400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балаға көрсетілетін қысым

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланың маңызды таңдауларды өзінің жасауы керектігін айтып өтемін. Оның маңызы мен мәселесін көрсетемін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балаға көрсетілетін қысым

Зымыраған уақыт, ерте есейген балалар. Оқырмандардың біразында өз баласы бар деп ойлаймын. Есіңізге түсіріп көріңізші, балаңызды алғаш қолға ұстағаныңыз, кіп-кішкентай нәп-нәзік сәбиіңіздің маңдайынан иіскеп сүйсінгеніңіз, не болса да періштемді қорғаймын деп өзіңізге берген сөзіңіз. Ғажап сезім, солай емес пе? Алайда уақыт бір орында тұрмайды. Кішкентай ғана сәби өседі, ер жетіп, не бой жетеді. Әрқашан қорғаймын деген балаңыз қай кезде болсын сіздің көмегіңізге мұқтаж екені рас. Бірақ, дұрыс жағынан көмектесудемін деп ойлайсызба? Дәл қазір сіз менің сөзімді түсінбеген боларсыз. Айтпағым, баламды қорғаймын деп, өз балаңызды шектеп жатқан жоқсыз ба? Қаншалықты қысым көрсетесіз? Жауап беруге қиын сұрақ болар, әрине. Бірақ бұл өте маңызды.

Ұзақ уақыт кішкентай бала үшін жауапкершілік алып үйренген боларсыз, бұл норма. Бірақ сол бала өскен сайын қырсығып, ашуланғанын байқаған боларсыз? «Мен баламның жақсы болғанын қалаймын ғой» - деп оны шектеуіңіз мүмкін, оның таңдауына араласуыңыз мүмкін. Бұл қаншалықты дұрыс деп санайсыз? Әр адамға өз ісі жүз пайыз дұрыс. Бірақ ақиқатқа тік қарасақ бұл олай емес.

Қазіргі қоғамда өз баласының кім болатынына дейін шешіп қойған ата-аналар бар. Неліктен бұл олай? Осындай адам өміріндегі аса маңызды таңдауды не үшін өзге біреу таңдауы қажет? Өзге дегенім қаншалықты орынды екенін білмеймін, бірақ не де болса, бұл таңдау баланың өз қолында болуы қажет. Жас кезінен бала жауапкершілікті сезіне алуы, қиындыққа тойтарыс бере алуы өте маңызды. Сіз балаңызды қорғаймындеп оны әлсіретіп жатқан болуыңыз мүмкін екенін түсінесіз бе?

Көбелек тәжірибесімен таныс боларсыз. Тәжірибе жүзінде адам енді дамып жатқан екі көбелектің біреуіне тезірек шығуға көмектеседі. Ал екінші көбелек ұзақ уақыт болса да, өз күшімен жарып шығады. Нәтижесінде адам көмектескен көбелек ұша алмай, әлсіз болып туады. Ал екінші көбелек бірден ұшып кетеді. Осыдан біз не түйеміз? Қиындықты көрмеген көбелек еш алаңсыз шығады, алайда сол қиындыққа төте бере алмағандықтан, қанаты дамымайды. Ал оның ұшуына әрдайым тәжірибе жүргізуші көмектеспейді ғой.

Өмір де осы сияқты, өз балаңызды қорғаштаймын деп қысым көрсете беріп, нағыз өмірде балаңыз қиындыққа төтеп бере алмаса, таң қалмаңыз. Әрине, сіз балаңызға жамандық тілемейсіз, табысы жақсы мамандықта болғанын қалайсыз. Ақ халат киіп жүргенін қалайтын шығарсыз. Ал балаңыз нені қалайды? Балаңыздың арманы қандай екенін білесіз бе? Осыны сұрап көрдіңіз бе? Ойланыңыз.

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Рахат орта мектебі

Алекул Нұрдаулет



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 сәуір
150
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі