жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Балаға отбасы тәрбиесінің маңызы
Отбасы тәрбиесінің негіздері
Мақсаты: отбасы тәрбиесінің тұтас педагогикалық үдеріс ретінде мәнін ашу.
Міндеттер:
а) Қазіргі қоғамдық даму кезеңінде отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін ашу.
ә) Отбасының тәрбиесін ұйымдастырудың теориялық негізі.
б) Отбасының педагогикалық негізгі сипаттамасы мен тәрбие әдістері.
в)Мектеп пен отбасы қарым-қатынасының түрлері.
Жоспар:
-
Отбасы – тәрбие факторы.
-
Отбасы тәрбиесінің құқықтық негіздері.
-
Отбасының тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориялық негіздері.
-
Отбасының тәрбиесіне сипаттама.
-
Мектеп пен отбасының әрекеттестігі.
Негізгі ұғымдар: қоғамдық және отбасылық тәрбие, ата-ананың педагогикалық белсенділігі, диагностика әдістері, әрекеттестік формалары, мектеп пен отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерінің интеграциясы.
Басқа пәндермен байланысы: философия, әлеуметтану, психология, педагогика, физиология, этнопедагогика, валеология байланысы.
Тәрбие үдерісіндегі отбасының рөлі
Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі - ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.
Балалардың отбасыдағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады, ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасу мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара бауырмалдық, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды.
Отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалып туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.
Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасыға белгілі бір қиыншылықтар туғызады.
Нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде отбасыда айтарлықтай адамгершілік тұрғыдан ересектердің де, балалардың да жаңа құндылық бағыттарын қалыптастырып, отбасы өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ата-ана мен мұғалімдердің міндеті – қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесі ұсынып отырған әлеуметтік мүмкіншілікті дұрыс пайдалану. Мектеп пен отбасы балаларды тауар мен ақша қатынастарының мәдениетіне үйрету жұмыстарын ұйымдастыру қажет, сондай-ақ алып сату, пайда табу немесе пайдақорлық емес, ол жалпы игілік үшін және өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құқықтық екі жақты қызмет көрсету екенін көрсету. Ата-ананың маңызды міндеті балалармен біріккен коммерциялық қызмет-әрекетке қатысып, оны бақылау, оларды баланың адалдығын, адамгершілінін, ұқыптылығын дамытатын қызмет көрсетудің әртүрін орындауға үйрету. Нарық отбасы мүшелерінің алатын орнына жанама әсер етеді, олардың өміріне жаңа әлеуметтік бағдарлар енгізеді. Қоғамдық және мемлекеттік тәрбие беделінің төмендеуі отбасы өмірінің тәрбиесіне «өзінше» қиындық әкеледі.
Өркениетті қоғам дамыған сайын отбасыдағы бала саны азайып келеді. Аз балалы отбасыда, негізінен бір баласы бар отбасыда, ішкі отбасылық тәрбиенің ең басты жағдайы жоқ, ол - балалар қарым-қатынасы. Бір баланың тәрбиесі қосымша педагогикалық күш салуды талап етеді. Жалғыз балаға деген ата-ананың, әжесі мен атасының артық көңіл бөлуі оны белсенділігінен айырып, оның эгоистік жақтарының басым болуы.
Толық емес отбасыларда, ата-анасының біреуі жоқ болған отбасыларда тәрбиелік мәселелерді шешуде кейбір адамгершілік-психологиялық ыңғайсыздықтар болуы мүмкін. Мұндай отбасылардың көбінде ана және бала ғана болады.
Отбасы тәрбиесінің проблемасы – ананың отбасы тұрмысынан қолы босамауы. Ананың уақыты жетпеуі көбінесе насихат, жазғыру, ұрсу сияқты тәрбиелік ықпалдың нәтижесіз әдістерін пайдалануға мәжбүр болады.
Микроклиматы жағымсыз, отбасы өмірі ұрыс-керіске, ата-ананың бір- біріне, балаларына деген шағымдарына, айқай-шуға, қорлық сөздер мен іс-әрекеттерге толы отбасыларда өте маңызды тәрбие проблемалары туындайды.
Ата-ана құқығынан айрылғалы тұрған ата-аналар әлеуметтік және педагогикалық проблемалар тудырады. Мемлекет олардың ата-аналық құқығынан айырғанда балалардың мақсат-мүддесін басшылыққа алады. Алайда бұл ретте олардың өмірі өз мәнін жоғалтады, өйткені өмір сүру мен дамудың маңыздылығы кемиді.
Елдегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге, жеке меншіктің пайда болуына, жеке адамның баю мүмкіндігінің тууына байланысты материалдық жағынан ауқатты отбасылар пайда бола бастайды. Мұндай отбасыларда тәрбие белгілі бір проблемаға кездеседі. Көбінесе бұндай отбасыдағы бала балалық ұжымдардан алшақ болады, оның ерекшелік сезімі қалыптасып, қоршаған адамдарға деген жөнсіз наразылық эгоизмі тууы мүмкін.
Отбасының жоғары материалдық ауқаттылығы (материалдық жағдайының төмен болуы да) отбасы жұмысын ұйымдастыруда қолайсыз жағдайлар туғызады. Мектеп отбасы әдістемелерін нақтылап, оның кемшіліктерін түзете отырып, бұл проблемаларды жеңуге тырысу.
Осылайша, демократиялық қоғамда ата-ананың бала тәрбиесіндегі қызметі толығымен қалпына келетінін есте ұстауымыз керек. Алайда, қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайлар бала тәрбиесінде қиыншылықтар туғызып отыр. Ата-ана отбасы тәрбиесінің маңыздылығы баланың құндылық бағыттарын, оның моральдық қасиеттерін қалыптастыру.
Отбасы тәрбиесінің құқықтық негізі
Отбасы тәрбиесінің, ата-ананың әлеуметтік-жауапкершілік қызмет әрекеті ретінде басты құқықтық негізі бар. 1989 жылдың 20 қарашасында БӘӘ Бас Ассамблеясы қабылданған «Бала құқығы туралы» конвенция – маңызды негізгі құжат болып табылады. «Дене және ақыл-ой тұрғысынан әлі жетіле қоймағандықтан, балаға арнайы қорғау мен қамқорлық, соның ішінде, туылғанға дейінгі және туылғаннан кейінгі тиістік құқықтық қорғау керек»,- деп жазылған Конвенцияда.
Баланың өмір сүру, тіршілік ету және салауатты даму құқығын жариялай отырып, Конвенция баланың жеке тұлғалық дамуында өзінің дербестігін, даралығын сақтау құқығына ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ, баланың ата-анаға деген құқығы да ескеріледі. Ата-ана «баланың мақсат- мүддесі үшін қажетін» орындамаған жағдайда ғана өз құқықтарынан айрылады.
Осы Конвенцияға қол қойған мемлекеттер мына міндеттерді орындауы тиіс:
-
ақысыз және бәріне міндетті бастауыш білім енгізу;
-
орта және кәсіби білім алуға жағдай жасау;
-
жоғары білім алуға жол ашу.
Конвенцияның 28 тарауында «мектептегі тәртіп баланың адами қадір- қасиетіне құрмет көрсететін әдістер арқылы жүргізілуі тиіс» деп, ерекше аталып кеткен.
Конвенция, сондай-ақ БӘӘ Бас Ассамблеясының 1959 жылдың 20 қарашасында қабылданған «Бала құқығының декларациясы»; «Адам құқығының жалпы деклорациясы» және басқа да көптеген халықаралық құжаттар ҚР Конституциясының ішкі отбасылық қатынастарды, баланың отбасы мен қоғамдағы тәрбиесі және ағартушылығы мәселелерін қамтитын тарауларына негіз болды. ҚР Конституциясының 27 тарауында былай делінген:
-
Неке мен отбасы, аналық, әкелік және балалық мемлекет қамқорлығының аясында.
-
Балаларды қорғау мен тәрбиелеу- ата-ананың табиғи міндеті және құқығы.
-
Кәмелетке толған және еңбекке жарамды балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасауы тиіс.
ҚР Конституциясында бекітілген отбасы тәрбиесінің құқықтық принциптері «Неке және отбасы туралы» заңда (17.12.1998ж.) нақтыланған. Онда қазіргізаманғы отбасы құқығының бір некелік, некеге тұрудың бостандығы мен еркіндігі, ажырасу еркіндігі, ерлі- зайыптылардың отбасы қатынасындағы тең құқығы сияқты негізгі принциптері жазылған Бұл құқықтар отбасы өміріндегі, отбасы ұжымындағы өзара байланыстың терең демократияға жол ашады. 52 тарауда баланың отбасылық тәрбиесі, оның құқығы және мақсат мүдделерін қорғаудың баптары келтірілген: «Баланың өз ата-анасы тарапынан тәрбиеленуіне, оның тілек-қалауларының орындалуына, жан-жақты дамуына, оның адами қадір-қасиетінің сыйлануына құқығы бар». Бала ата-ана билігіне тәуелді объект ретінде емес, өзіндік құқық субъектісі ретінде қарастырылады.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында (07.06.1999ж.) елдегі білім беру-тәрбиелік үдерісті мемлекеттік құқықтық реттеудің мәселелеріне айрықша көңіл бөлінген. Бұл құжаттың нақты жасалған құқықтық негізі бар, ол ата-аналарға және балаларға, олардың қазіргі заманның талабына сай зиялы білім алуларына, құқықтық кепіл береді. Ата-ана және басқа құқық өкілдері балаларға өмір сүру мен білім алу үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасау керек, бала жеке тұлғасының зияттылық, дене-күш және адамгершілік қасиеттерінің дамуын қамтамасыз етулері керек. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасында елдегі білім беру-тәрбие үдерісін жүзеге асыратын дамыған, қызмет етіп тұрған құқықтық негіз бар, отбасының дамуына кепіл беретін және отбасы өмірінің, отбасы ұжымындағы өзара байланыстың терең демократиялы қамтамасыз ететін құқөықтық нормалардың жүйесі жетілген.
Отбасының тәрбие жұмысын ұйымдастырудың
теориялық негіздері
Отбасы тәрбиесі туралы алғашқы педагогикалық түсініктер мен идеялар халық педагогикасында пайда болған. Педагогикалық ғылымның даму барысында отбасы тәрбиесінің мәселелері нақты ғылыми- теориялық және әдістемелік мазмұнға ие бола бастады. К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, П.Ф.Лесгафт және басқалар балалар тәрбиесін ұйымдастыруда олардың даралық ерекшеліктерін, дене- күш және психологиялық даму деңгейін ескеру керектігіне ерекше көңіл бөлген. Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский бала тәрбиесінің теориясын атап көрсеткен. Қазіргі зерттеушілердің еңбектерінде баланың отбасыдағы қарым-қатынасындағы қызмет әрекетін ұйымдастыру, салауатты өмір салтын құру, мектеп пен отбасы ара қатынасы т.б. мәселелері қамтылған.
Отбасының тәрбие өмір салты, оның барлық құрылымдық элементтері бір- бірімен тығыз байланысты, өйткені олардың мақсат-міндеттері ортақ іс-әрекеттерінің жалпы тәсілдері, әдістері және бағыттылығы бар. Отбасыдағы тәрбиенің субъектілері- ата-ана мен бала, әлеуметтік мақсат, міндет, педагогикалық тәсілдер, әдістер. Осы элементтерді біріктіретін негіз – іс-әрекет.
Ұйымдастырылған мақсатты жүзеге асыруда іс-әрекет болмаса, тәрбие де болмайды. Отбасыдағы тәрбиенің маңыздылығы ата-ананың басшылығымен, бақылауымен әртүрлі іс-әрекетке (оқу, еңбек, ойын, эстетикалық, т.б.) балаларды араластыру.
Баланың отбасыда орындайтын тапсырмалары оларды орындауға қатынасы. Баланың отбасыда орындайтын тапсырмалары оның деңгейі педагогикалық үдерістің бірлігі. Бұл деңгей арқылы ата-ананың ұйымдастыру және бағыттаушы ролін; ата-ана мен бала арасындағы өзара қатынастың сипатын; бала тәрбиесіне әсер ететін отбасының мақсатты адамгершілік бағыттарын; баланың отбасыдағы араласатын іс-әрекетінің алуан түрлілігін; ата-ананың тәрбие құралдарын, әдістерін, тәсілдерін пайдалана алу қабілеттерін; баланың белсенділігінің дәрежесін көтеруге болады.
Ата-ана тәрбие жұмысының сапасын оқушының күн тәртібін ұйымдастыруынан көруге болады, онда отбасы тәрбиесінің маңызды ерекшеліктері көрініс табады, отбасының әдет- ғұрыптарының бір бөлігі болып табылады. Күн тәртібі баланың уақыт аралығындағы іс-әрекетінен тұрады: дене және еңбек қызметі, ой белсенділігі, бос уақыт, дер кезінде тамақтану, гигиена, ұйқы. Олардың ара-қатынасы баланың жасына, оның жеке тұлғасының психикалық ерекшеліктеріне және тілек-қалауларына байланысты өзгеріп отырады. Баланың бос уақыты оның күн тәртібінің құрамды бөлігі болып табылады. Оқушының бос уақытын пайдалануы, оның іс-әрекетінің түрлері отбасының тәрбие мүмкіндіктерінің айқын көрсеткіші.
Отбасының бос уақытта бірлескен іс-әрекетінің оқушы үшін маңызы өте зор. Отбасы мүшелерінің өзара әрекеттестігі ретінде, түсінісу, сезім әсерлері негіндегі бір-біріне ықпал етуі. Қарым-қатынас кезінде іс-әрекетпен, тәжірибемен, сезім әсерлері қатар жүреді. Ата-ана мен баланың ара қатынасы отбасы өмірінің айқын көрінісі, оның микроклиматын қалыптастырып, отбасының даму мүмкіндіктері. Педагогикалық мәдениеті төмен отбасыларда бос уақыттың педагогикалық мәні болмайды, ол тек көңіл көтері мақсатында ғана пайдаланылады. Педагогикалық үдерістің қызметіндегі іс-әрекеттің маңыздылығын, оның жеке тұлғаның өмірлік болашағын анықтаудағы мақсаттылық сипатын көрсете отырып, оның нәтижелілігі оқушының белсенділік дәрежесі.
Ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы өзара қатынас педагогикалық үдерістің тәрбиелік механизмдері болып табылады. Олар жеке тұлғалық мән беріп, көзқарастардың дамуына, балалардың мінез-құлығына, олардың адамдарға деген қатысына әсер етеді. Отбасыдағы өзара қатынас сипаты әдет- ғұрыптармен, ата-ананың өзінің бұрынғы отбасысынан алған тәрбие нұсқауларымен, темперамент ерекшеліктерімен, ерлі зайыптылардың эмоционалдық деңгейімен, олардың адамгершілік және педагогикалық мәдениетімен анықталады. Осының бәрі ата-ананың балаға деген қатынасында орын алады.
Отбасы тәрбиесінің негізгі сипаттамасы
Отбасыдағы бала тәрбиесінің жетілуі әлеуметтік-педагогикалық және материалдық сипаттағы көптеген жағдайларға байланысты. Олардың бірі- оқушы тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің ынтымақтастық қарым-қатынасы. Бұл ара қатынас отбасының педагогикалық үдерісінің ахуалы туралы ақпарат болған жағдайда ғана жемісті бола алады. Отбасының педагогикалық үдерісі күйінің диагностика жүйесін № 1 кесте түрінде көруге болады.
Педагогикалық үдерістің сипаттамалары отбасының тәрбие мүмкіндіктерінде жатыр. Оларға байланысты отбасыдағы педагогикалық үдерістің тәрбиелік мүмкіндіктерінің деңгейін айқындауға болады (жоғары, орташа, төмен).
Отбасының тәрбиелік мүмкіндік деңгейлері
|
Деңгейлері |
Сипаттамасы |
|
Жоғары деңгей |
- барлық негізгі көрсеткіштер толығымен көрініс тапқан отбасылар. Ата-ананың әлеуметтік жауапкершілігі мен педагогикалық мәдениеті дамыған, олардың педагогикалық ынта-ықыластары бар. Балалар белсенді дамыған, ұйымдасқан, алдында белгілі бір мақсаттары бар. Отбасыда оқушының күн тәртібі сақталады, оның өмірі әртүрлі іс-әрекетке толы. Отбасыдағы ара қатынас демократиялық тұрғыда негізделген. Бұндай отбасыларда өзара түсіністік және қамқорлық рухы басым: балалардың әкесі мен анасының қызметі жайлы хабары бар, олардың қиыншылықтары мен жетістіктерін де біледі: баланың мектептегі жағдайы да отбасыда еркін талқыланады: ата-ана баланы жүйелі оқу іс-әрекетіне үйретеді, күн тәртібін дұрыс құруға көмектеседі, оқуда қиыншылықтар туған кезде көмек көрсетеді: әкесі мен анасы баланың сабақтан тыс уақытына көңіл бөледі; баланың бос уақытын ұйымдастыруына қатысып, оған мақсаттылық пен тиімділік элементтерін енгізеді. Отбасыларда бірігіп істелінген еңбек, табиғатқа саяхат, спорттық шаралар, кітап оқу – күнделікті және жиі болып тұратын құбылыстар. Ата-ана баланы дұрыс педагогикалық мәдениетке бағыттап оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне әлеуметтік жауапкершілігін түсінеді. |
|
Ортаңғы деңгей |
отбасының педагогикалық үдерісі, жалпы алғанда, қанағаттанарлық күйде, алайда кейбір элементтері, белгілі бір мөлшерде, түзетуді қажет етеді. Ата-ана бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қараса да, олардың педагогикалық мәдениеті жеткіліксіз: олар көбінесе тәрбиенің қарапайым әдістерін қолданады (насихат әңгімелер, т.б.), үй тапсырмасын тексеру анда-санда ғана жүргізіледі. Балалар белсенді бірақ жеткілікті ұйымдаспаған және мақсаттары анық емес. Отбасыдағы өзара қатынас демократиялық принциптерге негізделген, алайда авторитарлық бедел қалады. Отбасы сипатындағы ортақ нәрсе – педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда әртүрлі мәнін және өздерінің баланың өмірін ұйымдастырудағы алатын орнын түсінеді. |
|
Төменгі деңгей |
Ата-ана баланың оқу іс-әрекетіне көңіл бөлгенімен, олардың тиісті педагогикалық мәдениеті жоқ. Оқудың маңыздылығын мойындай отырып, олар баланы күштеу және қатал бақылау арқылы оқуға мәжбүрлеуге тырысады. Баланың оқуға деген қызығушылығын дамыту, балаға көмек көрсету ата-ана үшін қиындық туғызады. Олар, сондай-ақ баланың сабақтан тыс іс-әрекетін ұйымдастыруды да қиналады. Бос уақытты бірге өткізу кездейсоқ болады. Онда жүйелік пен педагогикалық бағыттылық жоқ. Авторитарлық, оқушыға ықпал етудің педагогикалық негізі жоқ тәсілдерін қолдану, әкесі мен анасы арасында бөлісу отбасыда орын алады |
№ 1 кесте
|
Негізгі критерийлер |
Көрсеткіштер |
Диагностикалық әдістер |
|
Отбасының жалпы сипаттамасы |
1.Отбасы құрылымы 2.Ауқаттылығы, тұрмыстық жағдайы 3.Ата-ана туралы мәліметтер (білім деңгейі, кәсібі, әлеуметтік- мәдени құндылық бағыттары, мақсат-мүдделері) |
Жеке іс құжаттарын зерттеу. Отбасыға бару (байқап бақылау, әңгіме сұхбат жүргізу). Құжаттарды зерттеу, сұрақ-жауап. |
|
Өнегелік-психологиялық атмосфера |
1.Өнегелік мақсат-нұсқаулары. 2.Отбасыдағы өзара қатынас стилі 3.Ата-ананың баланың өмір әрекетінің мазмұнына көңіл бөлуі |
Сұрақ-жауап Әңгіме-сұхбат. Оқушылардың шығармалары. Тесттер. «Мен және менің отбасым» сурет-көрмесі Белгілі бір тәртіпке келтіру |
|
Ата-ананың педагогикалық мәдениеті |
1.Ата-ананың тәрбиенің мақсатын, міндеттерін түсінуі. 2.Тәрбиенің құралдарын, формаларын, әдістерін, тәсілдерін білу. |
Сұрақ- жауап. Әңгіме-сұхбат. Байқап-бақылау |
|
Оқушының сипаттамасы |
1.Отбасы өміріне белсенді араласу 2.Адамгершілік, интеллектуалдық, өмірлік мақсаттар. 3.Іс-әрекеттің мақсаты, себеп- салдары 4.Іс-әрекет түрлерінің алуан түрлілігі 5.Іс-әрекеттің бірлігі мен әдіс-тәсілдерін игеру |
Байқап-бақылау Педагогикалық жағдайлар |
Төмен деңгей отбасының іс-әрекетінде алауыздықпен, ата-ананың нашар педагогикалық мәдениеті, бала тәрбиесіне деген жауапкершіліксіздік, педагогикалық сауатсыздығымен сипатталады. Балалардың үлгерімі төмен, олар үшін отбасылық өмірдің қызығы жоқ, балалардың әуестіктері кездейсоқтық сипатқа ие, жасөспірімдер ортасының оларға кері әсері өте үлкен. Ата-аналар өз міндеттерін тек қана оқушыны қаржы жағынан қамтамасыз ету және бақылаудың жалпы қызметтерін атқару деп түсінеді. Олар мектеппен жүйелі түрде байланыс жасамайды, педагогтар кеңесін ескермейді. Оқушының оқудағы, тәртібіндегі ақауларды мұғалімдердің жаман жұмыс істеулерімен түсіндіреді. Мұндай ата-аналардың тиісті педагогикалық мәдениеті жоқ және ең бастысы, педагогикалық шараларға қатысуға ынтасы жоқ. (№2 кестені қараңыз).
№ 2 кесте
|
№ |
Көрсеткіштер |
Деңгейлер |
||
|
Жоғары |
Орташа |
Төмен |
||
|
1 |
Ата-ананың мақсат-мүдделері, әлеуметтік құндылық бағыттары |
+ |
+ |
- |
|
2 |
Ата-ананың баланың өмір әрекетіне қатынасы |
+ |
+ |
- |
|
3 |
Ата-ананың өнегелік мақсат- Бағыттары |
+ |
+ |
- |
|
4 |
Отбасыдағы өзара қатынас мәдениеті |
+ |
- |
- |
|
5 |
Ата-ананың тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін түсінуі |
+ |
+ |
- |
|
6 |
Тәрбиенің амалдарын, әдістерін, тәсілдерін педагогикалық пайдалану |
+ |
- |
- |
|
7 |
Ата-ананың баланың қызмет әрекетін ұйымдастырудағы білік пен дағдыларының болуы |
+ |
- |
- |
|
8 |
Оқушының отбасы өміріне араласуы |
+ |
- |
- |
|
9 |
Баланың іс-әрекетінің мақсаты мен себеп салдарының адамгершілік негіздері |
+ |
- |
- |
|
10 |
Оқушының іс-әрекетінің алуан түрлілігі |
+ |
- |
- |
|
11 |
Оқу | |||



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген