400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балалар әдебиетінің бәйтерегі С. Бегалин

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқырмандарға балалар жазушысы С. Бегалин жайында мағлұмат бере отырып, оның өлеңдері мен шығармашылықтарын таныстырып, оқырмандарды адалдыққа, пәктікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балалар әдебиетінің бәйтерегі С. Бегалин

Мақсаты: Оқырмандарға  балалар жазушысы С. Бегалин  жайында  мағлұмат бере  отырып, оның өлеңдері мен шығармашылықтарын  таныстырып, оқырмандарды  адалдыққа, пәктікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Кітапханашы: Сәлеметсіздер ме, құрметті  біздің  кітапхананың  оқырмандары бүгінгі кешіміздің  тақырыбы «Балалар әдебиетінің  бәйтерегі» С.Бегалин атты  кешімізге  қош  келдіңіздер. Енді  осы  кешімізді  бастаймыз.

Сапарғали Бегалин Ысқақұлы 1895 жылы  қазан  айының 24-де Шығыс Қазақстан  облысында, Абай  ауданында , Дегелең  ауылында дүниеге  келген .

Сапарғали Бегалин – жазушы , қазақ балалар  әдебиетінің негізін  қалаушылардың  бірі. Бегалин 1915 жылы Семей  қаласындағы орыс-қазақ уч-шесін бітірген .

Бегалин  шығармашылық  жолын өлең  жазудан  бастаған. Сапарғали Бегалин- Абыралы  өңірінен  шыққан қазақ  әдебиетінің  көрнекті  өкілдерінің бірі.

Алысқа  келу  керек Сапекеңше:

Тік бойлы, тастай дене, биік  еңсе,

Сиятын қара  көз осы  қарақасқа

Отыз бен отыз бестің  бірін  берсе!

Мұртының миығына  аздап  бұрыл,

Кіргенмен ,көрсетпейтін  олда   қу бір!

Қоңырқай ажарында  жоқ еш әжім,

Дерліктей,-Ұл  атаулы  сондай  тұғыр!

Денеге  лайық біткен  қылық  мінез

Не артық  іс, бойда жоқ не  артық  сөз,

Қалпынан сыпайылық  бір  аумайтын

Өлшемі  тұрақталған  бір әділ  тез

Сүйсініп  оқитұғын туған  халкы,

Жеткене  талант, ойдың шамшарқы,

Бірталай  еңбек  жазды,алды  жарқын,

Ласы , кіршігі жоқ, таза  арты,- деп

көрнекті  жазушымыз Сәбит Мұқанов  өлеңге  қосқандай Сапарғали  жазушымыз  сияқты  шежіре  адамның  өмірі  қандай  қызық  болса, шығармашылығы да  сондай  қызық. Ол - халқымыздың ғасырлар  бойы  ауызша  тараған әңгіме-аңыздарын, айтыс- өлеңдерін, шешендік толғауларын жатқа  білетін  ескінің көзі, оның  үстіне этнограф, әрі  тарихшы.

Енді балалар, С.Бегалиннің  өлеңдеріне  кезек берейік!

 Ана
Күйбеңдеп қоңыр үйінде,
Жөргекте ұлан өсірдің.
Талпынып ұлан күлгенде,
Масайрап сен де есілдің.
Ер жетті ұлан есейіп,
Тыным көрмей күйбеңдеп,
Қабыдың шапан, тері илеп,
Он саусағын сүйреңдеп.
Аттанды ұлан жорыққа,
Азығын жолға сайладың.
«Шаруаны ойлап, қамықпа»,-
Дедің де белді байладың.
Жолын күттің ұланның,
Келеді қашан ұлым деп.
Оралды аман шырағың,
Алдынан шықтың күлімдеп.

Жаз лебі
Жаздың лебі бір ессе,
Жүректі тербеп оятар,
Алдыңнан үміт елестеп,
Келер күн бейне тіл қатар.
Жел мамықтай үлбіреп,
Ызыңдамай есілер.
Жайдары жаз келді деп,
Жер шандуы шешілер.
Жаз лебінен жаным да
Қанаттана ұшардай,
Жаным сүйген жарым да
Елестейді құшардай. (1926 ж.)

Сары жайлау
Сарыны жүйткіп сары жайлау
Құлазып Арқа желіндей,
Күйінген бір үн бай-байлау
Күңіренген күйзеу еліндей.
Сары жұрт болған жайлауда,
Құлазып жалғыз күй толғап,
Ызалы тісін қайрауда,
Күйзелткен жанын шер толғақ.
Домбыра шегін сарнатып,
Сонымен демін күйші алған.
Сол үннен жанға сыз батып,
Тыңдаушыда шер қалған.
Көңілін күймен толғантып,
Күйші есінен танғандай,
Дөңбекшіп тұрып,бір жатып,
Болады жалғыз қалғандай.
Сарыны сазды күй тілі,
Тыңдасаң жанды тербеткен,
Нақысы назды үн зілі
Қиялды көкке серметкен.

Тау сыры
(поэмадан үзінді)
...Көк мұнар, кешкі тұрым, тау етегі,
Жібек жел қырдың гүлін тербетеді.
Жайқалып жапырағы, жасыл тоғай,
Сыбдырлап күбірлейді әндетеді.
Жар теуіп, тасты үйірген, мұздақ бұлақ,
Меруерт су, бұлттан сарқып, құзды қуалап,
Сылдырлап көк майсаға, көбік бөлеп,
Секіріп тастан тасқа жатыр тулап...
...Не күш бар аспайтұғын, мұз басында
Не сыр бар жан баспайтын құз тасында.
Жол салып, сырын алып қайтпақ керіп.
Ойын сап қарлы, құздың қырқасында.
Сынамақ қайраттарын қамал аттап,
Шырқау құз асқар таудың, жолын жаттап,
Керекті сағатында дайын тұрмақ,
Отанға созса қолын жау жалақтап. (1938ж.)

Туған жер

Сүйсіндім көріп  мақтанып

Туған  туым асқарым

Өр  кеудеңмен  бұл  жарып,

Жастанған  қазына  тастарың

Мақтаны  болып  халықтың

Моторға  қуат күш берген

Кен  жастанған  алып  шың

Арқада  көкке  төс  көрген.

Сарқыттай  сақтап  сан  заман

Жеткіздің  асыл  ұрпаққа

Аспанда  гулеп  самсаған

Қанатты  елің  дер  шақта.

Еңсеңді  көкке  көтере

Кен  есігін  кең  аштың

Байлықтың  өрін  төтелеп

Мақтасам  қалай  жарастың

Өсіп  ең  сенің  өріңде

Қайнарыңнан  нәр  алып,

Алуан  қилы  өмірге

Ер  жеттім  сенде  жаралып.

Аттанған  сенен  ертерек

 Түзден  түлеп  тоятты

Шыңына  өнер  ентелеп,

Арнағам  саған  жас  шақты.

Жанды  еңбегім  талпынған

Орнымды  таптым  бойға  шақ

Ырзалық  таптым  халқымнан

Халқымда  шет  мен де  ша



Кітапханашы:

Сапарғали Бегалин - әдебиетіміздің  поэзия, проза  жанырларында тартымды, тасымды  шығармалар  берген  көрнекті суреткерлер, көп  жылдар  шаршамай  шапқан  жүйрік.

Ұзақ творчестволық  сапарда суреткер қаламынан  жиырманың  үстінде поэма, оннан  астам повесть, жүздеген  әңгіме, тоғыз пьеса,  бір роман, көптеген естеліктер,  зерттеулер   мақалалар туды.

Ендеше,  «Мен  емес , шеге  жыртты»  көрініске берейік.

 Көрініс:   «Мен  емес,  шеге  жыртты»

Автор:  Еркін  бесінші  сыныпқа  көшті. Сабақты  жақсы  оқығаны,  үлгілі  тәртібі  үшін  оған  әдемі  қағазға  жазылған  мақтау  қағаз  берілді.  Қуанған  ол,  мақтау  қағазын  үйіне жеткенше  көтере  ұстап  келді.  Есіктен  кіре  бере,  кішкене  қарындасы  Әнтайға:

Еркін:  - Бұл  не,  тапшы? – деп  қызықтырды.

Әнтай: - Бере  тұр.  Көрейінші.

Еркін: - Жоқ  саған  беруге  болмайды.  Кірлетесің.

Автор:  Еркін  осыны  айтты  да,  мақтау  қағазын  Әнтайдың  қолы  жетпейтін  етіп,  этажарканың  жоғарғы  сөресіне  қойды. Одан  біраздан  кейін  алды да өз  кереуетінің  бас  жағына  бастырмамен  жапсырды.  Ондағы  ойы: - «Қызметтен  келген  бетте  мамам  көрсін». Еркін  бұдан  кейін  тысқа  шығып  кетті.  Әнтай  бұл  кезде  өзінің  ойыншығын  жинаған  бұрышта  отыр  еді.  Ол  Еркіннің  далаға  шыққанын  көрісімен – ақ  астына  орындық  қойып, жапсырулы  тұрған  мақтау  қағазды  жұлып  алды.  Қағаздың  бастырып  қойған  бұрыштары  жырымдалып  жыртылып  қалды.  Әнтай  бұлай  болар  деп  ойламап  еді.  Қағазды  жерге  тастай  беріп,  зытып  жөнелді.

Үйге  Еркін  келді. Әлгінде  ғана  жапсырып  қойған  мақтау  қағазының  үшті – күйлі  жоғалғанын  көріп,  жүрегі  су  ете  қалды. Қараса,  жерде  жатыр. Шеті  жұлым – жұлым. Еркін  жүгіріп  сыртқа  шықты  да,  Әнтайды  іздеді.

Еркін:  Әнтай! Әнтай!

Автор: Еркін  мақтау  қағазды  көрсетіп ...

Әнтай:  Жо  Жоқ  мен  емес.  Мен  тек....  Көрейін  деп ...  ала  беріп  едім..  Оны  шеге  жыртып  кетті.

Кітапханашы:  Жарайсыңдар  балалар!

Міне  көрдіңдерме  С. Бегалин  балаларға  арнап  шығарған  осындай  әңгімелері  көп екен. С. Бегалинның  өлеңдерін  зер  салып, көңіл  қойып  оқыған  адам  оның  сазды  лирик, сыршыл  ақын  екеніне  анық  көз  жеткізеді.

Жинақылық, әдептілік,  қайырымдылық  С.Бегалиннің  балаларға  арнаған  тақпақ,  жаңылтпаш,  жұмбақ  өлеңдеріне  тән  қасиеттер. Ата  мекені  Дегелеңге  барған  бір  сапарынан:

Көрістік  аман, көңіл  шат,

Аттанам  бүгін  айтып  хош.

Көңілге  түрлі  ойлар  сап,

Асықпа,  ауылым  мені  тос.

Мен  келермін   сан  рет.

Самалды  желді  төске  ала

Аунармын  талай  саған  кеп

Керім иық,  келер  дала – деп  жырлап  қайтқан  ақынның  лирикасындағы  басты  сарын,  негізгі  мотив – туған  жерге  деген  ыстық  махаббат,  өмірге  деген  құштарлықты  байқаймыз.

Сапарғали  атамыз  елуге  жуық  өлеңдер  тексіне  ән   жазған. Халық  ақындары  Иса, Шашубай, Төлеу, Доскей  шығармаларын  сұрыптап  бастырып, олардың  тұңғыш  өмірбаянын  жазған. Сапарғали  зерттеуші,  оқымысты – фольклорист  ретіндегі  туындылары  өз  алдына  бөлек  әңгіме.

Жақсы  балалар,  бүгінгі  өткізген  С.Бегалин  жайлы  «Балалар  әдебиетінің  бәйтерегі» атты  кешімізді  аяқтаймыз.



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
832
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі