кеңпейіл
жігіт Сарсенов Мансур
мен көркем инабатты
ару Мырзатай
Айару Тапқыр, ақжүрек
жігіт Әмір
Халилулла мен ерке де сымбатты
ару Берденқызы
Аяжан Батыр да адал жігіт
Серікұлы Айсұлтан
мен жан-жақты білімді,биші
ару Нұралым
Аяна Спортқа шебер,білімді
жігіт Бауыржан
Адриан мен сабырлы да, мейірімді
ару Әбдіқаламова
Каусар Сүйкімді де, ақ жарқын
ару Қайратова
Еркежан
Тәрбиеші: Мектеп ана шақырады бізді алдан Алдымызда әлі талай сан арман Қоштассақта балабақшам сенімен Санамызда өзің берген өнегең – деп қоштасқалы тұрған түлектеріміздің әнін тыңдайық.
Ән :« Балабақша»
Музыка ойнап ортаға Білім ханшайымы келеді
Білім ханшаймы: Сәлеметсіздерме балалар! Көңіл күйлерің қалай? Мен білім ханшайымымын, ал сендер мектепке дайындалып отырған балалар шығарсыңдар иа?
Балалар: Иә
Білім ханшайымы: Жарайсыңдар, мен қателеспей келіппін! Ал, сендер мектепке дайынсыңдарма?
Балалар: Иә
Білім ханшаймы: Ендеше мен сендерді біраз сынап көрейін. Олай болса мен ойын ойнатқым келіп тұр «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.
1. Мектепке
біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді
аламыз ба?
4. Ақылды бала
боламыз ба?
5. Нан жеймін деп жылаймыз
ба?
6. Ертеңгісін тұрамыз
ба?
7. Сабақ та отырып
ұйықтаймыз
ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда
жылаймыз ба?
10. Оқушы
біз боламыз
ба?
Жарайсыңдар балалар бірінші тапсырмамнан
мүдірмей өттіңдер, не деген ақылды едіңдер. Ал, ендеше келесі
тапсырмама келейік: Менің қолымда кубик бар әр қабырғасында әріптер
жазылып тұр. Ал сендер ол әріпті атап қай дыбыс түріне жататынын
және сол әріптен басталатын сөздер айтуымыз қажет
дайынсыңдарма?
Ойын: Кубик
Білім ханшайымы:Жарайсыңдар балалар, сендер мектепке дайын екендерің көріп тұр.Мектепке баратын бала тақпақтарды да, кез- келген жаттауды жаттап ала алу қажет. Сендердің есте сақтауларыңды тексеріп көрейін қане кім қандай тақпақ біледі екен.
Тақпақ: ( Баймұрат, Алдажар,Аяна,Халилулла,Еркежан, Аяжан, Каусар )
Білім ханшайымы: Керемет балалар сендер менің тапсырмамның барлық түрінен еш мүдірмей өттіңдер қандай керемет. Сендер мектепке толық дайын екенсіңдер. Сендерге сәт сапар, ақ жол тілеймін. Болашақтарың жарқын болсын. Мен басқа балаларды да өз сынағымнан өткізуім қажет. Мен ендігі жүрейін. Қош сау болыңдар.
Тәрбиеші:
Рахмет
көп-
көп
Балаларымыз
көңілді
Шақырамыз
ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билейік
тамаша
Кешіміздің
одан әрі жалғасын биге берейік
Би: Ұлдар
Музыкамен Қарабас пен Буратино кіреді:
Буратино: Сәлеметсіңдер ме балалар? Мерекелерің құтты болсын. Осында мектепке баратын балалар бар деп естіген соң сендерге ертегілер елінен қонаққа келдік. Карабас: Иә. Мен де сендермен мектепке барғым келеді. Буратино: Жоқ, Карабас! Сен мектепке баруға әлі дайын емессің. Тәрбиеші: Иә, Карабас! Сені біз мектепке жібере алмаймыз. Карабас: Неге дайын емеспін? Неге мені мектепке жібергілерің келмейді, мен түсінбеймін. Маған себебін айтыңдаршы. Тәрбиеші:Карабас! Неге сен айнаға зер салып қарамайсың Неге шашыңды дұрыстап тарамайсың Неге таңертең беті-қолыңды жумайсың Неге мына тырнақтарыңды алмайсың Буратино:Иә, Карабас! Тәрбиеші апай өте дұрыс айтады. Неге үнемі кір болып жүресің Неге тек біреуге кесір тигізуді білесің? Неге мен секілді спортпен шұғылданбайсың? Неге сен ата-анаңның айтқанын тыңдамайсың? Тәрбиеші : Иә, сен сияқты кір-қожалақ баламен ешкім де дос болғысы келмейді. Мектепке баратын балалар таза жүру керек. Олар білімді, ақылды болу керек. Біздің мектепке баратын балаларға қарашы, қандай ұқыпты, таза. Буратино: Карабас Тәрбиеші апай өте дұрыс айтады. Сен тағы да кесіріңді біреуге тигізіп жүрерсің, одан да бармай-ақ қой. Тіпті сен спортпен де айналыспайсың ғой, мектепке қалай бармақсың? Карабас: Мен мектепке барғым келеді. Тәрбиеші: Ал сен мектепке баруға дайынсың ба? Карабас: Иә. Міне қараңыз, мен мектепке апаратын заттарымды портфеліме салып қойдым. Тәрбиеші:Кәне, портфеліңде не бар көрейікші. (Апай портфеліне салынған заттарды қарайды.) Карабас: Міне, бәрі дайын. Мынау сабақта шөлдесем ішетін суым. Мынау-кәмпит, мынау-бәліш, қарным ашқанда жеймін. Ал мынау жастық, сабақта шаршағанда ұйықтаймын, ал мынау будильник мені оятады. Тәрбиеші: Иә, керемет! Сонда сен оқулықтарыңды қайда саласың? Карабас: Білмеймін. Тәрбиеші: Балалар, Карабас мектепке апаратын заттарын портфеліне дұрыс салып па? (Жоқ) Олай болса, көмектесейік.
Ойын «Портфель»
Карабас: Балалар, мен енді
түсіндім, жастықпен үйдегі төсекте ұйықтаймын, сағатты да үйге
апарып қоямын, мені ерте ояту үшін. Ал бәліш пен кәмпитті сабаққа
апаруға, сабақта тамақ жеуге болмайды. Бұдан былай мен енді: Таң
атқанда ұйқымнан ерте тұрамын Тісімді тазалап, беті-қолымды жуамын
Әрқашан ұқыпты, таза жүремін Мен енді әдепті бала боламын. Мен де
енді мектепке барамын Оқып, білім
аламын. Тәрбиеші: Мінеки Карабас сен енді
жарадың. Мен сені мақтан тұтатын боламын.Карабас! Сен енді мектепке
баратын болдың. Ендеше барлығымыз бірге
«Біз мектепке барамыз»
әнін айтайық Карабас: Апай, мен енді мектепке
баратын болдым ғой. Олай болса мен барып мектепке апаратын
заттарымды дайындай берейін.
Буратино: Олай болса біз саған
көмектесейік. Балалар, онда бәріміз күзде мектепте кездесейік. Сау
болыңдар! Тәрбиеші:
Ханшаймдарымыздың біздің мерекемізге арнаған
сыйлары бар екен. Ендігі кезекті біздің тобымыздың мың бұралған
биші қыздарына
береміз.
Би:
«Қыздар»
Тәрбиеші:Құрметті қонақтар бітіруші бүлдіршіндеріміздің өздерінің жолын басатын, өздерінен кейінгі бүлдіршіндерге білім кілтін тапсыру салтанатын жасауға рұқсат етіңіздер.Алдымен бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына кезек берейік
Бітіруші «Жұлдыз» тобының өнерге құштар, білімге деген талпынысы зор алғыр да, ақылды бүлдіршініміз Сәрсенов Мансур өз тобының білім кілтін, алғыр да зерек Ортаңғы «Болашақ» тобының бүлдіршіні Азаматқызы Әсияға аманат етіп тапсырады.
Мансур
Қош «Балдырған» бақшамыз,
Естен кетпес есімің.
Білім әлем көгінде,
Қанат қағып ұшамыз.
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып балабақшамен,
Біріншіге барамыз.
Әсия: Біз ғой әлі бүлдіршін
Мектепке әлі бармаймыз
Ақ жол тілеп сендерге
Ақ тілекті арнаймыз.
Жақсы оқып мектепте
Тәртіпті боп жүріңдер
Жаман қылық көрсетпей
Ден қойыңдар білімге
Мансур
«Жұлдыз» тобының білім кілтін
Ұстап өзім қолыма
Тапсырамын аманат қып
«Болашақ» тобына
Әсия Қабыл алам аманатын
«Жұлдыз» тобы тапсырған
Жақсы оқуға ант етеміз
«Болашақ» тобының атынан
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ата-аналар, бүлдіршіндер Ересек топтар өздерінің білім кілтін аманат етіп тапсырды. Ортаңғы топ бүлдіршіндері осы балалардың аманаттарын биіктерден көрсете береді деп сенеміз. .
Ән: «Ата-ананы тыңдаймыз
Жүргізуші:
Құрметті балабақша ұжымы 3 жыл бірге жүріп,
тәрбиелеп мәпелеп өсірген балаларымыз сіздерге деген өздерінің
ризашылығын білдіргелі келіп
отыр. Мансур:
Гүлдендірген
бақшаны,
Берікгүл апай жақсы
адам.
Сондықтан да біз
үшін,
Артықсыз сіз
басқадан.
Аяулым:
Мейірімді де
әдемі
Бүкіл бақшаға
қарайды.
Тобымызға әркез
кеп
Халімізді
сұрайды.
Балаларды
қорғайды
Апайларды
сыйлайды.
Аккенже апайға мың
алғыс!
Айару:
Сүйген өз қызын, өз
ұлын
Бөбегім деп
аянбай,
Балабақша өз
үйім
Гүлшат апай болады
анамыздай.
Адриан
Ақ төсекке
жатқызған
Тәтті тамақ
ұсынған
Тобымызды
жинаған
Бала болып
ойнаған
Жұлдыз апайға мын
алғыс!
Абай
Тәтті тамақ
пісір
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген