Балабақша.Тақырыбы: "Қолғап ертегісі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балабақша.Тақырыбы: "Қолғап ертегісі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік:Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту,қыс мезгілінің ерекшеліктерін,көргендерімен аңғарғандарын дұрыс әңгімелеу. «Аққала» өлеңінің мазмұнын ашу,негізгі ойды ұғындыру. Дамытушылығы:Кубизм әдісі арқылы оқу қызметіне қызығушылықтарын арттыру,тілідерін дамыту. Тәрбиелік:Сурет салу іскерлік дағдыларын машықтандыру.Жыл мезгілінің ерекшеліктерін сезіне білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

54 «Айгүл»бөбекжай-бақшасы








Білім беру салалары:Қатынас.Шығармашылық

Кіріктірілген ұйымдастырылған оқу қызметтері:Көркем әдебиет.Сурет салу.

Тақырып: «Аққала» (өлеңін мәнерлеп оқу)



Өткізген I санатты ересек топ тәрбиешісі:Туралиева Г.Д.















Атырау қаласы 2020-2021 оқу жылы


Білім беру салалары:Қатынас.Шығармашылық

Кіріктірілген ұйымдастырылған оқу қызметтері:Көркем әдебиет.Сурет салу.

Тақырып: «Аққала» (өлеңін мәнерлеп оқу)

Мақсаты:

Білімділік:Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту,қыс мезгілінің ерекшеліктерін,көргендерімен аңғарғандарын дұрыс әңгімелеу. «Аққала» өлеңінің мазмұнын ашу,негізгі ойды ұғындыру.

Дамытушылығы:Кубизм әдісі арқылы оқу қызметіне қызығушылықтарын арттыру,тілідерін дамыту.

Тәрбиелік:Сурет салу іскерлік дағдыларын машықтандыру.Жыл мезгілінің ерекшеліктерін сезіне білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі:Сұрақ-жауап, кубизм әдісі, сергіту сәті, түсіндіру,ғажайып сәт,ойын.

Көрнекілік:Қыс мезгілінің суреті.Слайд.Кубик.

Керекті құралдар:гуаш,қылқалам,мақта таяқша,дымқыл шүберек.А4

Билингвальды компанент:Аққала-снеговик.Қыс-зима.Қар-снег.

Шаттық шеңбері:

Арайлап атқан таңға сәлем!

Жылуын шашқан күнгі сәлем!

Жайнап өскен бізге сәлем!

Білім беріп тәрбиелеген

Тәрбиеші апайларым сіздерге сәлем!

Сұрақ-жауап

Тәрбиеші:-Балалар далада күн қандай?

Балалар:-Суық

Тәрбиеші:Себебі

Балалар:Қазір жылдың қыс мезгілі

Тәрбиеші:-Ендеше қыс мезгілі туралы әңгімелесейік

-Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігін атайық

-Балалар:-Қар жауады,аяз болып,боран соғады,ағаштарға қырау тұрады.Қыста күн қысқарады,түн ұзарады.

-Тәрбиеші:Қыс мезгілінің неше айы бар?

-Қыс мезгілінің айларын атайық?

-Қазір қыс мезгілінің қай айы?

-Қыс мезгілінде қандай ойындар ойналады?

-Қыс мезгілінде қалай киінеміз?

-Қыс мезгілінде қандай мерекелер тойланады?

-Сонымен жылдың төрт мезгілі бар.Соның ішінде өте суық қай мезгіл болады?

-Тәрбиеші:Сендер қыс мезгілін суреттедіңдер.


Кубизм стартегиясы

1.Жұмбақ

1.Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады (Қар)

2.Тісі жоқ тістеп алады

Қолы жоқ сурет салады (Аяз)

2.Мақалды жалғастыр

1.Қыс азығын жаз жина

2.Қыстың көзі қырау

3.Қыс аязымен жаз самалымен

3.Жаңылтпаш

1.Тұз-мұздай

Мұз-тұздай

2.Қыста құлағым үсіп кетті

Үсіп ісіп кетті

3.Тақпақ жатта

Жатқа жатта

4.Санамақ

«1»дегенім-бөрік

Кисең бойға көрік


«2»дегенім етік,

Киер сәнді етіп.


«3»дегенім-ішік

Теріден тігер пішіп


«4»дегенім-тымақ,

Қыста кисең жылы-ақ


«5»дегенім-байпақ

Іші жылы тайпақ

5.Халық болжамдары жалғасын тап

1.Қарға топтасып қарқылдасы,ауа райы бұзылады.

2.Қоянның бүйірі майлы болса,қыс аязды болады

3.Жаз құйыңды болса,қыс қатал болады

6.Тақпақтар

Уақыт мол бөлеміз

Қыс қызығын көреміз

Сары аязға шыңдалып,

Шымыр болар денміз


Көше бойы омбы қар,

Жиналамыз топтала

Демей бетім домбығар

Соғамыз зор ақ қала.



Сергіту сәті

Шынығамыз бәріміз

Иіліп,бүгіліп,денміз

Хоккейді де ойнаймыз

Шаңғыны да тебеміз

Әрлі-берлі жол салып,

Қар лақтырып ойнаймыз

Қорықпаймыз аяздан

Спортшы болмай қоймаймыз


-Ал,енді жазушы Ғали Орманов қыс мезгіліне арнап өлең жазған екен «Аққала»өлеңімен танысамыз


Ғали Орманов «Аққала»өлеңін мәнерлеп оқу.

Ауыл алды ақша қар,

Ақша қарда балалар

Соғып жатыр аққала.

Жалқауы жоқ жұмысқа


Бірі әкеліп қар үйіп,

Топталып бар бала

Күліседі күлімдеп:

«Бітірейік»-деп қана.

(2 рет мәнерлеп оқу,1 рет суретпен түсіндіру,1 рет қайталап айту.Аққаланың неден жасалған,қар түсі қандай?т.б.2 баладан түсінік сұрау.

7.Ғажайып сәт:Аққаланың келуі

Аққала:Сәлеметсіздерме,балалар!Неге сыртқа шықпадыңдар.Мен сендерді балабақша ауласынан күтіп едім.Ойын ойнайын деп.Сендер шықпаған соң мен сендерге келдім.Мен сендермен сондай ойын ойнағым келіп тұр.Ойынымды да өзіммен бірге ала келдім.Кәне тезірек ойнайықшы,әйтпесе мен еріп кетемін ғой.Ойынымның аты «Қар атысу,қар лақтыру»

Тәрбиеші:Амансыңба,Аққала.Қош келдің.Қазір жылдың қыс мезгілі болғандықтан.Бүгінгі оқу қызметімізде өзің туралы әңгімелеген едік.Қош келдің.Балалар Аққаламен ойын ойнаймызба.

8.Қимылдық ойын: «Қар лақтыру»

9. «Аққала»дәстүрден тыс сурет салу.Аққала қандай пішіндерден тұрады. (үлкен,кіші,дөңгелек

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2025
181
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі